Шетел журналистикасы


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет2/25
Дата24.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#13410
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1 Stephens M. A History of News: From the Drum to the Satellite. NY, 1989. P. 176.

2 Лабрюйер Ж. Характеры или Нравы нынешнего века. М., Л., 1964. С. 43.

3 Геттнер Г. История всеобщей литературы XVIII века. В 3 т. СПб, 1866. Т. 1. С. 244.

4 Философия эпохи ранних буржуазных революций. М., 1983. С. 299.

5 История английской литературы. В 5 т. М., 1945. Т. 1. Вып. 2. С. 328–329.


Тақырыпты бекітетін сұрақтар

1. Журналистиканың даму үрдісі мен ақпараттық кеңістіктің жаһандануы арасындағы байланысты қалай түсінесің?

2. Кітап басу ісінің отаны қай ел?

3. XV ғасырдағы Еуропадағы кітап басу ісінің тарихы туралы не білесің?

4. ХҮІІ ғасырдағы пошта қызметінің пайда болуы Еуропада қай жүйенің тез қарқын алуына әсер етті?

5. Лондонда қоғамдық жаңалықтарды жазатын 1621 жылдың 21 қыркүйегінде шыққан газет қалай аталады?

6. Алғашқы Францияның ресми газеті қай жылы шықты, қалай аталды, оның негізін қалаған кім?

7. Англия мен Германияда газеттер қандай жағдайға байланысты кеш шықты?

8. «La Gazetta» басылымы қай елде, қашан шықты? Қандай жаңалықтарды қамтыды?

9. «Мercurius Вritannicus» қай жылы, қай елде шықты? Қандай журналистер бұл басылымда жұмыс істеді?

10. «Тhe Oxford Gazette” («Оксфорд газеті») атты газет қандай бағыт ұстанды?
1.2 ХVІІ-ХІХ ғасырдағы Еуропа журналистикасы

ХҮШ ғасырда Еуропа журналистикасы жаңа экономикалық, әлеуметтік, саяси және идеологиялық пішінге ене бастады. Феодалдық-экономикалық қарым-қатынастан капиталистік қатынасқа көшті. Ғылым мен философияда рационализм бағыты, ал саясат пен діни өмірде толеранттық ұстанымы етек жайды. Аталған құбылыстар өз жолын күрделі күрестен кейін алды. ХҮШ ғасыр – революциялық қанды қақтығыс пен тәуелсіздік үшін соғыс ғасыры болды. Әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктер рухани өмірмен тығыз байланыста болып, «Ағарту» деген атауға ие болды. Ел мен жер аралау, халықаралық кітап саудасы, аударма ісі мен хат алмасу арқылы жаңа идеялар пайда болды. Ағартушылық бағытының қалыптасуы журналистиканың қызметінің пайда болумен тұспа-тұс келді және оның өз заңдылығы бар. Тарихта бұл кезеңді «жеке журнализм дәуірі» деп атайды. Кез келген мерзімді басылымның артында өз идеологиясын насихаттаушы ретінде редактор тұрды. Сондықтан жазушылар мен философтар өз көзқарастарын насихаттау үшін журнал шығару қызметіне жүгінген. Сол арқылы журналдар идеялар мен көзқарасты қалың бұқараға таратушы ең маңызды коммуникациялық құрал болып саналды.

Еуропалық Ағартушылықтың бастауы ХҮІІ ғасырдың соңындағы ағылшын деистері мен философтарының көзқарасымен байланысты болды. 1689 жылы қабылданған «Құқық туралы билль» (Джон Локтың кейбір философиялық концепцияларына сүйенген) тек қана Англия үшін емес, бүкіл Еуропа халқы үшін маңызды оқиға болды. Себебі, «Құқық туралы билльде» тұлға мен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың жаңа моделі қарастырылған болатын. Джон Локтың «Біз тәуелсіз болып өмірге келеміз, сондай-ақ есті болып туамыз» деген тұжырымы көп адамдар үшін тұтастай ақиқат болып көрінді. Вольтер: «Лок адамның ақыл-есін көз алдымызға адамның ішкі құрылысын түсіндірген анатом сияқты суреттей білді», - деп жазды. Көп француз ойшылдары Монтескье, Вольтер, Прево мәдениет, идеология және мемлекет құрылымындағы ең жаңашыл және жемісті оймен танысу үшін Англияға сапар шегеді. Журналистика саласындағы ойшылдар көңіл көтеру арқылы қоғам пікіріне әсер етуді мақсат етіп қойды. Сондықтан да бұл кезеңдегі басылымдар қарапайым және түсінікті тілде жазылуымен ерекше көзге түскен. Бұл олардың мақсатын тағы да айқындады.

Даниэль Дефо: «Егер де менен біреу ең жақсы стиль қандай болуы керек деп сұраса, мен ақымақтар мен есуастарды қоспағанда әр түрлі мамандық бойынша қызмет атқаратын 500 адаммен оңай тіл табысуға болатын тіл деп айтар едім»,- деген екен. Дефо өзі жазған сатиралық еңбектері арқылы әрдайым өз мақсатына жетіп отырған тәжірибелі памфлетші, полемист ретінде танымал болды. Оның «Диссиденттермен күресудің ең қысқа жолы» атты памфлеті ағылшын шіркеуі тарапынан түскен діни қысымға бағытталған. Алайда, ол памфлетте қарсы бағытталып отырған адамдардың өздерін адастыратындай етіп жазған. Осы өткір карикатурасы үшін оны сотқа тартып, табылған мәліметтерді көпшілік алдында өртеп, айыппұл тағайындап, үш рет халық алдына масқаралап (позорный) бөренеге таңған. Дефо азаматтық өлім жазасын өзінің игілігіне айналдыра білді. Қамауда отырып ол сатылымға жаза орындалар кезде тараған «Гимн позорному столбу» (1703ж.) атты памфлетін жазып шығады. Алаңда жиналғандар оған гүл шоқтарын лақтырып, ду қол шапалақпен қарсы алады. 1704 жылы Дефо қамаудан шыққаннан кейін тәуелсіз журналист ретінде өзінің «The Weekly Review» атты журналын шығара бастайды. Қамауда отырып Дефо «Халыққа одан да сыйлы бола бастайды. Ол сатира, саяси шығармалар мен полемикалық мақалалар жазады. Оның аптасына төрт рет шығып отырған «Франция мен бүкіл Еуропа арасындағы қарым-қатынастың көрінісі; Францияның әсері қаншалықты» атты журналы халықтың басылымына айналды. Сондықтан да ол ағылшындықтардың алғашқы мерзімді басылымы деген атқа лайық» [1,91-б]. Дефо көбіне өз материалдарымен толтырылып отырған журналды 1713 жылға дейін шығарып отырды, сол себепті оны «Ревью мырза» деп те атаған.

Ағылшындықтардың ағартушылық журналистикасында адамның пікіріне әсер етудің екі тәсілі дамыды. Олар: сатиралық және моральдық-дидактикалық. Бұл екі бағытты бір-бірінен ажыратып қарастыру өте қиын. Алайда, бөлек қарастыратын болсақ, Джозеф Адиссон мен Ричард Стильдің журналистік қызметі бір төбе, Джонатан Свифтің сатирасы бір төбе. У.М.Теккерей пайымдағандай, «Ең жабайы тырнақ пен тұмсық, ең мықты қанат – Свифте болған» [1,25-б]. Свифтің ең жақсы көрген жанры сатира болған. Ол публицистикалық туындыларына өз атынан қол қоймай, басқа аттармен басып, оқырманды адастырып отырған. Ал баспасөзде мақаланың анонимдігіне тыйым салынған кезде, Свиф қарсы шығады. Ол осы оқиғаға байланысты: «Заңның бұл бабы өздерінің керемет туындыларын жариялап отырған дін жолында шығармалар жазып, белгісіз болып қалуды қалаған адамдардың қызметін төмендетеді. Себебі, шын талант және білім иелері шексіз ұяңдықты серік етеді. Олар өз ойларының, ақылдарының жемісін басқаларға бере отырып, толық сенімді бола алмайды» [1,49-б],- деген екен.

1696-1697 жылдары Свиф бір уақытта ұзақ өмір сүруге лайық екі бірдей памфлет жазады. «Кітаптар қақтығысы» және «Бөшке ертегісі». «Бөшке ертегісі» Свиф қалдырған шығармашылық мұраның ішіндегі ең үздігінің бірі. Онда Свифтің ағылшын революциясына көзқарасы мен пуритандардың қызметіне пікірін ашық білдіріп, реформацияға, христиандық сенімді тарату бағыттарына пародия жасайды. Петр, Мартин және Джек деген бейнелер католицизм, лютерандық және кальвинизмнің (пуритандық) көрінісі ретінде танылады. Свифтің саяси көзқарасы Виг партиясының жағында болған. Алайда, 1709-1710 жылдары ол «The Examiner» («Зерттеуші») атты апталық басылымның редакторы болып тағайындалып, (1710 жылы қараша – 1711 жылы шілде 13-43 сандар) Вигтермен қарым-қатынасын түбегейлі үзеді. Свиф Виг партиясының көшбасшыларына қарсы бағытталған бірқатар өлең, памфлет, мақалалар жариялайды. Саяси күрес барысында Свиф: «Біздің қарсыласымыздың партиясы өз жеңілісінен кейін көп бос уақытқа ие бола отырып, ақша жинаумен айналысуда. Өз оқырмандарының жүрегіне жол тапқан керемет талантты адамдарды жалдап, жала жауып көптеген материалдар жариялаған» [1,78-б],- деп жазады. Тіпті Свифтің «Гулливердің сапары» атты үлкен романының өзі астарлы памфлет жанрында жазылған. Себебі, онда бір емес, бірнеше мәселелер талқыланады. Британияның мемлекеттік құрылымынан бастап әлем ойшылдарының көзқарасты және адам рухани кейпін шебер суреттеген. Свифтің «Бикерстаф қағаздары» (1708-1709ж.ж) атты памфлеттер жинағы Ричард Стиль мен Джозеф Аддисонның танымдық журналистикасының пішінін қалыптастырды. Свиф Исаак Бикерстафтың есте қаларлық комедиялық бейнесін (маска) сәтті жасап шығарды. Сол кездері ресми газеттің редакторы қызметінде болған Ричард Стиль Свиф жасаған масканы 1709 жылы жаңадан шыққан журналда пайдаланады.

«The Tatler» («Болтун») атты атауға ие болған, «Исаак Бикерстафтың «Болтуны» атты тақырыпшамен басылған Стильдің журналы тек ағылшындық емес, бүкіл еуропалық танымдық журналистиканың бастауы болды. Басылым Бикерстафтың «міндетті және маңызды» болып табылатын оқуға қызығушылық тудыратын алғы сөзімен басталған. Сәтті табылған маска мен нақты бағдарлама арқылы бұл басылым ағылшындықтардың жүрегіне жол тапты. 1710 жылы өз досының баспагерлік қызметіне Джозеф Эдиссон қызыға бастайды. «The Tatler» журналында Адиссон: «Өзіне керекке қол жеткізді. Әлемдегі ең керемет әңгімеші сөз алды»,-деп жазады. Эдиссонның келуімен журнал басылымдарының сапасы арта түседі. Ал оның ағылшын эссеистикасының қайталанбас үлгісі болып саналатын эсселері сол кезеңнен кейін де бірнеше мәрте басылып шыққан. «The Tatler» журналының құрылымы әр санның композициясын құраған бір эсседен тұрған. Эссені таңдап алынған масканың атынан Лондон өмірінің әр түрлі оқиғаларына арнап Стиль мен Эдиссон жазып отырған. Эсседен басқа журнал нөмірде «The Tatler» журналы аптасына үш рет шығып отырған, сонымен қатар қысқа хабарландырулар мен ақпараттар басылып отырған. Иссак Бикерстафтың маскасы өзінің тартымдылығын жоғалтып алады деп қорыққан Аддисон мен Стиль журналдың шығуын ең танымал бола бастаған сәтінде, яғни, 1711 жылдың басында тоқтатады. Сол жылы Аддисон мен Стильдің шығармашылығындағы ең сәтті басылым «The Spektator» («Көрермен») атты журнал шығады. Бұл жолы Аддисон мен Стиль саясат, әдебиет, философия, театр туралы тақырыптарға пікір таластыратын клубты, маскалардың галереясын жасап шығарады.

«Көрермендегі» ең сәтті шыққан образ ауылдың қарапайым джентельмені, қоршаған ортаға аса қызығушылықпен қарайтын ағылшындық Роджер де Коверли болды. «Мен бұл өмірде адамзаттың бір бөлігі емес, оларды бақылап жүрген көрермен сияқты өмір сүрудемін. Сол арқылы мен тәжірибе жүзінде болмаса да, мемлекет қайраткері, әскери адам, саудагер де болдым. Теория жүзінде мен әке мен күйеудің рөлін жақсы білемін. Экономикалық және қоғамдық қателіктерді соның қақ ортасында жүрген адамдардан жақсы білемін. Қысқасы, мен өмірімнің әр сәтінде көрермен және бақылаушы болдым, осы рөлімді әрі де жалғастырмақпын» [2,328-б],-дейді.

«The Spektator» журналының таралымы 14 000 данаға дейін жеткен. Еуропадағы оқырмандар бұл басылымның шығуын асыға күтіп отырған. Алайда, Аддисон мен Стиль таңдап алған баспагерлік стратегияға адал болып қалады. «The Spektator» журналы танымалдықтың шыңына жеткенде, олар әдеби маскаларын ауыстыру туралы шешім қабылдайды. «The Spektator» екі жыл жарық көргенде жалпы 555 саны шыққан, соңғы санында кейіпкерлердің бірінің аяқасты отбасын құратындығы, басқа кейіпкерінің өмірден озғандығы туралы айтылады. Қатысушылар клубы осымен тоқтатылады. «The Spektator» журналының орнына 1713 жылы жаңа маска және жаңа журнал «Тhe guirdan» («Опекун») шықты. «Тhe guirdan» журналы да алдыңғысы сияқты үлкен табысты болды. Алайда тек бір жыл көлемінде ғана шығып отырды. Осы журналдың соңы Стиль мен Аддисонның журналистік тандемінің де соңы болды. 1714 жылы Аддисон өзі жалғыз «The Spektator» журналының жалғасын шығара бастады, алайда, оның тек 635-ші санына дейін ғана жеткізеді [3,244-б]. «The Spektator» журналы мен басқа да аддисондық журналдар Еуропадағы журнал дәстүрінің дамуының феномені болды. Тек қана Англияның өзінде оған ұқсатылып шығарылған оннан аса басылымдар болды. Баспасөздегі алға жылжулар 1846 жылы Ричард Хоу ойлап тапқан ротациялық баспа машинасының жасалуымен жүзеге асты. Бұл уақытта «The Times» та өз жұмысын тоқтатпай, 1848 жылы рулондық қағаздың екі жағына, сағат сайын сегіз мың дана етіп баса алатын машинаны іске қосты. Баспа құны 25%-ға төмендеді. 1881 жылы Фредерик Уилкспен патенттелген қаріптерді механикалық түрде басатын баспа машинасын қолданып, «The Times» бұл шайқаста жеңіске жетті.

Коммуникация саласында баршаны таң қалдырған инновациялардың бірі ақпарат агенттіктерінің пайда болуы еді. Әлемдегі ең бірінші ақпарат агенттігі 1835 жылы Парижде пайда болды. Оның негізін салған Шарль Луи Гавас өз қызметін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтарды жергілікті газеттерге жедел түрде аудармалар жасайтын «Гавастың аудармалар бюросынан» бастады. Кейін ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тан, өз тілшілерінен алынған ақпараттарды шапшаң аударып, Париж газеттеріне, кейін аймақтық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына сатты. Теміржолдың жылдамдығы төмен, телеграфтар енді шығып жатқан уақытта ақпаратты жылдам алу үшін Гавастың ақпараттық агенттігі көгершін пошталарын пайдаланды. Гавастың кеңсесі Париждің бас почтамтының көшесінде орналасқандықтан, хаттарды алу мен жіберуде ешқандай қиындық туындамады. Онере'Де Бальзак «Париж баспасөзі жөніндегі монографиясында» Гавас мырзаның «Баршаны ақпаратпен қамтамасыз еткенін, ал ақпараттың ең қызықтылары мен жаңасын ақшаны көп төлеген редакцияға сататынын» [4,15-б] атап кетеді.

Гавастың ақпарат агенттігінде жұмыс істеген Бернхард Вольф пен Питер Юлиус Ройтер кейіннен өз ақпарат агенттіктерінің негізін қалады. 1848 жылдары Еуропаның үш ең танымал ақпарат таратушылары біріге жұмыс істеді. 1848 жылдың соңында Вольф «National Zeitung» атты Берлиндік газеттің атқарушы директорының қызметіне тағайындалып, өзінің агенттігін ашты. Ол редакцияға тікелей телеграф қосып, газет бетіне Лондон мен Франфурттан жаңа жолмен алынған ақпаратты жариялады. Телеграфтың бағасының жоғары болуына байланысты, Вольф жеке тұлғалармен, өзге газет баспагерлерімен келісімшартқа отырып, Парижден, Лондоннан, Штетиннен, Гамбург және Франкфурт-Майннен алынған биржа ақпараттарын сатып отырды. Осылай «Telegrafisches Korrespondenzbuero (B. Wolff)» («Телеграфтық корреспонденттік бюро» (Б. Вольф) жұмысын бастады. Бастапқыда биржалық жаңалықтар ғана берілсе, кейіннен саяси ақпараттармен толықтырыла бастады. Неміс қалалары мен Вена арасындағы телеграф байланысы жақсарғаннан кейін, Вольф жаңалықтар бюросының ішкі саяси жаңалықтар қызметін құрды.

Сол 1848 жылы Б. Вольфтың ақпарат агенттігінің дамуымен, немістің Кассел қаласының тұрғыны Питер Юлиус Ройтер ақпарат әлеміне өз жолын бастады. 1849 жылдың басында Парижде баспаға салық салынбайтынын пайдаланып, түрлі қызықты жаңалықтармен, саяси ақпараттармен толтырылған газет үнпарақтарын шығара бастады. Ал Питер Юлиус Ройтердің әйелі газеттегі ақпараттарды француз тілінен неміс тіліне аударып, ол Германиядағы оқырмандарына да таратылды. Ой қаншалықты жақсы болғанымен, қаржы жағынан жеңіліске ұшырады. Соңында газет қарыздары үшін жабылды, бірақ Ройтер мұнымен жұмысын аяқтамады [5,414-б]. Кейін Ройтер Бельгия, Нидерландия мен Германия арасындағы ақпараттың алтын көпірі болып отырған, Германияның Аахен қаласына көшіп барады. Бұл қалада ол «Берлин - Аахен» және «Париж - Аахен» телеграф желілерінен алынатын ақпараттарды пайдаланып, өзінің алғашқы ақпараттық кеңсесін ашты. Брюсель мен Аахен желілері сол кезеңде әлі іске қосылмағандықтан, ал теміржол арқылы ақпараттың ұзақтығынан, Питер Юлиус Ройтер өзінің Гавастың қол астында істеген тәжірибесін пайдаланып, ақпарат алуда көгершін поштасын пайдаланады. Көп ұзамай Ройтердің ақпараттық кеңсесімен Германия және Бельгия газеттері келісімшартқа отырды. Бұл жаңа ақпарат агенттігінің бірінші жеңісі еді. Жұмысының жемісті жүруі үшін Англияның қажет екенін Питер Юлиус Ройтер түсінгенімен, оны еврей ұлтынан шыққан немістің тыңшысы деп қабылдаған «The Times» бас редакторы қабылдай қоймады. Бір жағынан «The Times» Еуропаның кез-келген жерінде, АҚШ, Қытай, Үндістан мен Таяу Шығыста өз тілшілерін ұстады. 1851 жылы Питер Юлиус Ройтер Англияға көшіп келіп, 4 қазанда «Джулиус Рейтер» деген атпен «Суасты телеграфы» компаниясының негізін қалады.

Журналистика тарихын зерттеушілер аталған күнді «Рейтер» агенттігінің негізі қаланған күн деп атайды. Бұл уақытта Питер Юлиус Ройтер жеткілікті қаржы тауып, Еуропаның көптеген орталықтарымен қарым-қатынас орнатты. Ройтердің жаңа компаниясының кеңсесі Лондонның қор биржалары орналасқан ғимаратта болды. Питер Юлиус Ройтер онда биржа ақпараттарын алуға және Еуропа биржаларының жаңалықтарын жеткізу туралы келісімшартқа отырады. «Рейтер» агенттігі Па-Де-Кале бұғазы арқылы өткен телеграф кабелі арқылы күніне екі рет саудагерлер мен биржа қызметкерлерін бағалар мен нарықтағы өзгерістер туралы жаңалықтармен қамтамасыз етіп отырды. Тіпті Ротшильдтердің қаржы империясы да «Рейтермен» жұмыстың тиімділігіне көз жеткізіп, келісімшартқа қол қойды.

1853 жылы «Рейтер» компаниясының «Тhe Continental telegraph» («Континенттік телеграф») деп атын өзгертіп, биржалық ақпараттарды ғана таратып қоймай, ақпараттар ауқымын кеңейтуге тырысты. Ол ұзақ уақыт бойы газет-журналдармен келісімшартқа қол жеткізе алмады, оның бірден-бір себебі, «The Times» газеті болатын. Бірақ, Севастопольдің құлағаны жөніндегі ақпаратты бірінші жеткізіп «Тhe Continental telegraph» компаниясы саяси жаңалықтарды тарату жолындағы бірінші қадамын жасады. Ағылшын газеттері бірінен кейін бірі «Рейтер» агенттігімен келісімшартқа отыра бастады. 1855 жылы гербтік жинаудың тоқтатылуымен «The Times» пен ағылшын газеттері арасындағы монополиялық жағдайы төмендеп, 1858 жылы «Тhe Continental telegraph» компаниясының ақпаратын жариялады. 1860 жылдары «Рейтердің» беделінің өскені соншалық, Карл Маркс Фридрих Энгельске жазған хатында «Қалай ойлайсыз, сауатсыз еврей Ройтердің артында кім тұр?» [5,412-б],- деген сұрақты қояды. Тіпті, бір кездегі «The Times» бас редакторы сияқты оны барлаушы деп болжап, артында Ресей тұр деп ойлайды.

Қалай дегенімізбен де үш ірі ақпарат агенттігінің өзара бәсекеге түсуі заңды болатын. 1864 жылы «Рейтер» Ганновер қаласында филиалын ашып, Б. Вольфты ығыстырмақшы болады. Бірақ Вольф арасына адам салып, Бірінші Вильельмнен көмек сұрайды. Соңында 1865 жылы Б. Вольф континентальді телеграфтік компаниясының басшылығымен келісімге келе отырып, өз бюросын сатты. Үш мықтының арасындағы бәсекелестік шеңберден шығып кетпеуі үшін, 1870 жылы әсер ету аймақтары белгіленген Картель келісімшарты қабылданады. Бұл келісімшартқа сай «Рейтер» өз ақпараттарын Ұлыбритания мен Шығыс Азияға, «Гавас» – француз тілді елдерге, ал «Вольф» – Солтүстік және Шығыс Еуропаға, Германия империясына және оның отар елдеріне ақпарат таратуға құқылы болады.

Баспа үрдісіндегі технологиялық жаңалықтар және Еуропа мемлекеттерінде кең масштабта бастауыш білім берілуінің қолға алынуы «бұқаралық», қымбат емес, қарапайым адамдардың үлкен аудиториясына арналған мерзімді басылымдардың шығуына ықпал етті. Француздық «Рenny press» көшбасшысы – Эмиль де Жирарден болды. Ол өз заманының ырғағына еліктей білген, шығармашылық жолы қызықты ХІХ ғасырдағы Франция журналистерінің бірі еді. Өз жұмысын «La Mode» журналын 1829-1854 жылдары шығарудан бастады. Журнал «La Mode» бастапқыда жоғарыдағыға ғана арналып шықса, кейіннен Жирарден оған саяси ақпараттарды қосып, сән мен ақсүйектердің өмірі берілетін бағанды алып қалды. 1836 жылы Жирарден «La pressе» газетін шығарды. Бұл газеттің ерекшелігі бағасы 40 франк қана, өзге газеттерден екі есе төмен бағамен сатылды. Жирарден, «газет редакторлармен емес, оқырмандармен жасалатынын» ескеріп, олар жазылу арқылы басылым құнын шығаратынын дұрыс есептеді. Газеттің алғаш шыққан жылында оған 10 мың адам жазылса, жарнама газетке жылына 200 мың франк пайда әкеліп отырды. Жирарденнің жаңа газеті оқырманды төмен бағасымен ғана емес, жаңа есімдерді өмірге әкелуімен қызықтырды. Мысалы, журналдың әдеби көркем-сын фельетондары бағанын жүргізген Теофиля Готье үлкен беделге ие болды [6,124-б]. Жирарден өз газетін дербес басылымға айналдырды. Бұл басқарушы органдардың қытығына өте қатты тиді. 1848 жылы Жирарден Эжен Кавеньяктің бұйрығымен сотталып, газеттің шығуы тоқтатылды. Он бір күндік қамаудан кейін Жирарден Президент сайлауына қатыспақшы болған Кавеньяктің саясатына қарсы шығып, президенттікке өтпеуіне барын салып, Луи-Напалеон ханзаданың жағына шықты. Алайда, заң шығарушы жиынның құрамына енген соң, Жирарден бонопартизмге қарсы шығып, сөз бостандығының қолдаушысына айналды. Жирарден есімімен Еуропа мерзімді баспасөзінде «жасырын жарнама» пайда болды. Аталмыш жарнама мамандардың айтуынша ХVІІІ ғасырларда жарық көргенімен, оларды редакция мәтіннен оңай ажыратуға болатын. Алайда, ХІХ ғасырдан бастап оларды ажырату қиындай түсті. Тіпті, ондай жарнамаларды газет бетіне жариялаудың жаңа әдіс-тәсілдері қолданыла бастады. Жирарден осыларды ескере отырып, газеттің редакция шығаратын бөлігіне шыққан жарнамаға ақшаны екі еселеп, ал жарнама беттеріне аз ақы алып отырды. Оның бірден бір себебі, халық редакцияның жазғанына көбірек сенді. Жирарден газетінің баспа моделі өте қызықты болды [6,159-б]. 1848 жылы Венада Август Цанг жирардендік газеттің көшірмесі ретінде – «Die Рressе» газетін шығара бастады.

Француздық «Рenny Рress» кезеңінде «роман-фельетон» жанры қалыптасты. Оның пайда болуы журналист және публицист Луи Веронның шығармашылығымен байланысты болды. Ол 1835 жылы Гранд-операның директоры болу туралы тиімді ұсыныстан бас тартып, «Соnstіtutionnel» газетінің иесі болды. Верон газетті келесі газетте жалғасы бар романдар басу арқылы танымал етті. 1837 жылы онда басылған роман Эжен Сю «Вечный жид» деп аталды. Бір қызығы Эжен Сюдің барлық романдары 1837 жылдан бастап роман-фельетон жанрында басылып шыққан екен. Олар қолына өмірі кітап ұстамаған оқырмандардың жүрегіне жол тауып, өз кезегінде газетке деген қызығушылықты оятады. Верон оқырмандардың талғамына дұрыс болжам жасап, шығарманы дұрыс таңдай білді. «Вечный жид» роман-фельетоны басылып тұрған кезеңде оқырмандар саны үш мыңнан төрт мыңға жетіп, оқу залдарында сауатсыз топтары жиналып, біреуге оқытатын болды. Роман-фельетон өзін оқитын оқырманды күттіріп, өзінің абырой-беделін арттыра түсті.

1830-1840 жылдары роман-фельетонмен қатар француз журналистикасында әдеби-журналистік «физиология» жанры пайда болды. Бұл жанрдың шығуы 1826 жылы әдебиетші, заңгер және гастрономияның білгірі А. Браийа-Савареннің «Талғам физиология» мақаласының шығуымен байланысты еді. «Талғам физиологиясында» философиялық ойлар, аспаздық мәзірлер мен тарихқа қатысты әңгімелер, әзіл-қалжыңдар ұштастырылды. Браийа Савареннің еңбегінен кейін, «физиология» ғылыми аренадан кетіп, саяси және тұрмыстық мәнге ие болды. Физиологиялар жалған ғылыми тілде, бөлімдерге бөлініп басылып отырды. Кейде физиология сатиралық саяси памфлет түрінде де жазылды. Мысалы, 1832 жылы шыққан «Алмұрттың физиологиясы» памфлетінде алмұрт бейнесіндегі француз королі суреттеледі. 1841 жылы француз королі Луи-Филипп «Қолшатыр физиологиясында» бейнеленіп, король-буржуаның бейнесімен ұштасады. Физиологияның жазылуына кез-келген оқиға себеп болады. Бірінен кейін бірі «Қалжыңқойдың физиологиясы», «Фетрден жасалған қалпақтың физиологиясы», «Кәмпиттің физиологиясы» т.б. жарияланды. Бұл жанрдың танымалдылығының шыңы 1841 жылы болды. Себебі, бұл жылы 80-нен астам физиология жарыққа шықты.

1842 жылы «Большой город» атты түрлі авторлардың еңбегі физиология жинағында Оноре де Бальзактың «Монография о Парижской прессе» туындысы жарыққа шықты. Журналистік және редакторлық тәжірибесі бар Бальзак ХІХ ғасырда өзгеріске ұшыраған баспагер мен редактордың әлеуметтік статусын атап кетті: «Редакторлар газет басшысынан қоғамға танымал адамды жасап шығаруға тырысады. Кейде олар префект, мемлекеттік кеңестің мүшесі бола алады. Ол қолданысқа өз мақалаларын жіберіп, қоғамның пікірін қалыптастырады. Ол жағдайларға байланысты іске, кітапқа, адамға дем бере де, құртып жібере де алады»[6,134-б]. Оған мысалы Эмиль Жирарденнің өмірі. Ол өмірінде мемлекеттік биліктің шыңына шығып, қоғамның белді азаматы болды. Бұл кезде баспагерлер мен редакторлар өз газеттерінің арқасында дербес болады.

Журналистика саласындағы жалақының өсуі бұл мамандыққа деген сұраныстың артуына әкелді. Жалпы алғанда, Верон мен Жирарден сияқты баспагерлер мен редакторлардың шығармашылығы журналистиканың жаңа дәуірін – бұқараның талғамына негізделген журналистиканы қалыптастырды. Бұқаралық мәдениеттің элементтері ХІХ ғасырдың екінші жартысында белсенділік таныта бастады. Бұл кезеңнің газеттері саяси күрестің емес, кәсіпкерліктің бөлшегіне айналды. Бұл баспасөздің ерекшелігі сенсациялық қылмысты әшкерелеуге ұмтылуы. 1827 жылы «Blackwood's Magаzine» таза юмормен жазылған «Об убийстве как одном из изящных искусств» атты Томас де Куинсидің мақаласы жарияланды. Т. Куинси өлімді жаңа көзқараспен, оны жан-жақты суреттеп жазды. Бұл мәдениеттің маргиналды аймағы, яғни, жасырын дүниеге ұмтылыс, құпияны ашу – барлығы викториянды дәуірде де өз жалғасын тапты. Өз өмірінің үрейлі оқиғалары оқырманды жеңіл неврологиялық жағдайға әкеледі. Тіпті, 1880 жылдың «белгілі» қылмысы, Джек Потрашительдің сериалы адам өлтірулері - сол заманғы, викторияндық дәуірдің құпиясы болып қалды. Осы жолдың тағы бір жалғастырушысы күнделікті шығатын француздық газет «Pette Journal» («Кішкентай газет») деп аталды. Газеттің негізін 1861 жылы М. П. Мило қалады. Адамның жаны түршігерлік қылмыстар туралы материалдар жариялау арқылы таралымын көбейіткен газеттегі оқиғалар қаншалықты қорқынышты болса, оқырмандары да соғұрлым көбейе түскен. Мысалы, осындай тәсілдің арқасында 1869 жылдары газеттің таралым саны 470 000 данаға жеткен. «Бұқаралық» баспасөз суретті басылымдардың әдіс-тәсілін тез меңгеріп әкетеді. 1870 жылы М. П. Мило Париждің барлық суретті баспаханаларын сатып алып, миллиондаған данамен шығатын, Франциядағы алғашқы күнделікті суретті газетті шығарды. Салыстыра кетсек, Англияда алғашқы күнделікті суретті газет «Daily Graphic» 1890 жылдары пайда болды. Германияда бірінші суретті газет 1843 жылы Иоган Вебердің басшылығымен Лейпциг қаласында шықты. «Leipziger illustriete Zeitug» деп аталған газет аптасына бір рет шықты. Ол тез танымал болып, 1873 жылы газеттің таралымы 18 000 данаға жетті. Англияның чартистік баспасөзі, Францияның республикалық баспасөзі, Германияның социалистік басылымдары – осыған дейін қалыптасқан «бұқаралық» журналистиканың сара жолынан өтті.

ХІХ ғасыр журналистикасындағы атаулы оқиға ретінде негізін 1896 жылы Альфредо Хрмсворт салған «The Daily Mail» газетінің пайда болуымен қалыптасқан «жаңа журнализм» дәуірін атап кетуге болады. Сонымен қатар, кейінгі викториандық эстетизмнің әсерінен шыққан «Кішкентай журналдар» дәстүрімен, Ори Бердслидің иллюстрациясымен шыққан «Yellow Book» және «The Savoy» журналдарының да баспасөз тарихында өзіндік орны бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет