Шаршысөз дискурсыны



бет43/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Дыбыс күшінің жеткіліктігі. Шешеннің даусы тіпті күшейткіш техника
құралдары жоқ болғанның өзінде де кез келген аудиторияда естіліп түруы
керек. Бұл қасиетті дауыстың динамикалық диапозоны деп атайды. «Дыбыстың күші» мен «қаттылығы» деген ұғымдарды шатастыруға болмайды. Дыбыс күші
– бұл децибелмен өлшенетін энергия. Қаттылық – бұл әркімнің дауысты
қабылдау ерекшеліктеріне байланысты субъективтік ұғым. Ерлер мен
әйелдердің дыбыс желбезектерінің ұзындықтары мен жуандықтары әр түрлі
болып келеді, сондықтан да олардың дауыстарының жоғарылығы да әр түрлі:
ерлерде, орташа есеппен алғанда, 100-250 Гц, әйелдерде – 200-40 Гц.
Диапозондардың айырмашылық шектері әншілер дауысында байқалады (бас
және меццо сопрано). Сонымен, төменгі және жоғары дауыстардың күші бірдей
болса, онда жоғары дауыс қаттырақ естіледі. Сондықтан да дауысы жоғары
әйелдер сөйлегенде олар айғайлап немесе дауысын көтеріп сөйлеп тұрғандай
әсер қалдырады.
Дауыстың жіберілуідауыстың қажетті нысандарға, әрбір тыңдаушыға
барып жете алатын қасиеті. И. Андрониковтың «Алғашқы рет эстрадада» деген

әңгімесінде бүкіл
әлемге атақты
ғалым-музыкатанушы

И.М.Соллертинскийдің оны сахнада қалай өнер көрсетуге үйреткендігі туралы
әңгімеленеді: «... дыбыс күші. Егер сені бірінші қатардағылар естісе, ол сені
отыз екінші қатардағылар естіді деген сөз емес. Ал отыз екінші қатардағылар
естіді мен бірінші қатардағылар арасындағы айырма, міне, осында жатыр.
Сонымен қатты сөйлеу керек».
Дыбыстың жылжымалылығы, икемділігі сөйлеушінің ойын толық және реңкімен беруге көмектеседі.
Дауыс тембрі – бұл дауыстың «бояулары», яғни анықтығы, сыңғыры,
жұмсақтығы, жылылығы, т.б. Дауыстың тембрлік реңіне қарай тыңдаушылар
айтушының ойын әр түрлі түсінеді. Дауыстың алғашқы тембрін
резонаторлардың көмегімен өзгертуге болады. Біз тембрді жағымды не
жағымсыз, жұмсақ темірдей, сықырлаған, шаңқылдаған деп қабылдаймыз. Әр
адамның даусының тембрі әр басқа. Тембр тек адамның жасына қарай ғана
емес, оның көңіл-күйіне, денсаулық жағдайына байланысты да өзгеріп
отырады. Дауысына қарап адамның сау, науқас, тың не шаршағандығын білуге
болады. П. Тарановтың «Сендірудің 1000 тәсілі» деген кітабында мынандай
мысал келтірген. «Театр және кино артисі Василий Ливанов – көпке танымал
әрі атағы жер жарып тұр. Шерлок Холмс туралы белгілі сериалдан кейін оны

білмейтін көрермендер аз-ау деп ойлайсың. «Бұл оп-оңай, Ватсон!» Осы
сөздерді ести сала Ливановты бірден танисың. Оның даусын ешкімдікімен
шатастыруға болмайды, ол өзгеше – бейне бір қу бұтақты сырт еткізіп
сындырғандай. Оның даусын қандай бір болмасын у-шудың ішінен айнытпай
тануға болады. Дауысының мұндай тембірінің пайда болуының артист былай
деп әңгімелейді: «Менің дауысым орташа баритон болатын. Мен оны
«Жіберілмеген хат» фильмін түсіру үстінде жоғалттым. Режиссер Калатозов
тәжірибе жасауды ұнататын, сөйтіп оның басына 40 градус аязда дауысты
табиғи жолмен шығару керек деген ой келіпті. Техника жолымен бұл мүмкін болмай шықты: микрофонға бүм-бүм дейсің... Сөйтіп дауыстан айырылдым.
Біраздан соң қайта қалпына келді, бірақ, міне, осындай сықырлағыш болып
тынды. Құдайдың мұнысына да шүкір! Менің даусым – жейтін наным. Ұлы
Сальвини айтқандай: «Актер дегеніміз – дауыс, дауыс, тағы да дауыс» [132,б. 204].
Тембр – адамның әр түрлі көңіл-күйін, эмоциясын білдіретін интонациялық тәсіл. Тембр арқылы қуаныш реніш, ашу мен ирония, көңілдену
мен мейірлену, сықақ пен мысқал сияқты сезімдер беріледі. Интонацияның
басқа компоненттерімен салыстырғанда тембр аз зертеллген. Мұның себебі
тембрдің сөйлесімдегі таза мағыналық рөлінің жоқтың қасы болуымен
байланысты. Ол көбінесе сөйлемнің эмоциялық мазмұнын беруге қатысады. Ал
акустикалық деңгейде алып қарасақ, тембр спектрге сәйкес келеді. Тембрдің
лингвистикалық функциясы әлі жете зерттелмегендіктен, оның барлық қызметі толық сараланбаған.
Интонацияның компоненттері тіл-тілдердің бәрінде қолданылатын
универсалды просодикалық тәсіл болып табылады. Бұл компоненттер негізінен
тілдердің қай-қайсысында да сөйлемдері айтылу мақсатына қарай ажыратуға болады.
Дауыс тембрі тынысқа байланысты. Тынысы терең, бірқалыпты,
ұйымдасқан адамда үннің ырғағы ширатылып, шоғырланып, ұзаққа созылып,
әр күйде шығады. Тыныс алуды жаттықтыру – дауыс үнін айшықтаудың,
күшейтудің, реттеудің кепілдігі. Тыныстауды жаттықтыруды – дауыстағы
дыбыстың күшін ашуға, құлаққа жағымды тембрін анықтауға, дауыстың
икемділігін, шырқауын ұзақтылығын арттыруға септігін тигізеді. Бұл дыбысты
арнайы шығару, дауыс динамикасын дамыту қабілеттерінен білінеді [114,б. 218].
Сөйлеудің әуені (тембр) «жайдары», «жігерлі», «баяу» болып бөлшектенеді. Сонан соң дауыс әуені және дыбыс әуені бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет