Шаршысөз дискурсыны


мақала SCOPUS базасында тіркелген журналда жарияланды



бет12/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

2 мақала SCOPUS базасында тіркелген журналда жарияланды:


  1. Prosodical means applied in communicative relations. Opción, Año 34, No. 85-2 (2018): 61-96

  2. The national and cultural peculiarities of stereotyped precedent names (a case study of the Kazakh, Russian, and English languages) // XLinguae. European Scientific Language Journal, 2018. – Vol. 11, Issue 2. – P.703-717.

Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспе, үш тарау, қорытынды,
қосымшадан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.



  1. ШАРШЫСӨЗ ДИСКУРСЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ СИПАТЫ

КОГНИТИВТІ ЖӘНЕ




    1. Шаршысөз – әлеуметтік-мәдени танымды қалыптастырушы құрал


Адамзат баласының бітім-болмысының универсалды сипатын айқындау
тіл мен танымның да жалпыға ортақ өзгеше мүмкіндіктерін сұрыптауға
көмектесті. Барша адам баласына тән биоанатомиялық негіз оның ми мен
жүйке, сана мен жады құрылыстарының жұмыс істеу принциптерін
айқындауға, адамзат атаулының ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге әрі
табиғи болмыс-бітімнің әлеуметтік-мәдени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру,
толығу бағыттарын талдап көрсетуге себепкер болар маңызды факторлардың
қатарына жатады. Сол себептен де жалпы тіл білімі көлемінде ғалымдар
адамның ерекше жаратылысын оған қызмет ететін тіл, сана, таным, қоғам
ұғымдары арқылы зерделеуді, олардың ішкі-сыртқы сабақтастығын
әрқайсысының динамикалы қозғалысынан өрбітуді, сол арқылы жеке мен
жалпының байланысы мен диалектиканың даму заңдарын сұрыптауды мақсат
еткендігін де аңғаруға болады. Бүгінгі жер бетіндегі қоғамдық құбылыстардағы
интеграция үдерісі тіл ғылымы ғылымдар тоғысында, олардың аса маңызды
жетістіктері негізінде күрделі ғылыми мәселелерді шешуге талпыныс жасауда,
ең бастысы, лингвистика адамның барша әрекетінің көзі ретінде тіл мен оның
құралдарын қарастыру қажеттігін дәйектеп көрсетуде. Тіл адамның сыртқы
ортамен байланысынан туындайтын, соған ұқсастыра әрекет еткен адам
қабылдауынан сусындайтын өзгеше құбылыс екенін ғалымдар ерте кезден
байқағандығын бүгінгі күні тарихи еңбектерден көруге болады. Негізінен, олар
сөз табиғатын зерттей отырып, оның номинативтік қызметін түсіндіруде тіл
пәлсапасының маңызды тұжырымдарын басшылыққа алған болатын. Осы
аталған проблемаларға қатысты Э. Оразалиева «ат қою мен ұқсату арқылы да
жаңа ұғым, жаңа сөз жасала отырып, адамның танымдық қорына енген үлгілер мен бейнелер, мағыналар мен типтік формалар саны көбейе түседі» деп қорытындылайды [1,б. 57].
Адам әрекетінің когнитивті аясы екі категорияға:

  • интеллектуалы «жоғары» категорияларға немесе білім, сана, ойлау, ақыл,

шығармашылық,
әлеміне;
қиял, арман, символ секілді
ұғымдардың
ерекше
ұштасқан

  • «күнделікті тіршілік» категорияларына, яғни практикалық әрекет, естелік,

көңіл бөлу, тану, қабылдау ұстанымдарын басшылыққа алар іс қимылдар
тізбегіне байланысты болады.
Когнитивті лингвистика ғылымының негізгі тұжырымдарын: «1)
когнитивті лингвистика – тіл білімінің маңызды саласы; 2) тіл мен таным
арақатынасы-танымдық лингвистика нысаны; 3) тілдік заңдылықтар мен
танымдық ұстанымдардың адам санасында, жадында көрініс табуы; 4)
когнитивті лингвистиканың өзге ғылымдармен байланысы», – деген ой-пікірге жинақтайды [2,с. 92].
«Адам және тіл» мәселесін антропоөзектілік бағытта зерттеу соңғы

уақытта өзекті болып отыр, өйткені тілді адекватты зерттеу ісі оның өз
шеңберінен шығып, табиғат пен қоғамдағы белгілі бір ортада өмір
сүретіндердің тобына жүгінгенде ғана толық мүмкіңдікке ие болмақ, себебі, тіл адамды адам ететін айрықша белгі, ерекше нышан қасиетімен танылады.
Әрине, тіл пайда болған күннен бастап адамзаттың өз ойын басқаға
жеткізу үшін тәжірибесі жинақталып, қалыптасады. Осымен байланысты оған
қатысты тілдік бірліктердің табиғатын тануда тілдің когнитивтік, танымдық
қызметі ерекше. Бұл – тілдік ойды жарыққа шығару құралы. Когнитивтік
қызметтен тілдің танымдық, затдеректік (денотаттық), референция қызметтері
бірге танылады. Яғни тіл – тек заттың, ұғымның аты ғана емес, ол халықтың
белгілі бір кезеңдегі таным-түсінігі, өмір салтының жемісі, сол себепті тіл
әлеуметтік құбылыстардан тыс өмір сүрмейді. Адам баласының таным-түсінігі
толысқан сайын өзіне дейінгі ұрпақтар жасаған мұраларды зерттеп, игеруге
деген қажеттілігі арта түспек. Бүгінгі таңдағы ғылыми түсінік ғылымды да,
әдебиет пен өнерді де, ел-жұрттың білім өрісі мен сауатын да, ойдың
оралымдылығы мен тілдің құнарын да «адам және тіл» аясына сыйғызады. Сондықтан да «адам және тіл» когнитивтік лингвистиканың өзекті мәселесіне
айналып отыр. «Когнитивтік лингвистика лингвистикалық зерттеулердің
шеңберін маңызды түрде күшейте түсетін қазіргі антропоцентристік
парадигмалар шегіндегі когнитивизм негізінде туындайды» [3,с. 9].
Когнитивтік лингвистика, метафораның когнитивтік теориясы – ғаламның
тілдік бейнесінің концепциялары тұрғысынан тіл білімін жүйелеу мен құрудың
құралы. Жеке бір сөздің толық концептісі оның семантикалық және
ассоциациялық өрісі арқылы айқындалады. Сөздің семантикалық және
ассоциациялық өрісінде пайда болған ақпараттың құрамында когнитивтік және
прагматикалық мағыналардың элементтері бейнеленеді. «Когнитивистикада
адам когнициясына басты назар аударылады, көзге түскен іс-әрекеттер ғана
емес, олардың ментальдік репрезентациялары, ішкі көріністері, модельдері,
тілдегі когнитивтік модель ретіндегі символдың түрлері, адамның
стратегиялары да зерттеледі, олар білім негізінде іс-әрекеттерді туындатады,
яғни адамның когнитивтік дүниесі, оның жүріс-тұрысы мен қызметі бойынша
белсенді түрде қатысуымен жүргізіледі, адам қызметінің мотивтері мен
қондырғыларын қалыптастырады, нәтижесін болжайды» [3,с. 7].
Когнитивтік лингвистикаға ғалым А.А.Тахо-Гади мынадай анықтама
береді: «тілдегі жалпы когнитивтік механизм ретіндегі когнитивтік құрал, яғни ақпаратты репрезентациялау, кодтау және трансформациялауда маңызды рөл атқаратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылатын лингвистикалық бағыт» [3, с. 7].
Когнитивизм туралы В.А.Маслова өз пікірін төмендегіше көрсетеді:
«Когнитивистикада басты назар адамның танымына аударылады, яғни олардың
бақылайтын әрекеттері ғана емес, олардың ділдік ерекшеліктері зерттеледі.
Адамның танымдық әлемі оның мінез-құлқы мен іс-әрекетімен зерттеледі, ол
тілдің белсенді қатысуымен жүреді» [4,с. 58]. Когнитивизмнің басты зерттеу
нысаны – адамзаттық когниция. Оны тек байқау, бақылау әдістері арқылы
зерттеп қоймай, ментальді репрезентациясын (ішкі танымын), білімнің негізін

қалыптастырған символдар мен адамның стратегиялық
таңбаларын айқындау

керек. Демек, адамның когнитивтік әлемі оның ойлау әрекеті мен тәжірибесі
арқылы анықталады. Адамның бұл әрекетін танытатын негізгі белгі – оның тілі. Себебі тіл – адамның қабылдаған ақпаратын өңдеп, санада реттеген нәтижесін көрсететін құрал.
Тілді когнитивтік тұрғыдан қарастыратын болсақ, тіл – объективтік
дүниені танушы, оны тілдік формада бекітуші, оның репрезентациясын (ішкі
танымын) көрсетуші және сонымен бір уақытта дүниені тану мен игерудің
құндылық, тәжірибесін қабылдаушы ретінде қарастырылады. Тілдің осындай
когнитивтік ерекшеліктері негізінде когнитивтік тізбектегі тәуелділік пен арақатынастарды орнату мәселелері «ақыл-ой (сана) – тіл – ішкі таным (репрезентация) – концептуалдау (концептуализация) – категориялау – қабылдау түрінде танылады» [5,с. 31].
Тіл когнитивтік құрылымдардың ментальдік көрінісі көмегімен дүние
туралы білімдерді концептілеу мен категориялау процесінде дүниенің ғаламдық
бейнесін көрсетіп, түсіндіріп береді. Концептілер жүйесі немесе концептілік
жүйе дүниенің концептілік, тілдік суретінің негізгі бөлігі, рубрикатор болып
табылады. Тілдік таңбалар мен оның ішіндегі бейнеленген мәдени, әлеуметтік
шындық құбылыстар арасындағы қатынас когнитивтік семантика мен
вербалдану тәсілдерінің мазмұнын құрайды. Сөйтіп, тіл мен тілдік бірліктерді
зерттеуде когнитивтік лингвистика тілдік шеңбер аумағынан шығып, жеке
когнитивизмнің адам санасындағы ментальдік үдерістерді басқаратын жалпы
қағидалары туралы ғылымның мәселелерімен, сондай-ақ лингвомәдениеттану,
этнолингвистика, психология, философия пәндерімен байланысады [6,с. 89].
Лингвистикадағы танымдық бағыт тілдегі концептуалды құрылымдарды
көрсететін вербалды ойлау формаларын анықтауға мүмкіндік береді.
Е.Ф.Тарасов тілдік сананы сана бейнелерімен байланыстырады, ол
адамның ақыл-ойы үшін сыртқы бақылаушы үшін қолжетімді қарым-
қатынасты қажет ететін нақты әлем объектісі туралы перцептивті және
тұжырымдамалық білім жиынтығы ретінде түсіндіреді. Сана бейнелерінің
интерсубьектілік формасы ретінде сана бейнелерін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа
«беру» үшін қажет заттар, әрекеттер, сөздер түрінде әрекет ете алады [7,с. 17].
Адамның барлық қарым-қатынасы нәтижесінде, оның әртүрлі іс-әрекеттері барысында қалыптасатын әлемнің тұжырымдамалық бейнесі бар екені белгілі.
Концептуалды сурет – бұл адамның дүниетанымының негізін құрайтын
және символдық түрде анықталатын жаһандық тұтас образ. Әлемнің жаһандық бейнесінің негізгі семиотикасы – бұл тіл жүйесі және оның негізінде құрылған
синтаксистік құрылымдар мен мәтіндер. Тіл – нақты бейнеленген шындық
туралы білімді жалпылаудың әмбебап құралы және белгілі бір құрылымның
доминанттарына сәйкестігі. Әр адамның шындықтың көрінісі болып табылатын белгілі бір аялық білімі бар. Бұдан шығатын қорытынды; әрбір тұлға белгілі бір
тіл мен мәдени ортада қалыптасады және оның өсуіне осы тіл мен мәдени

фактор әсер етеді. Белгілі бір тілдегі сөз бен түсінік басқаларда болмауы
мүмкін. Бұл әртүрлі тілдік топтардың болатындығын білдіреді [8,с. 53].
Бүгінгі таңда танымдық, яғни когнитивтік ғылым – кешенді ғылым, ал
когнитивтік лингвистика – тілге жалпы танымдық тетіктерді пайдалануға жол
беретін бағыт болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі тіл туралы ғылымда тіл
арқылы орнайтын адам мен әлем арасындағы қатынас және танымдық көрініс
кешенді мәселе ретінде қарастырылады. Тілді коммуникацияның нақты
үдерістерінде пайдалану туралы ғылымды когнитивті-прагматикалық бағыт деп атай бастады [9,с. 78].
Тіл білімі ғылымындағы семиотиканың бір саласы болып табылатын
прагматика таңба және интерпретатор арасындағы қатынасты қарастырады,
яғни сөйлеуші-субьект, адресат және олардың сөйлеу актісі үдерісіндегі тілдік
әрекетіне байланысты мәселелерді зерттейді, бұл орайда прагматиканы тілдік
бірліктерді адамға ықпал етуші таңба ретінде қарастыратын тіл білімінің
саласы деп тануға болады. Прагматика тілдік таңбаның қарым-қатынастық
жағдайындағы қолданысын қарастырады. Тіл, сөйлеу – субьектінің жеке
әлеуметтік мақсаттарына жетудегі құралы. Прагматика әрекет үстіндегі,
адамдар арасындағы қолданыстағы тілдік заңдылықтарды зерттейді. Қазақ
халқы сөз арқылы ықпал етуге, мақсатына жетуге, сөйлеу өнеріне ерекше көңіл
бөлген. Ал прагматикалық бағыт тілдің коммуникациялық қызметін, сөздің
қолданыс үстінде жаңа мәнге ие болуының табиғатын түсінумен байланысты

қалыптасты.
Прагматика – бүгінде


қазақ

тіл білімінде


өрісі кеңейіп келе жатқан



салалардың бірі. Қазіргі таңда қолданыс тіліндегі стиль мәселесін
стилистиканың прагмастилистика саласы зерттесе, коммуникация бағытында
тілдің субстанциялық және функционалдық қасиеттерін зерттеумен
прагмалингвистика саласы шұғылданады.
Реалды ақиқатқа құралған өмір ситуацияларында адам қандай жағдайда
таңбалар арқылы өзінің ой-пікірін тыңдаушыларына немесе оқырманына
жеткізе алатындығын үйретуді мақсат етеді. Прагмалингвистиканың зерттеу
нысанын толық тану үшін сөйлеу тіліндегі дискурс пен мәтіннің мазмұндық-
ақпараттық мәнін ашу керек.
Халық тілінің байлығын және көркем құралдарды пайдалалану арқылы кез келген жазушы дүниеге көркем туынды әкелуімен қатар, ол өзінің суреткерлік
шеберлігі әрі шығармада қолданған көркем сөздің эмоциялық бояуының
басымдығы арқылы кез келген оқырманға түрліше әсер ете алады. «Адресант
адресатқа мәтіннің мағыналық-ақпараттық мазмұнын толық жеткізіп, мәнін
ашып беруде оның жан-дүниесіне әсер етіп, сезімін ояту үшін, белгілі
прагматикалық мақсатын қанағаттандыру үшін стилистика ғылымның
«еншісіне» тиесілі тілдік стилистикалық амал-тәсілдерді пайдаланады» [10,б.
17]. Қазақ халқының тұла бойы табиғатына тән қасиет – адамға сөз арқылы
ықпал ету. Сол себепті де қазақ тіл білімінде прагматикалық бағыттың пайда
болуы кездейсоқ құбылыс емес.

Қазақ тілінде прагматикалық бағыт кешеуілдеп пайда болғанымен, осы
уақытқа дейін бұл бағытты «прагматика» деп нақты атамағанмен, қазақ тіл
білімінде бұл туралы пікірлер болмаған деуге болмайды. Бұл туралы алғашқы пікірді қазақ тілі мен әдебиетінің теориялық негізін қалаушы А.Байтұрсынұлы:
«Айтушы ойын өзі үшін айтпайды. Өзге үшін айтады. Сондықтан ол ойын
өзгелер қиналмай түсінетін қылып айту керек. Оның үшін айтушы сөйлейтін
тілін жақсы қолдана білу тиіс. Яғни әр сөздің мағынасын жақсы біліп, дұрыс
сөйлемді тізе білу тиіс»,–дейді [11,б. 178].
Тіл бірліктері хабарды жеткізуші құралдар қызметін атқарып қана қоймай,
тыңдаушыны әрекетке итеруші құралдар ретінде де жұмсалады. Оның

құрылымы ықпал ету күшінің тілек мақсаттары т.б.
сипаты жағынан ерекшеленеді: бұйыру,
өтініш,

Ықпал етуші қызметін атқарушы элементтерді тілдік (вербалды) және
тілдік емес (бейвербалды) деп бөлеміз. Ықпал етуші қызметін атқарушы
элементтер сөйлеушінің мақсатын дұрыс жеткізуге және оны дұрыс қабылдауға
мүмкіндік береді. Тілдік материалды қолдануда міндетті, барлығы да білетін
қалыптасқан заң-ереже, әдет-дағдылар болуы қажет. Ол узус деп аталады.
Узус (лат. usus) – әдеби тілдегідей норма емес, бір тілде сөйлейтін адамдардың
басым көпшілігі кабылдаған сөйлеу үлгісі, сөз колданудағы әдет, дағды. Әдеби
нормалар әр дәуір талабына сай үрдіс ретінде өзгеріп отыруы мүмкін, ал узус
тұрақты, оны халық үнемі қолданады. Узус тілдік дәстүрмен ұштасып жатыр.
Тілдік нормaның негізгі сипaтын aшyдa тілдік жүйе – тілдік нормa пaрaллеліне
сүйенy, әрине, жеткіліксіз, сондықтaн проф. Р.Сыздық тілдік жүйе – тілдік
нормa – yзyсты бірлікте aлa отырып, «yзyс» деген ұғымды тілдік жүйеден
ayытқып кеткен, бірaқ дaғдығa aйнaлғaн құбылыс» деп тaниды [12,б. 11]. Узус
контекстерде не жеке адамдардың тілінде кездесетін, уақытша қолданылатын
сөз формаларына қарама-қарсы құбылыс. Оны окказионал сөздер деп атайды.
Окказионализмдер – белгілі бір шығармада пайдаланылып, контекст арқылы
анықталатын, әдеби тілімізге кіру қабілеті шектеулі сөздер немесе Р.Сыздық
«тосын сөздер» десе, ғалым Х.Нұрмұханов «Сөз және шеберлік» атты зерттеу
еңбегінде потенциалды сөздер мен окказионалды сөздердің ара жігін
ажыратып, окказионализмдер контекст қалауына орай тек «бір ғана
қолданымдық» болып қызмет атқаратын сөздер деп сипаттама береді [13,б. 78], Л.Еспекова «окказионализм» деп қолданған [14,б. 5].
Сөйлесімнің прагматикалық мағынасы коммуниканттардың қарым-
қатынас үрдісінде ашылады. Прагмалингвистика – тілді қолданушы мен
қабылдаушысына қатысты зерттейтін тіл білімінің саласы. Прагматикалық
теорияның зерттеу нысанына өзек болатын мәселелердің ауқымы кең – ол әрі
мәтін, әрі дискурс, сөйлеу актісі және тілдік бірліктер мен сөздер де болуы
мүмкін. Прагмалингвистика фонемадан сөйлемге дейін тілдік деңгейлердің
барлық бірліктерін қарастыра алады. Ғалым Қ.Есенова: «прагматика міндеті
дегеніміз – тікелей адресатқа ықпал етуге бағытталған тілдік қатынас
коммуникациясын қолдану заңдылықтарын реттеу, осы арқылы адамды
иландыру болып табылады. Мәтіннің прагматикалық әлеуеті онда қамтылатын

сөздердің санына емес, семантикалық аясының кеңдігіне, фразеологизмдер мен
метафоралық қолданыстардың түрленуге, трансформациялануға бейімділігіне
және экспрессивтік мәнінің жоғарылығына тікелей тәуелді», – деп көрсетеді [15,б. 116].
Прагматика сөйлесімнің мазмұнын, сөйлесім авторының коммуникативтік
мақсатқа сай тілдік құралдарды таңдау мәнін, сондай-ақ, тыңдаушының
айтылған ой мен тіл арқылы берілген бағаны дұрыс түсінуін анықтайтын нақты
қатысым жағдаятын зерттейді. Прагматиканың нақты белгіленген шекарасы
жоқ, оған сөйлеуші субъекті мен адресаттың ара қатынасынан туындайтын
мәселелер кіреді. Қатысымның қалыптасуы сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге
асады. Қарым-қатынас пен сөйлеу әрекеті – прагматиканың ажырамас бөлігі.
Прагматикалық сөйлеу әрекетінің негізінде адамдардың бір-біріне тілдік
бірліктер арқылы ықпал ету, әсер ету, әрекетке итермелеу ұғымдары жатыр.
Бұл ұғымдар қатысымға қатысушы коммуниканттардың мақсатынан
туындайды. Демек, сөйлеу әрекетін тудыратын сөйлеуші мақсаты екені анық.
Прагматиканы коммуникациядан, сонымен байланысты тіл, сөйлеу
бірліктерінің жұмсалымы – функционалды қызметінен бөлуге, ажыратуға
болмайды. Прагматика мақсатты әрекетті белгілесе, қарым-қатынаста адамның
бір-біріне әсер етуін, ықпал етуін, әрекетке итеруін көздейді. Демек сөйлеу
мақсаты мен оны жүзеге асырушы тіл бірліктерінің қызметі арасында өзара
байланыс бар. Сөйлеушінің өз мақсатына қарай сөздерді дұрыс пайдалануы
оның субъективті факторлармен: біліммен, тәжірибемен, эстетикалық
талғаммен, таным белсенділігімен, тыңдаушының сөзді қабылдауын ескерумен
байланысты. Өйткені тыңдаушымен үндестік таба білу қатысымда шешуші
роль атқарады. Тыңдаушының қабылдауына қарай сөйлеуші өзін сарапқа
салып, сөзін өзгертеді [16,б. 142]. Көркем мәтінді зерттеуде прагматикалық
мазмұны бар шағын компоненттерді, ең кіші прагматикалық мағынасы бар
механизмді тауып, олардың жалпы семантикалық-прагматикалық құрылымға
кіруін қарастыру қажет. Соңғы онжылдықта әлемді танудың «оқиғалы-
мезгілдік сипаттамасы» (Н.Д.Арутюнова) және тілдік әрекетке байланысты
антропоөзектік, адам және оның ниеті (интенциясы) арқылы тілді зерттеу,
прагматикалық тілді түсіну теориясы (Т.А. ван. Дейк) негізгі мәселеге ие болып
отыр. Прагматикалық шарттарға коммуникативтік мақсат, коммуникативтік
қызмет, мәтіннің кімге бағытталғаны, адресатқа ықпал ету тактикасы мен

стратегиясы, іс-әрекет, оқиғадағы кейіпкердің қатысы жатады.
эмоционалдық
жағдайы мен

Сонымен, кең тараған көзқарас бойынша прагматика - ұғымы адамның тіл
бірліктеріне деген қатынасын зерттейтін сала, сондай-ақ, коммуниканттардың
қатысым актісінде тілді қолдану шарттарын зерттейтін ғылым. Ал тіл
бірліктерін де адам қолданатын болғандықтан, қатысым прагматикасын тіл
бірліктерінің өзара қарым-қатынасынан іздемеу керек, оны коммуникацияға
қатысушы адамдардың қарым-қатынасынан іздеген жөн. Себебі, прагматиканың негізгі категориясы – субъекті, әлеуметтік жағдаят категориясы,

Яғни адресат факторы. Сөйлесімнің прагматикалық
мағынасы

коммуниканттардың қарым-қатынас үрдісінде ашылады.
Прагмалингвистика – тілді қолданушы мен қабылдаушысына қатысты
зерттейтін тіл білімінің саласы. Прагматикалық теорияның зерттеу нысанына
өзек болатын мәселелердің ауқымы кең – ол әрі мәтін, әрі дискурс, сөйлеу
актісі және тілдік бірліктер мен сөздер де болуы мүмкін. Прагмалингвистика
фонемадан сөйлемге дейін тілдік деңгейлердің барлық бірліктерін қарастыра

алады. Прагматика сөйлесімнің коммуникативтік мақсатқа сай тілдік
мазмұнын, сөйлесім авторының құралдарды таңдау мәнін, сондай-ақ,

тыңдаушының айтылған ой мен тіл арқылы берілген бағаны дұрыс түсінуін
анықтайтын нақты қатысым жағдаятын зерттейді.
Тілді халық арқылы, халықты тілі арқылы, сондай-ақ адамды сөзі арқылы
адамды тану идеясы әр дәуірдегі ұлы ойшылдарда да айтылған. “Кісіге қарап


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет