Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Живейнов Н.И. Капиталистическая печать США. – М., 1956.
2 Живейнов Н.И. Современная пресса Канады. – М., 1959.
3 Журналистика в буржуазном обществе. - Под ред. Я.Засурского. - М., Мысль, 1976.
4 Зарубежная коммунистическая и рабочая журналистика. - М., 1989.
5 Засурский Я.Н. Научно-техническая революция и журналистика // Вестник МГУ. Сер.10. Журналистика. - 1971. - №4.
6 Землянова Л.М. Современная американская коммуникативистика: Теоретические концепции, проблемы, прогнозы. - М., Изд-во МГУ, 1995. -271 с.
Тақырыпты бекітетін сұрақтар
1. Қазіргі Канада баспасөзiнде қалыптасып отырған тенденция туралы не білесің?
2. Канадада шығатын журнал қандай түрлері бар?
3. Канадада қандай басылымдар тегін таратылады?
4. Канаданың ұлттық басылымдарының ерекшелігі неде?
5. Канаданың қандай бейресми (тәуелсiз) басылымдарын білесің?
6. Канада Коммунистік Партиясын ашық қолдайтын қай апталық газет?
7. «Le Soleil» күнделiктi ең беделдi газеті қай тілде шығады?
8.«Ресей-Канада ақпараттары» тегiн таратылатын апталық газеттің мазмұны қандай?
9. Ең алғашқы айлық-әдеби публицистикалық газет қалай аталады?
10. «Канадский курьер» газеті туралы не білесің?
11. Көрермен аудиториясын зерттеуде қандай қондырғы көмекке келдi?
12. Канада телебағдарламаларын бақылауда ұстайтын ұйым қалай аталады?
13. «Канадиен пресс» агенттiгiнiң қызметiн қай жылы бастады?
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ
ЛАТЫН АМЕРИКАСЫ, АФРИКА ЖУРНАЛИСТИКАСЫНЫҢ
ДАМУ БАҒЫТЫ
4.1 Латын Америкасы, Африка газет-журналдары
Жаңа ғаламның ашылуы кезінде, жер шарының көптеген елі мен территориясы отарлық жаулап алудың объектісіне айналды. Дамушы елдердің тобын құрайтын Латын Америкасының көп елдері, Африканың журналистикасы Еуропалық метрополиялық отарлау жағдайында қалыптасты. Ал Еуропа елдеріндегі мерзімді баспасөз ішкі әлеуметтік, экономикалық, техникалық алғышарттар мен жағдайлардың жандануы нәтижесінде, отар және жартылай отар, капиталисттік даму кезінде, еуропалық державалардың отарлық экспансиясының сыртқы әсерінен пайда болды. Бұл отар және тәуелсіз елдер журналистикасының дамуына ерекше әсер етті. Отар елдердердің мерзімді баспасөзі әр түрлі тарихи кезеңде пайда болды. Оңтүстік Африка және Батыс Африка территориясының бөліктерінде XVIII-XIX ғасыр аралығында алғашқы басылымдар пайда болды. Шығыс және Орталық Африка елдерінде мерзімді баспасөз XIX ғасырдың аяғында пайда болды. Португалияның иеленуінде болған Африка елдерінде 1860 жылы пайда болған баспасөз өте баяу екпінмен дамыды.
Баспасөздің пайда болуы мен дамуы отарлау саясатының ерекшеліктері, метрополияның қарқынды әрекетінің түрлері мен деңгейлері арқылы анықталады. Жалпы тәуелсіздікке дейінгі Латын Америкасы, Африка елдеріндегі журналистиканың дамуында екі жақты тайталас баспасөздер болды. Бірі метрополияның саясатын қолдап, істерін жақтаған, яғни отарлық баспасөз болса, бірі өз елінің қамын ойлаған, халқына жаны ашыған, халықтың санасын оятуға тырысқан баспасөз болды.
Отарлаушы елдердің мерзімді баспасөзі баспагерлердің ұстанымымен, отарлық қоғамның ықпал етуші рөлімен дифференцияланды. Отарлық баспасөз негізгі үш түрге бөлінді: 1) Отаршылдарға арналған басылымдар; 2) Жергілікті халыққа арналған зайырлы (светские) басылымдар; 3) Жергілікті халыққа арналған діни (миссионерлік) басылымдар [1,13-б].
Отаршылдарға арналған басылымдар. Отар және жартылай отар елдерде мерзімді баспасөздің басым көпшілігі сырттан келген элементтің мүддесін қолдады. Ол Еуропалықтар құрған және бағыттаған, отар метрополия саясатының атынан әркет жасады. Олардың ең басты қызметі - отаршылдарға арналған ақпарат дайындап, тарату болды. Мұндай басылымның басым бөлігі жоғары дәрежедегі шенеуіктерге, коммерциялық шеңберге арналып, кейіннен оларға білімді жергілікті элита өкілдерінің тобы кірген қауымға арналады. Отаршылдарға арналған басылым беттерінде көбіне еуропалықтардың ақпараттандырылуы, яғни олардың күнделікті оқиғалары және мерекелері, отар әкімшілігінің әрекеттері жарияланып тұрды. Осындай басылым беттері метрополиядан шыққандарға өз елінің мәдениетімен байланысын үзбеуге, ностальгиялық көңіл-күйге түсулеріне көмектесті. Отаршылдарға арналған мұндай басылымдарда еуропоцентризм рухы болды және еуропалық нәсілдердің ойы насихатталды.
Испан отарындағы XVIII ғасырда жарық көрген алғашқы газеттер осындай мазмұнда болды. Олар Мехикода 1722 жылы негізін қалаған, ай сайын шығып тұратын «La Gaceta de Mexiko y Noticias de Nueva Espana», Гватемалдағы «La Gaceta de Goatemala» газеті 1729-1737 жылдары шыққан, 1743 жылы Перуде шыққан «La Gaceta de Lima» және басқа сол кездегі бұл газеттер отарлық саясат қаулыларын, бұйрықтарын жариялады. Осының арқасында испандықтар өз елінің жағдайын біліп, ақпарат алып отырды. Бірақ тұрғылықты елдің жаңалықтарын көрсететін ақпарат үлесі өте аз болды. Жергілікті сауатсыз тұрғындар – үндістер, өз елін езгіге алғандардың тілін білмейтін адамдар бұл басылымдардан ақпарат алудан біржола айырылды [2,56-б].
Жергілікті халыққа арналған зайырлы басылымдар. Отардағы миссионерлік мектептер мен зайырлы (светские) еуропаланған білім мекемелері жергілікті халық арасында метрополияға әсіресе оның саяси-әлеуметтік, мәдени-діни институттары мен құндылықтары алдында тәуелділік орнатуға негізделді. Жергілікті халықтың ішінен сауатсыз адамдардың көбеюіне байланысты патенциалды аудиторияға арналған жергілікті баспасөз пайда болды. Миссионерлік қызмет пен еуропаланған білім отаршылдық қоғамдағы жергілікті тұрғындарға және оларды шетел үстемдігіне бағыну рухында тәрбиелеуге шақыруға арналған басылымдар үнемі жарияланып отырды. Осы мақсатпен Алжирде отаршылдық кезінде «Al Mubashir» («Радостная весть») және «Al - Akhbar» («Новости») газеттері басылды. Араб тілді басылымдар жергілікті халық арасында көп тарап, мемлекет территориясындағы отаршылдар қызметінің нәтижесін асырып айту негізінде Францияның цивилизациялаушы миссиясын танытты.
Миссионерлік басылымдар. Еуропалық миссионерлердің (дін таратушы) қолдауымен жергілікті тұрғындарға діни мазмұндағы газеттер де арналып шығарылды. Ол басылымдар отар елдің тілінде басылып отырды. Мерзімді баспасөздің отар елдің тілінде шығуы миссионерлік қызметтің жергілікті тұрғындарға арналған жаңа ойлап тапқан бір пішіні болды. Мұның басты мақсаты еуропалық християндық цивилизацияның құндылығын, үстемдік құрып отырған елдің діни көзқарасын насихаттап, таралуы және жергілікті тұрғындарды рухани жағынан қайта бағдарлау саясатын ұстанды. Миссионерлердің арасында қайсар, адалдары да болды. Олар жергілікті тұрғындардың балаларын оқуға үйретіп, мектеп, ауруханалар салып және оларға арнап жазу үлгілерін жасап шығаруға көмектесті. Мысалы, француз миссионерлері жаңа Вьетнамдық жазу үлгісін жасап шығарды. Бұған қарамастан діни миссионерлердің қызметі және олардың шығаратын газеттері отарлаушы экспансияның басты мақсатымен обьективті түрде сәйкес келіп отырды. Кейде миссионерлер жаулап алуға бара жатқан елге отарлаушы армиядан бұрын барған. Осылай Германия миссионерлерінің қолдауымен және олардың жергілікті халықтың тілінде шығатын діни газеттері арқылы XIX ғасырдың соңында өзінің Шығыс Африкадағы африкандық территориясының бөлігінде үстемдігін құруды дайындады. Бұл үстемдік бірінші дүние жүзілік соғыста метрополияның жеңілісіне дейін сақталып келді.
Алғашқы патриоттық басылымдар. Бұл газеттер өз тағдырын өзі шешу мен өзін-өзі билеу талаптарын орындады. Антиколониалдық ұранды насихаттаған, жергілікті тұрғындардың мүддесін қорғайтын ұлттық басылымдардың шығуы отар елдердегі алғашқы патриоттық бағыттағы «кең таралмаған» басылымдардың пайда болуына әкелді. Метрополияның езгісіне қарсы сыни қөзқарастары бар патриоттық басылымдар әлі де отаршылдық тәуелділіктен құтылуға шақырған ұрандарын толығымен білдіре алмады. Соған қарамастан мұндай басылымдар бұрынғы жартылай отар мен отар елдердің ұлттық журналистикасының негізін салды.
Отар және жартылай отар елдердегі ұлттық баспасөз. Жергілікті тұрғындардың өзіндік сана-сезімінің дамуына байланысты оппозициялық реформаторлық-ағартушылық басылымдардың орнына ұлттық баспасөз органдары келді. Ол халықтың ұлттық тәуелсіздігін, антиколониялдық позиция мен саясатты ашық түрде жариялады. Отар және жартылай отар елдердегі ұлттық баспасөзі өзінің географиялық аймағына байланысты бір-бірінен ерекшеленіп отырды.
Латын Америкасы елдеріндегі ұлттық басылымдар әлсізденіп қалған метрополияның қыспағына қарсы шығып, бұрынғы Испания мен Португалия отарының босап шығуымен аяқталған XIX ғасырдың бірінші ширегіндегі антиколониялдық соғыс кезеңінде пайда болды. Сол кезеңдегі ұлттық басылымдардың айқын мысалы ретінде 1810 жылы шыққан Мексиканың дін қызметшісі Мигель Идальгоның «El Despertador Americano» («Пробудитель Америки») газеті. Ол отаршылдық кезеңіндегі енжарлық пен бағыныштылық көңіл-күйді жеңіп шығуға мүмкіндік туғызып және азаттық идеясының кең таралуында үлкен жол салды. Антиколониялдық соғыс кезеңіндегі жетекші саясаткер, публицист және қолбасшы болған Симон Боливар «Латын Америкасында азат етуші» деген атақ алған, ол 1818-1821 жылдары «El Correo de Orinoco» («Почта Ориноко») газетін Оңтүстік Америкадағы Испан билеуші тобының жойылуы мен тәуелсіздігіне жақтас болғандардың әрекеті мен мақсатын насихаттау үшін пайдаланды. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Африка, Араб елдеріндегі отар және тәуелді мемлекеттердегі жергілікті халықтың еурополық метрополиядан азат болу мен өзін-өзі басқару талпыныстарын білдірген ұлттық басылымдар пайда болды [3,14-б].
Аймақтық халықаралық журналистік ұйымдар. Екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі жылдары әлемнің түкпір-түкпірінде журналистік халықаралық аймақтық ұйымдар пайда бола бастады. 1942 жылы Америкааралық баспасөз қоғамы (АБҚ) құрылды. Латын Америка журналистер ұйымы ретінде құрылып, ол өзінің құрамын өзгертті және Каракастағы 3 конгресс қызметіне бағытталды (Венесуэла. 1945ж). Сынға жауап бере отырып «АБҚ» өз қызметін атқарудағы онжылдықта қол жеткізген жеңістерін атап өтті. Қоғам және оның құрылымына сай қызмет атқаратын комитет Бразилия тәжірибесіндегі ақпарат бостандығының цензурасын тоқтатуға 1978 жылы қол жеткізсе, әскери билік тартып алған Перуліктерге жекеменшік газеттерді қайтарып беруге 1980 жылы зор ықпал етті.
МОП-тың құрамынан шыққан ассоциациялар Латын Америкасы елдеріндегі БАҚ-та қызмет атқаратын журналистердің жаңа ұйымын құру туралы шешімге келеді. Алайда бұл шешім 1975 жылы Мексикада өткен Латын Америкасы журналистердің бірінші конгресінде ғана жүзеге асты. Бұл жиында Латын Америкасы Журналистер Федерациясы (FELAP) жарияланды. Әлем бойынша басқа да аймақтық, халықаралық журналистер ұйымы көптеп кездеседі: африкалық журналистер кеңесі, араб журналистерінің ұйымы т.б.
Таблоидтарға тән ойдан шығарған оқиғалар, өсек-аяң оқырмандарды тарту мақсатында басылып отырды. «Мен оларға қалағандарын беремін», - деп жариялады таблиодт басылымның шығарушысы Хармсуорт (нәтижесінде лорд Нортклия атағын алған) оқырманның назарын өзіне аудару үшін («төменгі сатыларды» танытқан) таблоидтар бұқараның ойында жүрген әлеуметтік стереотиптегі мәтіндік материалдар мен иллюстрацияларға толы болды. Аудиторияның сексуалдық инстиктеріне де көп мән берді. «Таблоид» ұғымы «сенсациялық», «жанжалдық басылым» сөзінің синониміне айналды. Таблоид басылымының нәтижесінде «жанжалды» журналистік қызметіне тән «таблоидтік журналистика», «таблоидті телеарна» сияқты ұғымдар пайда болды.
Ағылшын-американдық таблоид баспасөзі Еуропа, Азия және Латын Америкасында еліктеу туғызды. 1920-1930 жылдары таблоид типі Мексика, Бразилия, Кубада пайда болды. Гаванада америкадық үлгіде «La Prensa» («Баспасөз») «LA Vos» («Дауыс») таблоидтары шықты. Олар материалдарының жанжалдық сипатының арқасына атышулы қылмыстар тарихын қамтитын «қызыл хрониканың» арқасында көпшілік сұранысына ие болды.
Африка мерзімді баспасөзінің дамуы. Африканың бұқаралық ақпарат құралдары дамудың күрделі кезеңін басынан өткізуде. Бұл құрлық үшін ХХ ғасырдың басы қарқынды кезең болды. Колониялық жүйенің таратылуы, тәуелсіз мемлекеттердің нығайа түсуі, нәсiлшiлдiк және апартеид бекiнiстерiндегi өкiметтiң өткелi, Оңтүстік Родезия мен Оңтүстік Африка Республикасындағы үздіксіз азамат соғыстары, төңкерiстер ұлттың дамуына көп кедергі жасады. Батыс елдері нарықтық экономикада социалистік бағытта ұзақ уақыт көршілес қарым-қатынаста болды, даму жолын таңдау және де көпшiлiгiнде ұлттық БАҚ-тардың қалыптасу ерекшелiгi де алдын-ала анықтала бастады. Әлемдегі күрделі саяси үдерістер Африканың ішкі жағдайына және БАҚ саласына әсер етпей қоймады. «Африкадағы күрделi және қарама-қайшы өзара әрекеттесулерi Солтүстік пен Оңтүстік, Батыс пен Шығыс кешенге қосылды. Әр түрлі бағытта дамыған капиталистiк және дамымаған елдердiң қатынастарының құрылу үдерісi күрделі болды. Африкада Батыстың саяси және идеологиялық бағыты маңызды орын алды және АҚШ едәуір дәрежеде ықпал етіп, оқиғаның заңдылығына талдау және «үшінші әлем» ақиқаты, сондай-ақ журналистиканың теориялық құрылымы мен модинфикациясын айналып өте алмады. «Африка құрлығының үнемі алға талпынысы Батыс державаларының жетегімен іске асты, олардың африкалық саясатының кейбiр тенденциялары ортақ болды. Алайда, әрбір державаның, өзіне лайық тарихи тәжірибесімен, отар және метрополистің өзара әрекеттесуi бiрдей тәжiрибемен, өзінің спецификалық ерекше мақсатымен және «үшiншi әлемдегi» олардың табысының өз ерекше құралдары арқылы іске асты. Дамыған капиталистiк елдердiң Африка аумағына кірігуі Батыс мемлекеттерінің көзқарасымен дәлелденеді» [3,45-б], - дейді С.М. Виноградова. Бұл бақылаулар күнделiктi тәжiрибемен расталып отыр.
Арнайы құрылған комиссия Макбрайда дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы елеулі айырмашылықтың бар екенін айқындап берді. Көп Африканың саяси қайраткерлерi социалистiк қоғамды құруда жаңа халықаралық ақпараттық және коммуникациялық дәрежеге көтерілеміз деп ойлады. Өкінішке орай, бұл қол жетпейтін арман екенін көрсетті. Социализм жүйесімен бірге жаңа халықаралық ақпараттық және коммуникациялық жоғары дәрежеге көтерілу сенімі бірге құлады. БҰҰ мен ЮНЕСКО-ның қабылдаған қаулысы он жылдан кейін «байлар» мен «кедейлер» арасының алшақтап бара жатқанынын көрсетті. Оқиғалардың бұлай өрбуін зерттеушiлер алдын-ала болжады. Розалинд Эйнсли өзінің 1966 жыл жазған атақты «Африка баспасөзi» атты еңбегінде: «Өз алдына экономикалық дамуда «шешімді» мақсатты қоя білетін үкіметтер бұқаралық ақпарат құралдарын «қару» ретінде қолдануды алға тартады, сондай-ақ бәсекелес коммерциялық БАҚ-қа лайықсыз жайттар айқындалады, әсіресе, бұл баспасөз шетелдіктерге қатысты. Социалистік бағыттағы елдердің жекелеген кәсіпкерлер, коммерциялық жарнама саясатқа кері әсерін тигізуі олардың күрделі мәселесіне айналды. Бүгінде шетелдік кәсіпорындармен бәсекелестікке түсу қиын, дегенмен, болашақта олар бағыттан таюы ғажап емес деген сенім болды. Мұндай БАҚ-қа бүкiл әлемде төңкерiс жасайтын газет iсiндегi техникалық революция жердiң жасанды серiгi көмегiмен суреттердi шығару арзан және оңай болады, табандатқан газет жолақтарының олардың көмегiмен берiлуі қазiр мүмкiн болды. Африка елі үшін жергілікті баспасөздің тез және тиімді дамуы үлкен жетістік, алайда болашақта халықаралық ірі компаниялармен салыстырғанда олардың өнімдері бәсекелстікке жарамай қалатынын түсінді» [7,56-б],-дейді. Қалай болғанда да құрлықтағы ұлттық баспасөз колониальдық жүйе күйреуінен кейін қиындықтарға қарамай дами бастады. Өздігінен тәуелсіз массмедианың қалыптасуы күрделі үдеріс, ол саяси тұрақсыздығымен де ерекшеленді және жаңа қалыптасқан мемлекет экономикасында, саясатында, идеологиясында біліне бастады. Сонымен қатар - «араласпай тыныш қалу» атты бұрынғы метрополийлардың позициясы, өзге мемлекеттер жағынан квалификациялық көмектің жоқтығына әкеліп соқты. Бұқаралық ақпарат құралдарының пайда болу, қалыптасу және даму кезеңдерін бастан өткiзетін уақыт келді.
Баспасөзді, радио мен телевидениені дамыту Ресей және шетел зерттеушілерінің көтеріп келе жатқан, бүгінде өзекті шешімді талап ететін мәселесі. Қоғамдық-саяси болмыс пен Африка журналистикасының тенденциясы бір бірімен тығыз байланыста дамып, әсіресе, сауатсыздықты жоюға, Тропикалық Африкадағы тіл мәселесіне баса назар аудару мәселесіне көп көңіл бөлінді. Ресейден шығатын «Курьер» журналы (ЮНЕСКО) 1988 жылғы тамыз айындағы санын Африканың ауылдық баспасөзіне арнады. Онда: «Бүгінде Африкада 1000 адамнан тек 15-і ғана күнделікті газетпен қамтамасыз етіледі. Ал БАҚ өнімін пайдалану үлкен мәселеге айналуда, әсіресе, аграрлық аудандарда халықтың 80%-ы 800-ге жуық ауызекі тілде сөйлейді. Алайда, баспасөзді шеттегі селоларды дамытудың ұлттық бағдарламаларын бағалы iске асыруға араласуда, олардың ғажайып қосымша материалдарымен оқып-жазуға үйренуiнде құрал-жабдықтар маңызды рөл атқарады. Осы тұрғыда ЮНЕСКО бірнеше жылдардан бері өзге елдермен ынтымақтаса отырып, ауылдық газеттердің шығуына, журналистердің тәжірибе алмасуымен қатар оларды қажетті жабдықтармен қамамасыз етуге күш салды. Ағымдағы шаралардың бiрi – Африкның Батыс және Орталық Ақпарат агенттiктерiнiң дамытуы бойынша жоба («WANAD») Котону (Бенин) базасында іске асып 13 ұлттық агенттікті қамтамасыз етті. ЮНЕСКО бастауымен 1984 жылы («WANAD») жобасы бойынша журналистердің халықаралық қатынастар, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, экология саласынан хабардар болуды оқыта бастады. Осындай жоба «SEANA» оңтүстік және шығыс Африкада да көрініс тапты»[5,76-б],-деп жазады. Көп зерттеушiлер Бенинге өзiнiң лабораториясы сияқты қарады, демократиялық құрылымдарды сынады, бұқаралық ақпарат құралдардың дамуы бойынша басқа елдерге қарағанда Бенинде демократиядық режимнен авторитарлық режимге өту үрдісi тез iске асты. Зерттеуші А.Шилов: «Демократизация идеясы алдымен баспасөзде талқыланып, насихатталды. Кейіннен барып өкіметтік органдарда, қоғамдық ұйымдарда мәселе ретінде көтеріле бастады»[5,77-б],-дейді. Бұл кезеңде дамыған елдер мен дамушы елдер арасындағы алшақтық кеңейе түсті. Адамзаттың дамуына БҰҰ-ның арнайы мамандарының айтынша үш фактор әсер етеді, өмір сүру ұзақтығы, білім деңгейі және әр адамға шаққандағы табыс көлемі. Осы кестеге сәйкес Африка елдері 22 соңғы орындарда орналасқан 174-153 дейінгі аралықта, ОАР 101 орында екен.
Африка елдерінің арасында да өзара айырмашылық бар. Нигерия мен Оңтүстік Африка өлкесінің жалпы ұлттық табысының жартысына жуығын игереді. Тұрғындардың жалақысын көтеру және инфляцияны төмендету мақсатында Африка елдері 1900 жылдан бастап экономикалық және құрылымдық реформаларды іске асыруда. Алғашқы нәтижелері тек 1990 жылдың ортасына таман байқала бастайды. Экономикалық жағдай біршама жақсарып, 48 мемлекеттен 40 ел халық табысын жоғарылатуда аздаған нәтижеге қол жеткізді. Сахараның Оңтүстігіндегі бірқатар елдер, сондай-ақ Эфиопия, Мозамбик, Руанде, Уганде және Маврикида, табыс көзі 1992–1994 жылдары 1%-дан 1995–1998 жылдары 5% -ға дейін көтерілді. Өзге де елдерде ҰЖТ ақырындап жоғарылай бастады. Аймақтағы инфлияция 1994 жылы 60%, 2008 жылы 10% төмендеді. Өкiнiшке орай, континенттегi кедейлiк, инвестицияның жеткiлiксiздігі барлық жерде осы күнге дейін жойылмай келеді. Біршама елдер сыртқы көмекке бұрынғыдай тәуелдi. Кедейшілікпен күресте айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу үшін, мысалы, дамыған елдердегі бүгiнгi табыстың әр адамға шаққандағы жартысы Африкада жыл сайын табыстың өсуi ең болмаса 8-9%-ке дейiн жоғары көтерiлуi керек екен.
Африкадағы жалпы саяси ахуал дүниежүзілiк саясаттағы күрделi үрдістермен қатар дамыды. Бенинде БАҚ үшiн өзгерiстер көп болған, бұрын Бениндегi Шығыс және Орталық Еуропа елдерiндегi өзгерiстермен бiр уақытта баспасөз бостандығы және сөз бостандығы үшiн алғышарт жасаған маңызды саяси өрнектеулер өткенде 1990 -1991 жылдар болатынын атап өту жеткiлiктi. А. Ньянгенон: «Саяси өзгерістер 1990-2000 жылдары Бенинде бұқаралық ақпарат құралдарының еркiн қызметi үшiн алғышарттарды жасады. Ол өз дамыуында сапалы жаңа кезеңге аяқ басты. Бенин экономика мен саясатта терең толғаныстарды басынан кешірді. БАҚ өкiлдерi мұндай шарттарда түсініксіз күй кешті. Олардың бірі тек мемлекеттік қызметте істегендіктен жоғары жақтың бұйрығына үйреніп қалды. Енді бірі баспасөзді дербес институт ретінде танымады. Алдыңғы өкiметке қарсы тәуелсiз жасырын күрестерi нәтижесіне қарағанда саяси журналистиканың ортасы еркiн болды»,-дейді. Саяси билік пен баспасөз арасындағы қиын қатынастар еркiндiк пен оған қажеттiлiк жолын іздеді. Болып жататын саяси-экономикалық өзгерудiң Бениндерiндегi фонында көздiң нүктесiмен этнолингвистикалық және әлеуметтiк-экономикалық дамудың үрдістерiнде құрылымдық қайта құру қажеттiлiгін туғызды. Демократиялық институттардың ары қарай күшеюiне қоғамдық пiкiрталасқа қалың бұқара топтарының тартылуы себеп болды. Дегенмен (ресми және талғаулы) әр түрлi нарықтық тетiктерiнiң кеңейтулерi шарттарда өте қиын болды». Автор 1960 жылы Бенинде Баспасөз туралы Заңның қабылдануы елдің қоғамдық-саяси өмірін үлкен өзгерістерге ұшыратты. Он шақты жыл ішінде баспасөз басынан қиын, қарама-қайшы елдiң колониальдық тарихының тенденцияларын кешіргенін байқалады. 1990 жылдардың басында Бениннің қоғамдық-саяси ахуалының дамуында баспасөз қызметінде жаңа алғышарттар пайда болды. Мемлекеттiк монополия он жылдықтан кейiн баспасөзде жаңа толғаулы мәселелердің пайда болуы елдiң қоғамдық-саяси өмiрiне үлкен ықпал етеді. Тәуелсiз газеттері «Газет дю Гольф» пен «Там-там Экспресс» халықтың саяси белсендiлiгiнiң жоғарылауын мен жастардың жаңа саяси құрылымдарға қатысуында маңызды рөл ойнады. Бенинiндегi баспасөздің құқықтық жағдайы көрсеткендей баспасөздің заңға сүйенген жағдайы ерекшелiктерiн талдау туралы, заңда газет пен журналды иелiктiң тiркеу әдiсi көрсеттi. Заңның бiрiншi баптарында баспасөз бостандығы, өндiрiс құралдарының бостандығы және шығарылған өнiмнiң еркiн таралуы және баспахана және баспаханадағы мемлекеттiк монополиясы анықталды.
Баспасөз бен билік қатынасы, журналистер құқығы, мемлекеттiк мекемелердегi мәлiметті алу жолдары көрсетілді. Заң журналистер құқығының ақпарат жинаудағы қызметінің кеңеюіне көмектесті. Егер саяси еркіндік болмаса Бениннің баспасөз тарихы сөз бостандығының халықтың ойын еркін жеткізе алатынына кепіл бола алмайтынын дәлелдеді. Бұл Баспасөз туралы Заңның күшi атқарушы және заң шығарушы билiктiң заңның негiзiнде жасаған ұстанымдары қабылданады. Өйткенi өкiметте баспасөз басқаруда мүдде үшiн қызмет етуi керек деген қағида пайда болды. Африка континентіндегi көп тiлділік баспасөзді дамытудың маңызды тежеуiші болды. Мұндай жағдайда де-фактоның отаршылдары этникааралық қарым-қатынас тілі болып қала береді. Дегенмен, тұрғындардың көп бөлігі өз сауатсыздығынан өз тілін де, шет тiлiн білмеді. Негiзгi адам ойын жеткізуші тiл - коммуникацияның ажырамас бөлiгi болып табылады. Ақпараттық үдерiске әр түрлi қалың бұқара топтарының тартылуы әрбір тұрғынның мәдени деңгейiнің жоғарылауымен байланысты бағаланады. Африкадағы ақпараттық үдерiстердi демократияландыру тұрғындар арасындағы сауатсыздықтың жоюылуымен байланысты еді. Көп елдерде 1990 жылдарға дейiн сауатсыздықты мектептерде жою, балалардың жүз пайыз тіл үйренуi үшін курстар ашылды. Бұл жасөспiрiмдер арасындағы сауатсыздықтың бiртiндеп жоюылуына, өз кезегiнде жастар арқылы потенциалдық оқырмандардың санын көбейту міндетті болды. Өкiнiшке орай, Африкадағы бiлiмнiң көп бағдарламалары жүзеге аспады.
Ақпараттық айырбас процесi мәлiмет және оның берiлуi мүмкiндiгінің бар болуына күдікпен қарады. Идеялар және зияткерлiк ойлар қызу деңгейде берiледi. Ең алдымен, ой сөзбен берiледi, сөз негiзiнде қалыптасады. Әрбiр сөз, сөздегi нақты мазмұн және мән көрсететiн нақтылы семантиканы құрайды. Коммуникация үрдісiнде аудитория лексика семантикасын меңгередi. Сондай-ақ коммуникатор мен аудитория арасындағы сөздер мағыналас болуы тиіс. Африкалық елдері жалпы қоғамдық-саяси лексика интеллигенцияның шеңберлерiнен шығады. Сауатсыз халықтың өмірде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болу үшін бұрынғы колонизаторлардың тілінің басымдығына қарамастан, күнделікті жалпыға түсінікті тілге аударуға мәжбүр болды. Мұндай қадам экономикалық дағдарыстан шығу бойынша экономиканың демократиялық қайта тууы, көп партиялық жүйе, заңға сүйенген мемлекет жаңаруы, жекешелендiру, бағдарлама, дамыту бойынша экономикалық әрiптестер, шетелдiк несие берушылар және инвесторлар, адам құқығы, сөз бостандығы тағы басқалар ұлт тiлдерiнде көбіне кездесе бермейді.
Африканың барлық елдерінде отаршылдық кезінде шамамен 170 күнделікті газет шығып отырған. Олардың көбінің таралымы бірнеше мың данаға жетпеді. Керісінше, анағұрлым азайды. Соның қатарында, Чадада күнделікті газеттер отарлау кезіңде мүлдем шықпаған. Ал, шығарылып тұрған газеттер бюллетендер, ресми ақпарат толықтыруға ұқсас болған. Оның басты себебі, Африка елдері тұрғындарының этноқұрамы мен ерекшеліктеріне, әр түрлілігіне байланысты. Аталмыш құрлықтың тұрғындары 800 тілде сөйлейді. Ал, бір елдегі азаматтардың ондаған тілде сөйлеуі мұнда әдеттегі көрініс. Айталық, тек Нигерия тұрғындарының өзінде 250-ден астам тіл мен диалектілер бар екен.
Көп тілділіктің салдары мерзімді баспасөзді бұқаралық ақпарат қатынасының құралы ретінде пайдалануға елеулі кедергі келтіріп отыр. Африканың жағдайында қарым-қатынас жасаушы тіл ретінде біреуін ғана пайдалану тиімсіз көрінеді. Себебі, жергілікті тілдердің көбі жазу немесе әдеби тілдің формасына еніп үлгермеген, отарлаушы елдердің тілдерін тұрғындардың 10 пайызын ғана құрайтын оқымысты африкандықтар біледі екен. Сонымен қатар, африкандықтардың дәстүрлі мәдениетінде ақпарат таратудың ауызша формасы басымдық танытып, әлеуметтік өмірде жазба түріндегі қарым-қатынас аса зор рөл атқармаған.
Тұрғындарының этноқұрамы әртүрлі болып келуі жарнама қызметінің кірісіне негізделетін жекеменшік мерзімді баспасөздің экономикалық кепілді негізін жасауға айтарлықтай нұқсан келтірді. Себебі, көп тілдік қарым-қатынастың орын алған жағдайында жалпы халықтық кең арналы ақпарат қабылдаушыларын қалыптастыру мүмкін емес еді. Жарнама нарығының аясы тар және көптеген африкандықтардың сатып алу қабілеті төмен болды. Отарлық саясат бұғауынан шыққаннан кейінгі он жылда жекеменшік баспасөз Мадагаскар, Кения секілді санаулы елдерде ғана шығарылды. Жоғарыда аталған факторлармен тәуелсіздік алған Африканың көптеген елдеріндегі ұлт зиялыларының саяси бағыт-бағдары негізінен саяси баспасөзді дамытуға қарай ойысты. Нәтижесінде Африканың партиялық баспасөзінде билік басындағы саяси күштердің басылымдары жетекші рөл атқарды [4,3-б].
КСРО-да саяси қайта құру басталып, кейін одақтың күйреуі, социалистік жүйенің ыдырауы Африка мен дамушы елдердің бәрінің жаңаша өмір сүруіне ықпал етті. Кеңестік жүйенің ықпалында болған Африка елдері үшін «СЭВ-тің» экономикалық көмегі, саяси және әскери қолдауы көзден бұлбұл ұшты. Үнемі сырттың көмегіне сүйеніп келген елдер енді Батыс елдерінен демеуші іздеуге мәжбүр болды. Батыс донорлары олардан қоғамдық-саяси өмірді либералдық жағдайға көшіруді талап етті. Сонда ғана экономикалық, техникалық жағынан көмек көрсетілетіндігін мәлімдеді.
Сексенінші жылдардың екінші жартысы мен тоқсаныншы жылдардың басында Африкадағы елдердің ұлттық баспасөзінің жүйесі мен БАҚ журналистерінің қызметіне елеулі өзгерістер жасалды. Бірқатар елдерде тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде қалыптасқан саяси жүйені жаңарту, демократияландыру секілді талпыныстар жасала бастады. Олардың ішінде билеуші партияның монополиясын жою, көп партиялық жүйені мойындау, БАҚ-ты саяси пікірдің әртүрлі мінберіне айналдыру, баспасөзді үкіметтің қатаң бақылауынан азат ету, жекеменшік газет-журналдар шығару, құқықтық аураны қалыптастыру, мемлекет пен үкіметтің қызметтерін БАҚ арқылы сынауға нақты мүмкіндік жасау, сын жазған журналистерді қорғау секілді мәселелер үшін игі қадам жасалды [5,82-б]. Аталмыш тұста құрлықтың кейбір елдерінде ресми биліктің саясатын, тәртібін қолдау бағытын ұстана отырып, оны әлсін-әлсін қатаң сынға алатын жекеменшік баспасөз көбейіп, балама ақпараттар тарата бастады. Олардың қаржы-қаражаттық негіздерін коммерциялық насихаттардан, жарнамадан түскен табыстар құрады.
Халықаралық валюта қоры, әлемдік банк секілді ірі қаржылық донор ұйымдар жеке секторды қолдау нұсқауларын қабылдауының нәтижесінде Африка елдерінде жеке еңбекпен шұғылдану үрдісі қарқынды өрістеді. Нәтижесінде, жарнама нарығы кеңейіп, газеттер таралымының өсуіне игі ықпал етті. Балама ақпарат таратушы баспасөз бұрын жабық болған, тіпті айтуға тыйым салынған жаңа деректер мен тақырыптарға деңдеп енді [6,35-б]. Мемлекет пен үкіметтің жоғары лауазымды игеріп отырған ірі шенеуніктердің билікті асыра пайдаланған заңсыздықтарын әшкерелеуде маңызды міндет атқарды. Саяси жүйені либералдық бағытқа бұру арқылы елін жаңартуды талап еткен әлеуметтік топтарға балама баспасөзге сүйеу бола білді. Айталық, Бенинде жекеменшік балама баспасөз бір партиялық жүйеден көп партиялыққа көшу ісінде шешуші рөл атқарғаны жоғарыдағы сөзімізге дәлел бола алады.
Латын Америкасы журналистикасы. Азия, Африка елдерімен салыстырғанда мұнда журналистика біршама тұрақты, жақсы дамыған. Бір уақытта, Латын Америкасы журналистикасы үшін айтарлықтай экономикалық жағдайы ауыр «үлкен» астаналық баспасөз және өзге де мерзімді басылымдардың арасында (меншікке байланысты – жеке меншік) жіктеу тән болды. Орталық пен Шығыс Американың біршама елдері тұрғындарының көп бөлігі тек индиан тілдері кечуа, аймара, гауарани т.б. сөйлейтіндеріне қарамастан мерзімді баспасөзінің барлығы дерлік Еуропа тілдерінде, яғни не испан, не португал тілдерінде жарық көрді [7,3-б]. Сауатсыздық және өзге де экономикалық факторларға байланысты Латын Америкасы Еуропа, АҚШ, Жапония елдерімен салыстырғанда, тұрғындарды мерзімді баспасөзбен қамтуда аса жоғарғы деңгейге жете қойған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |