Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңцы тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік берілген. АК-да, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді (АК-ның 380-бабының 1-тармағы).
Шарт еркіндігі туралы норма 8-баптың азаматтар мен занды тұлғалар өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген ережесіне негізделген.
Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен және түтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға шарт жасасу еркіндігіне құқықмен үйлестікте болады (10-бап).
380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы-бөлу экономикасында шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады, соларға сөйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат бодды, ең басты маңыздылық жоспарлық актілерге берідді. Мұның барлығы заңнамада, оның ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттелді.
Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.
Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында жинақталған (АК-ның 399-бабы).
Шарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса, коммерциялық ұйым үшін көзделген (387-бап).
Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жарлықтың 14-бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңңың 23-бабыңда бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.
Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады (АК-ның 390-бабы).
306-баптың 1-тармағына сөйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алатындығьшан көрініс табады (380-баптың 2-тармағы). АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай — 380-баптың 2-тармағыңда әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында, сондықтан шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және ондайқұқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады.
Тараптар занда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже туындайтын жалпы ережеде "азаматтыққұқықтар мен міндеттер заң-намада көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол өрекеттер азаматтық заңнамада көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады" делінген (7-бап).
Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол жаратылысынан диспозитивті жөне бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының әтпелі кезеңі үшін аса маңызды, себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз (азаматтық құқықтың принципі болып табылатын шарт еркіндігі жайыңда осы оқулықтың 1-тарауын да қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: |