Бүгінгі таңда қарым-қатынастың тиімділігі мен көпшілік алдында сөйлеу
шеберлігі маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары
адамның жетістікке жетуінің басты шарты – аудиториямен сауатты сөйлесу
мүмкіндігі талап етілдетін мамандықтар сұранысқа ие. Бұл тек журналист немесе мұғалім мамандығы емес. Бұл экономика, бизнес, саясат, менеджмент
және басқа да көптеген адамдармен байланысты қызмет түрі. Сөйлеуді жақсы
білетін адам басқалардың құрметіне бірден ие болады. Ол адам әрқашан
басқалардың қызығушылығына ие бола отырып, әңгімелесушілерге әсер ете
алады. Шешендік өнерді сезімге де, санаға да әсер ететін өнердің бір түрі деп
санауға болады. Егер шешеннің сөзі тек құбылыстарды логикалық қабылдау
және бағалау қабілетіне ғана ықпал етсе, ол адамның сезіміне әсер етпейді.
Көпшілік алдында сөйлеу шеберлігі адамның ойлауының екі түрін де
шебер қолданудан тұрады: логикалық әсер ету және кері әсер ету. Жалаң
логикалық конструкциялар адамға эмоционалды әсер ете алмайды, сөйлеу
идеясы, оның мазмұны санаға эмоционалды сала арқылы жетеді.
Қабылдаудың рационалды және эмоционалды сфералары бір-бірімен
тығыз байланысты. Көпшілік алдында сөйлеу тек ойларды ғана емес, сонымен
бірге сезімге де әсер ету керек. Шаршытопта сөйлеудің негізігі шартының бірі – айтар сөзіне дәлел немесе дәйек болатын материалдарды, Яғни суреттер мен
сызбаларды, кестелерді қолдану. Ғылым мен техниканың дамуы жоғары
деңгейге жеткен кезеңде бұл шартты орындау өте маңызды. Тек пайымдаудан
тұратын сөз – тыңдаушының жадында көп сақталмайды. Неғұрлым ақпарат
визуалды түрде берілсе, соғұрлым есте сақталады [136,с. 38-44].
Қазіргі таңда кез келген тауарды немесе басқа да жаңа дүниенің
таныстырылымы тұсаукесер деп те аталады. Тұсаукесер ұғымы біздің
өмірімізге мықтап еніп кетті. Жалпы бұл ұғым қазақ халқы үшін жат емес.
Алдымен осы сөздің түсіндірмесіне назар аударайық.
Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен
жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Бұл ала жіп
аттамасын деген ұғымнан шыққан. Сол жіппен баланың аяғын тұсап, оны
жүріс-тұрысы ширақ әйелге қидырады. Сүріншек, жайбасар адамдарға баланың
тұсауын кестірмейді. Тұсауы кесілген баланы қолынан ұстап жүгіртеді, шашу
шашылады. Баланың ата-анасы тұсау кесушіге кәдесін береді. Тұсау кесу
тойының негізгі жабдықтары 1,5 м ала жіп, өткір қайшы немесе пышақ [137,б.
648]. Соңғы жылдары тілге деген ұлттық рухани сұраныстың күшеюі мен
ұлттық сананың беки түсуіне байланысты қолданыста жүрген көптеген сөздер
жаңа мазмұнға ие болды. Орысша баламасы бар, яғни аударуға болатын, аударылған елтанымдық терминдер бар. Соның бірі – тұсаукесер сөзі.
