Жария офертаны өзінің қьізметінің сипаты жағьшан мүмкіндігінше көп адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы, витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды сатып алуға ұсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады. Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және тауарды сатудан бас тарта алмайды.
Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті.
Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс: 1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі тиіс; 2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс: 3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн қатқандардың барлығына қатысты болады.
Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында жарнама берсе — ол офертаға шақыру; егер дүкен тауарын витринаға қойса — ол жария оферта.
Оферта жодданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады (АК-ның 396-бабының 1-тармағы).
Акцептанттың өзінің офертамен толық жөне сөзсіз келісетіндігін білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне жолданған жобаға сөзсіз жөне өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас тарту немесе өз ережелерін үсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан шарт тумайды жөне ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта ұсынғаңдық болады.
Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас тартатынын хабарламаса, шарт жасалды деп саналатын. 396-баптың 2-тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік болып табылады.
Мысалы, банктердің корреспоңденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін банкаралық келісімдерде егер ондай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін білдірмесе, ұсыныс қабыдданған болып саналады делінген.
АК-ның 396-бабының 3-тармағына сәйкес акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемедей қою түрінде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу, қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т.б. түрде де болады. Бірақ бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп түруы тиіс жөне бұл әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек.
Оферта сияқты (395-баптың 2-тармағы) акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтарып алынуы мүмкін, оның акцептантқа еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оферентген алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің акцептен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай алады.
Оферент акцешті алғаннан кейін шарт жасалған болып саналады, оны шартты бұзудың жалпы ереже бойынша ғана тоқтатуға болады (АК-ның 401-404-баптары).
Достарыңызбен бөлісу: |