16-лекция.
Рим, грек шешендік өнерінің үлгілері мен олардың қазақ шешендік өнеріне ұқсастығы мен ерекшеліктері
(1 сағат)
Жоспары:
-
Олардың қазақ шешендік өнеріне ұқсастығы.
2. Ерекшеліктері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Осы уақытта дейін сан ғасырлық тарихы бар ұлттық шешендік өнері, яғни би- шешендер мұрасы көркем сөз ретінде бағаланды да, әлеуметтік – қоғамдық мәні, мемлекет тағдырын шешудегі ересен қызметі елеусіз, ескерусіз қалды. Көне Еллада мен Рим елінде Демосфен, Цицерон сынды даңқты шешендердің тағдыры мемлекет тағдырымен төркіндес болғаны аян. Олар мемлекеттің көркеюіне, мәңгілік тұғырына жарқырап көтерілуіне, жақсылыққа, бақытқа, жарқын заманға ұмтылуына зор үлес қосты.
Римдіктер сөз зергерлерін төрт топқа жүйелеген. Олар : 1) шеншендер ; 2) философтар ; 3) ақындар ; 4) тарихшылар.
Риторика немесе шешендік өнер ғылымы “өнердің падишасы” ретінде саналған. Ол поэтиканың, логиканың, стилистиканың және грамматиканың өркендеуіне үлкен әсер етті.
Риторика ғылымы төрт бөліктен түзіледі : а) ойлап табу, ойдан шығару, шығарымпаздық ; ә) әшекейлеу ; б) орналастыру ; в) орындау не айта білу.
Сон дай-ақ қазақтың шешендік өнері ұлттық прозаның дамуында, әсіресе, Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің өмірнамасында айқын көрініс тапты. Сондықтан да шешендік өнер мен прозаның біртұтастығына да айырықша зейін аударылды.
Ең бастысы, қазақ мемлекетінің нығаюына, шарықтап түлеуіне ерекше еңбек еткен әйгілі би-шешендер, көреген көсемдер, көріпкел-абыздар Асан Қайғы мен Жиренше, Төле би мен Қаз дауысты Қазыбек, Алшын Әйтеке би мен Сырым Датұлы, Бөгенбай батырдың ұрпақтары Бапан мен Саққұлақ, Абылай ханның бас биі Қарауыл данай мен Ақтайлақ шешен, Байдалы мен Бөлтірік, Жанқұтты сынды дүлдүл ділмарлардың өнерпаздық келбеті кеңінен әңгімеленеді.
Ұлы ойшыл – ақын Абайдың билік-кесімдері, 1885 жылы Қарамолада жазылған ережесі, таңғажайып тапқырлыққа толы асқан шешендігі туралы да сөз болады.
Бір айта кететін жәйт, қазақтың би-шешендерінің дауысы, түр-тұлғасы, өң-әлпеті, қимыл-қозғалысы, мінез-құлқы турасында жазылған ешқандай жазба деректер жоқтың қасы. Иә, ұлттық шешендік өнер өте биік дәрежеде дамығанмен, оның ғылымы кенжелеп қалғыны шындық. Солай болса да, Шығыстың ұлы ойшылы, отырарлық Әл-Фараби, Шоқан Уәлиханов, Алексей Левшин, Адольф Янушкевич, Васили Васильович Радлов, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Әмина Мәметова, Балтабай Адамбаев сынды көптеген шешендік өнердің жұлдыздары бар.
Ерте заманда шешендік өнер Мысыр, Вавилон, Ассирия, Қытай, Үндістан елдерінде өркендеп дамыған. Алайда, осынау өнердің үзілмес тарихы Көне Грекиядан басталады. Өйткені, шешендік өнер қоғамдық қажеттіліктен туды, құлиеленушілік қоғамда әлеуметтік даму өрістеп, демократияның жандануына жойқын қозғаушы күш ретінде тарих сахнасына шықты. Б. з. д. V ғасырдың екінші жартысында грек-парсы соғысынан кейін, Афинада және оның қоғамдық өмірінде мемлекет істерінде, саясат майданында маңызды факторға айналды.
Бұл қасиетті, киелі өнерді ыждаһатпен үйрену әрбір грек азаматының асыл парызы болған. Мінеки, осы уақытта риторика ғылымы шықты. Шешендік өнерге баулитын тәлімгер стаз (ритор) мамандығы пайда болды. Ал оратор – латынша сөйлеу, ғайыпты болжау деген мағынаны білдіреді.
“Риторика” терминдік атауының әуелгі әрі негізгі мағынасы шешендік өнердің теориясы дегенді білдіреді. Сондай-ақ сыртқы сымбаты сұлу, мағынасы кемшін қызыл тіл дегенді сезіндіретіндігі бар. Филология ғылымында риторика мәнерлі сөйлеудің теориясы деп те табылады.
Көне дәуірде шешендік өнердің көркейіп гүлденуінің екі кезеңі болған. Біріншісі, б. з. д. V – IV ғасырлар, Афина елінде сөзі күннің күркірі мен жалт ерткен найзағайындай Периклден бастап даңқты шешен Демосфенге дейінгі уақыт, ал Румде б. з. д. бір інші ғасыр немесе Цицерон заманы.
Ерте заманда адамзаттың рухани болмысының негізгі арналары – риторика мен философия саналған. Әу баста бұл әдебиеттің ми-тамыр жүйесі болып есептелген. Асылы, шешендік өнер және оның теориясы – ұлттық мәдениеттің бөлінбес бөлшегі.
Шешендік өнер мынадай түрлерге жіктеледі:
Саяси тақырыпта сөйлеу.
Салтанатты маслихатта сөйлеу.
Сотта сөйлеу.
Саяси тақырыптағы шешендік, алдымен, тыңдаушыларды сендіруге ұмтылды. Салтанатты жиындағы шешендік тыңдаушылардың көңілінен шығуға әрекет жасайды. Алдыңғысында тегеурінді күш, соңғысында әсемдік тән.
Шынайы шешен салтанатты жиында жақсылық пен жамандықты, сотта әділеттілік пен әділетсіздікті, халық кеңесінде пайдалы мен пайдасыздықты негізге алады.
Ұлттық шешендік өнер ғылымының тарихы, әлбетте, “Шығыстың Аристотелі” атанған отырарлық оқымысты Әбу Насыр Әл-Фарабиден басталады. Ол “Риторика” атты күрделі трактатында ғылыми – теориялық топшылауларын алдымен кәдімгі тәжірибелік іс – мақсаттан, қолдану аясынан туындатады.
Пікір сайысында, тіршілік таласында, дау-дамай үстінде қоғам, адам, жер-су, мемлекет тағдырын, аса мәнді өмірлік мәселелердің түйінін шешуде, келешегін айқындауда риториканың әдісі мен тәсілдерін, шешендік қарым – қабілеттің қыр – сырларын мінсіз меңгеру қажет. Бұл орайда Әбу Насыр әл – Фараби “Риторика” атты еңбегінде шешеннің сөйлеу барысындағы шеберлігіне назар аударады. Нақтылап айтқанда, көз жеткізу, көкейге ұялату, ұғып тыңдау, дәлелді пікір айту, шыншыл көзқарас, тиянақты білім, сөйлеушінің бет жүзі, қимыл-әрекеті сияқты ұғымдарды жіктеп, бажай лап түсіндіреді
17-лекция.
Қазақтың тұрмыс – салт жырларындағы шешендік үлгілері.
(1 сағат)
Жоспары:
-
Халық дәстүрлері мен тапқыр сөздер.
2. Ғашықтық жырларындағы сөз өнері.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Қай халықты алсақ та оның өзіне тән тұрмыс – тіршілігі күн – көрісі, әдет – ғұрпы салты болатындығын білеміз. Қоғамдық өмірдің экономикалық жағдайлардың ішкі дамуына байланысты халықтың тұрмыс – тіршілігі, әдет-ғұрпы, салт-санасы, сана-сезімі дүниеге көз қарасы т. б. өзгеріп отырады. Бір заманда туып бертін келе көп уақыт бойына қалыптасқан белгілі жүйеге түскен дағдыға айналған әдет-ғұрып, салт-сана, алғашқы мазмұнын біртіндеп жоғалта да бастайды, бұлардың орнына қоғамдық таптық тілек жағдайларына сәйкес жаңа мазмұн, түр туады. Ауыз әдебиетінде халықтың тұрмыс – салтына байланысты туған шығармалардың бірнеше түрлері бар. Соның ішінде бастылар мыналар :
1.Төрт түлік мал., еңбек кәсіп жайында.
2.Үйлену салтына байланысты.
3.Діни ұғымға байланысты.
4.Көңіл күйін білдіретін шығармалар.
Қазақ халқы негізінде көшпелі жағдайда болып мал шаруашылығын кәсіп етті. Халықтың күн көрісі, тұрмыс – тіршілігі төрт түлік малға байланысты еді. Жесе – азық, кисе-киім, мінсе-көлік, көшпелі жағдайда өмір сүрген қазақ халқы үшін төрт түлік мал, тіршілік тірегі болды. Ауыз әдебиетінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері өте ерте заманда туа бастаған. Ш. Уәлиханов «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы» деген еңбегінде. Мұхтар Әуезовтің «Қазақ ертектері» туралы жазған зерттеуінде төрт түлік мал жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері осындай сенім нанымдарға байланысты туған. Мұнда әрбір түліктің жаратушы құдайы бар деп білген. Мәселен қазақта «Қазғұрт» жайы деген әңгіме бар. Бұл жырда халық төрт түлік малдың қалай пайда болғанын ескі діни ұғымдарға байланыстыра былай баяндаған. Баяғы бір заманда дүние жүзін топан су басып кетеді, тек қана Қазығұрт тауы аман қалады және осы таудың ығында Нұқ әулиенің кемесі тұрады. Топан қаптаған кезде жан-жануарлар осы кемеге тығылады. Мұның ішінде төрт түлік малдың әр қайсынан тұқым болады. Әр бір түліктен бір-бір тұқым қалады да кейіннен ол өрбіп өседі. Бұл түліктерді топаннан сақтап қалған олардың жаратушысы иелері болады. Жылқының иесі – жылқышы ата кейде қамбар ата деп те атайды, қойдың иесі – шопан ата, түйенің иесі – ойсыл қара, сиырдың иесі – заңгі баба, ешкінің атасы – сексек ата деп. әр қайсына жекелей ат қойды. Бұл түліктердің иелері болғандығын солардың арқасында топан судан аман қалғаныды Қазығұрт тауы дейтін әңгімені жұрт былай деп айтады.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол әулие болмаса неге қалған?
Жетім бота үстінде жатып қалып,
Ойсыл қара жануар содан қалған.
Халықтың төрт түлік мал жайындағы оның қалай өрбіп - өскендігі жайлы алғашқы көз қарасы, ұғым түсінігі осылай болып келген, төрт түліктің өз алдана иелері болуына әрқайсысына жекелей ат қоюына қарағанда біз мысалға алған өлең бертінде шыққан емес. Ол сонау ерте заманда яғни көп құдайға табынған шамандық дәуірде туған деуге болады.
Үйлену салтына байланысты туған өлеңдер. Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет-салты, ырым-кәдесі бар. Соның бірі қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіруге байланысты туған. Мұндай салт қазақта да бар және ол әріден келе жатыр. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған ауыз әдебиетінің ұсақ түрлерін талдамастан бұрын сол салт туралы аздаған деректер бере кеткен жөн. Қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, жастарды үйлендіру салтына байланысты туған және соларды елестететін өлеңдердің бірнеше ұсақ түрлері бар олардың қайсысы болса да әр кездің жағдайына қарай өзгеріп дамып отырған. Той бастар, жар – жар, сыңсу, жұбату, бет ашар.
Діни ұғымға байланысты. Мұндай ұғымдар қазақ арасында өте ертеде Шоқанның айтуынша Шамандық дәуірде көп құдайға сиынған кезде туған. Жаратылыс сыран түсіне алмаған ой - өрісі, дүние – танымы шама шарқы төменгі сатыда тұрған ертедегі адамдар жаратылыста болатын әрбір құбылыстарды ғажайып күш деп ұғынған. Сондықтан сол күштерге мысалы : ай мен күнге, от пен суға табынып, сыйынған. Жаратушы, жарылқаушы деп түсінген, мұнымен бірге М. Горькийдің айтуына қарағанда ертедегі адамдар тұрмыс – тіршілігі, күн-көрісі жолында кездескен қиыншылықтарды жұмыстың ауыртпалығын әр түрлі ырымдар жасап, жеңілдетпек болған. Олар өздері сыйынатын жаратылыстың алуан-құбылыстарына жалбарынып тіл қатқан, тілек тілеген, көмек, жәрдем сұраған. Ертедегі адамдардың әр түрлі жағдайда жасаған әрекеттері олардың ауыз әдебиетінен орын алған. Діни ұғымдарға байланысты туған шығармаларды сөз етенде біз оларды ертеде қараңғылық жағдайда болған адамдардың ой-өрісі, дүние-тану дәрежесі қандай екенін ауыз әдебиетінде қалай суреттелгенін көреміз. Бәдік, арбау, жалбарыну өлеңдері, бақсы сарыны, жарапазан.
Қазақ халқының ертедегі тұрмыс – салтына байланысты шығарған шығармаларының енді бір түрі –адамның көңіл-күйін, қуанышы мен қайғысын, іштей тартан мұң-шерін, ауыр қазаға душар болғандағы күйініш-күйіктерін білдіруге арналған лирикалық өлең-жырлар. Бұл өлең-жырлары арқылы өткендегі адамдар ауыр қаза күйігін серпіп тастауды, оны жеңілдетуді көздеген.
Адамның тұрмыс-тіршілігінде, өмірінде шаттық, қуаныш, ойын-күлкі қандай елеулі болса, қайғы мұң-шер де сондай елеулі орын алған. Бұл екеуін де халық өзінің әдебиетіне қосып бейнелеген. Бірінші шаттық, қуаныш жырын төксе; екіншісінде қайғы – қасірет, күйініш шерін шерткен. Абайды :
Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең, -
дейтіні осы жағдайды көргендіктен айтылған.
Адам баласы қайғы-қасірет, мұң-шер, күйініш-күйік т. б тудыратын жайларға әр түрлі жағдайда душар болған. Біреу баласынан, не жан сүйер жарынан, жар күйер жақынынан мезгілсіз айырылса, болмаса ата мекен қонысынан, кіндігін кесіп, кірін жуған жерінен еріксіз ауса, мұның бәрі адам көңіліне ауыр қайғы түсірген. Бұл аталғандар халықтың ауыз әдебиетінен орын алған, әр түрлі өлең-жырлар тудырған. Қоштасу, естірту, көңіл айту, жоқтау.
18-лекция.
Жиренше мен Қарашаш, Қазыбек, Төлеби, Әйтеке би, Сырым
(1 сағат)
Жоспары:
-
Әңгімелеріндегі шешендіктің үлгісі.
2. Шешендіктерінің классикалық үлгісі, тапқырлығы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Ұлттық сана мен тілінің, рухы мен арман-мұратының ұшан-теңіз ұлылық қасиеттерін ересен қуат-құдіретімен көрсете білген, тәуелсіздік жолында қабырғасы қайысып еңбек еткен көрнекті мәмлегер, арыстан жүректі ер, мемлекет қайраткері-Қаздауысты Қазыбек би.
-Үш жүздің қай батырына ризасың деп сұрағанда Абылай хан айтыпты:
-Мен өзімнен бұрын болған екі кісіге ризамын. Ол Қаракесек Қазыбек пен Уақ Деріпсал.Бұл екеуі де жауға түскен тұтқынды босатып алды. Қазыбек Қалданға барып босатты. Деріпсал өз ауылында отырып, күшпен қорқытып босаттырды.
Бұл орайда айтпағымыз Қаздауысты Қазыбектің буырқанған телегей ойынан туған оюлы сөздерінің, қахарлы айбыны мен айбатының ерлікке, алапат шайқасқа бергесіз екендігі, көзсіз батырлықтың ұшар басына самғап, дүниені дауалы аузымен тастүйін ғып бағындырғаны, киелі өнеріне табындырғаны әдемі жеткізілген.
Тарихи жазба деректерді сөйлетсек, кемеңгер би 1667 жылы Сыр бойында дүниге келген, 97 жасында яғни 1764 жылы көз жұмған. Қаздауысты Қазыбектің тегіне, затына, сүйегіне зер салсақ, Орат жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан шыққан. Әйгілі ділмар Шаншар абыздың немересі, Бұлбұлдың шөбересі. Ал өз әкесі-Келдібек би. Анасының немересі- Тоқмейіл. Қазыбек биден Бекболат би, бұдан Тіленші би. Тіленші би баласы Алшынбай би.Алшынбайдан Бәпи тарайды. Атақты әнші-композитор Мәди Бәпидің ұрпағы.
Қаздауысты Қазыбек би аумалы-төкпелі, күрделі, қилы заманда ғұмыр кешті. Кең байтақ қазақ жеріне бір бүйірден Жоңғар хандығы, екінші бүірден Рейсей империясы, үшінші жақтан Бұхар мен Хиуа хандықтары әбден мазасын алып, әзәзілдік көрсетіп отырды. Жан-жағынан анталаған алпауыттарға қарсы Тәуке хан икемді саясат жүргізді.Сонымен бірге қазақ қоғамындағы жат құбылыстарды, адам бойындағы келеңсіз міндерді құртып-жоюмен шұғылданды. Қоғамды небір дерттерден сауықтыру мақсатында Тәуке хан Үйсін Төле биді, Алшын Әйтеке биді және Қаздауысты Қазыбек биді “Жеті Жарғы” ережесін жасауға жұмылдырды.
Қаздауысты Қазыбек Жоңғария хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған. Бұған ел аузындағы аңыз-әңгімелер куә. Жол бастаған көсемнің, сөз бастаған шешеннің атақ-даңқы бірінші рет атқосшы ретінде ьарғанда-ақ шыққан. Жобамен айтқанда, ХҮІІ ғасырдың 80-жылдарына сәйкес. Жас шамасы 14 пен 15-тегі кезі. 1680-1684 жылдарда жоңғарлықтар қазақ даласына ойран салып, мал-мүлкін алып, кісілерін тұтқындап, қанды қырғынға ұшыратқан. Бұл кезде ел тізгінін ұстаған Тәуке хан еді. Қалмақ хонтайшысы Ғалдан Бошакту еліне Тайкелтір би бастаған елшілер тобын ұйымдастырған Әз Тәуке тәрізді. Сонда Әз Тәуке дана биге Қазыбек баланы тапсырып, жауды алмас қылышпен ойсыратып жеңуге болады, мылтықпен дәлдеп атып жер жастандыруға болады, сегіз қырлы семсер сөзден терең нен толғап елжіретіп жеңуге болады деген екен. Мал-жанды тегіс құтқарып, дүние-мүлікті қазқалпында Отанымызға алып қайтыңдар деп батасын берген екен. Қазақ қоғамында соғыс болсын, ортақ келісімге уағдаласу, мәмілеге келу болсын, сыртқы hәм ішкі саясатта болсын, жер қорғауда болсын-ең қажет қару-шешеннің тілі. Әлбетте, дарынды шешенде білгірлік-біліктілік, алғырлық-тапқырлық, қаhармандық-қайраткерлік, зиялылық-саясаткерлік сияқты ұшан-теңіз табиғи рухани қасиет-қабілеттер мол болса, онда мемлекет жеңіске жетіп, қиындықтан, құлдықтан құтылады. Мерей-мәртебесі, даму дәрежесі жоғары болады. Бұл ретте Қаздауысты Қазыбек бидің Қазақстанның саяси-құқықтық тарихында айрықша тұлға екендігін айтуға болады.
Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ сипаты, тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғаның бірі Сырым Датұлы.
Халық даналығына жүгінсек, “сымбатсыз сұңқар болмас, тұлғасыз тұлпар болмас” дегендей, Сырым шешеннің дене бітімі, кескен-келбеті мінсіз, жан-жақты жетілген, сом болаттан құйылғандай болу керек. Бұған Байбақты руынан шыққан қарындасы елден ерте кетіп, жырақта қоныс теуіп, көрмей-білмей 40 жігіттің ішінен Сырымды жазбай танығанда, сол ауыл ақсақалы: “Сырымды сен қалай таныдың?” –деп сұрайды.
Сол мезетте қарындасы: “Сырымда үш қасиет бар. Біріншісі- батырға біткен тұлғасы, екіншісі- өжет мінезі, үшіншісі- асқан даналығы деп естуші едім. Маған Сырым қыран топшылы, толық денелі, кең иықты, шалқақ төсті, жолбарыс бетті, басы да елден ерек, торсық шекелі боп көрінді”- дейді.
Демек, талант дегеніміз ағзаның ерекше дамуы, орталық жүйке жүйесінің мықтап шарықтауы, белгілі бір қабілеттің биіктеп, кең өріске шығындап шырқауы ғой.
Сырым шешеннің тұңғыш рет билік айтуы былайша екен. Мал өрістен қайтқан кезде, бірі атқа мінген, бірі жаяу кісіні көреді. Екеуара бір түлкі. Шекесі қызып таласқан . Содан Сырымға төрелік айтуды өтінеді. Жаяу адам мән-жайды: “Жаздай осы түлкіні көз жазбай аңдып, алғашқы қан-сонарда қолға түсірем деп”- жүр едім деп түсіндіреді. Ат үстіндегісі: “Бүгін таңертең ерте ізіне түсіп соғып алып едім”- дейді. Мұқият тыңдаған Сырым: “Бұл түлкі еркек болса, аттылы- сенікі, ұрғашы болса, жаяу- сенікі”- деп түйін жасайды. Сөйтсе түлкі еркек екен де, аттылыға бұйырады.
Дүниетанымы терең, түйсігі ерен, білім-білігі кемел өндірдей жас Сырым : “Әйел адамның жүретін жері-ауыл арасы ғана болады. Ал еркек адам қайда бармайды, сірә Сіздің көріп жүргеніңіз ұрғашы түлкі болар, әлі де болса күтіңіз, жүрген болар”- деп тұжырымдайды.
Шынында да жаяу кісі артынан өзі көріп бақылап жүрген ұрғашы түлкіні қолына түсіреді.
Бұл Сырым шешеннің туа бітті қасиеті көрегендігі ме, әлде білімпаздығы ма?
Сырым Датұылының заманында қазақ елінің шұрайлы, нулы, сулы жерінен, құтты- жайлы қоныс-мекенінен айрылып, зар жылаған шағы еді. Патша үкіметі жазалаушы отрядтарына- яғни казак орыстарды қазақ ауылдарына жұмсап , құт-берекесін кетірді. Сонда Сырым батыр адамның сүйегі сырқыраларық сөз сөйлеп, елі мен жерін қорғауға жұртын шақырады. Сырым Датұлы 1783-1787 жылдардағы ұлт-азаттық көтерілістің ту ұстаушысы болады. Адамзат тарихы қанмен жазылған ғой. Қазақ ұлтының басына түскен зұлмат жылдарда, қанды қырғындарда Сырым Датұлы патшаның езгісіне, оның отарлаушылық саясатына және жергілікті жандайшаптарына, арам пиғылды хан-сұлтандарға қарсы күреседі. Ұлт –азаттық қозғалысты қолдамаған, тіпті қарсылық көрсеткен Есім ханды (оол 1598-1643 жылдары билік құрды) Сырым жер жастандырады. Осы оқиғадан кейін Алдар би :
“Қарадан хан болдың,
Айырдан нар болдың
Жоқтан бар болдың,
Көнеден дәурен озды,
Көндей қамқа тозды,
Атадан ұл озды,
Анадан қыз озды !”- деп болған істі қолдайды.
Айбыны асқан Сырым:
-Қарадан хан болсам, халқым қалаған болар.
Айырдан нар болсам, атам жараған болар.
Жоқтан бар болсам, тәңірім қараған болар.
Көнеден дәурен озса, жасы жеткен болар.
Көндей қамқа тозса, жағасы кеткен болар.
Атадан ұл озса, еркіндігі болар.
Анадан қыз озса, еркелігі болар- деп жауап қайтарады.
Шешеннің пайым-парасаты, зерде-зейіні, адамгершілік қасиеттері, жоғары ойлау мәдениеті сөйлеген сөзінене байқалады. Нақтылап айтқанда, ойын дұрыс , мінсіз жеткізу мен ойлаған пікір-лебізінің дұрыстығына деген сенімі. Әсіресе, Сырым шешен тұтқиылдан қойылған сауалдарға ып-ықшам, жинақы жауаптары әзір.
Хан бірде Сырымды:
-Сөз анасы неден?
Су анасы неден?
Дін анасы неден?
Жол анасы неден?- деп тексереді.
Іле Сырым:
Сөз анасы-құлақтан,
Су анасы-бұлақтан,
Дін анасы- ұяттан,
Жол анасы-тұяқтан- дейді.
Осынау Сырым сөдері жоғары танымдық қабілеттен, этикалық –тәжірибелік даналықтан, көрегендік интуициядан туған.
Заманында Сырым жер турасында , адам құны туралы, ұрлық, барымта, мал құны, неке бұзу, куәлік, жер дауы хақындағы алуан-алуан дауларға тура, әділ билік айтып, елдің ақыл-аузы, арқан-қазығы, бүтінші-бітімшісі болған. Өзі айтқандай, “таудан биік көңілмен, теңізден терең ғылыммен” шым-шытырық дау-шарды егжейлі- тегжейлі саралап, жіктеп сөйлеген. Сырым шешенде сыр мен сымбаты келіскен, ауыспалы мәнде шебер қолданылған алмастыру тәсілі жиі.
Сырым сыртқы дүние құбылыстарын айтар ойына негіз, тірек ете отырып, олардың басты немесе қосалқы белгілеріне орай бір-біріне үйлестігін не айырмашылығын әріден толғап сипаттап ойша көрсетеді де, ең соңында түйінді сөзін қадап айтады.
Қазақ мемлекетінің тәуелсіздігі жолында жанқиярлықпен күрескен нағыз қаћармен Сырым Датұлы шешендік өнер тарихында мәңгі өшпес білімді, билік сөздерімен ерекшеленеді.
19-лекция.
Шешен, билердің демократтық, халықтық сипатын ашудағы пікірлерінің маңызы
(1 сағат)
Жоспары:
-
Жер дауы, мал дауы, құн дауы, ар дауы т. б.
2. Даулардың шешілу жолдары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
а) негізгі:
1. Негимов С. Шешендік өнер А. 1997.
2. Адамбаев Б. Халық даналығы А. 1993.
3. Жармұхаммедов М. Шешендік өнер А. 1998.
4. Қосымова Г. Қазақ шешендік өнерінің негіздері А. 2003.
5. Ж. Дәдебаева Ж. Шешендік сөздер А. 1993.
б) қосымша
1. Төреқұлов Н. , Қазыбеков М. Қазақтың би-шешендері А. 1993.
2. Шқанова Б. Шешендік сөздердің жанрлық ерекшеліктері А.1995.
3. Шындалиева М. Шешендік пен ақындықтың дәстүрлі байланысы А. 1996.
4. Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері А. 1995.
5. Бердібаев Р. Кәусар бұлақ А. 1989.
6. Қабдолов З. Сөз өнері А. 2002.
7. Қасенов С. Шешендік тәсілдері А. 1989.
8. Жандыбаев Ғ. Сөз мәйегі А. 1998.
Лекцияның мәтіні:
Шешендік дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал дауы, және ар дауы деп беске бөлеміз. Қалыптасқан мемлекеті, қабылданған заңы жоқ феодалдық қоғамда дбарлық дау талап мәселесі қалыс ағайынның қазылығымен,, жол –жоба білетін тәжірибелі адамдарға жүгінумен шешілген. Халықтың осындай қарапайым тәжірибесінен қазылық институт, билік-төрелік айту дәстүрі, әдет заңы қалыптасқан.
Шешендік дау ұзын түре айтыс, немесе төрелік сөз болуы шарт емес. Әдетте, шешен айтлыс дауда ұзақ сөзбен ұтпайды, бір ауыз ұрымтал оймен ұтады. Шешендік дау дегеніміз – айтыс үстінде тауып айтылған сол бір ауыз айтылған ұрымтал сөз. Ол кейде дау, кейде билік, тіпті кіріспе сөз болуы да мүмкін.
Шешендік сөздердің бірсыпырасы мал дауымен байланысты туған. Әсіресе, осы мал дауына байланысты сөздерде ру басыларының үстемдігі, мал дауына байланысты сөздерде ру басыларының үстемдігі, мал-мүлк теңсіздігі айқын көрінеді. Болмашы нәрсені сылтау ғып күшті ру басылар елсіз ру, момын шаруалардың малын айдатып алып, білсе “барымта”, білмесе “сарымта” деп сіңіріп жіберген.
Ар дауы жеке адамдар арасындағы намыс жыртумен шектелмейді. Жер, жесір, құн, барымта дауларының бәрінде де бір жағынан дүние мүлік таласы болса, екінші жағынган атақ-абырой үшін тартыс жатады. Әсіресе ел-елдің арасында жүргізілетін елшілік келісім сөздерде елші ең алдымен елінің намысын қорғайды. Өйткені, жердің бүтіндігі, елдің дербестігі, әр халықтың өзін-өзі билеу правосы және табан ақы, маңдай термен тапқанына өз иелігі т.б. сайып келгенде, әр халықтың ары мен намысы болып табылады.
Сөйтіп, шешендік даулар екі кісі арасындағы мал-мүлік үшін болатын дау-шардан бастап, екі ел арасындағы мәміле-бітім сөздерге дейін қамтиды.
Қорытып айтқанда – шешендік сөздер, негізінде, халық даналығынан туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Мазмұны халықтың бастан кешірген өмірін, арманы мен қиялн көрсетеді. Өмірге, дүниеге көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді.
Шешендік сөздердің шеберлігі, құндылығы сөз сайысында, алқа топтың алдында бағаланған.
Шешендік сөздерді құрылысына қарай термелі сөз, пернгелі сөз деп екіге бөлуге болады. Құрылысы өлең –жырға ұқсас шешендік сөздерді тертмел сөз дейміз.
Көркем қара сөзбен айтылатын шешендік сөздерді пернелі сөз дейміз. Шешендік пернелі сөздің ерекшелігі сөздері сұрыпталған, сөйлемдері іріктелген, бірі мкен –бірі көлемі жжағынан қарайдлас, ықшам келеді.
Шешендік сөздердің құндылығы тек шындығында емес, ойының тапқырлығында. Қиядан жол, қиыннан сөз табу – шешеннің бағалцы қасиеті.
Достарыңызбен бөлісу: |