Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор


Балалар үйіндегі балалармен жұмыс жасаудағы терапия-



Pdf көрінісі
бет52/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
Балалар үйіндегі балалармен жұмыс жасаудағы терапия-
лық технологиялар 
Балалар үйінің тәрбиеленушілерін сәтті әлеуметтендіру үшін 
педагог-психолог, әлеуметтік педагог келесі технологияларды 
қолданады. 
Моритотерапия
– айналадағыларға жақсы әсер қалдыруды 
қажет ететін жағдайға баланы әкелуге көмектесетін әдіс. Пси-
холог-педагог балаға бір нәрсе туралы өз пікірін айтуды ұсынады 
және оның сөйлеу, бағалау, сәйкесінше өзін-өзі ұстау (мимика, 
ым-ишара, интонация және т.б.) қабілетін түзетеді. Басқаша айт-
қанда, бұл әдіс мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға көмек-
теседі. 
Ұқсас әдісті тәжірибеде А.С. Макаренко қолданған. Айына 
бір рет М. Горький атындағы колонияның тәрбиеленушілері 
спектакль қойды. Рөлдер жеке ерекшеліктеріне сәйкес берілді 
(редколлегия, костюм тігу шебері және т.б.), бірақ рөлдерді тәр-
биеленушінің жағымды қасиеттерін дамыту үшін берді. Көздеген 
мақсаты – шешендік өнерді дамыту, жаман сөздерді қолдануды 
жою, өз ойын сауатты және мәнерлі жеткізуге үйрету, көпшілік 
алдында сөйлеу және белгілі бір дағдыларды дамыту. 
Гештальттерапиясын
психолог-педагог баламен жеке жұ-
мыс, ашық сырласып сөйлесу барысында оқиғаны іс-әрекетке ай-
налдыру түрінде жүзеге асыра алады, мысалы, «Аяқталмаған іс-
тер», «Менің құпиям бар», «Менің түстерім» және т.б. 
Логотерапия
сөйлесу терапиясының әдісі баламен эмоцио-
налды күйлерді вербализациялауға, эмоционалды күйзелістердің 
ауызша сипаттамасына бағытталған әңгімені талап етеді. Күйзе-
лістердің вербализациясы баламен сөйлескен адамға жағымды 


100 
қатынасты, жанашырлықты сезінуге дайын болуды, басқа адам-
ның жеке басының құндылығын мойындауды тудыруы мүмкін. 
Бала әрдайым өзін-өзі эксплорациялауды, яғни әңгімеге тартылу 
шегін көрсете бермейді. Егер ол ең төмен болса, онда балаға қуыр-
шақтың, кейіпкердің және т.б. (Шрек, Арыстан-Алекс, Арыстан 
патша, Кунфу Панда, Маугли, Алдар Көсе) атынан, яғни кез кел-
ген кейіпкерге жүгініп, бірнеше сұрақтарға жауап беру ұсынылады. 
Бұл әдіс өзін-өзі конгруэнциялаудың пайда болуын – бала жеке ба-
сының күйзелістеріне, ойларына, сезімдеріне, қалауларына көңіл 
аударған кезде өзін-өзі танытуға әкелетін сыртқы ауызша дәлелде-
мелер мен баланың ішкі күйінің сәйкес келуін қамтиды. 
Нейролингвистикалық бағдарламалау 
(НЛБ) – адамдар-
ға әсер етудің бірегей технологиясы және Д. Гриндер, Ф. Банд-
лер, В. Сатир, М. Эриксонның еңбектерінде қалыптасқан адам-
ның қарым-қатынасы пен дамуына ерекше көзқарас. НЛБ ныса-
ны – бұл өзара әрекеттесу үшін нейрондық байланыстар, әлем 
және оларға жауап қайтаратын адамдар туралы ақпарат алудың 
әртүрлі тәсілдерін талдау деңгейінде анықталған ішкі бағдарла-
малардың көрінісі ретінде қолданылатын «тілдер». НЛБ техни-
калары әртүрлі қиындықтарға: қарым-қатынас қиындықтары, 
апатия, сенімсіздік, күйзелістер, фобиялар, жаман әдеттер және 
т.б. тап болған жеке тұлғаның психологиялық кеңесінде және 
психотерапиясында кеңінен қолданылады. НЛБ – бұл серіктестің 
қалаған және қазіргі күйі туралы тез ақпарат алуға мүмкіндік бе-
ретін, осыған сәйкес қажетті нәтижеге жету үшін тиімді техника-
ны таңдауға барынша икемді, күрделі құрал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет