11-лекция.
Шешенге қойылатын талаптар
(1 сағат)
Жоспары:
-
Шешен дегеніміз кім?
-
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындық.
-
Көпшілік алдында сөйцленетін сөздің құрылымы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Шешен сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы алдында шешіліп сөйлейтін түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі қазақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді.
Қазақ ауыз әдебиетінің бір саласы шешендік сөздер. Шешендік сөдер ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін негізгі жанырлардың бірі жазушы шеберлігін, жалпы тіл мәдениетті көтеруде шешендік сөздерді, сондай – ақ мақал – мәтелдерді мұқияттап жинап, зерттеген, сұрыптап жариялаудың әдеби мәні зор. өйткені сөз өнеінің әлі жеткілікті зерттелген саласы – шешендік, тапқырлық, нақыл сөздерде, мақал – мәтелдерде ойды кеңейтіп, тілді байтатын мазмұны да көркем сөз үлгілері мол әдетте, шешендік өнер айтыс – дауда дамиды.
Қазақ шешендігінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, қоғазда емес, ауызда жадында сақталған. Сондықтан олар сол – бастапқы қалпында емес, бізге ұзын – ұрғасы, үздік – жұрнағы ғана жеткен. Олардың өзіде ауыздан - ауызға көшіп ауыса өңдеу – жөндеулерге көп ұшыраған; сан ұрпақтың талай таптың ой- санасынан, екшеп елеуінен өткен. Сөйтіп қысқарған, ұстарған, жалпы халық шығармасына айналған. Соңғы уақытқа дейін “Билердің сөздері” деп келген белгілі сөздердің кемінде екі – үш нұсқасызы жоқ. Бұдан шығатын жанырлар сияқты шещендік сөздер де көп нұсқалар болады.
Әр адамның сөйлеу, жазу мәнері – стилі әр түрлі. Ал қазақ шешендік сөздерін бір – бірімен салыстырғанда ондай айырманы, ерекшелікті байқау қиын. Бұл да шешендік сөздердің халықтық сипатын көрсетеді. Демек шешендік сөздерді алғашқы айтушы жеке адамдар болғанмен, сақтаушы да халық; сондықтан оның шын иесі – авторы да халық дейміз. Ал шешендік сөздерде, шешендер жайындағы аңыз әңгімелерде есімдері жиі айтылатын адамдардың бәрі бірдей автор емес, көшелігі дайын нұсқаларды жаттап орындаушылар, қажетті жерде өңдеп, өзгертіп пайдаланушылар деуге болады. Қазақтың шешендері мен өнеріне қазақ ауыз әдебиетін алғаш зертеуші ғалымдар да назар аударған.
Қазақтың шешендік сөздерін жинап, халық шешендігін алғаш бағалаған адамдардың бірі - белгілі ғалым В.В.Радлов ол қазақ ауыз әдебиетенің нұсқаларын өзі құрастырған жинаққа бірнеше шешендік нақыл сөздерді енгізіп, кітаптың кіріспесінде былай дейді. “Қазақ тілі – исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшрамай түркі таза түрін – түркі сипатын сақтап қалған тіл”
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зертеуші академик М. Әуезовтың жиырмасыншы жылдардағы еңбектерінен кездестіреміз. Қазақ әдебиетинің тарихын жасауға арналған бір зертеуінде М.Әуезов “Билер айтысы” деген арнаулы тақырып енгізіп, шешендік сөздердің кейір түрлерінен мысалдар келтіреді. Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр – ой, көркем тілмен айтылған және халық қабылдап, сөйлемдік құрамы қалыптасқан жүиелі, үлгілі сөздер. Онда халықтың бастан кешірген уақиғалары, ақыл – ойы, арман тілегі бейнеленеді, өмірге дүниеге көзқарасы көрінеді.
Сонымен бірге шешендік, тапқырлық сөздер белгілі дәрежеде еңбекші адамның өздерін қанаушыларға, езушілерге қарсы жұмсайтын қаруы, құралы болған “Аяз би, Жиренше” және басқалар жайындағы ертегілер халық ішінен шыққан адамдарды - Аяз биді, Жиреншені және оның сұлу жары Қарашашты көрсетеді. Шешендік сөздердің бастауын жалпы ауыз әдебиетінің әжесіндей мақал – мәтелдер мен ертегілерден іздеуге болады.
12-лекция.
Қазіргі шешендіктегі сөйлеудің түрлері
(1 сағат)
Жоспары:
-
Пікіралмасу.
-
Ойталқы.
-
Ойбөліс.
4. Сөзталас.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Қазіргі шешендікте сөйлеу монолог және диолог түрінде болады. Монологтық сөйлеу – қазақ шешендерінің толғау, ақыл, өсиет, бата, тілек, үндеу түрінде ертеден қолданылып келе жатқан сөйлеу түрі. Монолог – бір кісінің сөйлеуі немесе ойы. Монологта белгілі бір тақырыпта баяндап, сипаттап, әңгімелеп айтып беру мақсаты көзделетіндіктен, көпшілік алдында сөйлеген сөз, жасалған баяндамалар, оқылған лекциялар, айтылған пікірлер монологқа жатады. Онда адамның ойы, ғылыми, саяси, әлеуметтік көзқарасы, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғаныс, дүниетанымы – бәірі анық байқалады. Жұртшылыққа әсер етуді көздегендіктен және алдын-алы дайындалатындықтан монолог мағыналы мағыналы болдады және шешен тілде сөйленелді. Монологта автордың түйіні ой-тұжырымдары айтылып, көпшілікке талқыға ұсынылады. Сондықтан көп жағдайдамонолог диологқа айналады.
Тыңдаушы көпшіліктің ішінен шешенге сұрақ қоюшылар, қарсы пікір айтып келіспеушілік танытушылар немесе керісінше қолдап сөйлеушілер болуы мүмкін. Мұндай жағдайда тыңдаушылар шешеннің пікірлесушілеріне айналады да, монолог сөз пікірталасына ұласады.
Пікірталас іскер адамдардың арасында өрбиді. Пікірталас істі алға бастырады., қоғамды дамытады, өркениетке қол жеткізеді. Пікірталас бар жерде ғана демократия өрістейді.
Пікірталас бірыңғай көзқарастың жоқтығынан әр түрлі пікірлер туындаған жайттардың төңірегенде өрбиді. Пікірталас дегеннің өзі де пікір қайшылығы. Пікірталастың бірнеше түрі бар: пікір алмасу, ойталқы, пікірсайыс, ойбөліс, сөзталас, айтыс. Әрқайсысының өзіндік мақсаты мен ерекшеліктері бар.
Пікіралмасу – латын сөзі (дискуссио), беретін мағанасы «зерттеу», «талқылау», «талдау». Пікіралмасу көпшілік арасында өтеді. Мақсаты - әр түрлі әрекеттерді салыстыра зерттей отырып, шындық пікірді көрсету, талас мәселенің шешімін іздеп табу. Пікіралмасу – дұрыстыққа көз жеткізудің ең тиімді тәсілі, өйткені қатысқандар көздері жеткендіктен де бір пікірге өздері келеді.
Ойталқы сөзі де латын тілінен алынған (Диспутатио), мағынасы – «ой жүгірту», «жарыссөз», «айтыс». Ойталқы – ғылыми және қоғамдық мәні бар тақырыптарды төңірегінде көпшілік арасында өтетін сөз жарысы. Мұнда да сөз жарысында қатысқандар белгілі бір пікірге тоқталады.
Пікірсайыстың табиғаты өзгешелеу. Оны бұл сөздің шығу төркіні де айқындайды. Пікірсайыс көне гректің сөзі (полемикос), мағынасы «соғысқұмар», «жаулық», «дұшпандық». Әрине, бүгінгі мағанасы басқаша, бірдеңені талқылау мақсатындажилналыстарда, баспасъөз беттерінде орын алатын сайыс. Бұл жай ғана сайыс емес, көзқарасқа қарсы тұрушылық, идеядағы бітісаестік, пікірдегі қарсылық. Осы ангықтамаларюдан көріп отырғанымыздай, пікірсайыс, пікіралмау, ойталқыдан бөлінеді.
Пікірсайыстың мақсаты: қарсы жақты жеңіп шығу, өз пікірінде қалып, соны бекіту. Сөйтіп сайысшылар әлеуметтік мәселерюді шешеді, қоғамның дамуына жол бермей отырған кедергілермен күреседі. Пікірталастың ойбөліс, сөзталас, айтыс деп аталатынтүрлері, табиғаты жағынан бір-біріне жақын. Бұларда пікірталасын түскен адамдардың арасында сыйластық, түсінісмтік орын алады. Ойбөліс – франсуз сөзі(дебат), мағынасы – «айтыс», «жарыссөз». Ойбөліс – көпшілік алдында екі адамлның не пекі топтың бірдеңе туралы ой-пікірлерін ортаға салуы. Ойбөлісте пікір қарама-қарсылығы болғанымен, түсіністікке негізделеді. Сөзталас – орыс сөзі(прения), мағынасы бірдеңені, қандай да бір мәселені көпшілік арасында талқылау. Сөзталас, обөліссияқты, бандамаларды талқылағанда, хабарламалар жасағанда жиналыстар мен конференцияларда орын алады. Ойбөліс екі адамның арасында да жүзеге асады. Сөзталаста да пікір білдірушулер бір ойды жан-жағынан талдап түсіндіріп, шындықты іздеп табады.
Айтыс екі адамның да, көпшілік арасында да жүзеге асады. Айтыс қазақтың сөзі. Мағанасы – сөз жарысы.
13-лекция.
Шешендік сөздің сапалық белгілері
(1 сағат)
Жоспары:
-
Шешендік сөздің мазмұндылығы.
-
Сөздің дәлдігі, ойдың айқындылығы.
-
Тіл тазалығы.
4. Тіл көрнектілігі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Шешендік сөз ақыл парасатқа негізделсе, мазмұнды болады. «Ақыл»,
«парасат», «ес» сөздері белгілі дәрежеде «мән», «мағына» сөздерімен төріндес. Шешендік сөздің мазмұндылығы сөйлеуінің, ақыл-ой дәрежесіне, жан-жақты білімділігіне байланысты. Шешендік ғылымның теориясын жасағандардың бірі – Цицерон жақсы шешен болу үшін жан-жақты білім керектігін айтқан еді. Оның өзі де барлық ғылым салаларынан хабардар болған: Еркін меңгерген.
Мазмұнды сөз ол лекция болсын, мақала болсын, баяндама болсын тыңдаушылары мен оқырмандарын ләззатқа бөлейді, қуаныыш әкеледі, жаңа білімдермен толықтырады.
Қазіргі кезде – ғылым, техниканың қарыштап дамыған заманы. Бүгінгі әдебиет тіліміз ғылыми терминдерге өте бай.
Лебіз мазмұнды, әсерлі болу үшін шешен алдын-ала дайындықта мынаны ескеру керек:
-
кімдердің алдында сөйлейді,
-
қандай мәселені сол аудиторияны қызықтырады,
-
сөздің мазмұнында тың мәліметтер мен дәлелдемелер жеткіліктіме?
-
авторлық көзқарасы, қорытынды түйіні бар ма?
2. Ойдың ақылдылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы айқындылық сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергендімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, қазақ әдебиетінің байлығы мен нормасын жетік білумен өлшенеді.Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады.
3. Таза сөйлеу – ой ақындылығының белгісі.Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде, ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілін таза сөйлей алмаған адамдардың қайыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек.
«Тіл тазалығы дейтініміз – дейді А.Байтұрсынов, ана тілдің сөзін басқа тілдің сөзімен шұбарлама, ескірген сөздерге жоламау, жергілікті сөздерден қашу...»
«Таза сөйлеу дегеніміз - сол тілдің жалпыға ортақ байлықтарын пайдаланып, бөгде сөздеррді араластырмай сөйлеу »,- дейді ғалым М.Балақаев.
Тіл тазалағын сақтамау дегенде жеке адамдардың шетелдік сөздерді, әсіресе орыс сөздерін орынсыз қолдануын айтады.
Мысалы: понимаешь, капитально, звонить, прямо, так, ну, значит тәрізді сөздерді қосып айту тілдегі орашалақтың шалалық ой жүдеулігі болып табылады. Сөзі шала кісінің
Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергендігімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, қазақ әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам созді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін тура мағынасын кеп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірін, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.
Әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік; көңіл күй одағайы т.б.
14-лекция.
Қазақтың ұлттық шешендік өнерінің тарихы
(1 сағат)
Жоспары:
-
Қазақтың шешендік өнерінің қалыптасуы.
2. Шешендік өнердің дамуы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік өнері. Шешендік өнер — ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.
Шешендік өнер айтыс-дауларда туып дамиды. Сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс-бітім секілді маңызды мәселелер сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай-ақ неғұрлым халық көп жиналатын астар мен тойлар, міне, сондай сарабдал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар, форумдар болған. Есімдері әлемге әйгілі тілмаш шешендердің, көбінесе, мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны кездейсоқ емес. Мәселен, ежелгі Афин (грек) шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент басшылары болган. Ал XIX—XX ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П. А. Александров, Ф. Н. Плевако, А. Ф. Кони адвокаттар еді. Сол сияқты белгілі қазақ шешендері: Төле Әлібекұлы (1663—1756), Қазыбек Қелдібекұлы (1667—1764) және Әйтеке Бәйбекұлы (1682—1766) дау-жанжалды шешетін билер болған.
Қазақ шешендік өнерінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. Сондықтан да олар бастапқы қалпында емес, бізге, кейінгі ұрпаққа ұзын-ұрғасы, үзік-жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-ауызға ауыса жүріп өңдеу-жөндеуге ұшыраған, әлденеше ұрпақтың, талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп, қысқарып, ұстарып жалпы халық шығармасына айналған.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған.
Билеуші топтың өкілі билер мен рудың қолшоқпары барымташы батырсымақтар шешендіқ сөздерді өз мүдделері үшін шебер пайдаланғанын әсте естен шығармауымыз керек.
Шешендік сөздер ертегі-аңыздар мен халық поэзиясынан іріктеліп, сұрыпталып беліне отырып, халықтық бірыңғай әдеби тіліміздің қалыптасуына себепкер болған.
Шешендік сөздер мен көркем әдебиетіміздің қалыптасып дамуына белгілі дәрежеде үлес қосқан ақын-жыраулардың арнау, толғау сөздеріне де жақын, ұқсас.
Құлан жортпас құба жонға Құрай шықпас демеңіз. Қу таяқты кедейге Мал бітпейді демеңіз. Жарлы байға теңеліп, Жарыса қонбас демеңіз. Жалғыз көпке теңеліп Теңдік алмас демеңіз,— дейтін шешендік сөз бен Бұхар жырау атынан айтылатын кейбір жырлардың арасы онша алшақ емес.
Махамбет ақынның өлеңдерінде шешендік сөз поэзиямен аралас, астарлас жатады.
Арғымақтың баласы Аз оттар да көп жусар,— Тарлаудан тапқан дәні бар, Азамат ердің баласы Аз ұйықтар да көп жортар. Дұшпанға кеткен ары мен Талауға түскен малы бар,—деген сияқты шешендік сөздер мен мақал-мәтелдер Махамбет жырларының қай-қайсысында да мол ұшырасады.
Шешендік сөздердің қайсысы қай уақытта шығып қалай қалыптасқанын кесіп-пішіп айту қиын. Біз білетін қазақ шешендерінің атасы Жиренше шешен және ел аузында сақталған шешендік сөздердің ең көнесі де Жиренше атымен байланысты сөздер. Бізге жеткен аңыз әңгімелерге қарағанда, Жиренше —Әз Жәнібек хан мен Асан қайғы (XIV—XV ғғ.) жасаған адам. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы би дейтін де сөз бар. «Майқы — Шыңғысты хан көтерген он екі бидің бірі екен»,— дейді Абай. Олай болса шешендік сөз өнерінің шығу тарихы әлдеқайда әріден басталса қерек.
15-лекция.
Ауыз әдебиетіндегі шешендіктің үлгілері
(1 сағат)
Жоспары:
-
Аңыз әңгімелер мен ертегілердегі аңыз әңгімелер.
2. Жұмбақтардың тіл ерекшелігі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Қазақ халқының өзіне, көшпелі өміріне лайықты ойын-сауығы, салт-санасы, әдет-ғұрпы болған. Шаруа дуниеге жаңа келген нәрестені шілдехана жасап қарсы алады. Жас босанған ананы қалжасына қой сойып күтеді. Баланың күлгені, жүргені, тайға мінгені — бәрі қызық, шілдехана кішігірім той қатарлы атап өтіледі. Адам, өмірінің бір асулы кезеңі — қыз бой жетіп, ұл ер жетіп үйленген кезі. Бұл — біреу қызын ұзатып, біреу келін түсіріп ағынан жарылып жататын тойдың үлкені. Той десе қу бас домалайды; Тойдың болғанынан болады-сы қызық деген мақалдар сондай қуанышты уақиғалармен байланысты айтылған.
Бірін-бірі үнемі қонаққа шақырысып, қонып-түстену елдің ежелгі салты. Жаз бойы бұрын қонған ауыл соң келген ауылға ерулік, кейін келгеніне көмек беріседі, Қыстаулары қатар көршілес ауылдар соғым басына шақырысып біріне-бірі сый-сыбаға тартады. Аз асты аяған көп астан қур қалады; Сыйға-сый, сыраға бал; Әркім сыйласқанның құлы дейтін мақалдар — сондай қонақ-жайлық белгісі. Бірақ біреудің малы болса пейлі тар, екіншісінің пейлі болса малы жоқ. Берместің асы піспес, Жоқтық жомарттық қолын байлайды дейтін сөздер соны аңғартады.
Халық бұқарасының басын дінмен уландырып жасқаншақ, қорғаншақ, етіп ұстауда дін иелері үстем тап өкілдеріне қызмет керсетіп отырған. Қожа-молда сабақтас деп бекер айтылмаған. Біреудің бай, біреудің жарлы болуына әркімнің бақ-талабына байланысты-мыс, байды күндеме, жарлылығыңды маңдайыңның сорынан көр деп келеді қожа-молдалар. Таудай талап бергенше, бармақ-тай бақ берсін; Жазмыштан озмыш жоқ дейтін мақалдар, сөзсіз солардан тараған.
Қара шаруа техникасының алды және күрделісі — арба мен шана. Арба мен шана көшпелі елден гөрі отырықшы жатақтарға, астық етіп, шөп жинайтын диқандарға тән. Көшпелі шаруалар егінші жатақтардан көрген осынау жансыз келіктерді Жеп еті,ішіп сорпасы жоқ деп сынайды. Сонда егінші:
Түйеңнен арбам жақсы оттамайтын...
Ауылға желді күні-тоқтамайтын...
деп жауап береді.
Сол сияқты арбамен, шанамен таныс, отырықшы диқандар, арбакеш — ат айдаушылар: Былай тартса өгіз өледі, бұра тартса арба сынады; Киіз кімдікі болса білек соныкі, арба кімдікі болса күпшек соныкі деп өзінің ойын анықтауға жансыз «келіктерін» де пайдаланған. Бұдан шығатын қорытынды — шаруа қолданған үлкенді-кішілі керек-жарағы ауызекі «оқулығынан» тыс қалмаған.
Сол сияқты үй ағашын түзейтін тез (Тез қасында қисық ағаш жатпас), көннен қайыс жасайтын — талқы (Көптің аузы темір талқы), қазық қағатын тоқпақтан (Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кірер) бастап ине, жіп, қайшы, біз, пышақ, шақпақ, ұршық, бұрау, көсеу т. б. шаруаның ең қарапайым қару-саймандарына дейін елеусіз-ескерусіз қалмаған, мақал-мәтелдерге арқау болған.
Қазақ үйінің қаңқасы (сүйегі): кереге, уық, шаңырақ, босаға; киізі: туылдырық, үзік, түндік, есік; ішкі бұйымдары: түс киіз, алаша, кілем, текемет, сырмақ, шымши, көрпе, төсек, жастық — барлығы да аталған. Түске дейін мүйіз, түстен кейін киіз; Кілем түрге керек, қылыш ерге керек; Есіктен орын табылса төрге озба, Бұраудың да сурауы бар деген секілді киіз үйдің ағашы, киізі, ішкі-тысқы мүліктерінің көпшілігі осы бір шағын халық шежіресінде тіркелген.
Тұрмысалтпен байланыспыетуған мқал-мәтелдердің бірсыпырасы ыдыс-аяқты мысал еткен. Сырлы аяқтың сыры кетсе де сыны кетпейді; Қазан аузы жоғары; Көнектен шошыған бие оңбас; Бір бие саба болмас дейтін мақалдарда шаруаның кейбір көне ыдыстарының аттары да сақталғаи. Аттан айрылсаң да ер-тоқымнан айрылма; Жабу жауыннан сақтайды, жады жауырдан сақтйды дейтін нұсқалар да нағыз аттылы, түйелі ездің тұрмысын елестетеді.
Халық мақал-мәтелдерінде қазақ шаруаларының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, сенім-нанымы жан-жақты бейнеленген.
Адам — табиғаттың баласы, бірақ ол еңбек құралдары жетіліп, техникалық прогреске жеткенше оның ұлы емес, «құлы» болған. Табиғатты өз қажетіне ыңғайлау орнына, оған өздері бейімделіп күнелткен. Әсіресе нұқыл малмен күн көрген шаруалардың тұрмысы, тіршілігі жер ыңғайына, ауа райына толық тәуелді болды. Қыста қырға қонба, жазда сайға қонба; Қысың қатты болса қамысты жерді сағала; Панасыз болса таудан без деген «нұсқаулар» соны көрсетеді.
Адам жолаушы тәрізді, дүниеге келеді, кетеді. Тек халық, қоғам қалады. Халық қартаймайды, қара жер қартаймайды. Бірақ бұл қоғам өзгермейді деген сөз емес. Қоғам үнемі жаңарып, жасарып тұрады. Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа дейді халық. Бұл — халық даналығының, диалектикалық ойының көрінісі.
Адамның ақылы, мінезі қалыптасатын кезі — жастық, жігіттік шақ, өнер мен білімді де жас кезінде үйреніп, игереді. Асыл — тастан, ақыл — жастан; Жүйрік — тай-қүнаннан, өнер—жас ұланнан деп текке айтылмаған. Кісінің кемел жасы — отыз бен қырық. Қырықтан артық жас жоқ, қымыздан артық ас жоқ; Елу ердің жасы, алпыста ел ағасы дейді халық. Айтсын-айтпасын, елу-алпыс жас — ер ел қамын, ел-жұртының болашағын ойлайтын кемеңгерлік шақ. Сонымен бірге ол — қайрат-күші қайта бастайтын жас ортасы, жол ортасы. Асылы, қазақ — жылқы мінезді, құлан сүйекті көп жасайтын халық. Оны жартылай жауынгерлік-көшпелі өмірдің өзі шынықтырған. Ауыз әдебиетінде жүз-жүз жиырма жасаған және соған дейін азуын шалып, ақылынан танбаған дана қариялар туралы аңыз-жырлар бар. Дегенмен, табиғат заңы — қатал заң, Жастық — жалын кәрілік— көмір.
Халық өмір мен өлім мәселесіне де назар аударған. Дін нелерінің бұл дүннені «жалған», ол дүниені «шын» деп жариялауына қарамастан Ақыреттің мың күні жалғанның бір күнінен садаға кетсін деп байыптаған. Боларыңда болып өт, боз жорға-аттай желіп өт деп өмірдің көңілді, мақсатты болуын қалаған.
Өмір мен өлім — бір жолдың екі басындай тіршілік заңы. Тумаққа өлмек бар. Халық аузындағы аңызда Қорқыт өлімнен қашып, мәңгілік өмір іздеп желмаямен жер-дүниені кезіптіміс. Аңға барса өліп жатқан жануарларды, орманға барса құлап жатқан ағаштарды, тауға барса қирап жатқан тастарды көреді. Қайда барса да алдынан өлік пен «Қорқыттың көрі» шығады. Сөйтіп Қорқыт өлімнен қашып құтыла алмайды, бір ғана өнерден (күйден) өзіне жұбаныш табады, яғни екінші өмір, мәнгілік өмір тапқандай болады. Демек, өмір бар жерде өлім бар дейді халық. Тозбас соғылмайды, өлмес жаралмайды; Өзекті жанға бір өлім деген мақалдар соны анғартады.
Халық тәжірибесінен туып, уақыт сынынан өткен мақал-мәтелдер анықталған қағидаға, дау-жанжалдарды реттейтін ережеге айналған.
Жоғалған малды (затты) біреу тауып алады, кейін иесі малын (затын) таниды. Егер тауып алушы мен танушы арасында дау-талас туа қалса, кез келген кісі Таныған алады, тапқан қуанады деп кесім айта алады. Осы мақалға лайық тапқанға сыйлық беріп — куантып, таныған адам малын (затын) өзі алуға праволы.
Қазақ дәстүрінде басы бос бой жеткен қызды кәрі-жас, бай-кедей, жақсы-жаман демей қалаған адам айттыруға ерікті, праволы. Оны ешкім айып-шам көрмейді. Өйткені Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді дейтін ата сөзі бар.
Феодалдық Қазақстанда ұрлық-барымтамен байланысты дау-жанжалдар жиі кездесетін. Әсіресе, барымтагершілік күштінің әлсізге, көптің азға зорлық жасауына сылтау болған. Әдетте, ұрланған малдың жақсысы, жарамдысы қайтарылмайтын. Бөрінің аузына түскен қан-соқта жаншылмай шықпайды дейтін мақал содан қалған. Дау-жанжалдың бір сылтауы — сауда-саттықпен байланысты. Біреу алғанынан айнығанмен сатқан қайтып алмайды. Мұндай даудың билігі бір-ақ ауыз сөз: Сауда сақал сипағанша. Енді біреулер туыстығын, достығын желеу ғып алған несиесін қайырмайды. Оған айтар төрелік: Саудада достық жоқ, сәлемде борыштық жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |