Шаршысөз дискурсыны



бет13/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

сөз алма, сөзіне қарап кісіні ал” дейтін Абайдың философиялық ойы
субъектінің сөзі арқылы оның әлеуметтік, білім қорын, психологиялық
тұлғасын тану жөніндегі антропоөзектік идеямен үндес екені айқын аңғарылып тұрады.
    1. Лингвомәдени зерттеулердегі әлем бейнесі және тілдік тұлға


Соңғы ширек ғасыр мөлшерінде отандық және шетелдік зерттеушілер мен
тілші ғалымдардың жеке тұлғаның тілдік қатынасына деген
қызығушылықтарының арқасында коммуникация философиясына, сөйлеу
қатынасы теориясына, сөйлеудің өзара байланыстарына көңіл аударыла бастады.
Тіл білімінің антропоөзекті парадигмасы, яғни әлеуметтік лингвистика,
қолданбалы лингвистика, гендерлік лингвистика, психолингвистика, когнитивті лингвистика, когнитивті психология, этнография т.б. салаларының қарқынды дамуы, Б.Палектың гиперсинтаксис мәселесі, Т. Ван Дейктің макросинтаксисі,
В.Дресслердің мәтін синтаксисі, П.Хартман, П.Вундерлих көзқарастары
негізінде ұсынылған тіл прагматикасы, Г.Загс пен Э.Щегловтың т.б.
еңбектерінде көрініс тапқан әлеуметтік тіл білімінің қарқынды дамуы,
А.Греймас пен Е.Ландовскийдің мәтін түрлерінің логикалық-семиотикалық
талдауларына берген сипаттамалары, гуманитарлық пәндердің интеграциялық
зерттелу мәселелері дискурс теориясының қолданысқа енуін және қалыптасуын тездетті [17,с. 136-137].
Сөйлеу қызметі – сөйлеуді немесе ойлауды жүзеге асыра алатын адамның әлемді тануы, білім игеруінің белгілі бір әдісі ретінде қарастырылады.
Лингвистикалық зерттеулер тарихында тілді зерттеуде үлкен абстракция
болғандықтан, ол өзінің ізденіс нысанына сөйлеу қызметі мен сөйлеудің өзара әрекеттестік аспектісін қоса отырып зерттеу шекарасын кеңейте бастады.
Тілдің ең кішкентай бірліктерінен (фонема, морфема, сөз, сөз тіркесі,
сөйлем) басталған қызығушылық тілдің ең үлкен бірліктері – мәтін және
дискурсты прагматикалық фактор ретінде зерттеуге ұласты. Мұндай

зерттеулерге ерекше назар аударуға экстралингвистикалық факторлар,
нақтырақ айтқанда, тұлғалардың вербалды сөйлеу әрекеті мұрындық болды.
Тілдің болмысы мен табиғатын толыққанды тану үшін сол тілді жасайтын
адаммен бірлікте қарау керек. Осы талап лингвистикада антропоцентристік
бағытты дүниеге әкелді.
Когнитивтік ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына,
бағыттары мен ұғымына алғаш рет көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын.
Дж. Миллер когнитивтік ғылымды «ХХ ғасырдың 50-жылдарында дүниеге
келген ақпараттар теориясының симпозиумы» деп бағалаған. 1960 жылы
Гарвард университетінде американдық профессор Дж.Бруннер Дж. Миллермен
бірге когнитивтік зерттеу орталығын ашады. Аталған орталық когнитивтік
лингвистика ғылымының негізін қалауға айтарлықтай үлес қосты [18,б. 7].
Еуропада когнитивтік ғылымның теориялық негізі ХХ ғасырдың ортасына қарай дами бастады. Бұдан әрі бұл саланың барлық бағыттары жетіліп, қанатын кеңге жая түсті. Бұл саланы зерттеуде Дж.Лакофф, Р.Лагакер, Т.Ван Дейк, Дж.Хэйман, Х.И.Шмидт, М.Джонсон, М.Витгенштейн, Г.Н.Кент сияқты
ғалымдардың еңбектері зор болды. Бұл ғалымдар когнитивтік ғылымдағы
«әлемнің тілдік бейнесіне» баса назар аударды.
Когнитивтік бағыт орыс ғалымдарының да назарынан тыс қалған жоқ. Бұл ретте Ю.А. Сорокин, Е.С. Яковлева, Е.С. Кубрякова, В.Н. Телия, Д.О. Добровольский, Н.Д. Арутюнова, Н.Н. Болдырев, Э.Д. Попова, И.А. Стернин, Ю.Н. Караулов, В.А. Маслова сияқты зерттеушілердің еңбектерін ерекше атап өтуге болады.
Қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивті лингвистика саласына ерекше
көңіл бөлініп, тілші ғалымдар тарапынан түрлі тұжырымдар жасалды. Атап
айтсақ, Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Г.Гиздатов, Қ.Жаманбаева,
Ж.Манкеева, Э.Сүлейменова, Г.Смағұлова, Б.Момынова, А.Салқынбай, А.Ислам, Ш.Елемесова, Г.Әзімжанова, К.Күркебаев, Г.Спанасова, Ф.Қожахметова, Н.Аитова, А.Әмірбекова, Э.Оразалиева, А.Тымболова, Ж.Саткенова, Г.Әбікенова сияқты зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеуде.
Адамзат тіршілігінің ең басты құралы деп танылатын тіл болмысына зер
салу, сөз мағынасын халықтық таным тұңғиығынан өрбіту, тіл тарихын
адамның қабылдау, пайымдау, ойлау тарихымен ұштастыру, дәстүр мен
жаңашылдық үдерістерін танымның динамикалық табиғатымен үйлестіру, сол
арқылы универсалды, яғни барша жұртқа ортақ ұстанымдарға қол жеткізу
қазақ тілінің өрісін кеңейтуге, өркениетті мемлекеттің қоғамдық-әлеуметтік
мүмкіндігін арттыруға әсер етері хақ [1,б. 4].
Лингвистика ғылымының қазіргі кезеңдегі дамуы антропоөзектік бағытпен
сипатталатын семантикалық зерттеулердің тереңдігімен ерекшеленеді.
Антропоөзектік бағыттағы лингвистиканың алға қойған мақсаты – тілдік
субъектінің дүниетаным ерекшеліктерінің тілдің барлық деңгейлерінде көрініс
табуын зерттеу болып табылады. Сондықтан қазіргі таңдағы тіл ғылымының
басты мақсаты – тілдік құбылыстардың сырын тану жолында күрделі де
кешенді үрдісті дамыту. Осымен байланысты тіл білімінің тылсым құпиялары
басқа да ғылым салаларымен – психология, философия, логика, мифология,
этнография т.б. тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде танылып, ашылып отыр.
Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, таным, дін сияқты ұғымдарды
тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын тілдің өзінің ішкі заңдылықтары
негізінде ғана танып білу жеткіліксіз. Бүкіл рухани қазынаны жинақтап,
сақтайтын ұлттық тілді халықтың тарихымен, мәдениетімен, ой танымымен,
жан ілімімен бірлікте қарау мәселесі тіл білімінде өзіндік өріс алып келе
жатқан этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, психолингвистика, лингвомәдениеттану, лингвоелтану ғылымдарының пайда болуына негіз болды.
Бұл ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық,
функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді.
Мысалы, когнитивтік лингвистикада тіл мен таным бірлікте қаралады. Яғни тіл мен таным сабақтастығы адамға қатысты біртұтастықта қаралады [19,б. 5].
Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоршаған ортаны, адамзат
қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-
теориялық негіздерін қарастырады. Сондықтан когнитивті лингвистика тіл
білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми

негіздейді және адамның тәжірибесін молайтады.
таным процесіне
қатысты білімін тереңдетіп,

Тілдік тұлға – тек тілдің ғана субъектісі емес, адресант және адресат ретінде сөздің де субъектісі. Дәстүрлі парадигмада сөз мәдениеттің түп қазығы,

орталық ұғым тілдік норма болса, ендігі жерде, жаңа парадигмада мәдениетінің түпқазығы тілдік тұлға болуға тиіс.
сөз

Адамдар ақиқаттағы заттар мен құбылыстардың, оқиғалардың, қысқасы,
денотаттар әлемінің ортасында өмір сүреді. Санада сәулеленген ақиқат өмір
үзіктері адамның ой елегінен өтіп, білім дүниесіне, яғни зияткерлік, рухани,
мәдени-әлеуметтік қажеттілікті өтейтін концептілерге айналады. Сөйтіп,

адамдар тек ақиқат дүние ортасында
әлемінде де өмір сүреді.
ғана емес,
өздері жасаған идеалды дүние

Дүниелік білім когнитивтік санада бір-бірімен ұштасып жатады. Мысалы,
қауіп-қатер таянғанда жылқының әлгіндей жер тарпитын қылығы, қазақы
қазанаттың тарпаң, құланмен туыстығымен байланысты көрінеді. Мысалы,
құлан үйірін шақырғанда, үйіріне қауіп төнгенде алдын ала сезіп, ащы дауыс
шығарады екен. Міне, осындай дүниелік білімдер оқырман-тілдік тұлғаның
санасында болғанда, Махамбеттің “Құландай ащы дауыстым” деп Исатай
батырды жоқтағандағы жан дүниесін тереңірек ұғынуға болады [20,б. 18].
Тілдік тұлға ұлттық тілді тұтынушы ғана емес, ұлттық мәдениетті де
тұтынушы. Осы тұрғыдан қарағанда белгілі бір тілдік концептінің құрылымдық
түзіліміне мәдениеттің де қатысуы, «араласуы» кәдік. Олай болса, тілдік таңба
мағынасының қай бөлігінде, қай тұсында мәдени мән болатынын айқындау
қажет. Сөйлеуші я болмаса тыңдаушының сөз стратегиясында мәдени мәнді
сезіне алатынын/алмайтынын анықтаудың сөз мәдениеті үшін мәні ерекше.

Мәдени семантиканы айқындауда тілдік тұлға үшін қиындықтар да
болады. Кейбір тілдік таңбаларда мәдени ақпараттар тілдік мағынаның тасасында тұрады да, имплицитті сипатта болады.
Тіл ұстанушыда лингвистикалық құзірет, коммуникативтік құзірет,
сондай-ақ мәдени-тілдік құзірет болады. Ал тілдік-мәдени құзірет дегеніміз –
тілдік тұлғаның сөйлеу (жазу) мен айтылған (жазылған) сөзді қабылдау кезінде тиісті мәдени семантиканы, мәнділікті қоса меңгеруі.
Тіл мен мәдениеттің өзара ықпалдастығы, әсері негізінде тілдік таңбаның
мазмұн межесінде мәдени семантика қалыптасады. Аударма, тіл үйрету, көркем
мәтінге талдау жасауда, сөздіктер құрастыруда тілдік таңбаның грамматика,

лексика-стилистикалық ескеру аса қажет.
мағыналарымен бірге ондағы мәдени ақпараттарды да

Этностың ақиқат дүние туралы көзқарасы, салт-дәстүрі, жол-жоралғылары
әдет-ғұрпы, моралі, әдебі, тұрмыс-тіршілігімен байланысты ақпараттар
жинақтаған тұрақты сөз орамдарының мазмұндық құрылымында ақиқат
дүниенің тілдік бейнесін көрсететін, ұлттық ділді танытатын компоненттер
болады. Осыларды айқын аңғара білмеген жағдайда сөйлеуші/жазушы
коммуникативтік сәтсіздікке ұшырауы ықтимал. Соңғы жылдары, әсіресе,
радиохабарларда жылы лебізді құттықтау сөз айта келіп, мерейтой иесіне
“қартаймаңыз!” деп тілек білдіреді. Қазақ мәдени қоғамдастығы
“қартаймаңыз” деген тілекті қабылдай қоймайды, мұндай тілек “кәрілік жасқа
жетпеңіз” дегендей сезіледі. “Адам қартаймайтын шайтан емес қой” деп
қайсыбір кісілер мұндай тілекті қош алмайды. Қазақ cалтында қарттық – үлкен
құрмет, адамның қызметі, атақ-дәрежесінен гөрі жасын сыйлау, жасына қарай
жол беру жағы ерекше ескеріледі. Үлкендердің байырғы кезде кәрілікке


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет