Шартты орындаудан бір жақты бас тартуға, егер ол АК-да, заң актілерінде немесе шартта тікелей көзделгенде ғана, жол беріледі (АК-ның 404-бабының 1-тармағы). Бұл ереже 273-баптың заңнамада немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міңдеттемені орыңдаудан біржақты бас тартуға жол бермейтіндігі туралы нормаларына негізделген.
273- және 404-баптардың редакцияларындағы алшақтықтарды атай кеткен жөн: 273-бапта заңнама жайында, ал 404-бапта заң актілері жайында айтылған. Бұл ретте "заңнама" терминін қолданған дұрыс болар, себебі мұңдай жағдайлар тек заңдармен ғана емес, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен де, Үкіметтің қаулыларымен де белгіленуі мүмкін.
Назар аударарлық бір жағдай — АК-да "шартты орыңдаудан бір жақты бас тарту" және "шарттан бас тарту" терминдері бір мағынада қолданылады.
404-бабының 2-тармағыңда шартты орыңдаудан біржақты бас тартуға жол берілетін мынадай жағдайлар белгіленген:
1) шартқа негізделген міндеттемені орындау мүмкін болмаса (374-бап);
2) белгіленген төртіпте екінші тарап банкрот деп танылса;
3) шарт жасалғаңца негізге алынған мемлекетгік орган актісі өзгерсе немесе күшін жойса.
Шарттан тараптың бір жақты бас тартуға құқығы АК-ның шарттардың кейбір түрлеріне арналған бірқатар баптарыңца көзделген. Бұл, көбіне, орындалуы борышкердің немесе несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты шарттар (тапсырма шарты, ақылы қызмет көрсету, банк есепшоты жөне банк салымы, жолаушылар тасымаддау шарттары).
Шарттан біржақты бас тартуға жол берілетін жағдайлар басқа заң актілерінде де көзделген.
Мысалы, Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй жалдаушы жалдау шартын кез келген уақытта бұзуға құқылы (отбасының көмелетке жеткен мүшелерінің келісімімен).
Тұрғын үй жалдау шартын тұрғын үйді жалдаушы, тіптен жалға берушіні хабардар етпей-ақ, өзінің шартты бұзғаңдығын растайтын конклюдештік әрекеттер жасау жолымен бұза алады. Тұрғын үй қатынастары туралы Заңның 102-бабының 2-тармағына сәйкес жалдаушы және оның отбасы мүшелері басқа жаққа түрғылықты тұруға кетсе тұрғын үйді жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылған болып саналады.
Бәлкім, тұрғын үй жалдау шартын жалдаушының бір жақты бас тарту жолымен бұзуына АК-ның 404-бабы 4-тармағының "шартты орындаудан бір жақты бас тартылған жағдайда бір тарап бұл туралы екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескертуге тиіс" деген ережесі қолданылмайды.
Шарт мерзімі көрсетілмей жасалса да шартты орындаудан біржақты бас тартуға жол беріледі. (404-баптың 3-тармағы).
Бұл ретте біржақты бас тартудың барлық жағдайларына қатысты жалпы ереже: ол жайында екінші тарапты бір айдан кешіктірмей ескерту туралы талап сақталуы тиіс (404-баптың 4-тармағы).
Шартты орыңдаудан біржақты бас тарту шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне өкеп соғатын зандық факты болып табылады. Бұл ретте шартты бұзу немесе өзгерту үшін сотқа жүгінудің қажеті жоқ. Бірақ екінші тарап, егер мұндай біржақты бас тарту негізсіз деп тапса, сот арқылы дауласуға құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |