Ш. Т. Таубаева педагогика ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет92/127
Дата17.03.2024
өлшемі2.74 Mb.
#495851
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   127
dokumen.pub 9786010446892

«Қолдау хат» 
Логотерапияда уақыт маңызды рөл атқарады. Виктор Франкл 
уақытты дәстүрлі үш негізгі өлшеммен көрсетеді: өткен шақ, осы 
шақ, болашақ. Өткен шақ қорқынышпен жұмыс істеу барысында 
маңызды ақпараттар көзі болып табылады. Тұлғаның қазіргі уа-
қытта жиналған білімі, тәжірибесі, сезімдері мен ойлары өткен- 


168 
нің айнасы және ондағы тұлғаның іс-әрекеттері анық. Тұлғаның 
бұрынғы уақыттағы позитивті және негативті тәжірибелерімен 
жұмыс істеуге болады. Мысалы, бұрынғы жарыстарда жеңген 
сәтін позитивті тәжірибе ретінде пайдалана отырып, қорқыныш-
пен күресте тірек ретінде қолдануға болады. Бұл тірек «бір рет 
қолымнан келді, екінші рет те қолымнан келеді» деген зәкірмен 
ұштасады.
Мақсаты: 
«Өткеннен хат» қалдыру болашақтағы Менді қол-
дау үшін қажет. Жеңіліс пен жеңістерден құралған өтпелі кезең-
дерден хат өзін-өзі қолдаудың маңызын көрсетеді. Мұнда өткен 
шақ ресурстық рөл атқарады.
Барысы: 
Қорқыныштарыңызды жеңгеннен кейін болашақ 
өзіңізге хат жазыңыз. 
– 
«болашақ Мен» сезімін түсінуге тырысыңыз; 
– 
қазіргі өзіңізге сенімді, мықты, белсенді күйіңізбен бөлісіңіз; 
– 
қорқынышты жеңуге әсер еткен ойлар, іс-әрекет, сенім-
дер, әрекет немесе әрекетсіздіктерді еске түсіріңіз; 
– 
өзіңізді қолдап, алғыс айтыңыз! 
Хатты өзіңізге белгілі жерге сақтап қойыңыз, әр сәтсіздікте 
қолдау хат сізге демеу болады. 
Аталған әдістер кез келген қорқынышты басқару мен жеңуге 
бағытталады.
 
Арт-терапия 
Арт-терапия (ағылшын тілінен аударғанда art – өнер, therapy 
– терапия дегенді білдіреді) – тұлғаның шығармашылық іс-
әрекеттеріне негізделген психотерапияның саласы. Қазіргі таңда 
кең етек жая бастаған саланы алғаш рет тек сырқат, ауру 
адамдарды емдеуге ғана пайдаланды. Хилл бұл ұғымды тубер-
кулез ауруына шалдыққан пациенттерімен жұмысын сипаттау 
үшін қолданған болатын. Ал АҚШ пен Германияда екінші дүние-
жүзілік соғыстан кейін фашистік лагерлерде күйзеліске ұшыра-
ған балалардың эмоциялық-тұлғалық мәселелерін түзету мақса-
тында қолданды. 
Заманауи арт-терапияның негізгі үш бағыты көрсетіледі: 
1. Клиникалық арт-терапия медицинада көмекші терапия 
ретінде қолданылады. Қарым-қатынасқа түсуде қиындығы бар 
пациенттермен қолдануға тиімді. 


169 
2. Психологиялық мәселелері бар адамдармен жұмыс істеу-
де қолданылатын нақты өмірлік мәселелерді шешуге бағыттал-
ған арт-терапия. 
3. Тұлғаның дамуы мен өзін-өзі жетілдіруге бағытталған 
арт-терапия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   127




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет