Шаршысөз дискурсыны



бет14/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

жеткізсін, жағың түспей, жамандық көрме; ақ сақалды сары тісті бол

дейтіні сол этикалық норманы айқын аңғартады.
Сонымен, тілдік тұлғаның коммуникативтік сәтсіздікке

ұшырау



қаупі жиі

кездесетін аймақтың бірі, негізінен, мазмұн межесі этномәдени семантикаға ие тұрақты сөз орамдарымен, яғни фразеологизмдер мен паремологизмдердің мәдени-ұлттық семантикасымен байланысты деуге болады.
Адам – таным субъектісі, іс-әрекет субъектісі, өмір жолының субъектісі.
Адам өмірінің мәні – стратегиялық бағыты, тәсілі, ұстанған бағыты, болашақ
бағдарлары, келешек дамуы. Ал «Мен» дегеніміз – «Біз» атты психологиялық мәртебеге ие тұлғаның әлеуметтік сапасы. Адам тұлға ретінде мәдениетті
қалыптастырады және сонымен өмір сүреді. Адамның адам болып өмір сүруі
үшін мәдениет шегінде қалыптасқан мәдени-антропологиялық прототип қажет.
Мәдениет концептілері – кеңістік, уақыт, тағдыр, өмір, құқық, байлық,
еңбек, бақыт, сенім, ар, тәртіп, күнә, жұмақ, тозақ, өлім, тағы басқалар
құндылықтар жүйесінің өзіндік белгілерін білдіреді және әлеуметтік мінез-
құлық пен әлемді қабылдаудың үлгілерін көрсетеді. Бұл – тілдік тұлғаны
қалыптастыратын ерекше кординаттар жүйесі. Тұлға дегеніміз – ең алдымен
адамның әлеуметтік табиғаты, ал адамның өзі әлеуметтік-мәдени өмірдің
субъектісі ретінде қарастырылады. Атақты американ психологы А.Маслов

адамды сыртқы өмірге ешқандай бағынбайтын ішкі табиғаттың болмысы
ретінде таниды. Оның айтуынша: « непрерывный процесс развития изначально рассчитан на то, чтобы доставлять удовольствие» [21,с. 87].
Жалпы алғанда, құрылымдық тіл білімінде тіл – дүниетанымның құралы,
ойлаудың ұғым, түсінік, пайымдау тәрізді түрлерінің объектіленуі деп
сипатталатыны белгілі. Осыған орай тілдік жүйенің құрылымына тереңдеп
барудың, ұлттық тілдің табиғатын шынайы танудың бір жолы тілдік
таңбаларды, оны құрайтын элементтерді, олардың мазмұндық жағы мен
тұлғалық жағын тілдің өз заңдылықтары негізінде қарау болса, екінші жолы
оларды тілдік емес мәнділіктермен, яғни ақиқат өмір, ойлау танымдық тұрғыда
бір-бірімен тығыз байланыста қарау болмақ [22,б. 16]. Кез келген автордың
шығармашылық табиғатын тану қазақ тіл білімінде соңғы жылдары
қалыптасып келе жатқан жаңа бағыттың бірі «тілдік тұлға» ұғымымен тығыз
байланысты. Аталған ұғым өз кезегінде лингвистиканың бір саласы ретінде
танылған «ғаламның тілдік бейнесі» теориясымен сабақтасады.
«Тілдік тұлға» ұғымының тарихына тоқталып өтсек, В. фон Гумбольдттің еңбектері тілдік тұлға ұғымын қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Тіл мен ойлауды саралай келе, ол ойлауды белгілі бір тілге байланысты болады деген
қорытындыға келеді. В. фон Гумбольдт теориясының маңыздылығы ұлттық

танымда және ол
қолданады.
өз еңбектерінде «Weltbild» терминін («әлемнің
бейнесі»)

Әлемнің тілдік бейнесін зерттеуде Л.Вайсгербер есімімімен тығыз
байланысты тағы бір жаңа ұғым –«тілдік тұлға» ұғымы қалыптасты. Г.И.Богин
«sprachliche Personlinhkeit», «сөйлеуші тұлға» термині Л.Вайсгербер еңбектерінде ең алғаш қарастырыла бастады десе, Ю.Н.Караулов болса, тілдік
тұлғаны А.А.Шахматов алғаш болып синтаксистік құбылыс пен құрылымды
психологиялық тұрғыдан зерттеді дейді. В.В.Виноградов болса, К.Фосслер
тілдік тұлғаны стилистикалық аспектіде зерттеді дейді. Сондай-ақ
В.Виноградов тілдік тұлғаны «автор тұлғасы» және «кейіпкер тұлғасы» ретінде
қарастырып, екі түрлі ұғымды қалыптастырды [23,с. 183]. А.Леонтьев оны
«сөйлеуші тілдік тұлға» ретінде сипаттайды [24,с. 86]. Г. Богин «сөзді өзі
шығарып, айтуға және қабылдауға дайын адамды тұлға» деп қарастырып, оған

өзінше анықтама берді. Ол тілдік тұлғаның моделін ұсынды.
лингводидактика
үшін актуалды

Г.И.Богиннің тілдік тұлға моделі тілді меңгеру деңгейіне қарай жіктелген.
«Лингводидактикалық модель» деп аталатын бұл деңгейлер былайша сипатталады:

  1. жеткілікті лексикалық қоры бар, тілдің негізгі құрылымдық

заңдылығын білу, белгілі бір нормаға сәйкес білдіре алатын, мәтінді алатын деңгейі анықталатын – түзулік ұрыстық) деңгей;
қабылдай

  1. сөйлеу әрекетінің ішкі жоспарына (ойша жасалған) сәйкес сөйлесе

алатын, естігенін түсініп, қабылдай алатындай, білік-дағдыны анықтайтын –


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет