Үшіншісі:
Джихадтың үкімі
Аллаһтың жолындағы джихад - ең ұлы ислами ұрандардың және ең маңыздың діни міндеттіліктердің бірі болып табылады. Және оның үкімі оның түрлері мен деңгейлеріне, сондай-ақ бұл міндеттілік жүктелетіндердің жағдайына байланысты өзгешеленеді.
Өз-өзімен джихад - әрбір мұсылманның міндеті болып табылады (фард айн), және оны ешкім біреу үшін орындамайды, өйткені ол әр адамның ерекшіліктерімен байланысты, және адамның бақыты мен жетістіктеріне тек оның өзі ғана қол жеткізе алады.
Сол сияқты шайтанмен джихад та әрбір тұлғаға міндетті болып табылады (фард айн), өйткені, ол негізінен әрбір адамға жеке белгіленген, бұл жөнінде Аллаһ Тағала айтқандай: «Шәксіз сендерге шайтан дұшпан. Сондықтан сендер де оны дұшпан түтыңдар!» (Фәтыр, 6).
Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Шайтанға дұшпан ретінде қатынас жасау әмірі - онымен соғысуға және күресуге барлық күш-жігерді жұмсауға назар аудару болып табылады, ол - Аллаһтың құлымен жүргізетін соғысында бір демге болса да әлсіремейтін және қателіктерге бой бермейтін дұшпандай”. “Зад әл-Мә’ад” 3/6.
Кәпірлермен, екіжүзділермен және бидғаттардың және күнәлі істердің жақтаушыларымен джихадқа келер болсақ, бұл жердегі жағдай біраз өзгеше. Және джихадтың бұл түрі – әрбір мұсылманның не жүрегімен, не сөзімен, не мал-мүлкімен, не қолымен (осы түрлерінің қандай да бірімен) атқарылатын жеке міндеті болып табылады деген үкім - дұрысрақ болып табылады. Сондықтан, мұсылман осы түрлерлердің қандай да біреуін пайдаланып, күші жеткенше соғысуы керек. “Зад әл-Мә’ад” 3/72.
Жалпы үмметке қатысты ол - ұжымдық мінтеттілік (фард кифая) болып табылады. Егер мұсылмандардың жеткілікті саны оны орындаса, қалғандарынан оны орындау жауапкершілігі түседі. Олай болмаған жағдайда, егер (ол туралы) білімі және (оны орындау үшін) күші бола тұра оны орындамай қалдырса, олардың барлығы күнә жасайды. “Фәтх әл-Бари” 6/37, “Мәджму’ әл-фәтәуә Ибн Баз” 18/62 қараңыз.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Міне осылайша жақсылыққа үндеп, жамандықтан қайтару да - әрбір жеке адамға жүктелген міндеттілік (фард айн) болып табылмайды, ол, бұған Құран нұсқайтындай, ұжымдық міндеттілік (фард кифая) болып табылады. Және джихад – шақыру мен тыйым салудың ең жоғары нысаны болғандықтан, оған қатысты да осындай ұйғарым қолданылады. Бұл міндеттілік жүктелгендер оны орындамаса, оны орындауға қабілетті болғандардың әрбірі, мүмкіндіктеріне сәйкес, күнәһар болады. Өйткені, ол әрбір адамға, оның күш-қуатына сәйкес, міндетті болып табылады, бұл жөнінде Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын былай деп айтқандай: «Сендерден біреу күнәлі істі көрсе, оны қолымен өзгертсін. Егер ол мұны істеуге шамасы келмесі, онда – тілімен. Егер мұны да істеуге шамасы жетпесе, онда – жүрегімен. Және бұл – ең әлсіз иманның белгісі». “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/126 қараңыз.
Кәпірлерге қарсы джихад ұжымдық міндеттілікке жататындығы жөнінде айтылған сөзде, ғалымдардың ең тараған пікіріне сәйкес, шабуыл джихады меңзеледі. Олардың кейбіреулері бұл мәселеде бірауызды келісім (иджма’) бар екендігі туралы айтқан, және бұған дәлелдер де көп. Мысалы, Ұлы және Пәк Аллаһ былай деп айтты: «Мүміндерден (соғысқа шықпай) отырушылар мен Аллаһ жолында малдары және жандарымен соғысушылар тең емес. Аллаһ малдарымен, жандарымен соғысушыларды дәрежеде арттырды. Сондай-ақ, барлығына да игілік уәде етті. Және соғысушыларды отырушылардан үстем кеңшілікке бөлеп, ірі сыйлық берді». (Нисә, 95).
Бұл аяттан ғалымдар Аллаһтың дініне шақыруды тарату мақсатымен мұсылмандар тарапынан басталған кәпірлерге қарсы джихад жеке міндеттілікке емес, ұжымдық міндеттілікке жатады, өйткені Ұлы және Құдретті Аллаһ аятты «Сондай-ақ, барлығына да игілік уәде етті» - деген сөздермен аяқтады деген қорытынды шығарды. Өйткені, (аятта) мүминдердің екі тобы, ауыртпалықтарды бастан кешірмей (соғысқа шықпай) отырып қалғандар және соғысып жатқандар туралы айтылып жатыр, және Аллаһ олардың әрқайсысына да Аллаһ ең жақсы игіліктер уәде етті. Хафиз Ибн Касир бұған байланысты былай деп айтты: «Бұл аятта джихад жеке міндеттілік (фард айн) болып табылмайтындығына, алайда ұжымдық міндеттілікке (фард кифая) жатандығына дәлел бар”. “Тәфсир Ибн Кәсир” 2/241 қараңыз.
Бұл дәлелдерге Абу Хурайраның, Аллаһ одан разы болсын, хадисі де жатады, онда Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім Аллаһқа және оның Елшісіне иман келтіріп, намазды орындап және Рамазан айында ораза ұстаған болса, оны Аллаһ міндетті түрде Жәннәтқа кіргізеді, ол Аллаһтың жолында соғысқандығына немесе өзінің мекенінде болғанына қарамастан». Сонда сахабалар: "Йә, Аллаһтың Елшісі! Адамдарды қуантпайық па?" – деді. Ал ол оларға былай деп жауап берді: «Ақиқатында, Жәннәтта Аллаһ жолында соғысатындар үшін Аллаһ әзірлеп қойған жүз дәреже бар. Әр дәреженің арасындағы арақашықтық жер мен аспан арасындағы арақашықтық сияқты. Және сендер Аллаһтан (Жәннәтті) сұрасаңдар, ақиқатында Жәннәттың ортасында және оның ең жоғарысында орналасқан Фирдаусты сұраңдар. Оның үстінде Рахманның Аршы орналасқан, ал одан жәннәт өзендері бастау алады». әл-Бухари № 2790.
Сондай-ақ ‘Абдуллах ибн ‘Амрдан оның мына сөздері жеткізіледі: “Бір адам Пайғамбарға, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, келіп, одан джихадқа қатысуға рұқсат сұрады. Сонда (Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын), одан былай деп сұрады: «Сенің әке-шешең тірі ма?» Келген (адам): «Иә», - деп жауап берді. Ал Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Ендеше оларға қызмет көрсетуде ынта таныт!». әл-Бухари № 3004, Муслим № 2549.
Ибн Кудама бұл хадиске былайша түсіндірме жасады: “Ата-анаға игілік жасау фард ‘айн (әрбір кісінің міндеті) болып табылады, ал соғысу фард кифаяға (ұжымдық міндеттілікке) жатады. Және фард ‘айнды орындау бірінші кезекте тұрады”. “әл-Муғни” 9/170 қараңыз.
Сонымен, зерттеуші-ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, кәпірлерге қарсы джихад - фард кифая болып табылады. Дегенмен, джихад - фард ‘айн болатын, бұл жөнінде ғалымдар ескерткен, үш жағдай бар:
Бірінші жағдай мұсылман әскері дұшпанның әскерімен бет пе бет соқтығып қалған кезде орын алады. Бұл жағдайда ұрысқа қатысушының әрбірі соғысуға міндетті, және оған қашуға тыйым салынады. Өйткені, Аллаһ Тағала былай деп айтады: «Ал және кім соғыс күні, соғыс майданын ауыстыру немесе топқа қосылудан басқа түрде кәпірлерге арқасын көрсетсе, әрине Аллаһтың қаһарына ұшырайды. Орны - Тозақ, нендей жаман орын!» (Әнфәл, 16).
Ескертпе:
Бұл - кәпірлердің саны мұсылмандармен тең, немесе екі есе көп болған жағдайға қатысты, алайда егер кәпірлер мұсылмандардан үш есе көп болса, онда соғыс майданында табандылық (ығыспаушылық) көрсету міндетті болып табылмайды, және әрі қарай жалғасатын жағдай пайда мен ситуацияға байланысты болады. Егер, кәпірлердің саны басым болуына қарамастан, мұсылмандар олармен шайқасуға дайындалған болса және белгілі бір шығындармен тіпті оларға тойтарыс бере алатын болса, онда олар ұрыс майданынан кетпеуі керек. Бірақ, кәпірлердің саны басым келсе және олар әскери дайындықта және қару-жарақта күшті болса, және оларға қарсы тұру мұсылмандардың ешбір мән-пайдасыз өлуінен басқа ешнәрсеге әкелмесе, онда соғыс майданынан кету керек болады, және шегінген мұсылмандарда күнә болмайды! Тіпті кейбір имамдар бірауызды келісім бойынша мұндай жағдайда шегіну міндетті (уәжіп) болады деп айтқан, бұл жөнінде Абу әл-Ма’али жеткізгеніндей. “Тахқық әл-джихәд” 50 қараңыз.
Ибн ‘Аббас айтатын: “ «Егер сендердің араларыңда сабырлылардан жиырмасы болса, олар екі жүзді жеңіп шығады» деген аят түскенде, бұл мұсылмандарға ауыр болды, және оларға адам санының арақатынасы бірге он болғанда қашып шегінбеу әмір етілген еді. Кейін: «Енді Аллаһ сендердің ауыртпалықтарыңды жеңілдетті, өйткені Оған сендер әлсіз екендерің мәлім» деген жеңілдік түсірілді”. әл-Бухари 4/251.
Сондай-ақ Ибн ‘Аббас, осы екі аятты оқып болып, былай деп айтты: “Егер адам үшеуден қашса, бұл – соғыс майданынан қашу емес, қашу бұл – екеуден қашу”. Ибн әл-Мубарак 235, Са’ид ибн Мансур 2538. Иснады сенімді.
Екінші жағдай дұшпанның мұсылман мемлекетіне шабуыл жасауымен және оны қоршауға алумен байланысты. Бұл жағдайда осы елдің халқы олармен соғысуға және оларға қарсылық көрсетуге міндетті болады.
Үшінші жағдай мұсылмандардың әмірі жалпы мобилизациялау туралы жариялағанда, немесе нақты біреуді белгілі бір тапсырманы орындауға бекіткенде туындайды.
Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Әй мүміндер! Сендерге не болды? «Аллаһ жолында соғысқа шығыңдар», - делінген кезде, салмақтарыңды жерге салдыңдар.» (Таубә, 38).
Сондай-ақ бұған Ибн ‘Аббастан, Аллаһтың олардың екеуінен де разы болсын, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Меккені алған күні: «(Мекке) Алынғаннан кейін хижра жоқ, бірақ джихад және ниет қалды. Және егер сендерді шығуға шықырса, шығыңдар!» - деп айтқаны жеткен хадис те нұсқау болады. әл-Бухари № 2783, Муслим № 1353.
Сөйтіп, осы аталған үш жағдайда, джихад - әрбір мұсылманның міндеті (фард ‘айн) болады. шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/80, “Фәтх әл-Бари” 6/37-38, шейх Ибн Баз “Маджму’ фатауа уа макалят” 18/62, 163 қараңыз.
Төртіншісі:
Джихадтың мақсаттары
Аллаһ Тағала джихадты Исламда бұйырды және оны ұлы және мақтаулы мақсаттар үшін мұсылмандарға міндетті етті. Ол мақсаттардың бір бөлігі ғалымдардың мына сөздерінде ашылып көрсетіледі.
1. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Джихадтың мақсаты болып Аллаһтың Сөзі барлық нәрседен үстем, ал дін толығымен Аллаһ Тағалаға тән болатын жағдайға қол жеткізу табылады. Басқаша айтқанда, оның мақсаты – Аллаһтың дінін орнату”. “Мәджму’ әл-фәтәуә” 15/170, 28/23 қараңыз.
2. Ол сондай-ақ, былай деп айтты: “Және джихадтың мақсаты -адамдардың Жалғыз Аллаһқа ғана құлшылық етіп, Оған ғана жалбарынып, Оған ғана намаз оқып, Оған ғана сәжде жасап, Ол үшін ғана Ораза ұстап, тек Оның Үйіне ғана қажылық жасап, Оған ғана арнап құрбан шалып, Ол үшін ғана нәзір беріп, Оның атымен ғана ант етіп, Оған ғана тәуекел етіп, Одан ғана қорқуына жету болып табылады. Өйткені, Жалғыз Ол ғана игілік береді және жамандықты жояды. Жалғыз Ол ғана өзінің жаратылыстарын тура жолмен жүргізеді. Және оларға тек қана Ол жәрдем береді. Және оларды ризықтандырып, байытатын да тек Ол ғана. Олардың күнәларын да Одан өзге ешкім кешірмейді!” “Мәджму’ әл-фәтәуә” 35/368 қараңыз.
3. Шейх ‘Абдуррахман ибн Насыр ас-Са’ди былай деп айтты: “Джихад екі түрлі болады: өзімен мұсылмандарға есендік, ақидасының, ахлағының және олардың дін және дүние істерімен байланысты болған барлық нәрселерінің түзетілуін әкелетін джихад. Сондай-ақ, бұл джихад мұсылмандарда шынайы білімдер мен амалдарды тәрбиелейді. Джихадтың міне осы түрі - оның негізі және оның мәні болып табылады, және екінші түрі, яғни Исламды және мұсылмандарды кәпірлерден, екіжүзділерден, бидғатшылардан және діннің барлық жауларынан болған дұшпандардан қорғау меңзелетін джихад оның үстіне негізделеді”. “Уджуб та’аун бәйнә әл-муслимин” 8 қараңыз.
4. Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Джихад екі түрлі болады: шабуыл және қорғану джихады. Және олардың әрқайсысының мақсаты болып Аллаһтың дінін тарату және адамдарды оған шақыру, оларды қараңғылықтардан жарыққа шығару, және Аллаһтың дінінің жер бетінде салтанат құруы, және барлық дін тек Жалғыз Аллаһқа ғана тән болуы табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала Өзінің Ардақты Кітабында «Бәқара» сүресінде былай деп айтқанындай: «Олармен бұзақылық жойылып, дін Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар». Ол сондай-ақ, «Әнфәл» сүресінде: «Олармен бұзақылық жойылып, дін (ғибадат) Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар». Және осыған ұқсас мағынадағы аяттар көп. Сондай-ақ, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Маған адамдар Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ, және Мухаммед – Оның Елшісі екендігіне куәлік бермейінше, намазды орындап, зекет төлемейінше олармен соғысу әмір етілді. Ал егер олар мұны істесе, онда өздерінің өмірлері мен мал-мүліктерін менен қорғаған болады, ислам бұған рұқсат ететін жағдайлардан басқа, ал жауапты олар Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһтың алдында береді». Ибн 'Умардың, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, хадисі. Оның сахих екендігіне әл-Бухари мен Муслим келіскен”. “Мәджму’ фәтәуә уа мәкәләт мутанәууи’ә” 18/70 қараңыз.
Бесіншісі:
Аллаһтың жолындағы джихадтың артықшылығы
Егер осыдан алдыңғы тарау Аллаһтың жолындағы джихадтың мақсаттары мен даналығының түсіндірмесі болған болса, онда Құран мен Сүннетте джихадтың артықшылығы және оған қатысушылардың артықшылығы туралы дәлелдер келтірілгендігі – таңданатын нәрсе емес.
Атақты ғалым Ибн әл-Қаййим былай деп айтты: “Джихадтты марапаттайтын, оны жасаушыларды мақтайтын, және ол үшін Раббылары оларға түрлі құрмет көрсетулер мен мол сыйлықтар түрінде ұлы сый дайындап қойғандығымен сүйіншілейтін Аллаһтың кітабынан аяттар және Сүннеттің мәтіндері өте көп. Және бұл үшін Аллаһ Тағаланың айтқан мына сөздері жеткілікті: «Әй мүміндер! Сендерге жан түршігерлік азаптан қүтқаратын бір сауда көрсетейін бе?» Және жандар Аса Білімді және Дана Аллаһтың нұсқаған саудасын қатты қалаған соң, Аллаһ Тағала былай деді: «Аллаһқа және Оның Елшісіне иман келтіріңдер және Аллаһтың жолында мал-мүліктеріңмен және жандарыңмен соғысыңдар!» - деді. Жан қауіпсіздікте өмір сүріп-тұруды қалайтын сияқты, сондықтан Аллаһ: «Егер сендер білсеңдер еді, осы сендерге қайырлы», - деді. Яғни джихад сендер үшін өз өмірлерің мен денсаулықтарыңды сақтап қалу үшін қарап отырудан жақсы. Және жан: «Ал джихадта бізге қандай енші бар?» - деп сұрап жатқан сияқты. Ал Аллаһ: «Ол сендердің күнәларыңды жарылқайды», - деп, және жарылқап: «Сендерге астарынан өзендер ағатын бейіштерге, Ғадын жәннаттарындағы орындарға кіргізеді. Зор табыс осы», - деп жауап берді. Содан соң жандар былай деп айтқандай болды: «Бұл соңғы өмірде. Ал бұл өмірде бізге не беріледі?» Және Аллаһ былай деп жауап берді: «Тағы басқа сендер жақсы көретін бір нәрсе бар: Аллаһ жақтан бір көмек және жақын бір жеңіс бар. Мүміндерді қуандыр!» (Саф, 10-13). Аллаһпен ант етемін, бұл сөздерден не тәтті болуы мүмкін! Және олардан артық жүректерге не жақын болуы мүмкін! Олар нендей күшті етіп өздеріне тартады және нендей Раббыларына апарар (керемет) жолға салады! Олардың үкімі әрбір сүйетін жүрекке нендей ізгі. Жүректің байлығы нендей ұлы! Және осы сөздердің мәні оған жеткеннен соң оның өмірі нендей сүйсінерлі! Және біз Аллаһтан Ол бізге Өзінің рахметін жаудыруын тілейміз! Ақиқатында, Ол – Аса Жомарт, Ерекше Рахымды!” “Тариқ әл-хиджратәйн” 583-584.
Джихадтың артықшылығын хадистер де дәлелдейді. Солардың ішінде Му’аз ибн Джәбәлдің мына хадисі де бар: «Бұл істің (діннің) басы - Ислам, тірегі – намаз, ал шыңы – Аллаһтың жолындағы джихад болып табылады». Әхмәд 5/231, ат-Тирмизи № 2616.
Сондай-ақ ‘Убада ибн әс-Самиттің, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Аллаһтың жолында соғысыңдар, өйткені Аллаһтың жолындағы джихад - Аллаһ олар арқылы уайым мен қайғыдан құтқаратын Жәннәт қақпаларының бірі болып табылады», - дегені жеткізіледі. Әхмәд 5/314.
Абу Хурайраның, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде былай деп айтылады: «Аллаһтың жолында күресуші ораза ұстаушыға, намаз орындаушыға, Аллаһтың аяттарының алдында бар ұрып, оразадан да, намаздан да шаршамайтынға ұқсас. (Және оның жағдайы) ол Аллаһтың жолынан оралғанша осылай. Және Аллаһ Өзінің жолында күресушіге оның жанын алып оны Жәннәтқа кіргізуге деген, немесе оны аман-сау сый-сыяпатпен не олжамен оралуға деген үміт берді». әл-Бухари № 2787, Муслим № 1878.
Джихадтың және Аллаһ жолында күресушілердің артықшылығы туралы және шынайы (шын ықыласты) мужәхидтерге Аллаһ бұл және Соңғы өмірде әзірлеп қойған жоғары мәртебелер мен аса зор сыйын түсіндіретін Кұран аяттары мен пайғамбарлық хадистер оте көп.
Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Джихадты орындау туралы әмірлер мен оның артықшылы туралы ескертпелер Кітап пен Сүннетте соншалықты көп болғандықтан, оларды санау мүмкін емес. Сондықтан джихад адамның ерікті амалдарының ең абзалы болып табылады, және ғалымдардың бірауызды келісімі бойынша ол - қажылық пен умрадан да, нәпіл намаздан да, нәпіл оразадан да абзал, бұл жөнінде Кітап пен Сүннет нұсқағандай...
Бұл - кең тақырып, және амалдарға берілетін сый мен олардың артықшылығында оған ұқсас ешнәрсе келтірілмеген. Және бұл - назар салғанда әп-айқын. Өйткені джихадтан келетін пайда оны орындаушыға да, басқаларға да дін мен дүние тіршілігінде ортақ болады. Ол ішкі және сыртқы ғибадаттардың барлығын өзіне қамтиды. Ол өзіне Аллаһ Тағалаға деген махаббатты, Оған деген ықыласты, Оған деген тәуекелді, Ол үшін жан мен мал-мүлікті пида етуді, сабр мен ұстамдылықты, Аллаһты зікір етуді және басқа да өзге амалдар қамтымайтын ғибадаттарды біріктіреді.
Және оны орындаушы тұлға немесе қауым үнемі екі игіліктің арасында болады: не жәрдем және жеңіс, не шахидттік және Жәннәт. Өйткені жаратылғандарда міндетті түрде өмір және өлім болады. Осыда (джихадта) олардың өмірі мен өлімін олардың бұл дүниеде және Ақыретте бақытқа жетуі үшін пайдалану бар. Ал оны тастауда (қалдыруда) екі дүниеде де (бақытты болуда) қаза және кемшілік бар. Өйткені, адамдардың арасында дінде және дүние тіршілігінде қуатты амалдарды жасауға ұмтылатындар бар, алайда олардың пайдасы аз. Ал джихад, бұл амалдардың әрқайсысымен салыстырғанда, екі өмірде де пайдалырақ. Кейде тұлға өлімге тап келер болса да, жанын жеңілдетуге ұмтылады. Ал шахидтің өлімі барлық өлімнен жеңіл және барлық өлімнен абзал”. “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/352-354.
Құрметті шейх Ибн Баз былай деп айтты: “Ақиқатында, Аллаһтың жолындағы джихад Аллаһқа жақындаудың ең жақсы жолдарына және ең үлкен ғибадаттарға жатады, және бұл тіпті Аллаһқа жақындататын нәрселердің және міндетті болған амалдардан кейін жарысатын нәрселердің ең абзалы болып табылады. Бұл - оның мүміндерге көмек көрсетудің, Аллаһтың сөзінің үстем болуының, кәпірлер мен екіжүзділерді басудың, исламға шақыруды халықтар арасында таратудың, Аллаһтың құлдарын қараңғылықтардан жарыққа шығарудың, барлық жаратылыстардың арасында исламның керемет сипаттары мен әділетті шешімдерін таратудың және мұсылмандарға келетін өзге де көптеген пайдалардың және мақтаулы нәтижелердің себебі болғандығынан”. “Мәджму’ фәтәуә уә мәкәләт мутанәууи’ә” 18/61-62 қараңыз.
Ескертпе:
Бұл артықшылықтардың барлығы шынайы, Аллаһ Тағала заңды еткен джихадқа қатысты екенінде күмән жоқ. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия айтатын: “Құран мен Сүннет джихадты жасау туралы бұйрықтарға және оның артықшылықтарына толы. Алайда шариғатта заңдастырылған, Аллаһ және Оның Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бұйырған джихадтпен, кейбір адасушылықтың жақтаушылары жүргізіп жүрген бидғат-джихаттың арасындағы айырмашылығын білу қажет! Олар джихадты шайтанға бағынып жүргізуде, алайда өздері джихадты Рахманға бағынып жүргізудеміз деп ойлайды. Бұл – хауаридждердің, және солар сияқты, исламның жақтаушыларымен соғысып жүрген, өз әуестерінің және діңге жаңалық енгізудің өзге де жақтаушыларының джихады сияқты!». “Раду ‘аляль-Ахнаи” 326.
Алтыншысы:
Джихадтың ережелері мен шарттары
Бұл - джихад мәселесінің ең маңызды жағы, яғни Исламда әмір етілген джихад Аллаһтың Кітабында, Оның Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінде және ізгі алдыңғы буын өкілдерінің хабарларында келтірілген ережелер мен шарттарға ие екендігін білу. Және Аллаһтың жолындағы джихад оларды орындағанда, атқарғанда және соларға сәйкес болғанда ғана Аллаһ Тағаланың алдында салиқалы және қабыл болатын амал болады. Осы ережелердің және шарттардың ішіндегі ең маңыздылары болып төменде келтірілгендер табылады:
1. Джихадтың, кез-келген салиқалы амалдың негізі болған екі шартқа негізделуі қажеттігі, олар: ықылас және шариғатқа сәйкестік.
Және Құдыретті де Ұлы Аллаһ джихад жасаушының джихадын тек ол ондағы ниетін Аллаһ Тағала үшін, Пәк Аллаһтың разылығына жету үшін ықыласты қылса ғана қабыл етеді. Ал егер ол өзінің джихадымен өз пайдасын, немесе басшылықты, немесе кейбір адамдардың ой-ниеттерінде пайда болып жүрген сол сияқты нәрселерді қаласа, Құдыретті де Ұлы Аллаһ оны қабыл етпейді.
Сондай-ақ, Аллаһ Тағала джихадты орындауда Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ілеспеген адамның да джихадың қабыл етпейді. Сондықтан да, Аллаһ жолында джихад жасауды қалаған адамға Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетін қарап шығу, оның іздерімен жүру, оның басшылығын қабылдау, джихадты және басқа ғибадаттарды орындауда оның жолына ілесу міндетті болып табылады.
Ескертпе:
Шейх атап кеткен нәрселер, өте маңызды болып табылады! Өйткені көптеген жас мұсылмандар қателесіп, джихадта бір ғана шарт бар, ол -ықылас деп есептейді. Бұл - дінді, соның ішінде джихад мәлелелерін қате түсіну болып табылады, және оны ғалымдар да, тіпті сахабалар да айқын түрде жоққа шығарған!
Хасән әл-Бәсри айтатын: «Бірде бір адам Ибн Мас’удтың қасында тұрған Абу Муса әл- Аш’ариге келіп, одан: “Сен Аллаһ Тағала үшін ашу-ыза танытып, қылышын алып шыққан және өлтірілгенше соғысқан адам туралы не айтасын? Ол қайда барып түседі?» - деп сұрағанда, Абу Муса: «Жәннәтқа!» - деп жауап берді. Сонда Ибн Мас’уд былай деп айтты: «Шындығында, мына муфти (Абу Муса) сен сияқты! Ол адам Сүннетке сәйкес соғысты ма, әлде бидғатқа сәкес па?!» Ал Хасан әл-Бәсри (кейін) былай деп айтты: “Міне, адамдар өз қылыштарын бидғатқа сәйкес көтерді!» Ибн Уәдәх «әл-Бида’» 1/80. Иснады сахих.
Сондай-ақ, тура осыны Хузәйфә Абу Мусадан: «Сен Аллаһтың дидарына ұмтылып, қылышың көтеріп шыққан адам туралы не айтасын, ол өлтірілсе, Жәннәтқа кіреді ма?!» - деп сұрағаны да жеткізіледі. Абу Муса: “Ия!” – деп жауап берді. (Сонда) Хузәйфә оған былай деді: «Жоқ! Тек егер ол Аллаһтың Дидарына ұмтылып, және Аллаһ әмір еткенге сәйкес амал еткен болса ғана! Мұндай жағдайда, егер ол өлтірілсе – Жәннәтта!» Са’ид ибн Мәнсур 2546. Иснады сахих.
Абу ‘Убәйда ибн Хузәйфан жеткен басқа риуаятта Хузәйфәның: “Ақиқатында, ол ақиқатқа сәйкес амал етіп соғысқан болса, және өлтірілсе, онда ол – Жәннәтта. Ал егер ол дұрыс ниетке және Аллаһтың әміріне сәйкес амал етпеген болса, онда ол – Тозақта!» - деп айтқаны жеткізіледі. Содан соң Хузәйфә былай деп жалғастырды: “Аллаһпен ант етемін, мұндай адам Тозаққа кіреді!” Бұған Абу Муса: “Сенікі дұрыс!” – деді. ‘Абдур-Раззақ 5/267, Ибн Уадәх 1/81. Иснады сахих.
2. Джихадтың джихад мақсатына және ол бұйырылған мақсатқа сәйкес болуы.
Бұл мақсат - бұл жөнінде хадисте келтірілгендей, джихадты дін Аллаһқа тән болу үшін, және Аллаһтың Сөзі барлық нәрседен үстем болу үшін орындау.
Пайғамбарға, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ия, Аллаһтың Елшісі! біреу олжа үшін соғысады, басқасы – даңқ үшін, үшіншісі - рия (көзбояушылық, өзгелерге көрсету) үшін. Осылардың қайсысы Аллаһтың жолындағы күрес болып табылады?» - деген сұрақ қойылды. Ол былай деп жауап берді: «Кім Аллаһтың Сөзі үстем болу үшін соғысқан болса, міне сол Аллаһтың жолында». әл-Бухари № 7458, Муслим № 1904.
3. Джихад дінді білумен және түсінумен болуы керек, өйткені, ол - бұл жөнінде жоғарыда айтылғандай, ең ұлы және маңызды ғибадаттардың бірі болып табылады.
Және ғибадат, егер ол дінді білумен және түсінумен орындалмаған болса, қабыл болмайды. Сондықтан, ‘Умар ибн ‘Абдуль-‘Азиз, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: “Кім Аллаһқа білімсіз ғибадат етсе, пайдадан көп зиян келтіреді”. Имам Ахмәд “әз-Зухд” 365
Бір риуаятта: «Білім - амалдың басшысы болып табылады деп айтылған, және сол амалды жасаушы оған ілеседі», - делінген. Ал бұл – ақиқат, өйткені егер ниет пен амал біліммен қатар жүрмесе, онда олар надандық, адасушылық және әуестерге еру болып табылады.
Сондықтан, джихадта джихадтың ақиқатын, оның мақсатын, оның түрлерін және дәрежелерін білу, және джихадты орындаушының жағдайын міндетті түрде білу міндетті болып табылады. шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/135-136, қараңыз.
Шейхуль-ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Джихад істерінде, діннің сыртқы жағына ғана басым көзқараста болатын дүние адамдарымен салыстырғанда, олардың өздері туралы білімі (тәжірибесі) бар дұрыс діннің иелерінің пікірін назарға алу міндетті болып табылады”. “әл-Ихтиярат әл-фикхия” 311.
Шейх Салих әл-Фаузан, Аллаһ оған есендік берсін, былай деп айтты: “Ғалымдар джихад туралы оларға адамдар жүгінетін көптеген еңбектер жазды. Және бұл әмірлер Аллаһтың Кітабынан және оның Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінен алынған. Олар білім және ақыл иелерінен сұрайды, өйткені джихад маңызды іс болып табылады. Егер ол ұйымдастырылса және Аса құдыретті және Ұлы Аллаһ әмір еткендей болса, онда ол үмметке пайдалы джихад болады. Алайда ол анархия (тәртіпсіздік) болса және ақылсыз және білімсіз болса, онда ол мұсылман үмметі үшін жеңіліс болады. Өйткені, одан күші басым болған кәпірлердің ызасын туғызған бір наданның шүбәлы жолмен оңай олжа іздеушілігінің себебінен қанша мұсылмандар өлтірілді! Ал олар (кәпірлер) мұсылмандарға бас салып қантөгіс жасады және оларды баспаналарынан айырып, (үйлерін) қиратты. Және Аллаһтан өзге ешкімде күш те, қуат та жоқ. Және сол адамдар осы авантюраларын джихад деп атайды, бірақ бұл – джихад емес, өйткені ол оның шарттарын қамтамасыз етпеді, оның тіректерін орындамады. Сондықтан, ол - джихад болып табылмайды. Бұл - Құдыретті де Ұлы Аллаһ істеуге тыйым салған өшпенділік ғана”. “әл-Джихад әнуа’уху уә әхкәмух” 24-25.
4. Джихад жаратылыстарға деген мейірімділікпен және ізгілікпен қатар жүргізілу керек, өйткені джихад Исламда тіршілік иелеріне үрей салу үшін, немесе өзгелерді ренжіту үшін әмір етілмеді, сондықтан да олардың Аллаһтың жолындағы джихадқа қатысы бар деп түсінбеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |