2- лекция.
Шешендік өнердің қалыптасу тарихы
(1 сағат)
Жоспары:
-
Шешендік өнерінің қалыптасуы.
2. Шешендік өнерінің дамуы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні
Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан бес-алты ғасыр бұрын шағып қалаптасқан. Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика дейді.Риторика ғылымының негізін салушы грек. Софист Протогор деп есептелінеді.
Риторика – сендіре білу, яғни тыңдаушының сана-сезіміне барынша әсер ету, она еркін билеп алу, ақпал ету, иландыру. Шешендік өнер негізінде ақыл-ойға еркіндік кең жерде, халықтық-демократиялық қоғамдарда өсіп, өрендеген. Ежелгі Греция мемлекеті мен Рим республикасында шешендіктің қалаптасып халықтық дәстүрге айналуына, сондай халықтық-демократиялық дәстүрлер себеп болған.
Шешендік өнер ежелгі дәуірден белгілі пән. Сөз өнері ескі Грек, Рим мемлекеттерінде пайда болған. Дүние жүзіне әйгілі осы өнердің негізін қалаған Демосфен, Цицерон сияқты әрі саяси қайраткер, әрі әйгілі шешен адамдардың есімімен тығыз байланысты. Көне Грек, Рим шешендік өнері сол тұстың өзінде-ақ ғылым ретінде танылып, теория мен тәжірибеден өтіп шыңдалап келген.
Демосфен / б. э. д. 335-384/ көне Грек шешені, саяси қайраткер Риторикадан сабақ беріп, ол бпәннің негізін салған. Одан 170 қолжазба, 60 шешендік сөз, 56 жазба сөз, 6 хат сақталып жеткен.
Цицерон Марк Тулий - Рим шешені, мемлекет қайраткері, философ. Қылмысты істерді әшекрелегені үшін «Отан атасы» атағын алған. Римде, Афинада ораторлық өнерін
Оқып үйреніп, ол жөнінде еңбектер жазып қалдырған. Стилі: сабтарлы, көркем, мақал-мәтелдерді қолдануға шебер болған. Цицеронның «Ораторлық өнер туралы үш трактат» атты еңбегі әлі күнге дейін өз құнын жойған жоқ.
Сондай-ақ Францияда XVIII ғасырдағы революция тұсында Жан Поль Марат пен Максимилион Робеспьер сияқты шешендер шықса. Ресейде I Петр заманында «Ресейдің алты ауызы» атанған В. Прокопьевич пен С. Яровский шыққан.
Шын мәніндегі орыс шешендік өнерінің негізін салушы – Л. М. Ломоносов «Краткое руководство к кросноречию» деген еңбегі соның айғағы.
Қазақтың шешендік өнерін тарихта, тарихи аңыздарда есімдері, сөздері сақталған Майқы би мен Аяз биден бастаймыз. Абай мен Мәшһүр Жүсіп растаған «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы майқы би» дейтін нақыл да она оны қазақ шешендерінің басы деуге дәлел бола алады.
Қазақтың шешендік өнерінің екінші кезеңі Асан қайға мен Жиренше шешен есімдерімен байланысты.
Қазақтың шешендік өнері – XII-XIII ғасырларды Майқы би мен Аяз билерден басталады. Асан қайғы мен Жиренше шешендермен қалыптасып, XIII ғасырда өркендей түскен. Қазақ ауыз әдебиетінің бір түрі — шешендік өнері. Шешендік өнер — ақындық айтыс секілді қазақ ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшелігін көрсететін негізгі жанрларының бірі.
Шешендік өнер айтыс-дауларда туып дамиды. Сондықтан елдің, ердің тағдыры сарапқа түсетін, соғыс-бітім секілді маңызды мәселелер сөз болатын сот залдары, парламент сарайлары, сондай-ақ неғұрлым халық көп жиналатын астар мен тойлар, міне, сондай сарабдал шешендер мен саяси қайраткерлер сөз сайысына түсетін, сыннан өтетін және шынығып шыңдалатын орындар, форумдар болған. Есімдері әлемге әйгілі тілмаш шешендердің, көбінесе, мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны кездейсоқ емес. Мәселен, ежелгі Афин (грек) шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон әуелі адвокат, кейін парламент басшылары болган. Ал XIX—XX ғасырларда өмір сүрген орыс шешендері П. А. Александров, Ф. Н. Плевако, А. Ф. Кони адвокаттар еді. Сол сияқты белгілі қазақ шешендері: Төле Әлібекұлы (1663—1756), Қазыбек Қелдібекұлы (1667—1764) және Әйтеке Бәйбекұлы (1682—1766) дау-жанжалды шешетін билер болған.
Қазақ шешендік өнерінің жалпы шешендік өнерден өзіндік ерекшеліктері бар. Ең алдымен, қазақ шешендерінің сөздері ауызекі айтылып, ауызша таралған, қағазда емес, халық жадында сақталған. Сондықтан да олар бастапқы қалпында емес, бізге, кейінгі ұрпаққа ұзын-ұрғасы, үзік-жұрнағы ғана жеткен, олардың өзі де ауыздан-ауызға ауыса жүріп өңдеу-жөндеуге ұшыраған, әлденеше ұрпақтың, талай таптың санасынан, сарабынан өткен, сөйтіп, қысқарып, ұстарып жалпы халық шығармасына айналған.
Шешендік сөздер қазақ ауыз әдебиетінің басқа түрлері сияқты ауызша шығып, ауызша таралған.
3-лекция.
Ежелгі түркі шешендігі
(1 сағат)
Жоспары:
-
Ежелгі түркі шешендігінің аңызға айналған әңгімелері.
2. Ежелгі түркі шешендігінде орын алған басты мұрат.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Ежелгі түркі елінің шешендігі жайлы сөз қозғау, соншалықты қажеттілігіне қарамастан, қиыннын, қиыны. Олай болатын себебі біріншіден, шешендікті тарихи кезендерге бөліп қарастырудың болмағандығы. Саналы ғұмырын шешендікті зерттеуге арнаған атақты Б.Адамбаев қазақтың шешендік өнерінің тарихын орта ғасырдағы билерден бастап карастырды. Екіншіден, халықтың ақыл-ойы, сана-сезімі, тіршілігінің айнасы болған өнердің ежелгі түрі фольклорлық туындылар әдеби және тілдік тұрғыдан зерттелсе де, шешендік тұрғыдан зерттелмеуі орта ғасырлардан бері қарай белгілі болған билер сөзінің ауыз әдебиетінің бір түрі ретінде қаралғаны белгілі. Үшіншіден, ежелгі түркі еліндегі бізге белгілі болған материаддардан байқалған шешендіктің қызметі көне грек, Рим елдеріндегі шешендіктің қызметінен өзгешеленетіндігі.
Дәуірі бір бола тұра, бұл еддердің қоғамдық саяси-әлеуметтік жағдайының, шаруашылық-мәдени сүлесінің әр түрлілігі шешендіктің айтылу мақсаты мен жұмсалатын (көрінетін) орындарының әр басқалылығына әкеліп соқтырды.
Зерттеушілердің айтуынша, көне Грекияда шешендік өнердің дамуына мықтап әсер еткен Афина басқарушысы Салон заңының өмір сүрген кезі б.ж.с. дейінгі 594 ж.
Бұл заң бойынша, Афина азаматы сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиісті болған. Әрбір азамат өз Отанының саяси-мәдени өміріне мықтап араласқан. Онда демократия-шешендік өнердің арнасы болған. Ертедегі Грекияда және Римде шешендік өнер мен саясат бөлінбеген. Грекияның көрнекті шешендері ірі-ірі саяси қызметкерлер болған. Мысалы, Терикл Афинаны 15 жыл бойы басқарған. Шешендік өнердің жарық жұлдызы саналған Демосфен афина қүлдары демократиясының қорғаушысы болды. 30 жыл бойы Македонның Филипп патшасына ашу ызамен карсы тұрды.
Көне Римнің шешендері де, көне гректердегі сияқты, әйгілі саяси қызметкерлер болды. Солардың бірі Римнің мемлекеттік қайраткері б.д. дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Марк Катон Старший болды. Ол Карфагенмен бітіспес жау болғаны сондай өзінің әрбір сөзін “Карфегенді құрту керек” деген фразамен аяқтап отырған.
Ежелгі түркілер шешендігін алдымен аңызға айналған әңгімелерден іздеуіміз керек. Аңыз дегеннің өзі бір кездегі ақиқат, араға бірнеше мындаған жылдар түскенде, оқиға иесін көзімен көріп, сөзін өз құлағымен естімегендіктен де естіген әңгімесін халық аңыз сияқты қабыддаған. Өмірде болып, кейін аңызға айналып кеткен тарихи тұлғалар скифтерде көп. Зерттеушілердің айтуынша, скифтердің арасында аңыз бен жыр өте кең тараған. Халық арасында аңызға айналатындар алдымен елін қорғаған ерлер. Елді біріктіріп, жері үшін, ұрпағының амандығы үшін келген жауға қарсы тұрған алып ерлерін халық көсемдер ретінде аңыз әңгімелерде бейнелеген. Сондай аңыздардың қатарында Афрасиаб туралы әдемі аңыздар да бар. Афрасиабты М.Кашкари сөздігінде Тоңа алып ер деп атаған. «Тоңа»-жолбарыс тектес бір аң. Ол пілден күшті деген түсінік берілген.
Ерте заманда гректер мен римдіктерде көшпелі түркілерде әскери өнер мен шешендік өнерді құрметтеді. Шешендік өнерді ыждағаттықпен үйрену әрбір грек азаматының парызы болды. Рим халқында шешендік өнер қасиетті іс ретінде қабылданған. Олар қан майданда Отанын қалай қорғаса, бейбіт өмірде халық мәжілістерінде суырылып сөйлеу де әрқайсысының басты парызы саналған. Міне, сол кезде риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер ұстаз (ритор) мамандығы пайда болды.
4-лекция.
Көне түркі шешендігі
(1 сағат)
Жоспары:
-
“Оғызнама” дастаны.
2. “Қорқыт ата” кітабының проза түрінде хатқа түсірілуі
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Қазақ халқының басынан кешкен қоғамдық формациялары сол халықтың әдебиетінде мәдени тілінде, сөз өнерінде ізін қалдырып отырады. Қазақ халқының біздің заманымыздан бұрынғы бірнеше жылдар бұрын өмір сүрген сақтар мен ғұндардың ұрпақ жалғасуы деген қазақ жері ең алғашқы адамдардың пайда болған жері деген. Қазақ жері ең алғашқы адамдардың пайда болған жері десек көне түркі шешендігі әдебиеті мен мәдениеті қазақ халқына тиесілі. Көршілес отырған туыстас ұйғыр, өзбек, башқұрт, түркімен, әзербайжан, түрік халықтары өз әдебиеті мен мәдениеті тарихын ұлт болып қалыптасқан шақтан емес ертедегі бәрімізге ортақ дәуірден бастайды. Түркі халықтарына ортақ көне түркі әдебиеті мен мәдениетіне сөз өнеріне Орхон ескерткіштері (ҮІІғ), Қорқыт (ҮІІІғ), Оғыз наме (ІХғ) жәдігерлері жатады.
Орхон ескерткіштері мен түркі халықтарының мәдениеті ғана емес бүкіл дүние жүзі мәдениеті қазақ тарихының орын алатын ежелгі мәдениет ескерткіштерінің ең бір бағалылысы. Бұл ескерткіштердің ежелгі қазақ жерінде жасауында белгілі дәрежеде біздің халқымыздың иемденуіне толық қақысы бар екенін көрсетеді. Орхон ескерткіштері Орхон-Селенгі өзендерінің бойынан табылған. Орхон өзені өтінен таулы Алтай мен жоңғар ертедегі түркілердің мекені болған.
Түркі халықтарының әдетте хан басқарған. Ханның ордасында әрқашан ақылшы жыраулар болған. Өз заманының ақылшы жыраулары ханға ақылшы болып қана қойған жоқ ел басына түскен ауыртпашылықты қабырғасы қайыса жырлады. Қуанышты жайларды қанаттана жырлап халықтың көңілін көтерді.
Түркі қағанаты өмір сүрген қағанның қатарында Тоныкөк пен Иолықтегін болған. Тоныкөк білгір кеңесші, ұлы қолбасшы, ақылды сөз иесі еді. Иолығ Білге қағанның баласы тегін Иолығтегін ханның өз мұрагерін атаған. Білге қаған әскерін білімді, айла тәсілге жетік Құтлұғ қағанға тапсырған. Құтлұғ қаған билік құрған мемлекет басына әкесі Құтлұғ (Елтесріс) және оның інісі Қапаған қайтыс болғаннан кейін отырады. Інісі Күлтегін әскер басы болады. 731 жылы Күлтегін қайтыс болады. Батырлығының куәсі ретінде оның басына мәңгілік ескерткіш орнатылады. Көп кешікпей 734 жылы дүниеден Білге қағанда өтеді. Таққа отырған Білге қаған басына зәулім ескерткіш орнатады. Сөйтіп ағасына, әкесіне арнап тасқа қашап олардың ескерткіштерін, ерліктерін жоқтап дәріптеген мадақ жырын жазады.
Көне түркі шешндігін көрсетер ғаламат жырлардың қатарына “Манас” жыры мен Қорқыт ата жырлары жатады. Қорқыт шешендігі арнайы зерттелмесе де, қазақ шешендік өнерінің тарихын бес кезеңге бөлген Б. Адамбаев Қорқытты Майқы би мен Аяз биге қосып қазақ шешендік өнерінің ьірінші кензеңіне (XI – XIII) жатқызады. Қорқыт зерттеушілеро пікіріне оғыз-қыпшақтардың Баят-қият руынан шығып, VIII – IX ғасырларда өмір сүрген.
5-лекция.
Орта ғасырлық түркі шешендігі
(1 сағат)
Жоспары:
-
Орта ғасыр ескерткіштерінің тарихи теориялық мәні.
-
Орта ғасырлық түркі шешендігіне тиесілі шығармалар..
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Орта ғасыр ескерткіштерінің тарихи, теориялық мәні түркологияда бір ғасыр бойы жан-жақты айтылып келеді.
Басқа түркі халықтары сияқты қазақ халқының тарихына қатысты орта ғасыр жазба мұралары қазақ шешендік сөздерінің қалыптасуында елеулі роль атқарған. Орта ғасырда өмір сүрген ғұламалар жан-жақты энциклопедист ғалымдар, философтар болумен қатар, тіл өнерінің жетістіктерін меңгерген дарындаы шешендер болғандығы мәлім. Батыс пен Шығыс ғалымдары жетістіктерін ұштастырғанкемеңгер ғалым Аритотельден кейінгі екіші ұстаз «Әл мхұғалим ас-сани» атанған әл Фараби де заманында таланты да білімді, шешен тілді ақын болған.
“Оғыз-нама ”- түркі тек тес халықтардың ежелгі шежіресін генелогиялық аңыздар негізінде көркем тімен баяндайтын эпостық шығарма. “Оғыз-наме” -әрі көркем, әрі –тарихи туынды деуге болады.
“Оғыз-наме ” – де негізінен оғыз қағанның әскерри жорықтары, батырдың қан майдан соғыстағы ер лік істері мадақталады. Шығарманың негізгі идеасы – елді ауыз бірлікке, ерлікке адамгершілікке үндеу халықты сыртқы жауға қарсы күреске шақыру. Оғыз қаған немесе Оғыз хан туралы сан қилы аыздар түркі халықтарының арасында ерте кежден –ақ кең тараған. Ежелгі аңыз ертегілерді Оғыз- түркі халықтарының теңдесі жоқ алып батыры, Әскери қол басшысы, өз Еліні қамқоршысы ретінде бейнеленеді. Бұл көркем туындыны ауызша тараған нұсқалары негізінде кейінрек байта жазылған екі түрлі нұсқасы бар. Бірі – ұйғыр әріпімен көшіріліп жазылған. “Оғыз-наме ” –жырының осы нұсқасы Париждің ұлттық кітапханасында (қорында) сақталып келеді. Екіншісі- араб әріпімен жазылған. Оғыз батыр туралы аңыздардың араб әрпімен жазылған нұсқасының авторы – атақтықты тарихшы, белгілі әскери қол басшы, Хиуаның ханы Әбілғазы бин араб Мұхамммед хан (1603-1663).
“Оғыз-наменің ”-біз атап кеткен екі нұсқасынан басқада бір қатар вариантары бар. Мәселен, Оғыз жөніндегі деректер атақты тарихшы Хондамердің (1475-1535) “Хуласат ал -ахбар” (тарифи мәліметтер жинағы) атты еңбегінде де бар. Ал, енді Стамбул нұсқасында “Оғыз-наме ”-аңызы “Қорқыт ата ” кітабы мен біріктіріліп берілген.
Шынында да “Оғыз-наме” мен “Қорқыт ата” –кітабюының кейбір тұстары өзара үндесіп жатады.
“Олғыз-наменің” ұйғыр әріпемен көшірілген нұсқасы тарихи шежіреден гөрі көркем шығармағы жақын.
“Оғыз-наме” аңызының Париж ұлттық кітапханасында сақталған нұсқасы көлемі жағынан онша үлкен емес. Қол жаба небәрі 21 – парақ немесе 42-бет болып келеді. Әр бір бетке 9- Жолдак ғана жазылған. “Оғыз-наме ” өзінің композийиялық құрлысы жағынан “Күлтегін” жырына өте –мөте ұқсас друге болады. Оғыз батыр жөніндегі прозалық хикаяда композициялық құрылысы жағынан Күлтегін жырына ұқсас. “Оғыз –наме ” – 40- тан астам цикл – хикаяда тұрады. Әр бір циклда Оғыз қаған туралы белгілі бір оқиғалар баяндалады.Сон дай-ақ әрбір циклдың өзі үш элементі қамтиды, олар 1. Оқиғаның басталуы. 2. Оқиға желісінің ұлғайып, өрістеуі.
-
Оқиғаның түйіні, қорытынды.
Бірінші цикада Ай –қаған атты анадан ғажайып сұлу бір ұл бала туылғаны туралы айтылады.
Екінші цикада сол баланың қырық Конде өсіп, ер жете бастағаны әңгіме болады.
Үшінші, төрттінші циклда Оғыз батырдың аң аулауға шықаны, марал, аю, қаршыға атып алшғаны, соның бәрін жеп қойған жалғыз мүйізді үрейлі жыртқышпен арпалысып, ақыры жеңіп шықаны- қазақ ертегілердегідей сарынмен қызықты етіп баяндалады. Бұдан кейінгі бірнеше цикл-хикая Оғыз батырдың үйленгенін бір інші әйелінен Күң, Ай, жұлдыз екінші әйелінен Көк аспан, тау , теңіз атты балалары баяндалады.
Шығармада Оғыз бюатырдың өзінен бастап, оның ұрпақтарымен айналасындағы адамдардың толық қанды көркем образы жасалған. Автор эпитет, теңдеу метафора гипербола сияқты көріктеу әдістерін зор шеберлікпен қолданады.
“Оғыз-наме ”- генелогиялықө аңыздар негізінде жазылған, қазіргі түркі тілес халықтардың ежелгі тарихынан едәуір мағлұмат беретін, көркемлдік дәрежесі биік, эпостық туынды.
6-лекция.
Әл – Фараби шешендігі
(1 сағат)
Жоспары:
1. Әл –Фарбидің «Өлең өнері туралы трактаты».
2. Әл-Фарбидің бақа да еңбектеріндегі шешендік үлгілері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Әбу Насыр әл-Фараби – дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған данышпан, философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші, ақын.
Ол Арыс өзенінің Сырдарияға құя беріс сағасындағы ежелгі Отырар (оны қыпшақтар Қарашоқы деп. те атаған) қаласында туылған. Ежелгі түркілердің орталық қаласы Отырарды кезінде негізінен Қыпшақ, Қаңлы, Қоңырат тайпалары мекен еткені тарихтан жақсы мәлім. Отырар – бір жағы көшпелі мал. шаруашылығын кәсіп еткен, екінші жағы отырықшы-егіншілікпен айналысатын түрлі түркі ру-тайпаларын өзара байланыстырып тұрған буын іспеттес қала болған. Бұл шаһарды арабтар Фараб деп. атаған. Сол бо йынша, ұлы ұстаз Әл-Фараби атанып кеткен.
Жастайынан асқан зерек, ғылым-өнерге мейлінше құштар болып өскен Әл-Фараби алғашқы білімін туған жері Отырарда қыпшақ тілінде алады. Ол өсе келе өз заманының аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары: Бағдат, Қорасан, Дамаск, Каир, т.б. шаһарларда болды. Сол қалаларда оқыды, еңбек етті. Шығыстың осы шаһарларында ол өз дәуірінің аса көрнекті ғалымдарымен, көркем сөз зергелерімен танысады. Олардан тәлім-тәрбие алады.
Әл-Фараби түркі тілімен қатар араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік білген. Ғылыми шығармаларын, өлең-жырларын өз дәуірінің рухани-ғылыми тілі саналған араб тілінде жазды.
Фарабидің екі жүзге жуық трактаттары белгілі. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетімен таныстыруда зор роль атқарды.
Фарабидің ”Ақылдың мәні туралы трактат”, ”Данышпандықтың інжу маржаны”, ”Ғылымдардың шығуы”, ”Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, ”Аристотель еңбектеріне түсіндірме” (“Поэтика”, ”Риторика”, ”Софистика”т.б.) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты.
Әл-Фарабидің әлеуметтік-қоғамдық және этикалық көзқарастарын танытатын туындылары да аз емес. Бұл тұрғыдан алып қарағанда, әсіресе, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары”, “Бақыт жолын сілтеу”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері”, “Бақытқа жету жайында” деген сияқты еңбектерінің мәні ерекше зор.
Фарабидің әдеби мұрасын меңгеруде оның “Өлең кітабын” жан-жақты зерттеп оқып, үйренудің мәні зор.
“Өлең кітабында” автордың айтпақ болған басты пікірі - өлеңнің ішкі мән-мағынасы мен сыртқы тұлғасы өзара қабысып, логикалық тұрғыдан үндесіп тұруы тиіс. Поэзиялық туындының әрбір буыны, бунағы, ұйқасы, үні, өлшемі, т.б. бір-бірімен үндесіп, дәлме-дәл келіп жатқанда ғана ол оқырманның ойынан шығады. Дарынды шайыр құдды шебер ұста секілді. Қарапайым сөздердің өзінен-ақ таңғажайып өрнектер жасайды.
Әл-Фарабиді өлең табиғатын терең зерттеуші ғұлама-ғалым ретінде танытатын шығармаларының бірі – “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат” болып табылады.
Әл-Фараби өзінің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат” деген еңбегінде ұстазы Аристотельдің “Поэтика” атты зерттеуіне сілтеме жасай отырып, өлең жазудағы ақындық шеберлік пен өнер жайында ғылыми ой-пікірлер айтады.
Фараби поэтикада екі түрлі құбылыс бар деп біледі Олардың бірі-софистика, ал екіншісі-еліктеу. Ғалым бұл екеуі төркіндес емес, қайта олар бір-біріне қайшы келетін ұғымдар, екеуінің мүддесі де екі түрлі екенін ерекше атап көрсетеді. ”Софист тыңдаушы санасында болмыстан тыс, оған қайшы қайдағы бір елес туғызады, сондықтан ол бар нәрсе жоқ, жоқ нәрсе бар деп ойлайды, ал оған қарама-қарсы еліктеуші тыңдаушысына үйлесімге орай ой түюге жетелейді. Оған сезім шарапатын тигізеді.
Сөйтіп, Әл-Фараби грек поэзиясын төмендегідей топқа бөліп сипаттайды, олар: трагедия, дифирамбы, комедия, ямб, драма, эпос, диаграмма, сатира, поэма, риторика, амфигеноссос (космогония), акустика.
Фараби “Өлең өнерінің қағидалары” туралы трактат деген шығармасында ақындарды үш топқа бөліп қарастырады. Бірінші топқа дарыны мол, бірақ өлең өнерінің теориясымен таныс емес ақындарды жатқызады. Екінші топқа өлең өнерімен толық таныс, өлең жазу қағидасын да, бейнелеу құралдарын да, меңгерген ақындарды да жатқызады. Ал, үшінші топтағыларды жоғарыда аталған екі ақындық топқа еліктеушілер дейді.
Әбу Насыр әл-Фараби - өз дәуірінің көрнекті ақындарының бірі. Бұл жөнінде әл-Фараби замандастары және одан кейінірек өмір сүрген Шығыстың көрнекті ақындары, әдебиетшілері және тарихшылары көптеген мәліметтер жазып қалдырған. Мәселен, белгілі араб тарихшылары Ибн Аби Усайба (1203-1270) және Ибн Халликон (1211-1282) өздерінің еңбектерінде әл-Фарабидің араб, парсы тіліндегі жазылған жырларынан үзінділер келтірген. Қазақ ғалымы Ақжан Машанов та Фарабидің өмір сүрген жерлерін аралап, оның ақындық мұрасын халыққа жеткізді.
Достарыңызбен бөлісу: |