Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет95/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

 
«Шежіре ағаш» 
Мақсаты:
Қарым-қатынас құру, эмоциялық жағдайдың үй-
лесімділігі, үлкендерге сыйлау, ұрпақтардың өзара байланысын 
түсіну, өз орнын және әулеттегі алатын орнын сезіну. 
Барысы:
Қағаз бен қарындаш алыңыз. Қағаз ортасына тігі-
нен сызық сызыңыз. Бұл ағаштың діңі деп ойлап, оны аяқтап са-
лып, балаға ата-анасына тиесілі түймелерді таңдауды сұраңыз. 
«Анасына» тиесілі түймені ағаш діңінің сол жағына, «әкесінің» 
түймесін оң жағына қойыңыз. 
Былай деңіз: «Әр әулеттің өз шежіре ағашы болады. Міне 
осындай ағаш біздің әулетте де бар. Кел, екеуміз оны салайық. 
Ағаштың астыңғы бұтақтары үлкен буынға – сенің ата-апаларыңа 
тиесілі. Әкеңнің де ата-анасы бар, анаңның да ата-анасы бар. 
Әулеттің тірегі «аға буын» деп бекер айтпаған. Үлкен төрт түйме 
алып, оны төменгі бұтақтарға қой: менің ата-анамды – сол жаққа, 
әкеңнің ата-анасын – оң жаққа. Үлкен буынның балалары дүние-
ге келді: менің ата-анамда – мен, әкеңнің ата-анасында – әкең. 
Әкең екеумізді – «орта буын» деп атайды. Кішірек түйме ал, бұл 
мен және сенің әкең. Біздің түймелерімізді апа-аталарыңның бұ-
тақтарының үстіне қой. Әкең екеумізден сен туылдың (әпкең, ағаң). 
Сондықтан одан да кіші түймелерді алып оларды ең жоғарғы бұтақ-
тарға қой. Қарашы, қандай ғажап! Бірақ ағаш тамырсыз өмір сүре ал-
майды. Біздің ағашымыздың тамыры – сенің ата-әжелеріңнің ата-
аналары. Оларды «ата-баба» деп атайды. Міне, мына ең үлкен түйме-
ні ал да, ағаш діңіне қой, дәл осы жерден тамырлар өседі». 
Ескерту.
Бұл ойын тек қана «үлкен-кіші» ұғымын түсіндіріп 
қоймайды, үлкенге деген құрмет дағдыларын қалыптастырып
буындардың өзара байланысын түсініп, өзінің әулеттегі орнын 
анықтауға көмектеседі. 


172 
«Гүлдер алаңы» мандаласы 
Мақсаты:
Отбасындағы ортасын, баланың тұлғалық ресурс-
тарын анықтау, эмоциялық қобалжуды, өзіне позитивті көзқарас-
ты қалыптастыру, сезімді өзектендіру, бейсаналықты белсендіру, 
шығармашылық потенциалды дамыту. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет