Курстық жұмыстың өзектілігі: бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына көшуге байланысты шарттар қоғамымыздағы ауыстырылмас байланыс құралына айналды. Себебі, елімізде шағын, орта және үлкен кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы осы саладағы субъектілер арасында тығыз байланыс орнатуға мәжбүрлейді. Олардың құқықтық жағдайын белгілеуде шарттардың алатын орны да зор. Бұл бір жағынан. Екінші жағынан, шарт — азаматтық-құқықтыққатынастарды тудыратын заңдық факт болып табылады. Жоғарыда аталған жағдайларды ескере отырып, мен өзімнің курстық жұмысымды жазуда алдыма мынадай мақсаттарды қойдым:
— Азаматтық құқықтағы шарттар институтының ерекшелігіне тоқталу;
— Азаматтық-құқықтық шарттарды топтастыру негіздерін қарастыру;
— Азаматтық құқықтағы шарттардың жекелеген түрлеріне жалпылама сипаттама беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
— тақырыптың теориялық сипатын ашу;
— шарттардың түрлерін жіктеу және жасалу кезеңдерін қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 4 негізгі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1-тарау. Азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары
1.1. Шарт жасасудың кезеңдері
Шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс (оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). Ұсыныс жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп аталады.
АК-ның 395-бабына сәйкес офертада біршама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден, мүмкіңдігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға, үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Егер ұсыныс жалпыламай жасалса (мысалы, азамат "Караванда" пианиносын сатамын деп хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан, мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді. Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады. Ал, түскен ұсынысты қабылдау–қабылдамау сатушының езіне байланысты.
Шарт жасасу қаңдай да бір тараптың міндетті емес, офертаны олардың кез келгені жібере алады.
АК-ның 395-бабы "оференттің байланыстылыгы" ұғымын енгізді. Бұл шарт әлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім өткен кезге дейін туындайды.
"Оферент байланыстылығы'' ұғымынан "офертаның каитарып алын-байтындығы" ұғымы туындайды. Оферент офертамен байланыста болатын мерзім еткенше ол офертаны қайтарып ала алмайды жөне оның ережелерін озгерте алмайды. Бұл ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан керген шығынын етеу міндетінің туындауына өкеп соғады.
Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже диспозитивтік больш табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның езінде айтылса не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса офертаны қайтарып алуға болады (395--баптың 3-тармағы).
АК-ның 395-бабының 4-тармағында оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен жария оферта арасыңдағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |