Шейх ‘Абдурраззақ әл-Бәдр Джихадтың даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер



бет3/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#127228
1   2   3   4   5   6   7

Ескертпе:

Имам ан-Найсабури: “Дәлелмен және бірқұдайшылдықтың жемістеріне шақырумен жүргізілетін джихад, өзінің нәтижесімен шайқастан жақсы. Сондықтан Аллаһтың Елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Алиге, Аллаһ одан разы болсын, былай деп айтты: «Ақиқатында, егер Аллаһ сен арқылы бір адамды тура жолға салса, бұл сен үшін олардың үстінен күн көтерілетін барлық нәрседен жақсы!» Және қылышпен (жасалатын) джихад оның алдында дәлелмен (жасалатын) джихад болмағанға дейін көркем болмайды. Өйткені адам – ардақты жаратылыс, сол үшін оны кесірлі сипаттарынан оның өзін сақтай отырып тазарту мүмкін болса, ол оның мәнін жоюдан абзалрақ.

Өлексенің кейбір нәрселерге жарамды бола алатын терісін шариғат сақтауға қалайша бұйыратынын көрмейсің бе, бұл жөнінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Оның (өлексенің) терісін, пайдалану үшін илеу арқылы тазартып алмайсыздар ма?!» “Тәфсир ән-Нәйсәбури” 4/209.

Хафиз ад-Думьяты былай деп айтты: “Джихад – бұл құрал, бірақ мақсат емес. Ал шайқасудың мақсаты – тура жолға нұсқау және шахидтік өлім болып табылады. Ал кәпірлерді өлтіруге келер болсақ, бұл өздігінен мақсат болып табылмайды. Ал сондықтан, егер тура жолға дәлел арқылы джихадсыз нұсқау мүмкіндігі болса, онда бұл джихадқа қарағанда дұрысрақ және абзалрақ болып табылады!” “И’анәту-тталибин” 4/181.


Аллаһ Тағала бұл соғысушы үмметті мына сөздермен сипаттады: «Сендер – жақсылыққа бұйырып, жамандықтан қайтаратын және Аллаһқа иман келтіретін, адамзаттың игілігі үшін пайда болған ең жақсы үммет болып табыласыңдар». (Әли Имран, 110).

Абу Хурайра, Аллаһ одан разы болсын, былай деп айтты: “Адамдар үшін адамдардың ең жақсысы – олар Исламға кірмейінше, оларды шынжырлап әкелуші болып табылады”. әл-Бухари 4557.


Ескертпе:

Абу Хурайраның сөздері, бұл жөнінде әл-Бухари «Сахихының» Құранды тәпсірлеу Кітабында келтірілгендей, осы аяттың түсіндірмесі болып табылады. Имам Ибн әл-Джәузи былай деп айтты: “Яғни олар тұтқынға алынып, байланады, ал қашан Исламның ақиқаттығын түсінсе, оған ерікті түрде кіреді, және кейін Жәннәтқа кіреді». “Фәтх әл-Бәри” қараңыз.


Және Аллаһ Тағала осы аятта бұл үммет адамдар үшін ең жақсысы болып табылатынын түсіндірді. Олар адамдар үшін ең пайдалырағы, басқаларға қарағанда олар үшін көбірек игілік жасаушылары болып табылады, өйткені олар сандық тұрғыдан да, сапалық тұрғыдан да адамдарды игілікке бұйырады және оларды жамандықтан қайтарады. Яғни олар барлық адамдарға жақсы болған нәрселерді бұйырады және оларға барлық жаман болған нәрселерді тыйым салады, және мұны өздерінің жандарымен және мүліктерімен жүргізетін Алаһтың жолындағы джихадпен орнатады, және бұл - адамдар үшін пайданың кемелдігі болып табылады. Және олар джихад жасайды және рахым көрсетеді, оларда сабыр мен рахымшылдық бар, бұл жөнінде Аллаһ Тағала былай деп айтқандай: «Және бір біріне сабырды үгіттескендер, және бір біріне рахымшылдылдықты үгіттескендер». (Бәләд, 17)

Және мұның барысында міндетті түрде ізгілік және жұмсақтық болуы керек, ол жөнінде Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, ізгілік өзі қосылған нәрсенің барлығын көркейтеді, ал тұрпайылық әрқашан оның шарапатсыз болуына келтіреді». Муслим № 2594.

Ол, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, сондай-ақ былай деп айтты: «Ақиқатында, Аллаһ ізгі және барлық нәрседе ізгілікті сүйеді, және ол үшін қатаңдық үшін бермеген нәрсенін сыйлайды». Муслим № 2593.

Ізгі алдыңғы буын өкілдерінен болған бір кісіден жеткен риуаятта: «Жақсылыққа бұйырып жамандықтан қайтаруды тек өзі бұйырып жатқан нәрседен хабары бар, өзі тыйып жатқан нәрседен хабары бар, өзі бұйырып жатқан нәрсесінде ізгі, өзі тыйып жатқан нәрсесінде ізгі, өзі бұйырып жатқан нәрсесінде жұмсақ, өзі тыйып жатқан нәрсесінде жұмсақ боған адам ғана орындасын», - деп айтылады. шейхуль-ислам Ибн Таймияның “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/35, 123, 137 қараңыз.

Мұсылман өзінің барлық істерінде ортаны ұстайды. Ол жаратылыстарға рахымшылдық танытады, бірақ Аллаһ жек көретін нәрсеге жек көрушілігін жоғалтуға дейін өтіп кетпейді. Ол Аллаһ үшін ызаланады, оның тыйымдарына қатысты қызғанушылық танытады, бірақ жәбірлеушілікке, өшпенділікке және зұлымдыққа өтіп кетпейді. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: “Шайтан адамның барлық ісінде ысырап қылуын қалайды. Және ол оны рахымшылдыққа бейім екенін көрсе, онда ол оған рахымшылдықты шектен тыс көркейтіп көрсетеді де, ол (адам) Аллаһ жек көретін нәрсені жек көрмейді, Аллаһ қызғанатын нәрселерді қызғанбайды. Егер де ол оны қаталдыққа бейім екендігін көрсе, онда оған Аллаһ үшін болмаған қатаңдықты өте әдемі етіп көрсетеді де, ол (адам) Аллаһ және Оның Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бұйырған ізгі амал жасаушылықты, салиқалылықты, жұмсақтықты, байланыстарды үзбей ұстауды, рахымшылықты тастап қояды. Ол қатаңдықта шектен шығады және Аллаһ және оның Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, жақсы көретін нәрселерді сөгуде, өшпенділікте артықшылық танытады. Ол өзіне Аллаһ және Оның Елшісі бұйырған рахымшылдық пен ізгі амал жасауды тастап қояды, және сонысымен айыпты және күнәхар болады. Ол өзіне Аллаһ және Оның Елшісі бұйырған қатаңдықта артықшылдық көрсетіп, өз ісіндегі артықшылдығынан шектен шығады. Біріншісі күнәхар, ал екіншісі ысырап етуші болып табылады. Ал Аллаһ ысырап етушілерді жақсы көрмейді. Және олардың екеуі де былай деп айтуы керек болады: «Раббымыз! Күнәларымызды, ісіміздегі орынсыз артықшылық жасағандықтарымызды кеше көр әрі табанымызды мықтап, кәпір қауымға қарсы жәрдем бер!» (Әли Имран, 147). “Мәджму’ әл-фәтәуә” 15/292.
5. Джихад әділетті және өшпенділік пен жәбірлеушіліктен алыс болуы керек.

Бұл ереже маңызды болып табылады, және Аллаһтың жолындағы джихадта ол туралы бұйрық және ерекше нұсқау келтірілген. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай деп айтқандай: «Өздеріңмен соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді». (Бақара, 190)

Аллаһ тағала сондай-ақ былай деп айтты: «Және бір елдің өшпенділігі сендерді әділсіздікке тартпасын. Әділдік істеңдер. Сол тақуалыққа жақынырақ». (Мәидә, 8)

Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, әскери жорыққа шығарып салатын кезінде сахабаларына тақуалықты өсиет етіп: «Жорыққа Аллаһтың атымен Аллаһтың жолына шығыңдар және Аллаһқа иман келтірмегендерге қарсы күресіңдер. Өлген адамдардың денелерін қорламаңдар, келісім-шарттарды бұзбаңдар және балаларды өлтірмеңдер», - деп айтатын. Муслим № 1731.

Ол сондай-ақ, өзінің жорықтарында тонаушылыққа және мәйіттерді қорлауға тыйым салып: «Тонаушының бізге қатысы жоқ», - дейтін. Әхмәд 3/380, ат-Тирмизи № 1123.

Ғалымдар джихадта шайқасқа қатыспайтын әйелдер, балалар, кәрі кемпір-шалдар, зағиптар, үмітсіз науқастар, ақыл-есі дұрыс емстер, монахтар, кельяларда тұрушыларды өлтірмейді деп түсіндіреді. Шайқасу біз Аллаһтың дінін үстем еткіміз келгенде бізге қарсы соғысатындарға қарсы іске асырылады. Сондықтан, бізбен соғыспағандарды өлтіру рұқсат етілмейді. Мұның себебі – Аллаһ Тағала тек жаратылыстарды түзету үшін өлтірілуі қажетті болған адамдарды ғана өлім жазасымен жазалауды рұқсат еткендігі. Пәк Аллаһ бұл жөнінде былай деп айтқандай: «Сондай-ақ жауыздық, кісі өлтіруден де зор». (Бақара, 217)

Яғни адам өлтіруде зиян және жамандық болса да, алайда кәпірлердің жауыздығында одан да үлкен жамандық және зиян бар. Және кім мұсылмандарға Аллаһтың дінін орнатуға қарсылық жасамай жатса, оның күпірлігі оның өзіне ғана зиян тигізеді. Сондықтан да, ғалымдар: «Кітапқа және Сүннетке қайшы келетін бидғаттарға шақырушы үнсіздік танытушы (үндемей бидғат жасаушы) жазаланбағандай етіп жазаланады», - дейді. Мұның барлығы Исламның керемет сипаттарына және оның әділеттілікке, сондай-ақ қандай түрдегі болмасын өшпенділік пен жәбірлеушілікті тастауға шақыруына жатады». Шейхуль-ислам Ибн Таймияның “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/161, 354, Ибн әл-Қаййимнің “Зад әл-Мә’ад” 3/100, 105, шейх Ибн Баздың “Маджму’ фатауа уа макалят” 18/129-130 қараңыз.
Ескертпе:

Имам Ибн әс-Саләх былай деп айтты: “Негіз – жер бетінде кәпірлердің болуы рұқсат етілетіндігінде, өйткені Аллаһ Тағала жаратылыстардың өлтірілуін қаламайды және оларды өлтірілуі үшін жаратпады! Ақиқатында, Аллаһ олардан келетін зиянның себебімен өлтіруді рұқсат етті, бірақ бұл (кәпірлерді өлтіру) - олардың күпірлігі үшін жаза болғандықтан емес! Өйткені, бұл дүние жазалау мекені болып табылмайды, өйткені амалдар үшін жаза Қиямет Күні болады. Ал егер кәпірлер мұсылмандардың билігінде болса және біздің заңдарымызды орындаса, біз олардан тіршілігімізді тәртіпке келтіруде пайда аламыз. Және бізде оларды өлтіру үшін себеп қалмайды, ал олардың жазасы Аллаһқа тән. Өйткені, кәпірлер мұсылман мемлекеттерінде тұрып-жүргенде, мүмкін олар Аллаһ оларды табиғатында (фитрада) жаратқанын көреді. Ал іс осы тұрғыда болса, онда: «Негіз – кәпірлерді өлтіру керектігінде», – деп айтуға тыйым салынады!» “Фатауа Ибн әс-Саләх” 224 қараңыз.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деді: “Ақиқатында, кәпірлермен тек бір себеппен ғана шайқасады, ал бұл – соғыс! Және бұл – ғаламдарының басым бөлігінің пікірі, бұған Құран мен Сүннет те нұсқайды!» “ән-Нубууәт” 140.
6. Джихад мұсылмандардың әмірімен бірге, не оның келісімімен орындалуы керек, мейлі ол салиқалы болсын, мейлі пасық болсын.

Бұл – Аллаһтың жолындағы джихадта оларсыз еш болмайтын ең маңызды ережелерге жатады, өйткені джихад, әсіресе дұшпандармен жанмен жүргізілетін джихад, тек күш-қуаттың бар болғанында ғана жетік болады. Күш-қуатқа тек бірігу арқылы қол жеткізуге болады, ал бірігу тек басқарумен және билікпен іске асырылады. Ал басқару тек әмірге бағыну және мойынсыну арқылы ғана жолға қойылады. Және аталып өткен нәрселер бір-бірімен тығыз байланысты болып табылады, және олардың біреулері басқаларынсыз жетік және дұрыс бола алмайды. Тіпті дін де, дүние тіршілігі де мұнсыз тәртіпке келтіріле алмайды. “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/390, “ад-Дурар әс-сәния” 7/328.

Суннет бұл ережені дәлелдейді және бұл үмметтің алдыңғы буыны да оны ұстанатын еді. Абу Хурайраның, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Әмір – бұл, оның артында шайқасатын және онымен қорғанатын қалқан. Және ол Аллаһтан қорқуды әмір етсе және әділдікпен үкім етсе, оған бұл үшін сауап бар. Ал егер ол басқа нәрсені әмір етсе, бұл оған қарсы болып (есептеледі)». әл-Бухари № 2957, Муслим № 1841.
Ескертпе:

Яғни әмір дұшпанның зиянынан қорғайды, және бір адамдарды басқа адамдардың зиянынан қорғайды, сондай-ақ Исламның қол-сұғылмаушылығын қорғайды. Адамдар әмірден және оның қуатынан қорқады, және олар оның қорғауының астында әмірге қарсы қару алып шыққандарға (мысалы хауариждер және бүлікшілер), сондай-ақ бұзақылық пен зорлаудың өзге де жақтаушыларына қарсы күреседі. имам ан-Науауидің “Шарх Муслим” қараңыз.


Хузәйфә айтатын: «Әдетте адамдар Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, игілік туралы сұрақтар қоятын еді, ал мен жамандық туралы сұрайтынмын, өйткені ол (жамандық) менің басыма түседі деп қауіптенетінмін. (Бірде) мен: «Йә, Аллаһтың Елшісі! Надандық кезінде біз ең нашар хәлде едік; кейін Аллаһ бізді осы игілікке жеткізді, ал осы игіліктен кейін жамандық қайта оралып келеді ме?» - деп сұрадым. Ол: «Ия», - деп жауап берді. Мен: «Ал сол жамандықтан кейін игілік қайта оралып келеді ма?» - деп сұрадым. Ол: «Ия, бірақ онда бір кемшілік болады», - деп жауап берді. Мен: «Оның кемшілігі не нәрседе болады?» - деп сұрадым. Ол: «Басқаларды мен басқаратынымнан өзгеше басқаратын адамдар пайда болады, және сендер олардың істерін көресіңдер және оларды тәрк етесіңдер», - деді. Мен: «Сол игіліктен кейін қандай да бір жамандық келеді ма?» - деп сұрадым. Ол: «Ия, тозақтың қақпаларына шақырушылар (пайда болады), және (олардың шақыруына) жауап бергенді олар оған (тозаққа) тастатады», - деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі, бізге оларды сипаттап бер», - деп сұрадым. Ол: «Ия. (Олар) біздің халқымыздың адамдарынан (болады) және біздің тілімізбен сөйлейді», - деді. Мен: «Я, Аллаһтың Елшісі! Менің өмір сүруімнің тұсында осылар орын алса, (мен не істеуім керек) деп ойлайсың?» - деп сұрадым. Ол: «(Шынайы) мұсылмандардың әл-жамаасынан және олардың әмірінен кетпей ұстан», - деді. Мен: «Ал олардың ішінде (осындай) әл-жамаа да, әмір де болмаса ше?» - деп сұрадым. Ол: «Онда ол топтардың барлығынан алшақ бол, тіпті талдың тамырына тістеріңмен қатты жабысып алып, өлгеніңе дейін осындай жағдайда қалуға тура келсе де!» - деді. әл-Бухари 3606, Муслим 1847.

Ибн ‘Аббастан, Аллаһтың олардың екеуінен де разы болсын, оның мынаны айтқаны жеткізіледі: “Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «(Мекке) Алынғаннан кейін хижра жоқ, бірақ джихад және ниет қалды. Және егер сендерді шығуға шықырса, шығыңдар!» әл-Бухари № 2783, Муслим № 1353.

Ал осы хадистер бұл мәселені дәлелдеуде айқын болып табылады.
Ескертпе:

Сөз Мекке алынғаннан кейін хиджра жойылды деген туралы болып жатқан жоқ! Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Тәубе қабыл етіліп тұрғанша, және күн батыстан шығып тәубе қабыл болуы тоқтамайынша хиджра үзілмейді!» Әхмәд, Әбу Дауд. Хадис сахих. қараңыз «Сахих әл-джами’» 7469.

Сол себептен бұл хадисте сөз жалпы хиджра туралы емес, тек Меккеден хиджра жасау туралы айтылып тұр.
Саләфтардан болған ғалымдардың әмірлердің басшылығымен джихад жүргізу мәселесі бойынша пікірі:

Имам Ибн Абу Хатим былай деп айтты: “Мен өзімнің әкемнен (Абу Хатимнен) және Абу Зур'адан аһли Суннәның дін негіздері мәселесіндегі пікірлері, олар көрген барлық қалалардың ғалымдары тұрған және олардың екеуі де кәміл сенген нәрселері туралы сұрадым. Сонда олар маған: «Біз Хиджаздың, Ирақтың, Шамның, Йеменнің барлық қалаларының ғалымдарын көріп үлгердік, және олардың пікірі…», - деген сөздерінен бастап: «Ақиқатында, джихад Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ Өзінің Пайғамбарын, оған Аллаһтың сәлемі болсын, жіберген кезден бері Қиямет сағатына дейін мұсылмандардың әмірлерінен болған басшылармен бірге орындалып келеді, және оны ешнәрсе жарамсыз (заңды күші жоқ) ете алмайды», - деп жауап берді”. әл-Ләләкәи «Шарх усуль әл-и’тиқад» 321.

Имам Әбу Джә’фар әт-Тахауи былай деп айтты: “Қажылық бен джихад мұсылмандардың ізгі немесе бұзақы әмірлерімен бірге Қиямет сағатына дейін жалғаса береді, және ешнәрсе оларды жарамсыз ете алмайды, және ешнәрсе оларды азайтпайды”. Қараңыз “Шәрх әл-‘ақида әт-Тахавийә” с. 555.

Имам әл-Барбархари былай деп айтты: “Кім әрбір салиқалы және бұзақы (имамның) артында (ұйып оқылатын) намазды және әрбір халифтің қоластында (орындалатын) джихадты дұрыс деп санап, қолға қару алып әмірге қарсы шығуды дұрыс емес десе, және олардың салиқалы болуы үшін дұға етсе, онда ол хауариждердің сенімдерінен толық құтылған болады!” “Шәрх әс-суннә” 57.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Адамдардың істерін басқару ең маңызды діни міндеттердің бірі болып саналатынын білу қажет, тіпті осы ғана дін және дүние істерімен айналысуға мүмкіндік береді. Ақиқатында, адамдар бірлесіп қана игілікке қол жеткізе алады, өйткені олар бір біріне мұқтаж, ал біртұтастық басшыға мұқтаж. Аллаһ Тағала жақсылыққа шақыру мен жамандықтан қайтаруды міндетті етті, алайда, күш-қуатсыз және биліксіз мұны іске асыру мүмкін емес. Бұл - Аллаһ тарапынан міндеттілік болып бекітілген басқа да істерге қатысты, мысалы: джихадқа; жұмысқа; қажылық жасауға; жұма және айт намаздарын орындауға; жәбір көргендерге көмек көрсетуге; немесе шариғат бекіткен жазаларды қолдануға; өйткені мұның барлығын тек күш және биліктің көмегімен ғана іске асыруға болады. Міне, сондықтан: «Әділетсіз әмірдің алпыс жыл билік жүргізгені, бір түн әмірсіз болудан қайырлы!» - деген. Қараңыз «Мәджму’ әл-фәтәуә» 28/390-391.

Шейхуль-ислам Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб былай деді: “Джихад ісі әмірге жүктелген, және сондықтан оның қоластындағылары ол шешкен нәрседе оған мойынсынуы кажет”. Қараңыз «Мәджму’ әл-муалифәт» 2/360.

Бұл ғалымдардың кейбір пікірлері еді. Олар - әмірлердің қажеттілігіне және мұсылмандарда олар оның туының астына бірігетін және онымен бірге шайқасатын әмірдің болуына айқын (нұсқау). Және мұсылмандар өздерінен шайқасуды талап етуді бастамайды, және шайқасу тек әмірдің келісімен іске асырылады. Шабуыл джихадына (джихад ат-таляб) осы сипатты болып табылады.

Қорғану шайқасына қатысты айтар болсақ, бұл жерде жағдай өзгеше болады.

Имам Әхмәдтың ұлы ‘АбдуллаҺ, олардың екеуіне де Аллаһ рахым етсін, былай деп айтты: “Мен әкемнің: «Егер әмір адамдарға рұқсат етсе, және оларға көмек келсе, онда олардың шығуында күнә жоқ», - дейтінін естігенмін. Мен әкеме: «Ал егер олар оның рұқсатынсыз шықса ше?» - деп айттым. Ол: «Жоқ. Тек әмірдің рұқсат етуімен ғана, егер де оларға кенеттен жау шабуыл жасамаса және оларда әмірден рұқсат сұрауға мүмкіндігі болмаса ғана. Және осы - мұсылмандар тарапынан қорғау болады деп үміттенемін», - деді».

Ол сондай-ақ, былай деп айтты: “Мен әкемнен олар мен дұшпандары арасында қабырға бар Хоросан тұрғындарынан болған адамдар туралы былай деп сұрадым: «Сен, олар шайқасуға құқықты деп есептейсің ба?» Имам Әхмәд: «Егер олар өздері және балалары үшін қауіптенсе, онда әмірдің рұқсатын алғанға дейін шайқасуда қорқынышты ешнәрсе жоқ. Алайда, олар өздері және балалары үшін қауіптенбесе, онда әмірден рұқсат алмай шайқаспауы керек». Қараңыз ‘Абдуллах ибн Әхмәд “әл-Мәсәиль” 258.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деген: “Қорғану шайқасуына келер болсақ, ол - шабуыл жасаушыдан қол сұғылмаушылықты және дінді қорғаудың ең мықты түрі болып табылады және ол ғалымдардың бір ауызды пікірі бойынша міндетті. Және шабуылдаушы дұшпан – дінді және дүние тіршілігін қиратушы, және оған тойтарыс жасаудан басқа иманнан кейінгі міндеттілеу болып табылатын нәрсе жоқ. Сондықтан, оған шарттар қойылмайды, және оған мүмкіндік барынша тойтарыс жасалады. Бұл жөнінде біздің жақтаушыларымыз да (ханбали мазхабы) және басқалар да айтады. Сондықтан, жәбірлеуші және кәпір болған шабуыл жасаушыға тойтарыс жасау мен оған оның қаласында шабуыл жасаудың арасын айыру міндетті болады. Қараңыз “әл-Фәтауа әл-мисрия” 4/608.

Сондықтан, кейбір білім иелерінен әмірдің рұқсат ету шарты жоқтығы туралы пікір келгенде, бұл жерде қорғану шайқасуы айтылып тұрған болады, және бұл (үкім) шабуыл шайқасуына қатысты қолданылмайды.


Ескертпе:

Жоғарыда шейх келтірген имам Әхмәдтың сөздері - әмір сияқты джихадтың шарты тек қана дұшпанның кенеттен шабуылдауы т.б. сол сияқты қажеттілік болған жағдайда ғана түсетінін, және кейбір адамдар қорғану джихады (ад-даф’) кезінде әмір деген шарт толығымен түсіп қалады және әркім өз қалауы бойынша амал етуне болады деп ойлап жүргендей емес дегенге нұсқайды. Қорғану шайқасуы болған Хәндәк шайқасында сахабалар әркімнің қалауындай амал етпегендігі, олар өздерінің әмірі болған Аллаһтың Елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бұйрықтарын басшылыққа алғандығы көпке белгілі болып табылады!


Сондай-ақ, әмір дегенде бүкіл мұсылмандардың халифасы туралы сөз болып тұрған жоқтығын атап өту кажет. Шейхуль-Ислам Мухаммад ибн ‘Абдуль-Уаххаб: “Барлық мазхабтың имамдары қаланы немесе қалаларды алған адам барлық нәрседе әмір болатынына бір ауызды келіседі. Егер осылай болмағанда дүниеде тәртіп болмас еді, өйткені имам Әхмәдтің кезінен бері бүгіңгі күнге дейінгі ұзақ уақыт ішінде адамдар бір әмірдің қоластында біріккен жоқ. Және қандай да бір бұйрық тек қана жалпыға ортақ әмір арқылы күшінде болатындығы туралы қандай да бір ғалым айтып өткені белгісіз”. Қараңыз “әд-Дурар әс-сәния” 7/239.

Сондықтан аһли Суннә уәл джәмә’аның негіздеріне әрбір салих немесе бұзақы әмірмен бірге жүргізілетін джихад жатады, өйткені Аллаһ Тағала бұл дінді (кейде) жақсылықтан жұрдай болған бұзақы адаммен және адамдармен нығайтады, бұл жөнінде Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын айтқанындай. Өйткені, егер джихадты орындау бұзақы болған әмірлермен немесе бұзақылығы көп болған әскермен бірге ғана мүмкін болса, онда екі жағдай болуы мүмкін:

Не олармен бірге джихад жүргізуді тастау, бұдан, басқалар басып алу сияқты дінге және дүние тіршілігіне үлкендеу зиянға әкеп соқтыратын үлкен зиян келеді.

Не бұзақы әмірмен бірге джихад жүргізу, бұдан ең үлкен зиянға тойтарыс жасау, Исламның бұйрықтарының барлығын болмаса да көбірегін орнату келіп шығады. Және бұл осы жағдайда және осыған ұқсас жағдайларда міндетті болып табылады. Тәрізі ізгі халифалардан кейінгі көп шайқастар осындай шағдайда ғана болды». Қараңыз шейхуль-ислам Ибн Таймия “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/506-507.


7. Аллаһтың жолындағы джихад мұсылмандардың күштілігінің не әлсіздігіне байланысты жүргізілу керек.

Ақиқатында, қауымның жағдайы уақытқа және жерге байланысты әртүрлі болады, және Аллаһтың жолындағы джихад Исламда бірнеше сатылардан бұйырылды.

Меккелік кезеңде қолме және қылышпен джихад жүргізу әмір етілмеді, өйткені мұсылмандар аз және әлсіз болды. Алайда, жүрекпен және тілмен джихад бұйырылған еді. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Енді кәпірлерге бағынба! Олармен ол арқылы ұлы күрес жаса» (Фурқан, 52)

Бұл – меккелік аят, және: «Олармен ол арқылы ұлы күрес жаса» , - деген сөздер туралы Ибн ‘Аббас: “Құран арқылы”, - деп айтты, бұл жөнінде одан әт-Тәбәри өзінің «Тәфсирінде» жеткізгендей.

Мәдинаға қоныс аударған және ислам мемлекеті құрылған соң Аллаһ Тағаланың: «Шынында шабуыл жасалып, зұлымдыққа ұшырағандарға, соғысу үшін рұқсат берілді. Күдіксіз Аллаһтың, оларға жәрдем етуге, күші толық жетеді» (Хадж, 39), - сөздеріне сәйкес мұсылмандарға шайқасуға толық құқық берілді.

Одан кейін джихад мұсылмандарға парыз етілді, және оларға өздеріне қарсы соғысатындармен шайқасуға, және қалыс қалғандармен соғысудан тартыну бұйырылды. Аллаһ Тағала бұл жөнінде былай деп айтты: «Өздеріңмен соғысқандармен Аллаһ жолында соғысыңдар да, шектен шықпаңдар. Негізінен, Аллаһ шектен шығушыларды жақсы көрмейді». (Бақара, 190)

Осыдан кейін Аллаһ Тағала джихадқа абсолюттік түрде бұйыратын және біреу-міреуден, ол Аллаһтың дініне кірмейінше, немесе джизья (салық) төлеуге мүмкіндігі болып оны төлемейінше, тартынуды жоқ ететін аяттарды түсірді. Мысалы, Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Олармен бұзақылық жойылып, дін (ғибадат) Аллаһқа тән болғанға дейін соғысыңдар». (Әнфәл, 39).

Және зерттеуші-ғалымдар осы аяттардың ешқайсысының күші жойылмаған, алайда олардың әрбірі өзіне сәйкес жағдай туындағанда ғана күшке енеді деген пікірді таңдады. Сондықтан, мұсылмандар кез-келген уақытта және кез-келген жерде өздерінің күштілігіне не әлсіздігіне сәйкес оларды ұстануы қажет. Және егер олар әлсіз болса, онда джихадты өз жағдайына байланысты жүргізуі керек. Егер олар мұны істей алмаса, онда сөз арқылы дінге шақырумен шектелуі қажет. Мұсылмандар белгілі күшке ие болған кезде, олармен соғысуды бастағандармен соғысады, және олармен соғысудан бас тартқандармен соғысудан бас тартады. Ал олар күшейіп, билік және жеңіске ие болса, онда барлығымен, олар Исламды қабылдамайынша немесе джизья төлемейінше джихад жүргізеді. Қараңыз шейх Ибн Баз 18/131, 133, 136-137 “Мәджму’ әл-фәтәуә”.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия былай деп айтты: «Ал егер мұсылмандар өздері әлсіз болған жерде өмір сүрсе, онда олар сабырлық пен кешірім бұйырылатын аяттарға сәйкес өмір сүреді, тіпті Кітап иелері және көпқұдайшылдар Аллаһқа және Оның Елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын” сөз тигізсе де». Қараңыз “ас-Саримуль-мәслюль” 2/413.

‘Абдуррахман ас-Са’ди, Аллаһ оны рахым етсін, былай деді: “Олар және олардың шақыруына жауап беретіндер Аллаһ адамдарға олардың күші келетін нәрселерді ғана міндеттегенін және иман келтіргендер үшін Аллаһтың Елшісінде, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, жақсы өнеге бар екендігін білсін. Оның, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, дінге шақыруында және джихадында екі жағдайы болды: оған барлық жағдайда соларға сәйкес нәрселер бұйырылды. Мұсылмандар әлсіз болып, дұшпандар үстемдік еткен кезде оған қорғану, Аллаһтың дініне шақырумен шектелу, және күш арқылы шайқасудан тыйылу бұйрылды, өйткені онда пайдаға қарағанда үлкен зиян бар еді. Басқа жағдайда оған дұшпандардың жауыздығын күш қолданудың барлық тәсілдері арқылы тойтару, кіммен бітім жасасу пайдалы болса сонымен бітім жасасу, және кіммен шайқасу пайдалы және тіпті міндетті болса, сонымен шайқасу бұйырылды. Сондықтан, мұсылмандар бұл істе өздерінің Пайғамбарына, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ілесіуі керек және осы - шынайы игілік және жетістік болып табылады ”. Қараңыз “әл-Мәджму’а әл-муәлифәт” 5/190.


8. Джихад бұрыңғыдан да ауырлау зиянға емес, басым пайдаға апаруы керек.

Бұл – джихад оның барлық түрлерінде тек пайда келтіру және Ислам мен мұсылмандардан, жеке тұлғадан болсын, қоғамнан болсын зиянды тойтару үшін ғана бұйырылғандығы себепті. Және оның осы шариғат талаптарына сәйкес екендігі анық немесе басым жорамалға сәйкес белгілі болып тұрғанға дейін ол бұйырылған болып қала береді. Егер де джихадты орындау анық немесе басым жорамалға сәйкес пайдадан көрі көбірек зиянға келтіретіні белгілі болса, онда ол бұйырылған болмайды, және орындалуы әмір етілген джихад та болмайды.

Шейхуль-Ислам Ибн Таймия: «Ең жақсы джихад және ізгі амал - Раббыға ең көп мойынсынушылығы бар және Аллаһтың құлына пайдасы мол болған іс. Және ол оған зиян тигізсе және оған пайдалырақ болған нәрсеге кедергі болса, онда ол ізгі (салиқалы) амал болмайды», - деп айтқан. Қараңыз “Мәджму’ әл-фәтәуә” 22/300.

Шейхуль-Ислам сондай-ақ былай деп айтты: “Ал, егер осылай болса, онда жақсылыққа бұйыру, жамандықтан тыйю және оларды джихад арқылы кемелдікке жеткізу бізге бұйырылған ең үлкен ізгі амал болып табылады. Сондықтан да: «Сенің ізгілікке бұйыруың өзі де ізгі болуы керек, және сенің жамандықты тыйюың өзі де жаман болмауы керек», - деп айтылады. Ал егер бұл - парыз және абзал болған ең үлкен амалдарға қатысты болса, онда парыз және абзал болған амалдарда міндетті түрде зияннан басым пайда болуы керек, өйткені осымен Елшілер жіберілді және Кітаптар түсірілді. Және Аллаһ бұзақылықты (зиянды) жақсы көрмейді. Керісінше, Аллаһ әмір еткен барлық нәрсе - арлылық (салиқалылық) болып табылады. Аллаһ (Құранның) көптеген жерлерінде салиқалылықты, иман келтірген және ізгі амалдар жасаушы салиқалы ізгілерді мақтап, бұзақылық жасаушыларға сөгіс айтады. Сондықтан бұйрық пен тыйымның зияны олардың пайдасынан көп болса, бұл істер Аллаһтың әмірлеріне жатпайды!” Қараңыз “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/126, “әл-Истиқама” 2/209-211.

Шейхуль-Ислам сондай-ақ былай деді: “Сондықтан әһли Суннә уәл-жәмә’аның негізгі принциптеріне, әл-жәмә’аға ілесу, әмірлермен соғысуды тастау және бүлік кезінде шайқасуды тастау жатады”. Қараңыз “Мәджму’ әл-фәтәуә” 28/128.
Қорытынды:

Жалпы алғанда, бұл ережелердің негізі және олардың қорытындысы - барлық үлкен және кіші істерде Құран мен Сүннетке сәйкес пайымдау болып табылады. Және бұл ереже қамтитын нәрселердің ішіндегі ең маңыздысы - мына төрт нәрсе: сенімнің дұрыстығы, ниеттің ықыластылығы, тәуекелдің шынайылығы және ең көркем ілесу.

Өйткені, дұрыс сенімді ұстанбайтын муджәхидтің сөзі мен ісі зияннан және ақиқаттан ауытқудан қорғалған болмайды, өйткені сенімнің дұрыстығы сөздер мен істердің дұрыстығының негізі болады.

Сөздері мен істеріндегі ниеттің ықыластылығын ұстанбайтын муджәхидтің джихады Аллаһ тағаланың дидары үшін де емес, Аллаһтың сөзін үстем ету үшін де емес, өзі және өзінің қалаулары үшін орындалған болады.

Аллаһ тағалаға шынайы тәуекел етуді ұстанбаған муджәхид Аллаһтың жолындағы джихадта табанды бола алмайды және оның қиындықтарын көтере алмайды. Керісінше оның табандылығы әлсірейді, ал Аллаһ Тағаланың көмегіне деген үміті азая түседі.

Ал Аллаһтың Елшісіне, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ең көркем түрде ілесуді сақтамаған муджәхидтің джихады дұрыс та, бидғаттар мен ақиқаттан ауытқушылықтан алыс болмайды. Керісінше, оның джихады түзету мен тура жолға шақыруға емес, өзін және өзгелерді күйзелтуге жақын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет