Шаршысөз дискурсыны


Экрандағы ақпараттың қабылдану ерекшелігінің ескерілуі



бет47/57
Дата16.04.2024
өлшемі0.81 Mb.
#498879
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57
Диссертация Елшибаева К.З. compressed

Экрандағы ақпараттың қабылдану ерекшелігінің ескерілуі.


Презентацияларда мәтіндерді аз қолданып, оның орнына сұлбалар,
диаграммалар, суреттер, фотолар, анимациялар, фильмнен үзінділер қолданған
жөн. Слайдтағы мәтінді көрермен дұрыс қабылдамайды. Сондықтан
презентацияларда (әсіресе, гуманитарлық бағыттарда) мәтінді тек
- атаулар, қысқа нақыл сөздер ретінде қолдану керек. Сандарды көп
қолданбаған жөн. Презентация элементтері мен олардың жалғасының болуы
маңызды. Суреттерді, анимацияларды, видео үзіктерді кезектестіріп қолдану
керек. Күтпеген және алуан түрлі анимацияларды тиімді қолданған дұрыс.

  • Әсемдігі. Презентацияны жақсы қабылдау үшін түстердің сәйкестігі,

стиль мен безендірілу әсемдігі үлкен рөл атқарады [140,с. 22].
Орыс ғалымы В.В.Айвазова Apple компаниясының негізін қалаушы Стив
Джобстың компания өнімдерін таныстыру кезінде жасаған
таныстырылымдарының лексика-стилистикалық ерекшеліктерін зерттей
отырып, оны маркетингтік қатынастың бір құралы ретінде көрсетеді. Сондай-
ақ, шешен ұсынған тұсаукесердің бағыты мен мақсатын, талданған тәжірибелік материалдардың лексико-стилистикалық ерекшеліктеріне баса назар аударады.
Стив Джобс – әлемдік бизнестегі аты аңызға айналған тұлға, оның
табандылығының арқасында бүкіл әлем қарапайым адам қолданатын жеке
компьютердің не екенін білді. Компьютерлерден басқа Джобс компьютерлік
анимациялық мультфильмдер индустриясын құрды, аты аңызға айналған iPod-
ты ұсынды, оның жетекшілігімен Apple компаниясы iPhone коммуникаторын

нарыққа шығарды [141].
Стив Джобстың көпшілік алдында сөйлеген сөзі көптеген спикерлер

үшін


үлгі болып табылады. Әлемдегі миллиондаған адамдар Стив Джобстың Apple-
дің жаңа өнімдерін ұсыну қабілетіне таңданады. Сондықтан қазіргі таңда

көптеген ғалымдар Стив Джобстың тұсаукесер мәтіндерін өздерінің зерттеу
еңбектеріне талдау материалы ретінде пайдаланады.
Таныстырылым көрсетілетін арнайы жабдықты пайдалану аудиторияның
эмоционалды көңіл-күйіне қатты әсер етеді. Жылдам реакцияны қажет ететін
сәттерде адамға сенімді суреттердің сериясы айтарлықтай көмектеседі: үлкен
экранда күрделі процестерді көрсету құбылыстың ішкі табиғатын жақсы
түсінуге, ал сыни жағдайларды көрсету ақпаратты бағалауға және шешім
қабылдауға көмектеседі [142,с. 78].
Стив Джобстың таныстырылымдары көп жағдайда динамикалық түрде
өтеді, өйткені ол мультимедиялық презентацияларды жиі қолданады.
Материалды ұсынудың динамикалық түрін пайдалану шешенге аудиторияның
еріксіз назарын үнемі жандандыруға мүмкіндік береді, ал бұл
тыңдаушылардың ақпаратты есте сақтау тұрғысынан тиімдірек болып келеді.
Стив Джобстың тұсаукесер мәтіндерінде қолданылатын негізгі тілдік
құралдарға және аудиторияға прагматикалық тұрғыдан әсер етуге мүмкіндік
беретін композициялық ерекшеліктерге тоқталайық. Тұсаукесер барысында
Стив Джобс риторикалық сұрақтарды үнемі қолданады, осылайша көпшіліктің
қызығушылығын тудырып және олардың назарын оңай аударады. Шешен
көбінесе әртүрлі сын есімдерді салыстырмалы дәрежеде қолданады, бұл
арқылы ол тауардың нақты сипаттамасын бермейді, бірақ басқа компаниялар
мен олардың өнімдерінен артықшылығын атап көрсетеді [143,с. 190].
Шешеннің айтар ойының жинақы әрі өтімді болуы үшін тұсаукесерге
қойылатын жалпы талаптарды орындауымен тікелей байланысты. Олар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет