Шарт жасасу. Шарт жасасу түрлері


тарау. Азаматтық-құқықтық шарт туралы жалпы ережелер



бет11/20
Дата29.03.2023
өлшемі215.5 Kb.
#471342
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
dip -azamattyq-kukyktyq-sharttar (1)

3 тарау. Азаматтық-құқықтық шарт туралы жалпы ережелер


3.1. Азаматтық-құқықтық шарттың түрлері

Шарттың мазмұны—жасалған шарт жағдайларының жиынтығы. Жалпы ереже бойынша, тиісті шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жщзрйжарлан басқасында, шарт ережелері тараптардың өз қалауы бойынша белгіленеді (АК-тің 382-бабының 1-тармағы).


Шарттың ережесі заңдарга сәйкес қолданылатын нормамен көзделген реттерде. егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, тараптар өздерінің келісімдерімен норманың қодданылуын жоя алады немесе сол нормада көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатындар:
1. Шарттың мәні туралы ережелер;
2. Заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
3. Осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
4. Бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті барлық ережелер (АК-тің 393-бабы).
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады.
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкін.
Шарт әр жақтың шсжісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім жасауға ұсынысы мен екінші жақтың ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық кодекстің 395-400-баптарымен реттеледі. Оларда шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітітген.
Азаматтық кодекстін 395-бабының 1-тармағына сәйкес, бір жақтың шарт жасауға ұсынысы — оферта арқылы шарт жасау және екінші жақтың ұсынысын кабылдауы оның акцептісі болады.
Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни, акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін әржақтың келісімінен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға мүліктерді жеткізу ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өтуге жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп саналады.
Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережеге бағынады. Аталған шарттың түрі заңмен белгіленбеген болса, онда шарт келісім жасау үшін қаралған кез келген нысанда жасала береді. Егер тараптар белгілі бір нысанда шарт жасасуға уағдаласа, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі (АК-тің 394-бабының 1-тармағы).
Шарт бір жақтың ұсынысымен, екінші жақтың оны қабылдауына байланысты жасалады. Бірақ, кез келген ұсыныс оферта ретінде қарала алмай"ды, тек заңда бекітілген талаптарға сай келетіні ғана мүмкін болады (АК-тің 396-бабы).
Шарт жасаудың екінші кезеңі — акцепт. Акцепт — оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы (АК-тің 396-бабының 1-тармағы). Акцепт толық әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Заң құжаттарында, іскерлж өрісіндегі әдеттегі құқықтарда немесе бүрынғы іскерлік катынасгарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып есептелмейді. Офертаны алған жақтың оның акцепті үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде жасаған әрекеттері, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетілмесе, акцепт деп есептеледі (АК-тің 396-бабының 3-тармағы). Егер акцепті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен бүрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі (АК-тің 396-бабы).
Шарттың жасау сәті мынадай жағдайларға:
І. акцепт үттгін мерзімі көрсетілген кезде не онсыз үсыныс жасалды ма;
2. оферта ауызша немесе жазбаша нысанда ма, соған байланысты болады.
Шарттың еркіндігінен тыс заңда кейбір ерекшеліктерімен бөлектенетін міндетті түрдегі шарт жасасу жағдайы қарастырылуы мүмкін (АК-тің 399-бабы).
Шарт жасасу міндетті болған жағдайда, әр жаққа арналған заңдарға сәйкес, бір жақ екіншісіне мына талаптарды орындайды:
1. акцепт туралы хабар, немесе;
2. акцептіден бас тарту, немесе;
3. офертаға өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы, егер заңдарда басқа мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса, офертаны алған күннен бастап 30 күннің ішінде хабар жіберуі тиіс.
Офертаны жіберген және шартты жасауға міндетті тараптан оған өзге жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар алған тарап шарт жасау кезінде пайла болған келіспеушілікті осындай хабар алған күннен бастап отыз күн ішінде, не акцептіде арналған мерзім өткен соң, егер зандарда шарггардың жекелеген түрлері туралы өзге мерзім белгіленбесе. соттың қарауына беруге қүқылы (АК-тің 399-бабының 1-тармағы).
Егер шарт жасауға міндетгі тарап жіберген шарт жобасына отыз күн мерзімде шарт жобасьша келіспеушілік хаттамасы алынса, бұл тарап екінші тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келіспеушілік хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын алған күннен бастап отыз күн ішінде хабарлауға міндетті.
Шарт жасау кезінде туындаған келіспеушіліктер тараптардың келісуімен соттың қарауына берілген болса (АК-тің 399-бабы), шарттың тараптар келіспеген ережелері сол шешіміне сәйкес белгіленеді (АК-тің 400-бабы).
Шартты өзгерту және бұзу заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, тараптардың келісуімен жүзеге асуы мүмкін (АК-тің 401-бабы).
Тараптардың біреуі шартты бұзып, ал екінші тарап шарт жасасу кезінде үміт артуға қүқылы болғанымен едәуір дәрежеде шығынға әкеліп соқса, бұл шарт едәуір дәрежеде бүзылды деп танылады.
Шартты толық немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартқан ретте, мүндай бас тартуға заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде жол берілген кезде, шарт тиісінше бұзылған немесе өзгертілген болып есептеледі (АК-тің 401-бабының 3-тармағы).
Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылыкты білдіреді.
Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады.3
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтык құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі.
Біржақты және екі жақты шарттар. Бір жақты шарт деп –бір жақта тек құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны талап етуге қүқылы. Шарттардың көбі екі жақты болып келеді (сату-сатып алу, мүліктік қарыз, жеткізу).
Шарт ақылы және акысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін аткарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға қүқылы. Шарт бойынша тарап өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Ақысыз шартқа мысалы, сыйға беру, мүлікті акысыз тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.
Консенсуалды және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (сатып алу-сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.).
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғанақұқықтар мен міндеттер туғызатын шарт болып табылады (займ шарты, азаматтардың қатысуымен сақтау шарты).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойыншақұқықтар мен міндеттерді алатындар — сол міндеттемеге қатысушылар. Үшінші жақтың пайдасына жасалған шарт — бұл тараптар несие берушіге емес, шартта және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқық бар үшінші жақ үшін жасалған шарт.
1994 жылы қабылданған Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері бар: жария шарт, қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жүмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шарт — жария шарт деп танылады. (АК-тін 387-бабының 1-тармағы).
Қосылу шарты — ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тін 389-бабының 1-тармағы).
Алдын ала жасалған шарт - әр жақтың алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі. (АК-тің 390-бабының 1-тармағы).
Азаматтық кодекстің 390-бабының ережелеріне сәйкес, жасалған негізгі шарт алдын ала шарт жасаған жақтар үшін міндетті болады. Алдын ала жасасқан тарап өзі көздеген шартты жасаудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтірілген залалды екінші тарапқа өтеуге міндетті (АК-тің 390-бабының 5-тармағы). Егер ниеттер туралы хаттамада тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері тікелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды, әрі оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды (АК-тің 390-бабының 7-тармағы).
Аралас шартта занда немесе басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген әртүрлі шарттардың элементтері болады. Тараптардың аралас шарт бойынша қатынастарына, егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың тиісті бөліктері қолданылады (АК-тің 381-б.).
Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады (АК-ның 378-бабының 1-тармағы).
"Шарт" термині азаматтық заңнамада өртүрлі мөнде қолданылады: өзінен міндеттеме туындайтын зандық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық міндеттемені рәсімдеген құжат.
Шарт —құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтыққұқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады (7-бап).
148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы жөне оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" үғымын "бір жақты жөне өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайдьі, себебі мәмілені жасау үшін тараптардъщ келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті (бір жақты және өзара шарттар жайында осы тараудың 3-параграфын қараңыз). Шарттың басқа мәмілелерден жөне басқа зандық фактылардан айьірмашьільіғьі сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, 148-баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мөміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Шарттардың басым көпшілігі екі жакты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелікқұқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету құқық (несие беруші), екіншісіңде — солқұқыққа икемделген міндет (борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мөмілеге мысал бола алады (АК-ның 228-бабы).
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі жөне осы қызметтің нөтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік құқықна арналған болімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес (АК-ның 228-бабы).
Кеп жақты шарттарға, өдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, коп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерек-шеліктеріне байланьістьі кейбір нормаларды қолдануға болмайдьі. Атап айтқанда, жария шарт туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді коп жақты шартқа қоддануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін" (379-баптың 1-тармағы) деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бүрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде жоқ.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік кұкық қатынастарымен байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену жөне пайдалану жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады (ортақ меншіктің қатысу-шылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын заттық абсолюттікке қарағанда).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет