«Мен және менің достарым» жаттығуы (коллаж техника-
сы негізінде жасалады). Мақсаты: Баланың әлеуетті мүмкіндіктерін ашу, қарым- қа-
тынасқа түсу ерекшеліктерін, баланың ортадағы рөлін анықтау,
өзіндік бағасын жоғарылатып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Материал: А4 және А3 қағазы, қайшы, желім, газет және
журнал қиындылары, музыкалық сүйемелдеу, тақтай, компью-
тер, DVD – ойнатқыш.
Жұмыс барысы: Ұйымдастырушылық кезеңі: жұмысқа дайындық, дәріс та-
қырыбы мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаманы хабар-
лау, балалар алдында дәріс мақсатын қою.
Кіріспе әңгіме: визуализациялау (жүргізушіге нұсқама)
«Көздеріңізді жұмыңыздар. Ыңғайлы отырыңыз да, қолы-
ңызды тізеңізге қойыңыз. Көз алдыңызға достарыңыздың орта-
сында тұрғаныңызды елестетіңіз, сізді достарыңыз, таныстары-
ңыз қоршап тұр. Жұмулы көзіңізбен айналаңызға қарауға тыры-
сыңыз. Өзіңізді қалай сезінесіз? Сізді не қуантады, керісінше не
уайымдатады? Қандай дыбыстар сізді тыныштандырады немесе
үрейлендіреді және пайда болған дыбыстардан алған әсеріңіз
қандай? Достарыңызға деген сіздің үміттеріңіз ақталды ма не-
месе үрей пайда болды ма? Достармен тілдесуде қуаныш не қор-
қыныш сезінесіз бе? Ал енді көздеріңізді ашпас бұрын достар
ортасында өзіңізді қалай сезінетініңізді ойланыңыз. Енді көзі-
ңізді ашқаннан кейін үнсіз, ешкіммен сөйлеспей, қолдарыңызға
журналдарды алыңыз да, оларды қарап шығыңыз. Сіздің колла-
жыңызды жасауға қажет деген суреттерді алыңыз. Оларды қиып,
қағаз бетіне жапсырыңыз».
Дәрістің тәжірибелік бөлігі: Балалардың жұмысқа қажет материалдарын іздеуі мен даяр-
лауы музыканың сүйемелдеуімен (әр оқушы өзінің жеке колла-
жына сай келетін, оған тақырыпты ашуға және оған деген қаты-
насын көрсетуге көмектесетін суреттерді табады).