Ғылымда «неологизм» деп аталғанымен, тіл айналымына түсетін жаңа
сөздердің өзі қолданысына, жұмсалатын өрісіне қарай, сондай-ақ әдеби тілге
енген немесе енуге әлеуеті байқалған, жеке тұлғаның, ақын-жазушылардың
тарапынан жасалған бірқолданыс сөздер, басқа тілдерден енген сөздер түрінде
ажыратылатыны белгілі. Әлемдік ғылымда кейде олардың барлығын да
«неологизм» деп танушылық бар. Осы аталғандардың нормалық және
нормалану дәрежесі, сөздік құрамға қосылу мүмкіндігі әр басқа болатындығын байқап, ұстаз Р. Сыздық оларға «тілдегі жаңалықтар» немесе «тілдік жаңалық» деген нақты атау береді. Тілдегі жаңалықтарды номинация, терминология,
аударма, сөзжасам және сөз мәдениеті салаларымен тығыз байланыста қарау,
талдау керектігін көрсетеді. Ғалымның пікірі бойынша тілдегі жаңа
қолданыстарды ең алдымен «неологизм», «аэлогизм» және «неолексизм»
қатарларына топтастырып барып талдау керек. Ғалым тарапынан көңіл
бөлінген өзекті мәселе – бүгінгі жаңа қолданыстардың әлеби тілге ену әлеуеті мен нормалануы [138,б. 85].
Таныстырылым, презентация (лат.рraesento – тұсаукесер) – бір нәрсені
көрсетуге (ұйым, жоба, өнім және т.б.) арналған құжат немесе құжаттар
жиынтығы. Презентацияның мақсаты – көрермендерге ыңғайлы нысаны туралы
толық ақпаратты жеткізу. Тұсаукесер – PR-дың маркетингтік құралдарының
бірі.
Өнімнің жаңа түрін игеру, компания, банк, филиал немесе филиалдың
ашылуы бүгін тұсаукесерсіз болмайды. Бұл мекеменің жеке имиджін, оның
даму перспективаларын көрсетуге арналған ерекше жанр. Мәтін түрінде
презентация жарнамалық парақшалар, хаттар немесе буклеттер түрінде
таратылады. Ауызша түріне ұйымдастырушылардың слайдтарсыз, тауарлар
көрмесінсіз, кестелерсіз сөйлеген сөздері жатады. Кейде презентация көптеген журналистердің қатысуымен пресс-конференция түрінде өткізіледі.
Таныстыру сөзі алдын-ала дайындалады, бірақ көпшілік алдында
оқылмайды. Э.Пост өзінің әйгілі «Этикет» кітабында: «Егер қаласаңыз, сіз өз
сөзіңізді жаза аласыз, бірақ ескертулерді тек дәйексөздерді пайдалануға
тырысыңыз, дегенмен оларды мәтінде табу оңай емес. Егер сізге сөйлеу керек
болса, оны жаттап алу үшін оны бірнеше рет айтпас бұрын оқып шығыңыз», – деп жазады [139,с. 63].
Таныстырылымды қолдана отырып сөйлеу – көпшілік алдында сөйлеудің
бір түрі. Шаршытопта сөйлеудің қағидаларға негізделеді. Олар:
басқа түрлері сияқты, ол да белгілі бір
- Оң тайлы кө лем. Таныстырылымның көлемі оның мақсатына,
қолданылуына өте маңызды (жаңа материалды игеру, практикалық сабақтар,
аттестаттау, дәріс және т.б.), тыңдаушылардың санын байланысты (жасы,
дайындығы т.б.). Жалпы алғанда таныстырылымның көлемі 8-10 слайдтан аз
болмауы тиіс. Тәжірибе көрсеткендей, оқу таныстырылымның көлемі 20
слайдтан аспағаны жөн (немесе 12-15 шамасында). Егер слайд тым көп болса
көрерменді зеріктіріп жібереді. Ұзақ дәрістертерге арналған танымдық
сипаттағы материалы көп презентациялар бұл қатарға енбейді.
- Қ олжетімділігі.Тыңдаушылардың жас ерекшелігі мен дайындық
деңгейін ескерген жөн. Әрбір сөзді, сөйлемді, образды теңеулер арқылы
қолданылған түсініктерді меңгергендігін терминдерге түсініктеме берілуі тиіс.
қамтамасыз ету. Барлық
жаңа
Ғылымилығы. Барлық ережелер, анықтамалар, шешімдер ғылыми
негізде жасалуы керек. Түрлі суреттер нақты деректерге кедергі келтірмеуі тиіс.
|