Шейх ‘Абдурраззақ әл-Бәдр Джихадтың даналықтары мен ережелерінен жақсы жемістер


Жетіншісі: Аллаһтың жолындағы джихадты түсінуде ақиқаттан ауытқу



бет4/7
Дата11.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#127228
1   2   3   4   5   6   7

Жетіншісі:

Аллаһтың жолындағы джихадты түсінуде ақиқаттан ауытқу
Мақсаты - Аллаһ Тағаланың сөзін үстем ету болмаған, немесе онда шариғаттың қажетті ережелері де, міндетті болған ислам әдебі де сақталмаған кез-келген джихад джихадтағы ақиқаттан ауытқу және джихад әмір етілген негізгі мақсаттан шығу болып табылады. Ауытқулар екі түрлі болады: джихадтың негізіне әсер ететін және джихаттың міндетті болған кемелдігіне әсер ететін ауытқулар. Және Аллаһтың құлы бұл ауытқуларға түскен сайын, өзіне уәде етілген Аллаһ жолындағы джихадтың артықшылығын жоғалта береді. Сондай-ақ, оның ауытқуына сәйкес оған күнә және жаза жазылады.

Ескертпе:

Шейх Абдурразақ былай деп айтты: "Бұл жерде келтірілетін барлық хадистерді шейх әл-Әлбәни өзінің «Сахих әл-джами'» еңбегінде тексеріп берген".


Сондықтан джихадтағы ауытқуларды түсіндіретін және олардан сақтандыратын көптеген пайғамбарлық хадистер келтірілді.

Бірінші түрі: джихадтағы ауытқулардың және қайшылықтардың әрқандай түрлері туралы айтылған хадистер. Мысалы:

1. Му’аздың, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Әскери жорықтың екі түрі бар. Кім (әскери жорыққа) тек қана Аллаһ үшін қатысса, әмірге бағынса, ең қымбаттысын (Аллаһ үшін) жұмсаса және серігіне қатысты жұмсақтық танытса, өзінің ұйықтағаны үшін де, ояу сәттеріне де сауап алады. Ал кім мақтауға ие болу және өзгелерге көрсету үшін жорыққа қатысса , әмірге бағынбаса және жер бетінде бұзақылық таратса, мұндай (сауапты) ала алмай оралады», - деп айтқан хадисі. Әхмәд 5/234, Абу Дауд № 2515.

2. Абу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, жеткен, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқан хадис: «Кім (әмірге) бағынудан және мұсылмандардың жәмә’асынан бөлініп шықса, және (сөйткен қалпында) өлсе, онда ол жәхилиет өлімімен өлген болады; кім бұлыңғырлықтың (соқырлықтың) туының астында соғысып, өзінің тайпасы үшін ызаланса, немесе ұлтшылдыққа немесе өзінің тайпасына көмектесуге шақырып жатқанда өлтірілсе, жәхилиет кезіндегі өлтірумен өлтірілген болады! Кім менің үмметіме қарсы шығып, олардың арасындағы иман келтіргендері үшін қынжылмай, өзі келісім-шарт жасасқандармен жасаған келісімін орындамай, ізгілер мен пасықтарды (қосып) өлтірсе, оның маған еш қатысы жоқ, ал менің - оған (еш қатысым жоқ)». Муслим № 1848.

3. Бурайданың, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Жорыққа Аллаһтың атымен Аллаһтың жолына шығыңдар және Аллаһқа иман келтірмегендерге қарсы күресіңдер. Жорыққа шығыңдар, бірақ олжа барлығының арасында әділ түрде бөлінбегенше оны иемденіп алмаңдар, келісім-шарттарды бұзбаңдар, өлген адамдардың денелерін қорламаңдар және балаларды өлтірмеңдер», - деп айтатын хадисі. Муслим № 1731.

4. Му’аз ибн Анастың, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтатыны жеткізілген хадисі: «Кім үйлерді тонаса, немесе жолдарда қарақшылық жасаса, немесе иман келтіргенге жәбір тигізсе, онда джихад жоқ!» Әхмәд 3/440, Абу Дауд № 2629.

Ауытқудың екінші түрі: джихадтағы ауытқулардың және қайшылықтардың нақты түрлері туралы айтылған хадистер.

Мысалы :


1. Ерлігін көрсету үшін және джихадты орындаушының батылдығы туралы айтылуы үшін джихад жасаудан сақтандыру.

Абу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, жеткен хадисте Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, Ақырет күні ең алғашқы болып джихадта қаза тапқан адам сотталады. Оны алып келеді, және Аллаһ оған (берген) нығметтерін есіне түсіреді, және ол оларды мойындайды. Содан соң (Аллаһ) одан: «Оларға алғыс ретінде сен не істедің?» - деп сұрайды. Ол: «Мен Сен үшін өлгенімше соғыстым!» – дейді. (Аллаһ сонда): «Сен жалған айтасың, өйткені сен адамдар: «Батыл!» - деп айтуы үшін (ғана) соғыстың. Ал бұл (сөз сен туралы) айтылды. Содан соң (бұл адамға) қатысты әмір беріледі де, оны жүзін жерге қаратып алып кетеді, және ол Тозаққа тасталады». Муслим № 1905.



2. Дүние пайдасы үшін жүргізетін джихадтан сақтандыру.

Йа’ля ибн Мунайяның, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, джихадқа қатысудан бұрын өзіне үш динар төленуді шарт етіп қойған ер кісі туралы былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мен бұл адамның әскери жорығында бұл дүние және Ақырет үшін өзі сұраған динарларынан басқа ешбір пайда көріп тұрған жоқпын». Абу Дауд № 2527.

‘Убада ибн әс-Самиттің, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мына сөздері жеткізіледі: «Кім Аллаһтың жолында дүниені (немесе мардымсыз бір нәрсені) ниет етіп соғысса, оған өзі ниеттенген нәрсесі болады». Әхмәд 5/315, ан-Насаи 6/24.

3. Тайпалық ұлтшылдық үшін соғысудан сақтандыру.

Джундабтың, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде айтылғандай Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: «Кім бұлыңғыр (соқыр) тудың астында соғысып, өзінің тайпасы үшін ызаланса, немесе ұлтшылдыққа немесе өзінің тайпасына көмектесуге шақырып жатқанда өлтірілсе, жәхилиет кезіндегі өлтірумен өлтірілген болады!» Муслим № 1848.


Ескертпе:

Имам Абуль-‘Аббас әл-Қуртуби: ««Кім бұлыңғырлықтың (әл-‘уммийя) туының астында соғысып» - деген сөздері туралы былай деді: “Кейбір ғалымдар «әл-‘уммийя» бұл – адасушылық деп айтқан”. Қараңыз “әл-Муфхим” 4/59.

Имам Исхақ ибн Рахауәйх бұл сөздер жөнінде: “Ұлтшылдықтың себебімен соғысу туралы айтылып тұр”, - дейтін.

Имам ән-Нәуәуи: “Сөз - мақсаты түсініксіз болған бұлыңғыр ту туралы болып тұр, бұл жөнінде имам Әхмәд және ғалымдардың көпшілігі айтқанындай», - деп жазды. Қараңыз “Шәрх Сахих Муслим” 12/331.

Имам әт-Тыби былай деп айтты: “Сөз - ақиқат не жалған екендігі айқын болмаған бір амалдың төңірегінде жиналған адамдардың мақсаты туралы болып тұр. Содан соң адамдарды сол үшін соғысуға шақырады”. Қараңыз “Шәрх әл-Мишкәт” 7/223.
4. Джихадта әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым.

Ибн 'Умардың, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, хадисінде: “Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, әйелдер мен балаларды өлтіруге тыйым салды”, - деп айтылады. әл-Бухари № 3015, Муслим № 1744.

Әл-Асуәд ибн Сари'адан, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Сендерді балаларды өлтіруге не итермеледі?» - деп сұрағаны жеткізіледі. Олар: “О Аллаһтың Елшісі, олар көпқұдайшылдардың ұрпақтары ғана”, - деп жауап берді. Сонда ол: «Сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың көпқұдайшылдардың ұрпақтары емес пе?! Мухаммадтың жаны қолында болғанмен ант етемін, әрбір жан табиғи (фитрасында) туылады, оның тілі оның (қатыстылығы) туралы айтпайынша», - деді. Әхмәд 3/435, әл-Хаким 2/123.

«Сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың - көпқұдайшылардың ұрпақтары емес пе?!» - сөздерінің мәні: «Ақиқатында, сендердің іштеріңдегі ең жақсыларың – қалғандарды озған алғашқы мухаджирлер және ансарлар болып табылады. Ал олар көпқұдайшылардың ұрпақтары болып табылады, өйткені олардың әкелері кәпір еді», - деп шейхуль-Ислам айтқандай. Қараңыз «Диръу ат-та’аруд» 8/364.
5. Жан пида ету деп аталып кеткен өзін-өзі өлтіруге тыйым

Абу Хурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, оның былай деп айтқаны жеткізіледі: «Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Кім өзін таудан (арнайы) тастап опат етсе, өзі мәнгілікке (тасталатын) тозақтың (отына) үздіксіз төмен қарай құлай береді; кім (арнайы) у ішіп өзін опат етсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) тозақтың (отында) оны қолында ұстап, үздіксіз ішеді; кім өзін темірмен өлтірсе, (өзі) мәңгілікке (тасталатын) тозақтың (отында) сол темірді қолына ұстап, онымен өзінің қарнына үздіксіз соға береді», - деп айтатын». әл-Бухари № 5778, Муслим № 109.

Абу Хурайраның, Аллаһ одан разы болсын, былай дегені жеткізіледі: «Біз Хайбар шайқасына қатыстық, және Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, онымен бірге болып, өзінің Исламда екенін жариялаған бір ер адам туралы: «Бұл адам – Тозақ тұрғындарынан», - деді. Шайқас басталған кезде, әлгі ер адам батылдықпен соғыса бастады, тіпті көптеген жарақаттар алды, және кейбір адамдар (оның Тозақ тұрғындарынан екендігіне) күмәндана бастады. Әлгі адам алған жарақаттарынан қинала бастады, қолын өзінің жебе қабына созып, одан жебені алып өзін-өзі сойып өлтірді. Бұл кейбір мұсылмандарға қатты әсер етті, және олар былай деді: «О Аллаһтың Елшісі, Аллаһ сенің сөздеріңді ақиқат етті, пәленше өз-өзін сойып өлтірді». Сонда ол былай деп айтты: «Йә, пәленше, тұр да, Жәннәтқа тек иман келтірген ғана кіретінін жарияла. Ақиқатында, Аллаһ өзінің дініне пасық арқылы да көмектеседі!» әл-Бухари №4203, Муслим №111.

Саләмә ибн әл-Әкуа'дан оның мына сөздері жеткізіледі: “Біз Пайғамбармен, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бірге хайбар жорығына сапарға шықтық та жолды түнде жүріп өттік. Сол кезде бір ер адам ‘Амирге: “Йә, ‘Амир, бізге ұйқастарыңды тыңдатпайсың ба?” – деді. Ал ‘Амир түйелерді өлеңдерімен айдатын ақын болатын. Және ол ұйқастырып адамдармен бірге былай деп айта бастады:

«Йә, Аллаһ, сен болмасаң, біз тура жолға түспейтін едік,

Садақа бермейтін және намаз орындамайтын едік!

Біздің кемшіліктерімізді кешіре көр, біз Сен үшін құрбан болайық,

Бізге тыныштық түсірші,

Егер біз (дұшпанмен) кездессек, біздің қадамдарымызды нығайт,

Бізді (ақиқатқа қарсы) шақырса, біз бас тартамыз,

(Кәпірлер) айқайымен бізге қарсы (басқаларды көмекке) шақыруда».

Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Мына (түйе) айдаушы кім?» - деп сұрады. Олар: «‘Амир ибн әл-Әкуа'» - деп жауап берді. Сонда ол: «Аллаһ оны рахымын етсін», - деді. Сол кезде олардың біреуі: «Бұл міндетті түрде болуы керек, йә, Аллаһтың пайғамбары. Тек Сен (өзіңнің дұғаларыңмен) бізге онымен пайдалунуға мүмкіндік бермесең», - деді. Біз Хайбарға келгеннен кейін оны қоршауға алдық, және біз қатты аштыққа шалдықтық, бірақ кейін Аллаһ Тағала бізге олардың үстінен жеңіс берді. Кеш батқан кезде адамдар далаға көп оттарды жаға бастады, және Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бұл не оттар? Оны не үшін жақтыңдар?» - деп сұрады. Адамдар: «Ет үшін», - деді. Ол: «Нендей ет үшін?» - деп сұрады. Олар: «Үй есегінің еті үшін», - деді. Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Мына (қайнатпаларыңды) төгіп тастаңдар да, (қазандарыңды) сындырыңдар», - деді. Бір ер адам сонда: «Йә, Аллаһтың Елшісі, ал біз ішіндегісін төгіп тастап, қазандарды жусақ болады ма?» - деп сұрады. Ол: «Солай (жасасаңдар) да болады», - деп жауап берді. Адамдар бір-біріне қарама-қарсы сапталып тұрған кезде 'Амирдің қылышы қысқа болып шықты. Ол онымен бір яхудидің тізесіне ұрғысы келіп еді, бірақ тайып кеткен қылыштың ұшы 'Амирдің тізесін зақымдады да, ол одан өлді. Олар оралған кезде Саләмә былай деп айтты: "Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, мені көріп, қолымнан алып: «Саған не болды?» – деп сұрады. Мен оған: «Менің ата-анам сен үшін өтеу болсын! Адамдар ‘Амирдің амалдары зая кетті деп жатыр», - дедім. Сонда Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Мұны айтқан адам жалған айтты. Керісінше оған екі сауап тиісті», - деді де екі саусағын бірге қосты – «Ақиқатында, ол – табанды күресуші. Ол сияқты жасайтын арабтар аз», - деп айтты. әл-Бухари № 4196, Муслим № 1802.

Хафиз Ибн Хаджар былай деп айтты: “«Және (қылыштың ұшы) 'Амирдің тізесін зақымдады», яғни оның тізесінің жоғарғы бөлігін, және ол осыдан қаза тапты. Ал Йәхйя әл-Каттанның риуаятында: «'Амир өз-өзіне қылышпен тиіп кетіп өлді», - деп айтылады. Ийәс ибн Саләмәның Муслим келтірген риуаятында: «Ол шынтағының ортасындағы тамырын кесіп алды да, осыдан өлді», - деп айтылған. Ибн Исхактың риуаятында: «Ол өзін-өзі қатты жарақаттап алды да, осыдан өліп кетті», - деп айтылған. Қараңыз "Фәтх әл-Бәри" 7/533.

Абу Хурайраның және Саләмә ибн әл-Әкуа’тың осы екі хадисіндегі екі адам туралы ойланыңыздаршы. Олардың біріншісі өзін-өзі өлтіруге ниеттенді де, оның ақыры Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, ол туралы айтқандай болды. Екіншісі, ал ол - 'Амир, Аллаһ одан разы болсын, мұны істеуге ниеттенбеді, ал оның қылышы абайсыздықпен тайып кетіп өзіне тиді, және ол өлді. Осыған қарамастан кейбір сахабалар 'Амирдің, Аллаһ одан разы болсын, істері зая кетті деп айтты. Осыда олар мұсылманның өзін-өзі өлтіруі үлкен қауіп екендігін білгендігіне дәлел бар, тіпті ол дұшпанмен кездескенде және шайқастың қызу кезінде орын алса да. Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, олардың «Оның амалдары зая кетті» деген сөздерін қате деп айтқанынан басқа, өйткені бұл 'Амирдің қалауымен болмады. Ал Аллаһ бұл үмметтің қателіктері мен ұмытқан нәрселерін кешірді, Аллаһ Тағаланың сөздерінде айтылғандай: «Раббымыз! Егер біз ұмытсақ немесе қателессек, бізді жазалама». Және осы оқиға да осыған қатысты, және ол осы үшін кешірілді.


6. Мәйіттерді қорлауға тыйым:

‘Имраннан, Аллаһ одан разы болсын, жеткен хадисте: “Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, бізге мәйіттерді қорлауға тыйым салды», - деп келтірілген. Абу Дауд № 2667.


7. Тонаушылыққа және өзгелердің мал-мүлкін меншіктеп алуға тыйым:

‘Абдуллаһ ибн Зәйдтың, Аллаһ одан разы болсын хадисінде келтірілгендей: “Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, тонаушылыққа және мәйіттерді қорлауға тыйым салды”. әл-Бухари № 2474.

Зайд ибн Халидтен, Аллаһ одан разы болсын, жеткен хадисте: “Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, (өзгелердің) мал-мүлкін тонауға және меншіктеп алуға тыйым салды”, - деп келтіріледі. Әхмәд 4/117.

'Амр ибн 'Ауфтан, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Мал-мүлікті тонаушылық та, қарақшылық та жоқ!» әт-Табәрани 17/23.

Анастан, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі «Тонаушылық жасаған адам бізден емес». Әхмәд, әт-Тирмизи № 1601.
8. Олжаны ол бөлінбей тұрып меншіктеп алуға тыйым:

‘Умар ибн әл-Хаттабтың, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кім заңсыз түрде түйені немесе қойды меншіктеп алса, Ақырет күні оны өзіне жүктеп алып келеді». Әхмәд 3/498.

‘Амр ибн ‘Ауфтан, Аллаһ одан разы болсын, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ұрлық та, олжаны заңсыз меншіктеп алу да жоқ!» - деп айтқаны жеткізіледі. әт-Табәрани 17/18.

Ибн ‘Аббастан, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, жеткен хадисте Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтады: «Мумин олжаны заңсыз меншіктеп алмайды». әт-Табәрани 11/229.

Абу Хурайра, Аллаһ одан разы болсын, жеткізген хадисте Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, Хайбар күні олжаны заңсыз иемденген бір адам туралы: «Жаным қолында болғанмен ант етемін, ол Хайбар күні олжадан ол бөлінбей жатып алған плащы оның үстінде от болып жанады», - деді. әл-Бухари №4234, Муслим № 115.
9. Мұсылманға өзін тапсырған адамға опасыздық жасауға және оны өлтіруге тыйым:

‘Амр ибн әл-Хамиктің, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде келгендей Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтты: «Егер бір адам өзін басқа бір адамға тапсырса, ал ол оны өзіне тапсырғаннан кейін өлтірсе, ол үшін Ақырет күні сатқындықтың туы көтеріледі». әл-Хаким 4/353.

Одан, Аллаһ одан разы болсын, сондай-ақ Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Өзіне жанын тапсырған адамды, , өлтіргенге менің қатысым жоқ, өлтірілген адам тіпті кәпір болса да». Әхмәд 5/224, әт-Тахауи "Шәрх әл-Мушкиль" № 203.

Сондай-ақ, Ибн ‘Умардың, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, хадисінде: “Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Ақиқатында, қиянатшыға Ақырет күні ту көтеріледі және: «Бұл пәленшенің ұлы пәленшенің қиянаты!» - деп айтылады», - деп айты», - дегені жеткізіледі. әл-Бухари №3186, Муслим № 1735.

Абу Са’ид әл-Худриден, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Тыңдаңдар, әрбір қиянатшыға Ақырет күні оның қиянатына сәйкес ту көтеріледі». Ибн Мәджәһ № 2873.
10. Бітімгершілік туралы келісім-шарт немесе қауіпсіздік кепілдемесі бар болғандармен келісім-шартты бұзуға тыйым:

Абу Рафи’тың, Аллаһ одан разы болсын, хадисінде келтірілгендей Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтады: «Мен келісім-шарттарды бұзбаймын және елшілерді ұстамаймын». Әхмәд 6/8, Әбу Дауд № 2758.

‘Амр ибн ‘Абасадан, Аллаһ одан разы болсын, Пайғамбардың, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны жеткізіледі: «Кімде қандай да бір адамдармен келісім-шарты болса, оның мерзімі бітпейінше, немесе ол келісім-шартты үзбейінше оны өзгертпесін және бұзбасын». Әбу Дауд № 2759, әт-Тирмизи № 1580.

‘Абдуллаһ ибн ‘Амр ибн әл-‘Астан, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын, Аллаһтың Елшісі, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, былай дегені жеткізіледі: «Кім онымен келісім-шарт бар адамды өлтірсе Жәннәттың иісін де сезбейді. Ал Жәннәттың исі, ақиқатында, қырық жылдық алшақтықтан сезіледі». әл-Бухари № 3166.

Ал көпқұдайшылдардың керуендеріне олардың Аллаһтың елшісімен, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, келісім-шарты болған кезде шабуыл жасайтын Абу Бәсыр, Аллаһ одан разы болсын, туралы риуаятты кейбір адамдар келісім-шартта болған кәпірлерді өлтіруге, олардың әйелдерін тұтқынға алуға және мал-мүлкін тартып алуға дәйек ретінде қолдануына келер болсақ, былай дәйек келтіру қате болып табылады. Ибн әл-Қаййим әл-Джаузия, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтты: "Пайғамбар, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын, және көпқұдайшылдар арасында болған келісім-шарт Абу Басыр мен оның жақтастары және көпқұдашылдардың арасындағы келісім-шарт емес еді. Сондықтан, мұсылмандардың қандай да бір әмірі және христиандар, немесе өзгелер арасында келісім-шарт болса, басқа мұсылман әміріне олармен соғысуға және олардың мал-мүлкін олжа ретінде жаулап алуға болады, өйткені онымен олардың арасында келісім-шарт жоқ. Осыған ұқсас пәтуаны шейхуль-ислам Ибн Таймия Мәлтаның христиандары және олардың тұтқындары туралы берді, және дәйек ретінде Абу Басыр мен көпқұдайшылдар арасындағы оқиғалар туралы риуаятты келтірді". Қараңыз “Зад әл-Мә’ад” 3/309, ‘Аля әд-дин әл-Ба’ли “Ихтиярат әл-фикхия” с.316-317,

Және, адам қалайша біз ғалымдардан жауабын білген осы риуаятқа сүйеніп келісім-шартта және қауіпсіздік кепілдігінде болған кәпірлерді өлтіруге тыйым салатын, олардың қанын харам ететін және оларды өлтіруді үлкен күнәлардан ететін бірмағыналы және айқын (мухкам) хадистер мен Қасиетті мәтіндерді тастап өтеді?!


Сегізіншісі:

Кәпірді жәй өлтіру Аллаһ жолындағы джихад болып табылады ма?
Ақиқатында, дінде даусыз белгілі болған нәрсе бұл – Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ қанның маңыздылығын көтергені, оны төгуге тыйымды күшейткені, осыған немқұрайлы болуды және оның тыйымын бұзуды үлкен күнә және ұлы бұзақылық еткені, бұл үшін Ақырет күнінде өте қорқынышты жазаны және өте ауыр азапты белгілегені болып табылады. Сондықтан, егер тірі жанды өлімге қиюдың әрбірі – мейлі ол мұсылман болсын, мейлі кәпір болсын – Аллаһ рұқсат берген және ислам шариғаты бекіткен қақысыз болса, ол шариғатқа сәйкес харам болады, және Исламда бұл - ауыр опат қылушы күнәлардың бірі болып саналады. Ал кім мұны Аллаһтың жолындағы джихад деп атаған болса, немесе рұқсат етілген амал деп белгілеп берсе, ол - мұсылмандардың бірауызды келісімен, тіпті бұрыңғы діндердің шариғаты да бірауызды болған келісімнен, шығып кеткен адасушы және өзгелерді де адастырушы болып табылады.

Аллаһ Тағала өзінің пайғамбары Муса (Оған Аллаһтың сәлемі болсын) туралы айтқан мына сөздері туралы ой қозғайықшы: «(Муса) елдің кәперсіз уақытында қалаға кірді де, онда төбелесіп жатқан екі адамды көрді. Бірі өз тобынан, біреуі дұшпан жақтан еді. Сонда өз тобынан болғаны дұшпанына қарсы Мусадан көмек тіледі. Сонда Муса оны жүдырықпен ұрганда оған қаза жетті. (Муса): "Бұл - шайтан ісі. Өйткені, ол - ашық адастырушы дұшпан. Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» - деді. Сондықтан, Аллаһ оны жарылқады. Өйткені, Ол - тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді. (Муса): "Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін", - деді. Қалада қорқып, алаңдықпен таң атырды. Ал және кешегі өзінен көмек тілеген кісі, тағы жалбарынып жатыр. (Тағы төбелесіп жатыр.) Муса оған: "Сен анық адасқан екенсің", - деді. (18) Сонда Муса екеуінің де дұшпанын ұстағысы келген сәтте (ол): "Әй Муса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір жендет болуды қалайсың ба?" - деді». (Қасас, 15-19).

Бұл қиссадан біз көретініміз: Мусадан көмек сұраған адам сырт келбетімен оның тобынан еді, яғни исраил ұрпағынан болған мұсылман еді. Ал оған қарсы көмек сұраған адам оның дұшпаны, яғни мысырлық кәпір еді. Қараңыз “Тәфсир әт-Табәри” 18/186, “Тәфсир әс-Сам’ани” 4/128.

Осы аяттардан мысырлық кәпір исраилдық мұсылманға шабуыл жасағаны көрініп тұр, және Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, оны заңды түрде қорғағысы келді және кәпір дұшпанды өлтіруге ниеттенбеген еді. Алайда, Мусаға, Аллаһтың оған сәлемі болсын, дене күші берілгендіктен, оның жұдырығының соққысы мысырлықтың өліміне әкелді. Аллаһ Тағала былай деп айтты: «Муса оны жүдырықпен ұрганда оған қаза жетті», яғни жұдырығымен төсіне ұрды және оның өлуін қалаған болмаса да, оны өлтірді. Қараңыз “Тәфсир әт-Табәри” 18/189-190, “Тәфсир әл-Касими” 12/4699.

Хафиз Ибн Кәсир былай деді: “Ол мысырлық - Ұлы Аллаһқа серік қосатын кәпір еді, ал Муса оны тіпті өлтіргісі келмеген еді, тек оны сөккісі және тоқтатқысы келді. Алайда, солай бола тұра Муса: "Бұл - шайтан ісі. Өйткені, ол - ашық адастырушы дұшпан", - деді. Және ол былай деді: «Раббым! Рас өзіме кесір істедім. Мені жарылқа!» Аллаһ оны жарылқады. Өйткені Ол - тым Жарылқаушы, ерекше Мейірімді. Муса былай деді: "Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін". Қараңыз “әл-Бидәя уән-нихәя” 2/42.

Бұл жердегі мақсат - Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, оның исраилдықты жәбірлеген мысырлық кәпірге берген соққысының салдарынан болған өлім үшін тәубе етіп өкініш білдіргендігінде болып тұр. Және Муса бұл қасақана болмаған адам өлтіруді шайтанның уәс-уәсі деп есептеді, және осы арқылы ол өзіне зұлымдық жасадым деп санап, өзінің Раббысынан кешірім сұрап Оған тәубе келтірді.

әл-Хасан әл-Басридің, Аллаһ оны рахым етсін, былай деп айтқаны жеткізіледі: “Сол кезде кәпірді өлтіру рұқсат етілмеген еді, өйткені ол кез – соғысудан тыйылу кезі еді”. Қараңыз “Тәфсир әл-Куртуби” 13/173, “Тәфсир әл-Касими” 12/4699.

Бұл қисса өзіне ойлануды және назарға алуды қажет ететін ұлы ғибраттар мен сабақтарды қамтиды. Олар мынандай:

– бұл адамды өлтіру – қателік болды, және ол – қасақана және мақсатты түрде жасалған адам өлтіру емес еді;

– өлтірілген адам - Аллаһқа серік қосушы кәпір еді, және солай бола тұра ол -исраилдыққа зұлымдық танытқан жәбірлеуші де еді.

– ол Исраил ұрпақтарына деген дұшпандығы өте күшті болған халықтан еді, және олар исраилдықтардың ұл балаларын өлтіретін және әйелдерін тірі қалдыратын еді, және бұл олардан келген үлкен сынақ еді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, осы жағдайда оны өлтіруді шайтанның амалы, яғни оның уәс-әсі және арбауы деп санады, өйткені шайтан Адам баласын тура жолдан адасушылыққа бұрып алып кететін, өзінің адамға деген дұшпандығы әп-айқын болған оның дұшпаны.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, өзінің қателікпен кәпірді өлтіруін өзіне істеген зұлымдық деп санап: «Раббым! Рас өзіме кесір істедім», - деді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мұны - ол үшін кешірім сұрау қажет болған күнә және тәубе келтіру қажет болған қателік деп санады, және ол: «Мені жарылқа!» -деді.

– Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, күнәға да, қылмысқа да көмектеспеу және болыспау туралы Аллаһ Тағалаға уәде берді. Және бұл оның: «"Раббым! Маған берген нығметіңе серт! Енді күнәкарларға жәрдем етпеймін" – деген сөздерінің мәні.

– Жазықсыз жанды, оған заңды негіз болмай, өлтіру - жер бетінде бұзақылық тарату болып есептелетіні және тәртіпті орнатушы амал болып табылмайтыны дәйекті түрде бекітілді. Сондықтан, екінші мысырлық Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мұны қасақана істеп жатыр деп ойлап: "Әй Муса! Кеше бір адамды өлтіргеніңдей бүгін мені өлтіресің бе? Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір зорекер болуды қалайсың ба?" (Қасас, 19), - деді.

Бұл ақыл-кеңестер мен сабақтарда өлтірілуге лайық болмаған жазықсыз жанды өлтірудің, мейлі ол кәпір болса да, жиіркенішті екендігі және бұл әрекет ислам шариғатына және елшілердің басшылығына қайшы келетіндігі туралы айқын және сенімді түсіндірме бар.

Салим ибн ‘АбдуллаҺ ибн ‘Умар, Аллаһ олардың екеуінен де разы болсын былай деді: «Әй, Ирақтың тұрғындыры, сендерді кіші (күнәлар) туралы сұрап, үлкендерін жасауға не мәжбүрлейді? Мен әкем 'АбдуллаҺ ибн 'Умар былай дегенін естігенмін: “Мен Аллаһтың Елшісінің, Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын: «Бүлік ана жақтан келеді», - деп, қолымен шығысқа, шайтанның мүйіздері көрініп шығатын жаққа, қарай сілтегенін көргенмін. Сендер бір біріңнің бастарыңды шауып жатырсыңдар, ал Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, Перғауынның қауымынан болған (адамды) өлтірді және Аса Құдыретті және Ұлы Аллаһ оған былай деді: «Және бір кісі өлтірдің. Сонда сені, ол қайғыдан қүтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік». (Та ха, 40)». Муслим № 2905.

Атақты ғалым ас-Са’ди аталған аяттармен байланысты болған үлкен пайдаларды атап өтіп, өзінің тәфсирінде былай деген сөздерін келтірді: “Бұған - онымен келісім-шарт болған немесе әдет бойынша келісім болған кәпірді өлтіруге болмайтындығы жатады, өйткені Муса, Аллаһтың оған сәлемі болсын, мысырлық кәпірді өлтіруді күнә деп есептеді және бұл үшін Аллаһтан кешірім сұрады. Бұған, сондай-ақ, жазықсыз жандарды қақысыз өлтіруші – жер бетінде бұзақылық таратушы жендет болып табылатыны да жатады. Бұған, сондай-ақ, тірі жандарды қақысыз өлтіріп, осынысымен жер бетінде тәртіп орнатуды және күнәхарларды қорқытуды қалайтынын жариялайтын адам өтірікші болып табылатыны да жатады. Және ол жер бетінде бұзақылықты таратушы болып табылады, бұл жөнінде Аллаһ Тағала мысырлықтың ауызынан шыққан сөздерін жоққа шығармай, керісінше растап: «Сен бұл жерде турашылдардан болмай бір жендет болуды қалайсың ба?" - деді». Қараңыз “Тәфсир әл-Кәрим әр-Рахмән” с.726.

Сондай-ақ, осы аяттардың пайдаларын қорытындылай келе, шейх ас-Са’ди былай деп айтты: “Бұған, сондай-ақ, онымен келісім бойынша, немесе әдет бойынша келісім-шарт болған кәпірді өлтіруге болмайтындығы да жатады, өйткені Муса мысырлықты өлтіргеніне өкінді, бұл үшін Аллаһ Тағаладан кешірім сұрап, Оған тәубе етті. Бұған, сондай-ақ, тірі жандарды қақысыз өлтіруші – жер бетінде бұзақылық таратушы жендет болып табылатындығы да жатады, мейлі оның ниеті қорқыту болса да, тіпті ол өзін тәртіп орнатушы деп санаса да, шариғат тірі жанды өлтіруге рұқсат бермейінше». Қараңыз “Тәйсир әл-Ләтыф әл-Мәннән” с.131.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет