Шетел журналистикасы


Пайдаланған әдебиеттер тізімі



бет8/25
Дата24.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#13410
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Малахов И. «Сторожевые псы» британской журналистики. // Журналист, 1998, № 9-10, С. 54-55.

2 Еремин И. Подкуем английскую «блоху». // Журналист, 1998, №8, С. 21.

3 Воскобойников Я.С. и Юрьев В.К. Журналист и информация. Профессиональный опыт западной прессы. М., 1993, С. 35-36.

4 Ингам. Б. Английскому опыту обуздания власти — 800 лет! Перев. с англ. В.Ф. Полякова. // Четвертая власть, 2000, №3, С. 36-39.

5 The Media in Britan. Lnd,1999. Русское издание — «Средства массовой информации в Британии» подготовлено Отделом прессы и связей с общественностью британского посольства в России с разрешения МИД Великобритании. М., 1999, С. 13-19.

6 The Board for International Broadcasting.[ 1988. Annual Report on Radio Free Europe/Radio Liberty, Ink. P.49.

7 Вершинин М.С. Политическая коммуникация в информационном обществе. СПб, 2001, с. 33.

8 Багдикян Б. Монополия средств информации: пер. с англ. / Общ. ред. и вступ. статья Г.Вайнштейна. - М., Прогресс, 1987. C. 320.
Тақырыпты бекітетін сұрақтар

1. «Совет Уор Ньюс» («Совет әскери жаңалықтары») күнделікті газеті қай елде шықты? Бұл апталықтың мақсаты нені көздеді?

2. Англияның Африкада шығаратын газеттерінің иесі кім болды?

3. Қазір шығатын ағылшын газет-журналдары туралы не білесің?

4. Руперт Мэрдоктің күнделiктi таблоидтық «Сан» газетi қашан шықты?

5. 1937-1947 жылдар аралығында ұлттық және аудандық газеттер саны азайып, көлемді болып шығарыла бастауының себебі не?

6. Күнделiктi «Таймс» газетiнің тарихы мен қазіргі жағдайы туралы не білесің?

7. Британдық хабар тарату 1920 жылдардың соңында Африка мен Азия елдеріндегі ағылшындықтар құрған радиостанциялар ақпараттарын қандай арна арқылы, қалай таратты?

8. Коммерциялық ақпараттық-музыкалық радионың мазмұны туралы не білесің?

9. Интернет арқылы халықаралық хабар таратуды қалай түсінесің?

10. «Еркіндік» («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропа») радиоларының жұмысы қашан басталады?

11. 1927 жылы Корольдік телевизия қоғамының құрылуы Англияға қандай жаңалықтар әкелді?

12. «Би-Би-Си» телеарнасы қашаннан бастап хабар тарата бастады?

13. Коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiк концентрациясы деген не?

14. Британия коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiктiң концентрациясы мен монополизациясы дегенді қалай түсінесің?

15. «Ай-Ти-Ви» коммерциялық эфирлiк телевидениесі жұмысы қай жылы басталды?


1.7 Неміс журналистикасының қалыптасуы мен дамуы

Германия концерндерiнiң қалыптасуы. “Deutcshe welle”. Немiс баспасөз тарихы өте қызықты, әрi күрделi. Оның барлығын сығымдап ұсыну немесе көрсету мүмкiн емес. Басын сонау Иохан Гутенбергтен бастап осы күнгi баспасөз магнаттарына айналған Ахсель Шпрингер Ферлагтың алып концерндеріне дейiн Германияның баспасөз тарихы талай шарықтау мен өтпелi кезеңдерден өтті.

Германиядағы газет-журнал концернiнiң негiзiн қалаушы – Леопольд Ульштайн (1826-1899ж.ж). Ол атақты қағаз саудагерiнiң отбасында дүниеге келген. 1848 жылы Берлин қаласында өзiнiң қағаз iсiмен маманданған жеке фирмасын ашқан. Мұнда “солшыл” демократтармен: Франц Дункер, Людвиг Лёве және Рудольф Вирхомен тағыз қарым-қатынаста болады. Ульштайн тек баспагерлік бизнеспен айналысып қана қоймай, сонымен бiрге саясатқа да қатты қызығушылық танытады. 1871 жылы Ульштайнды Берлин халықтық жиналысына депутат етiп сайлайды. Алты жыл бойы саясатпен айналысып, кейiннен өмiрлiк кәсiбi мен мақсатына айналған баспагерлік iсіне қайтып оралады. Оның ойынша, газет – халықтық, қоғамдық ойдың қалыптасуына әсер ететін, қоғамға, мемлекетке ықпал етудiң бiрден-бiр құралы. 1877 жылы Моссеге үлкен бәсекелестiк туғызып, “Шталь және Асеманн” фирмасынан “Нойс Берлинер таиблатт” (“Берлиндiк күнделiктi жаңа парақша”) газетiн сатып алады. Сол газеттiң бұрынғы журналистерiнiң барлығын өзіне жұмысқа шақырып алады. Дәл сол жылы Ульштайн әрiптесi Иозеф Найсермен бiрге жауапкершiлiгi шектеулi “Ульштайн и Ко” атты серктестiк құрады. Аталған уақыттан бастап Ульштайн қызыққан баспагерлік iсi өз нәтижесін бере бастайды. 1877 жылы біріншi қазанында “Дойче Унион” (“Германдық кеңес”) атты кешкiлiк және таңертеңгiлiк газеттiң тұсауын кеседi. Оның бас редакторы Бойтнер болады. Бiраз жылдардан кейiн қаржылық қиындықтарға байланысты “Дойче Унионды” Лангманн және Коллинға бередi. Қарбалас сәтте 1878 жылдың бірінші қаңтарында Ульштайн күйреуге жақын қалған таңертеңгiлiк “Берлинер Цайтунг” газетiн сатып алады. Ульштаинның жеке бастамасы бойынша аталмыш газеттiң өте қызықты қосымшалары шыға бастайды. 1880 жылы заң тақырыбына арналған “Дойчес хайм” (‘Герман үйi”) атты жексенбiлiк, қызықты “Берлинер Гартенлаубе” (“Берлиндiк әңгіме”) атты түрлi-түстi қосымша шығарады. 1879 жылы жазылушылар саны 25 000 толып, жалпы таралымы 40 000 жеттi. Мұндай көрсеткiш аталмыш уақыт үшiн өте үлкен жетiстiк едi [1,46-б].

1880-1882 жылдар арасында “Берлинер Цайтунг” газетiнiң либеральды-демократиялық бағыты, өткiр қөзқарасы үшiн Прус парламенті пен канцлер тарапынан бiрнеше рет кәмпескелеуге ұшырап, айыппұл төлеуге мәжбүр болады. Ульштайн әрдайым белгiлi, үздік журналистердi өзiнiң айналасына жинай бiлдi. Олардың қатарында әйгiлi фельетонист, әрi меценат Филипп Штейн, саясаткер Густав Адальф Фишер және Исидор Леви бар едi. Ульштайн және оның қарамағындағы қызметкерлерi мен әрiптестерi арасында “бастық пен қызметкер” қарым-қатынасы болмаған екен. Керiсiнше, бiрге, бiртұтас шығармашылық ұжым құрған. Бұл ұжымда кеңес, жиналыс, пiкiр алмасу, бiр-бiрiмен санасу секiлдi қатынастар қалыптасады. Осы үлкен iстiң иесi Ульштайнның екi үлкен ұлы – Ханс пен Луи әкесiне көмектесiп, қолқабыс етiп, мұрагерлер ретiнде жұмыстың қыр-сырымен танысады. 1881жылы Ульштайн Берлинде үлкен жер сатып алып, жаңа баспахана кешенін салады. Ол кейiннен ондаған жылдар бойы немiс астанасындағы ең iрi баспагерлік кешенге айналады. Жаңа технологиялар мен техникалық жетiстiктер жұмыс қарқынын көтеруге септігiн тигiзедi. Ульштайнның кiшi ұлы Луидiң бастамасымен кешкiлiк, жексенбiлiк, таңертеңгiлiк қосымшалар шығару қолға алынады. Мұндағы мақсат халықтың әр тобына, яғни, барлық әлеуметтiк топтарға арнап газеттер шығару. Мысалы, зиялы қауымға, шаруаға, бизнесменге, үй шаруасындағы әйелдерге, жастарға арнап бөлек-бөлек басылым шығарып, сол сарынмен әрi қарай жұмыс істей бастайды.

Ульштайнға қарасты газеттерге: “Берлинер Цайтунг”, “Дойчес Хайм”, “Берлинер Гартенлаубе”, “Дойче Уннон”, “Берлинер Абендпост”, “Берлинер Иллюстриерте Цайтунг”, “Моргенпост – Нонес Берлинер Локальблатт”, “БЦ ам Миттаг”, “Фоссише Цайтунг”, “Моде Вельт”, “Иллюстриерте фрауэнцайтунг”, “Дизес блат гекерт дер хауэзфрау”, “Практише Берлиннерин”, “Ульштайн – Шниттмустер” [2,39-б] жатады.

Ульштайнның ең басты бәсекелесi – Авгут Гуго Фридрих Шерл болды (1849-1921ж.ж). 1880 жылдан бастап әкесiнен мұра ретiнде қалған “Иллюстрирте Цайтунг” газетiн басқару Шерлге тиедi. Кейiннен Лейпцигтiк баспагер Генчпен бiрлесiп “Тэглихе Берлинер Найихкайтен” (“Күнделiктi Берлиндiк жаңалықтар”) атты газет шығарады. Бiрақ, бұл газеттен ешқандай да түсiм болмағандықтан олар тағы да жаңадан Берлинге қоныстаған қала тұрғындары үшiн арнайы “Нью-Берлинер” (“Жаңа Берлиндiк”) атты “Чикаго Денли Трибюн” типтес газет шығарады. 1883 жылдан бастап Шерлдiң өмiрiнде алуан түрлi өзгерiстер бола бастайды. Сол жылы Шерл Клара деген әпкесiмен бiрлесiп жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк құрады және көптеген жылдар бойы арман еткен идеясы жүзеге асып “Берлинер Локальанцайгер” атты жаңа газет шығарады. Бұл газеттiң басқа газеттерден айырмашылығы – барлық, жан-жақтан келiп жатқан, әлем жаңалықтарын бірден телеграфтан алып жариялап отырды. Газеттердiң сатылуын ойлап, Шерл газет тарататын екi мың адам жалдап, айлық бағасын еш өзгертпестей 10 пфеннинг етiп қалдырады. 1885 жылы “Берлинер Локаль Анцайгердiң” таралым көрсеткiшi 150 000 данаға жетедi. Бастапқы уақытта Шерлдi ешкiм мойындамайды. Бiрақ, ол өзiнiң әсерiн әр әлеуметтiк топқа, атап айтқанда, әйелдерге арнап жазылған романдарды жариялауды машыққа айналдырып алады. 1888 жылы 15 маусымда “Берлинер Локал Анцайгер” бірінші болып Фридрих Хайзердiң өлiмi туралы хабарлаған газеттердiң бiрi болып, барлық бәсекелестерiнен асып түседі. Бұл газетке қаржылық табысы оң әсерiн тигiзгенi белгiлi болады. Шерлге нағыз атақ пен байланысты 1895 жылғы 3 сәуiрде ең бiрiншi “Берлиндiк мекен-жайы кiтабын” 30 мың данамен шығарып, “Берлинер адресс бух глебх” (“Берлиндiк мекен-жай кiтабы”) атты фирманы дүниеге әкеледi. Шерлге қарасты сол кезде шығып тұрған газеттерге: “Иллюстриерте Цайтунг”, “Теглихе Берлинер Нойхкайтен”, “Нью Берлинер”, “Берлинер Локал Анцайгер”, “Берлинер Абденц Цайтунг“, “Найсте Берлинер Хангельс” – “Унд Берзеннахрихтен” (Берлиндiк сауда және биржалық жаңалықтар таратады), “Ди Вохе” (“Апта”), “ Дер Таг” (“Күн”) жатады.

Қарапайым, ұсақ баспагерден үлкен концерн иесiне дейiн көтерiлген Шерлдiң еңбегi аз болған жоқ. Германиядағы атақты баспагерлердiң қатарына кіріп, кейiннен алып ақпараттық концерн иесiне айналған К.Ф.Фосс, В.Г.Корн, Ф.И.Бертуха, Й.К.Ф.Шпрингер т.б. немыс баспасөзінің дамуына қосқан үлесі зор. Бұлардың әрқайсысы өз iсiнде өшпес iз қалдырған қарапайымнан күрделiге ауысқан жандар едi. Әрқайсысы өзiнен кейiн қаншама газет-журналдарды қалдырып кеттi. Өз заманында теңдесi жоқ iскерлік танытып, баспасөз тарихта жаңа жол салады [3,46-б].



Соғыстан кейінгі неміс баспасөзі. Германияда соғыстан кейінгі алғашқы кезең гитлеризмнің құлауынан кейін мемлкекеттің бөлінуімен тығыз байланысты. Сонымен қатар, аумақтарды кімнің басып алуына қарай БАҚ-тың жаңа жүйесі қалыптасты. Батыс аумақтарда радио мен баспасөз бастыстық үлгіде қалыптасты. Баспасөз жекеменшік экономикалық негізде, радио мен телеарналар – көрермендік құқықтық негізде қалыптасып дамыды. Кеңестік аумақтарда, кейін ГДР жерінде пайда болған БАҚ биліктегі партия мен сол кездегі басқару саясатына бағынды, жекеменшік БАҚ болған жоқ. Германияның Батысында өзгерістің екі кезеңі болды. Басында бұл жерлерде басып алған орган берген лицензиямен 160 газет шығып отырған, лицензиялау тек 1949 жылы ғана алынып тасталды. Бұл кездері батыс аумақтарында 137 лицензиялық газет болған. Кейін саудаға бұрынғы газеттер қайта оралды. 1945 жылдары жаңа және ескі газеттер қатар шыға бастады. Тоғыз айдан кейін ФРГ-де 570 баспасөз органы жұмыс атқарды. Кеңестік аудандарда газет басу ісі партия қолына беріліп, Германияның билік басындағы социалистік партия өз қолында 90 басылымды ұстап отырды. 1949 жылы Германия құрылымның негізгі заңы БАҚ саласына көп көңіл бөліне бастады. БАҚ-тың қызметі жекеменшік жергілікті органдар шығарған заң арқылы жүзеге асты. Бұл ұстаным Германияда әлі де қатаң қадағаланып, құқыққа қол сұғу БАҚ туралы заң қабылданса да кез келген уақытта болып отырды. 1933 жылы сияқты бұл кезде көп газеттер саяси партияларға бағынды. Алайда кейін жағдай өзгеріп, саяси газеттердің орнына ақпараттық басылымдар шығады.

Неміс ғалымдары механикалық телевидение саласындағы тәжірибе жұмыстарын 1926 жылы дауыссыз 30 жолды бейнені айналдырудан бастаған болатын. Германияда тұратын венгр ғалымы Денеш фон Михайи жасаған жүйе 1928 жылы дәстүрлі Берлин радиокөрмесіне қойылды. Сол жылы Михайи «Телехор АГ» компаниясының негізін салды. Тағы да осы салада, ізденген ғалымдардың бірі Август Каролус болды. Каролустың моделі Нипковтың дискісіне негізделген, 1929 жылдың наурызында 8х10 см экранда 1 сағат 20 минут бойы хабар берді. Телевидениенің қалыптасуына тартылған үшінші компания «Фернзе АГ» деп аталды. Оның негізін ағылшын Бэрдпен біріге отырып, Леве, Пейс, Бош салды. Күштердің тұрақтануы үшін 1929 жылы телевизия қауымдастығы «Фернзе-Ферайн» құрылып, 1930 жылдан бастап «Фернзеен» журналы басылып шыға бастады. 1931 жылғы әйгілі радиокөрмеде Манфред фон Арденненің ойлап тапқан құрылғысы электронды жүйемен 100 жолдық стандартты құрылғыны көпке паш етті. Фон Арденне мен З. Леве Берлиндегі тәжірибелік станцияны жөндеуден өткізді. Сол кезде Германияда электронды кинескопы бар алғашқы теледидарлар пайда болды. Нацистік басшылық бұқаралық ақпарат құралдарының қаншалықты күші барын біле отырып, оны әрқашан қолдады. 1935 жылы наурызда Берлин телеорталығының бағдарламалары тұрақты болады деп хабарланды. Бағдарламалар аптасына үш күн берілді. Олар спектакльдер, концерттер, түрлі қойылымдар болатын. Кейіннен жастарға арналған түрлі үгіт-насихат сарынындағы бағдарламалар шығарыла бастады. «Қарлығаштың ұясында» атты 30 минуттық опера арнайы телеарнаға жазылып, көрсетілді. Телеқабылдағыштардың жетіспеушілігін топ болып көрумен толтырды. 1935 жылдың 9 сәуірінде Берлиннің почта музейінде 30 адамға арналған, екі теледидары бар бірінші телесалон ашылса, сол жылдың күзінде 300 адамға арналған проектор орнатылған телетеатр ашылды [5,79-б].

1920-1930 жылдардағы радиохабар тарату өз ішінен ақпарат таратып жатқан елдердің экспансиялық сыртқы саяси мақсатымен тікелей байланысты болды. Бастапқыда, 1929 жылдары шетелдік аудиторияға Германия таратқан бағдарламалар, көбіне сол елдерде тұрып жатқан немістерге арналып, неміс тілінде берілсе, нацистік мемлекет болған соң, 1933 жылдан бастап ағылшын және неміс тілінде, бір жылдан кейін испан және голанд тілдерінде тарала бастады. Екінші дүниежүзілік соғыстың басталар алдында Германияның радиохабар тарату жүйесі жеті тілде әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Оңтүстік Азия, Орталық және Оңтүстік Америка, Африка және өзге де араб елдеріне тарады. Олардың жалпы орта күндік ұзақтығы 75 сағатты құрады.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі радио. Соғыс жылдары ақпарат тарату арналары гитлерге қарсы коалиция ретінде және гитлерлік «Берлин-Рим-Токио» осінде тарады. Соғыс жылдарында радиохабар тарату психологиялық операцияларды жүргізуде және ішкі жағдайды нашарлататын қарсы күрестік әдістерді кеңінен қолданды. Бұл жылдары қарсылас елдің әскеріне, халқына әсер етудің психологиялық және насихаттық әсердің түрлі әдістері мен айлалары арқылы жүзеге асты. Соғыс басталған сәттен-ақ Германия өзінің радиохабар тарату жүйесін антинацистік коалициядағы елдерге ақпараттық-психологиялық операцияны жүргізуге бағыттады. 1940 жылдың жазында Германия бағдарламалары 30-дан астам тілде хабар жүргізді. Нацистік хабар тарату арналарының басшысы нацистік хабар таратуды барлық шекарадан асатын қаруға теңеген еді. Ал, 1939 жылдың 1 қыркүйегінен бастап шетелдік арналардың ақпарат таратуына тыйым салып, оны тыңдап, біреуге жеткізген адамға өлім жазасын енгізді.

1953 жылы ФРГ-да «Неміс тоқыны» радиостанциясының Шығыс Еуропа аудиториясына арналған бағдарламаларын тарата бастады. Ең дамыған жеті елдің ішінде радиохабарларды тарату ісі Франция мен Жапонияда дұрыс жолға қойылған. Суық соғыс жылдарында Батыс елдерінің радиохабар таратуы көбіне КСРО мен осы блоктағы елдерге бағытталды. Олардың бағдарламаларының қазығы адам өмірінің саяси және идеялық арнасына бағытталды.

Неміс толқынының” тарихы, қазiргi жағдайы. 1953 жылы Кельн қаласында “Неміс толқыны” “Deutshe Welle” (Н.В.) “Немецкая волна” радиостанциясы iсін бастап, кейiннен телебағдарламалары шетелдiк көрермендерге арнап ашты. 1920 жылдан кейiн 1965-1970 жылдары эфирге ең алғаш “Неміс толқынының” телевизиялық нұсқасы шыға бастады. Бастапқы кезде бұл бағдарламаларды транскрипциялық арнайы “Халықаралық аудиторияға” арналған қызмет тобы дайындайтын едi. Ол бағдарламалар немiс, ағылшын, француз, испан, португал және араб тiлдерiнде шығып отырды. Мұндай бағдарламалар көбiнесе жоғары оқу орындарына бейнетаспа түрiнде таратылатын. Жоғарыда аталған тарнскрипциялық қызмет тобы әлi күнге дейiн дәл осындай функция атқарады. Жыл сайын 25 мыңға жуық таспа таратылды. 1983 жылдан бастап “Неміс толқыны” өзiнiң журналистерiмен дайындалған “Іс болған жер - Германия” (“Место действия – Германия”) атты бағдарлама шығарады. Әрбiр 30 минуттық бағдарламада Германияның бiр облысы, қаласы туралы шағын тарих, қазiргi жағдайы, болашағына болжау жасау, немiстердiң салт-дәстүрі, психологсясы, өмiр сүру деңгейімен етене танысуға мүмкiндiк бердi. Осыдан кейiн “Еуропадағы фокус” (“В фокусе Европа”) атты бағдарлама жарық көрдi. Бұл да өзiндік ерекшелiгiмен, атап айтқанда, жедел пен шебер дайындаған сюжеттерімен жаңалықты таратымды шығаруымен көрермен қызығушылығын туғызған болатын. “Неміс толқынының” телебағдарламалары халықаралық деңгейде мойындалып, халықаралық телебағдарламалар байқауында жүлделі орындар алып жатты. Олар: “Еуропадағы фокус” (“В фокусе Европа”), “Еуропа журналы” (“Европеский журнал”), “Іс болған жер - Германия” (“Место действия – Германия”) бағдарламалары еді. Ал “Спорт репортажы” (“Спортивный репортаж”) бағдарламасы Нью-Йорктегi телевизиялық фестивальде “Final Award” жүлдесiн алды. “Неміс толқынына” жаңа бiр леп, жаңа импульс әкелген 1989 жылы бас директор болып келген Дитер Вайрихпен байланысты еді. Берлин қабырғасы құлатылғаннан кейiн “Неміс толқынының” жұмысы одан әрi жандана түстi. Вайрихтiң айтуынша: “Әлемдегi барша қауым елде не болып жатқанын, қандай жаңалықтар мен оқиғаға толы өмiрiмiзден хабардар болғысы келедi. Оның үстiне соңғы уақытта немiс мәдениетiне, телерадиобағдарламаларына, немiс тiлiне деген қызығушылық көбейдi. “Жалпы батыс үйiнде” 120 миллионға жуық адам немiс тiлiнде сөйлейдi. Германияның бiрiгуiнен кейiн жаңа техникалық мүмкiндiктер пайда болды. Сондықтан, “Неміс толқынында” жаңа телебағдарламалар легiн өмiрге келе бастады. 1988 жылы “РИАСС” радио базасында құрылған Американдық телестанциямен бiрiгiп болашаққа арналған жобалар құрды. “Неміс толқыны” үшiн оның ұтымды жағы техникалық жабдықталуы едi. Соның нәтижесiнде Берлинде телевизиялық екi дирекция құрылып, оның функциясы өзекті мәселелерге арналған телебағдарламалар дайындау, ал Кельндегi дирекция болса бағдарламаларды бес тiлге аударып, маркетинг және жалпы өнiмдi әлемге таратумен айналысады.

Қазiргi уақытта “Неміс толқыны” тәулiк бойы жұмыс iстеуге толығымен ауысқан. Бағдарламалары тұрақты түрде немiс, ағылшын, испан тiлiнде шығарады. Әрбiр бағдарламалық сағат екiге бөлiнедi. Небары бағдарлама үш сағат беріледі. Олар шартты түрде А, В және С деп аталады. Сонымен олар тәулiк бойы кезек-кезек қайталанады (ағылшын және немiс тiлдерiнде). Қалған екi сағат бойы испан тiлiнде жүргiзiледi. “Неміс толқынының” тұрақты телебағдарламалары: ақпараттық “Жаңалықтар”, “Саясат”, “Мәдениет галереясы”, “Германия саяхатқа шақырады”, “Қабырғада ойнау”, “Бүгінгі Германия”, “Іс болған жер – Германия” т.б.

Қазiргi “Неміс толқынын” Қазақстанда тыңдау, яғни тыңдарман болу мүмкiндiгi бар. Кабельдi қабылдағыш антенналар көмегiмен “Deutshe Welle” бағдарламалардың немiс және ағылшын тiлiнде тәулiк бойы тыңдауға болады. “Deutshe Welleнiң” басты ұстанымы “... Aus der Mittel Europa” яғни “Еуропаның жүрегi немiс орталығынан” деген мағынаны бiлдiредi [6,36-б].

Эгон Эрвин Киш неміс жазушысы және публицисі. Кюльброн деген бүркеніш атпен неміс тілінде өлеңдерін жазған шұға саудагерінің ұлы. 1902 жылы реальды училищені бітіріп, 1904 жылдан «Прагер Тагеблат» және «Богомия», 1913 жылдан «Берлинер Тагеблат» газеттерінде жұмыс істейді. Австрия-венгрия армиясының кіші офицері шенінде бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1918 жылы Киш астыртын солдат комитеті басшысы, Венада Қызыл гвардия командирі болып, Австрия коммунистік партиясына кірген. 1921-1933 жылдары Берлинде тұрған. Жазушы 1925-1931 жылдары бірнеше рет Кеңес Одағына келіп, 1928-1929 жылдары бүркеншек атпен АҚШ-қа саяхат жасаған. 1933 жылы нацистер тұтқынға алып, шетел боданы ретінде Чехословакияға жер айдап жіберген. 1934 жылы фашистік жүйеге қарсы конгресске қатысу үшін Австралияға келуге рұқсат ала алмай, кеменің бортынан секіріп, қолға түседі, алты ай қамауда болып, содан кейін елден шығарылады. 1937-1938 жылдары Испанияда Интернациональдық бригаданың жауынгер қатарында, 1940-1946 жылдары Мексикада «Фрайес Дойчланд» газетінде қызмет істейді. 1946 жылы Прагаға қайта оралып, қала еврейлері қауымының құрметті төрағасы болып сайланған. Әдеби қызметі басталғанда, өз шығармаларында Австро-Венгрия империясы ыдырауының жай-күйін баяндаған неміс-еврей жазушылары тобына (Париж үйірмесінде М.Брод, Э.Вайс, Л.Виндер, Ф.Кафка т.б. мүше болды) қосылған. Киш бұған дейін қосалқы болып келген газет репортажы жанрына көркем-публицистикалық сипат беріп, жаңа очерк-эссе жазған авторлардың бірі. Шығармалары: «Патшалар, поптар, большевиктер», 1927; «Америка жұмағы», 1930; «Азия түпкілікті өзгерді», 1932; «Австралияға түсу», 1937. 1923 жылы Киш «Классикалық журналистика» антологиясын құрастырады. Киш мақалаларында және «Тынымсыз тілші» кітабында (1924), және «Ғажаптар жәрмеңкесі» өмірбаяндық кітабында (1942) журналистің эстетикалық және моральдық жауапкершілігі туралы және «Өнер және күрес түрлері» туралы репортаждарды көптеп жазған. Киш «Жеті Гетто туралы әңгімелер» атты жинағын Прага еврейлерінің өткен тарихына арнады (1934, орысша аудармасы 1937), «Давид жұлдызы астындағы Индия деревнясы» очеркінде («Мексикадағы жаңа ашылымдар», 1945 ж.) [7] өзі тапқан, өздерін маррандардың ұрпақтарымыз деп есептейтін индия еврейлері туралы әңгімелейді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1 Шиви П. Культурные аспекты Германии // Журналист. 1999. №12. С. 44.

2 Исследования медиарынка ФРГ [Электронный ресурс] URL: http:// www. medialine. De /deutsch/ forschung.html. 16.

3 Вильгельм К.Ю. СМИ в Германии конца ХХ века // «Власть». 2008. №4. С. 108-110. (0,3 п.л.).

4 Вильгельм К.Ю. Телевидение Германии в период 1990-2000 гг. // Научные труды Московского гуманитарного университета. Вып. 81. М., Изд-во МГУ, 2007. С. 32-41. (0,5 п.л.).

5 Вильгельм К.Ю. СМИ в меняющемся мире: ситуация в Германии в конце ХХ века // Научные труды Московского гуманитарного университета. Вып. 85. М., Изд-во МосГУ, 2007. С. 26-33. (0,3 п.л.).

6 Вильгельм К.Ю. «Реальность Массмедиа» Никласа Лумана // Историческое обозрение. Вып.8. М., ИПО-ЗАО Мануфактура, 2007. С. 86-87. (0,2 п.л.).

7. Kisch Egon Erwin. 1985. Прага, - 1948.


Тақырыпты бекітетін сұрақтар

1. Германия концерндерiнiң қалыптасуы мен дамуы қашан басталды?

2. 1880 жылы заң тақырыбына арналып шыққан қай газет?

3. Ф.Шпенгердің неміс баспасөзінің дамуына қосқан үлесі бар ма?

4. Германиядағы газет-журнал концернiнiң негiзiн қалаушы Леопольд Ульштайншығарған газеттердің тарихы туралы не білесің?

5. “Берлинер Цайтунг” газетiн сатып алған кім және қашаннан бастап шыға бастады?

6. Арнайы телеарнаға жазылған неміс опера қалай аталады? Қанша уақытты қамтыды?

7. Соғыстан кейінгі неміс баспасөзі. Германияда соғыстан кейінгі БАҚ-тың жаңа жүйесі қалыптасу заңдылықтарының ерекшелігі бар ма?

8. Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі неміс радиосы қалай жұмыс істеді?

9. “Неміс толқыны” қай жылы ашылды? Қазіргі жағдайы туралы не білесің?

10. Эгон Эрвин Киштің тарихтағы орны туралы не білесің?
1.8 Италия журналистикасының жаңаша бағыты

Газет-журналдары. Италия мемлекетiнiң бұқаралық ақпарат құралдарының дамыған батыс елдерден айырмашылығы: онда ақпараттық қоғам мен БАҚ байланысы ғаламдық контекске негізделген. 1997 жылы Италия өкiметі телерадиобағдарлама, газет, журналдарды әлемдiк БАҚ тенденциясы негізінде қарастырады. Қазiргi Италия басылымдары халықаралық деңгейде қалыптасса да, өзiнiң таралуы жағынан артта қалып келеді. Өткен ғасырдың соңында Италиядағы таралымы ең көп газет миллиондық «Секоло» («Ғасыр») едi. Ол 200 000 данамен шығып тұрған. 1946 жылы Италия Республикасы болып жарияланып, бұқаралық ақпарат құралдарына көп өзгерiстер енгiздi. Италияның ең iрi қалаларында күнделiктi газеттерiне сұраныс деңгейi жағынан жоғары болды.

Италияда күнделiктi газеттердiң 3/2 бөлiгi халық тығыз орналасқан солтүстiк аймақта шығып тұрған. Италияның 2009 жылдағы көрсеткiшi бойынша газеттердiң түрлерi де таралу масштабы да және дизайны жағынан ХҮII ғасырмен салыстырсақ, айырмашылығы жер мен көктей. Бүгiнгi таңда БАҚ арқылы көптеген жетiстiктерге толы Италия баспасөзi жүйесiнде ақпараттық газеттермен қатар, арнаулы газеттердiң үш категориясы тiршiлiк етуде [1,15-б].

Италия журналистикасында саяси басылымдардың орны ерекше. Мысалы, республикалық партияның екi күнделiктi газетi болса «Джорнале дель пополо», «Италиа дель пополо», Италия социалистік партиясының елу шақты мерзiмдi басылымы бар. Олардың iшiнде «Аванти», «Темпо», «Маттио», «Республиканың» беделi жоғары болды. Клерикалдардың әр қалада шығатын күнделiктi газеттерi бар және олардың арасында Ватикан үнi - күнделiктi «Оссерваторе романының‘’ орны айрықша. Себебi, ол басылым ағылшын, испан, португал тiлдерiнде шығады. Оған қосымша газеттi барлық елдердiң эпископтары, дiндар адамдары алдырыпты.

Арнаулы басылымдардың екiншi тобын iскер адамдарға арналған экономикалық газеттер құрайды. Экономикалық басылымдарға оқырмандар сұранысының өсуi, таралымның көтерiлуi әсер еттi. Негiзгi экономикалық басылымдар: «Италия Оджи», «Оре 12», «Соле 24 оре», «Мессаднеро», «Джорнале» т.б. әрқайсысының әр дүйсенбi сайын шығатын арнаулы қосымшасы бар. Басылым Италияның күнделiктi басылымдар жүйесiн ақпараттық және арнаулы деп бөлiп қарастыруға болады. Италия газеттерiнiң түрi туралы мәселе әлi де даулы, басы ашылмаған жайт. Көпшiлiктiң пiкiрiне сүйенсек, бұл елдiң ақпараттық басылымдарын «аралас» - газеттер түрiне жатқызуға болады. Аралас газеттердiң деңгейi әртүрлi: солтүстiктiң газеттерi сапалық газеттер болуға ұмтылса, оңтүстiктiң газеттерi танымал болуға ұмтылатын сияқты көпшiлiк газеттердiң құрылымы ұқсас.



Италия басылымдарының саяси ақпараттар беруде қара түнектi қаптатып жазатынын, жаңалықтарды беруде де тосын оқиғаларға: жер сiлкiну, су қаптау, қылмыс, бақытсыз жағдайларға көп жүгiнетiнiн зерттеушiлер көп сынайды. Сондықтан, кейбiр мамандар, теледидар ғасырында газеттi жеңiл оқылатындай етiп жағдай жасау керек деп ұсыныс айтады. Қазiргi газеттер осы тәсiлге көшкен сыңайлы. Кейбiр басылымдар бiрiншi бетке атақты әншiлердiң жаңа дискiлерi туралы жазуды жөн көрсе, кейбірі саяси жаңалықтарды басады. Журналистика дәстүрі бойынша бiрiншi беттiң астына берiлетiн романдардан үзiндiлердiң орнын ақсүйектердiң, өнер жұлдыздарының өмiрiнен берiлетiн хроника иемденген. «Республика» газетiнің бір нөмірінде тележүргiзушi Пиппо Бауда мен әншi Кати Ричареллидiң үйлену тойлары туралы хабарлаған. «Саясатқа көбiрек жүгiнетiн күнделiктi газеттердiң оқырманы шектеулi, ал иллюстрациялық апталықтардың таралу ауқымы кең. Соңғы жылдары баспа шығындарының күрт өсуi, жарнамадан түсетiн кiрiстiң азаюы Италияда күнделiктi газеттердiң бағасын көтерiп жiбердi [2,18-б], -дейді зерттеушілер.

Италия баспасөзі тарихы. 1943-1945 жылдар. 1940 жылдардағы Итальян журналистикасы негізінен сол кезде мемлекетте қалыптасқан саяси жағдайдың көрінісі іспетті. Ұлттық баспасөз аяғынан тұрып үлгермей тоталитарлық режимнің қыспағына түседі. Оппозциялық газеттер жойылып, кейбіреулері ғана жасырын шығарыла береді. Ең беделді «Стефани» ақпарат агенттігі Муссалини басқаруымен фашизмнің ресми қаруына айналды. Күнделікті газеттер саны қысқартылып, оқырмандардың объективті бағалалау мүмкіндігі әлсіреді. 1943 жылдың шілде айында Кеңес Одағының әскери күші Сицилияда орналастырылып, Англо-Американдық әскери басшылық іске арнайы дайындалған психологиялық соғыс жүргізетін бөлімшені қосты. Оның атқаратын қызметіне Жерорта теңізі бойындағы соғыс әрекеттері жайлы барлық ақпараттарды қадағалау кірді. Олар цензураны енгізе отырып, газеттердің шығарылуына рұқсат беру, не тыйым сала алды, өздерінің жекеменшік баспасөз ұйымдарын және радио құру мүмкіндігін алды. Италияны қолдаушы одақтастар, консерванттық күштер ұлттық бостандық комитет партияларының ықпалын, әсіресе, Солтүстік Италия Бостандық Комитетін (СИБК) әлсіреткісі келді. СИБК жалпы тұлғалардың дефашизациялануын қадағалайтын заңды ұстауды, фашист оккупанттарымен байланысқа түскен барлық басылымдарды жабуды талап етеді. Одақтастардың қамқорлығымен, не рұқсатымен қарапайым және бұрын көбісі жасырын шығарылған антифашистік партия басылымдары шығарылады. Танымалылары: «Аванти» коммунистік «Унита», демократиялық «Пополо» және «Италия Либера». 1944 жылы шілде айында Рим бостандық алғаннан кейін бұл басылымдар өздерінің шарықтау кезеңіне жетті. Осы тұста газет таралымының көлемі біршама ұлғайды. Психологиялық соғыс бөлімдерінің газеті Палермодан бастап, басқа да ірі қалаларда ашыла бастады. Азат етілген жердің ең бірінші «Сицилия Либерато» газеті 1943 жылы 6 тамызда Палермода жарық көрді. Психологиялық соғыс бөлімінен тәуелсіз, бірақ олардың бақылауымен «Рисорджименто», «Темпо» газеттері шығарыла бастайды. Олар халыққа қажетті мәдениет және сатира салаларында ақпарат тарата бастайды. 1944 жылы 11 тамыз күні, оккупация кезінде шығарылған қаржылық «Иль Солее» және католиктік «Л’Итале» басылымдарынан басқа барлық газет-журналдар жабылсын деген СИБК баспасөз мәселелеріне қатысты құжат қабылданады. 1945 жылы кооперацияның бастаумен партия газеттерінің ұсынысымен ассоциацияланған ұлттық баспасөз агенттігі құрылады [3,55-б]. Олардың негізгі ұстанымы бостандық пен шындықты жазу болды. Журнал шығару ұйымдарының да жұмыстары жаңадан басталып, Муссолини қызметтен кеткеннен кейін Италия Ұлттық Баспасөз Федерация (ИҰБФ) өз жұмысын жандандырды. 1944 жылы журналистер тізімі мен қабылдау ретін анықтап 11 облыс пен облысаралық жұмысты қадағалау мақсатымен Бірыңғай комиссия құрылсын деген №384 декрет қабылданады. Комиссияға итальяндық журналистиканы дефашизациялану жүктелді. Осылайша Италия 1945 жылы толық бостандыққа ие болған тұста мемлекетте антифашистік үкіметтің коалициялық партиясымен қатар, қалыптасқан одақтастық бақылау партиясы жұмыс істей бастайды.

1945-1946 жылдардағы өтпелі кезең. Тәуелсіз Италиядағы БАҚ-тың қалыптасуы бірнеше маңызды оқиғаларға байланысты дамыды. Қоғамның демократиялануы бұқаралық ақпарат құралдары үшін ең маңызды тақырыпқа айналады. Фашистік журналистер одақтастығы таратылып, «Стефан» агенттігі мен «ЭИАР» хабар таратуын тоқтатады. Олардың орнына келген антифашистік одақтастық басылымдары мен радиолары ақпараттандыру қажеттігін толық қамтамассыз ете алмайды. Барлық компоненттерге ие ақпараттық жүйе құру қажеттігі туындайды. Бұл үрдістің дамуы әр жылы түрлі ерекшеліктерге толы. 1945-1946 жылдары өтпелі кезеңді басынан кешіріп, бұл жылдар аралығында БАҚ-тың атқару органының негізгі қағидалары қалыптасып, заң нормалары қабылданды. 1948-1953 жылдары БАҚ жүйесі өзіне тән белгілерге ие болып қолмай, саяси билікпен қарым-қатынас жасау амалдарын ойлап табады.

Алғашқы өтпелі кезең ұйымның және антифашистік партиялардың, олардың бақылауындағы радиолардың атқарған қызметімен байланысты дамып, бұл ұйымдар одақтастарының тура, не жанама бақылауында болады және партиялық баспасөз көбейеді. Әлі де сақталған антифашистік газеттер қатарына жаңа атаулар қосылып, Сәуір көтерілісінен кейін Милан мен Римде демократиялық партияның «Италия Либера», социалистік «Аванти», коммунистік «Унита», христиандық «Дем Пополо», либералдық «Либера», республикалық «Пополо Соврано» басылымдары жарық көреді. 1945 жылы 26 сәуірде алғаш және соңғы рет «Ново карьере», кейіннен «Ново карьере де ла сера» басылымы жарыққа шығады. «Стампа» деген басқа газетті «Фиат» басқарады. Кноси бұл газеттің жаңарып жарық көруіне қарсы болғанымен, ол шілде айында қайта басып шығарылады. «Стампа» бұрынырақ заңсыз түрде жүргізілген фашистер ықпалынан толық арылып, жаңартылып, тәуелсіз баспасөзге айналғандығы туралы мәлімдеме жасайды. Бұл газет Туринде жайсыз толқын туғызады, сондықтан одақтастарына бұл баспасөзді жабуына тура келеді. 21 шілдеде «Нова Стампа» басылымы пайда болып, осы тәсілмен фашизм кезінде шығарылған көп газеттер өз жұмыстарын жаңғыртты. 1946 жылы сәуір айында «Мессаджеро» және «Ново джорнале д’Итале» шыға бастайды. Басылымдар оқырман аудиториясын қарқынды жинап, өздері ұстанатын саяси көзқарастарын партиялық газеттегідей ашық жарияламайды. Жекеменшік «Капр», «Стампа Сера», «Гадзетта сера» кешкілік басылым ретінде өз оқырман аудиториясының санын көбейтті. Қалған газеттер де оқырманның өзіне тартуға тырысып, хроника, қылмыс, спорт жаңалықтарын көптеп жариялайды. Күнделікті басылымдар өз жұмысын қайта жандандырады, оның ішіндегі ең табыстылары Римде шығарылатын қаржылық- экономикалық «Глобо», Миландық «Солее», Туриндік «Коммеро» басылымдары болды.

«1946 жылы халықаралық саяси жағдай қиындай түсіп, Черчиль Фултонда Италияға суық соғыс жариялайтынын хабарлайды. Өз кезегінде бұл Батыс мемлекеттерінің, соның ішінде Италияның ішкі және сыртқы саясатында қиыншылық туғызды. 1946 жылы осыдан басқа тағы да бірнеше тарихи оқиғалар болып, еферендум өткізіліп, үкімет билігі ауысады. Осымен БАҚ-тың өтпелі кезең аяқталады» [4,33-б].

1946-1948 жылдары халықаралық саяси жағдай қиындай түсті. Черчиль Фултонда Италияға суық соғыс жариялайтынын мәлімдеп, өз кезегінде бұл Батыс мемлекеттерінің, соның ішінде Италияның ішкі және сыртқы саясатында қиыншылық туғызғаны сөзсіз. 1946 жылы референдум өткізіліп үкімет билігі ауысып, өтпелі кезең аяқталғаннан кейін сайлау алдындағы науқан кезінде партия газеттерінен басқа басылымдар белгілі позициясын ұстанады. Ірі газеттердің ішінде монархияны Туриндік «Ново Стампа», Римдік «Темпо», «Рисоджименто Либирале», Неополитандық «Джорнале» басылымдары қолдайды. Республикандықтар «Мессаджерро», «Ресорджименто» газеттерінің қолдауына ие болды. Миланда 17 республикалық басылымдар және 4 басқа сипаттағы «Унита», «Аванти», «Милано Сера», «Италия Либиро» газеттерден басқа «Пополо» басылымы хритстиан-демократтарды қолдады.

Республикалық күштердің референдумда жеңіске жетуі, сайлау нәтижесі және ұйымдастырушылар жиналысы нәтижесінде, мемлекетте әлі де демократиялық күштердің ықпалы зор екендігін байқатады. Саяси сахнаға жаңа басшы – христиан-демократиялық партия келіп отырады. ХДП антифашистік бірлікті бұзып, өзінің билігін орнатуды ұйғарды. 1947 жылы Де Гаспаридің қол астына бірпартиялы үкімет құрылып, бұл БАҚ-қа өз әсерін тигізді. Құрылтай ұйымдастырушыларына (СОБР) БАҚ туралы заңды қайта шығару жүктелді. 1947 жылы қабылданған БАҚ-ты бақылау және қадағалау нормаларын анықтайтын декрет шығып, 1947 жылғы бұл декреттің 21 бабы баспасөз бостандығына қатысты болатын. Жазылған мәтін бірден қабылданбай дау туындайды. 1948 жылы қабылданған заң сол жылы өткен сайлауға байланысты өте қысқа, 39 баптың 23 бабы ғана сақталды, көп сұрақтар қамтылмай, жауапсыз қалады. Бұл заң алдағы уақытта баспасөзге қатысты негізгі заң болып қолданысқа енеді. Кәсіби журналистік ұйымдардың құрылуы маңызды бастамаға арналып, Итальян мерзімді баспасөз ассоциациясы 1977 жылы құрылған еді. Онда журналистердің үш түрі атап өтілген: тек қана журналистикамен айналысатын журналистер; журналистикамен қатар басқа да мамандықпен айналысатын публицистер; мерзімді баспасөзге жазатын публицистер.



1948-1953 жылдардағы БАҚ. 1948 жылғы парламент сайлауы қарсаңында БАҚ белсенді сайлау науқанына тартылып, сайлау християн-демократиялық (де Гаспери) және халық-демократиялық майдан арасындағы тартысқа айналады. Коммунистер мен социалистер бірігіп, тараптардың әрқайсысы насихат пен үгітті барынша белсенді жүргізуге тырысады. Солшыл күштер өздері шығара бастаған басылымдарға арқа сүйеп, олардың қарсыластары негізгі назарын плакаттарға, парақшаларға, кітапшаларға аударды. Бұл жылдары БАҚ күштері түпкілікті жіктеліп, Антиком, атлантизм және клерикализм, кот орталықшылдық ағымның іргетасына айналып, барлық газет, журналдарда және радиода қолдау табады. Демократиялық баспасөз қуғынға ұшырап, үкімет әкімшілік және сот шаралары арқылы оларға бақылауды күшейтеді. ХДП-ның Рим мен Миланда екі басылым болып шығатын, Пополо басқаратын, күн сайын шығып тұратын газет топтары қалыптасады. Олар партиялық басылымдар болғандықтан, қалың бұқараға тарамай, християн діні қайраткерлері газетті қолға алуға тырысты. «Маттиномен», «Венециямен», «Гадзеттиномен», «Газета дель пополомен» дәл осылай болды.

1950 жылдардың басында ХДП тағы жеті газетке, итальяндық баспа орталығына ие болады. Кейбір деректер бойынша бұл топқа бүкіл ел бойынша шығатын 17 газет кірген. Бұл Италия журналистика тарихында газеттердің едәуір шоғырлануы болды. Алайда, 1953 жылғы ХДП-ның жаңа көсемдері билік басына келгеннен кейін бұл газеттер шоғыры ыдырап кетті. 1948-1953 жылдары орталықшыл үкімет сыңайындағы ұстанымға либерал християн-демократтарға жақын, итальяндық «Конформист» газеті шықты. «Карьерре дела серо» саясат ағымында болды. «Де Госпери» итальяндық күнделікті баспасөзде жетекші орынды ұстанды. «Карьерре дела серо» өз елінде, Англиядағы – «Таймс», АҚШ-та – «Нью – Йорк Таймс» немесе Франциядағы – «Монд» сияқты басылымдар үлкен рөл атқарады. Бұл басылым айқын басымдыққа ие болып, онда жоғары дәрежелі кәсіби журналистер жұмыс істеп, тәжірибелі тілшілер тобы қалыптасты. Туринде «Нова Стампа» басылымы табысты жұмыс істеді [5,69-б].

1948 жылдан кейін ХДП РАИ-да өз билігін саяси тұрғыда бекіп, 1952 жылы үкімет жиырма жыл мерзімге РАИ-мен жаңа конвенцияға қол қойды. Осыған сәйкес барлық радио және теледидар қызметтері тек қана РАИ-дың иелігіне берілді. Конвенцияда Почта министрлігі мен парламент тарапынан бақылау белгіленді және РАИ басшылығын тағайындау құқығы үкіметке қалды. Тағы бір маңызды қадам – «АНСА» агенттігіне бақылау белгіленіп, 1949 жылы Италиядағы бірден бір ұлттық агенттік «АНСА» өзінің тәуелсіз сипатын жоғалтты. Орталықшылдық кезеңінде баспасөзде монополист топтардың бекуі жедел қарқынмен дамыды. «Рома Лауро» кеме иесіне, «Мессаджеро» – Перронеге, «Стампа» – «Фиатқа», «Карьерре дела серо» - өнеркәсіп иесі Креспидің отбасына оралды. Осы кезде жаңа меншік иелері пайда болып, Миланда кешкі «Коте» атты газет (негізін салушы Карло Пезетти) цемент королінің қолына өтті. Өнеркәсіп иелерінің қолына көп өңірлік басылымдар өтіп кетті. Күнделікті «Эуропеоның» меншік иесінің өзгеруі зор сілкініс туғызып, ол баспагер Мццокиден баспагер Рицоллиге өтті, қаржы индустриясы қаржы-экономикалық басылымдар «Иль Солееге», «24 оре», «Глобоға» бақылау орнатты. Қаржы индустриясы сайлау қарсаңында газет топтарын ұйымдастырып, оған он екі ұсақ газет кіріп, саны артып, Қауымдасқан Газеттер Агенттігі (ҚГА) атауына ие болды. Бұл газеттер Римнен қаржылай көмек алып, әсіре оңшыл қанатта Италия Социалистік Қозғалысы (ИСҚ) үн қатып, Кот конституция ережелеріне қарамастан жасалды. Осы партияның алғашқы газеті – «Ордине Сочале» болды. 1952 жылы «Секоло д Итале» пайда болып, 1948 жылғы сайлаудан кейін оппозициялық газеттердің жағдайы қиындап, сайлау алды науқаны уақытында шыққан, тіпті бірнеше жылдар бойы шығып келген газеттер жабылды.

Радиохабарын тарату серпінді дамып, 1946 жылғы қарашада РАИ-да екі «Көгілдір» және «Қызыл» ұлттық арна құрылды. 1950 жылғы қазанда үш радиоарна құрылды. 1952 жылдары радиобағдарламаларға реформа жүргізілуі жаңа леп әкелді. Бұған дейін радиогазеталар күніне үш рет берілетін, содан кейін олардың саны өсті. Бірінші арнаның жаңалықтары өзіне екі арнаның радиогазеттерін қосып алып, басымдық сипат алды. Күнделікті төрт реттік берілім парламентке, баспасөзге, шетел баспасөзіне шолу, биржа мәліметтерін толықтай беріп отырды. Тұтастай радиохабар тарату дамып, тыңдарман аудиториясының кеңеюін 1945 жылы 1 600 000, 1948 жылы 2 200 000, 1953 жылы 4 700 000 болғаны дәлелдейді.



1950 жылдардың екінші жартысында Италиядағы телеарналар бағдарламалары маңызды ерекшеліктерге ие болды. Алғашқы тәжірибелік кезең Рим қаласында 1929 жылы басталған болатын. 1939 жылы Рим мен Миланда аз болса да, күнделікті хабарлар таратылып, соғыстан кейін барлығын қайта бастауға тура келеді. Тәжірибелік жұмыстар 1949 жылы өз жалғасын тауып, 1952 жылғы конвенция бойынша Телеарналар «РАИ» мемлекеттік қызметінің монополиясына айналады. Даму жоспары мемлекет аумағында да тарап, туындаған қиындықтардың бірі таулы жерлерде толқындардың төмен деңгейде болуы, қосымша қызмет түрлерін талап етті. Осылай халықтың 48 пайызына қызмет көрсетсе, 1960 жылдардың аяғында тұрғындардың 96 пайызы телебағдарламаларды көре алатын жағдайға жетті. Бұл тез дамудың себебі, аудитория осы уақытқа дейін журнал оқып, ақпарат алуға деген ынтасы жоғары болуы, телевидение нарығын жаулап алушы құралына айналды. Билік басындағылар саяси партиялардың енгізулерінің оң ықпалын бірден байқап, Италия телевидениесі басынан бастап партия дебаттарының ортасында жүрді. Ықпал ету мүмкіндігіне Халықтық Демократиялық Партия иеленіп, телеарналардағы техникалық үдеріс арқасында өнім сапасының артуына ықпал етті.

1954 жылдың 3 қаңтарындағы алғашқы телевизиялық кеште көрермендерге телегазет ұсынылды. Алғашқы жылдары телегазет ресми үлгідегі жалғыз ақпараттық бағдарлама болды. Кейіннен көңіл көтеретін бағдарламалар пайда болып, 1957 жылы алғашқы жарнамалық-көңіл көтеретін және музыкалық ойын-сауық бағдарламалар шықты. Таралым кестесіне көркем, танымдық және білім беруге қатысты ағарту бағытындағы бағдарламалар енді. 1954 жылы экрандарда алғашқы 4 сериялық телероман көрермендерге жол тартты. 1955 жылы діни айдарлар, 1958 жылы шетелдің үлгісімен жасалған телемектеп эфирге шықты. Кешігу мен көптеген қиындықтарға қарамастан Италияда журналистиканың жаңа түрі – телеарналар пайда болды және ол бірден баспасөздің бәсекелесіне айналды [6,75-б].



1950 жылдардағы «Эспрессо» апталығы мен «Джорджо» күнделікті газеті. «Эспрессо» атты апталық басылымды шығару туралы идея Сарино Бенедетти бастаған журналистер тобынан шықты. Олар солшыл-либеральдық көзқарасты ұстанған еді. Апталыққа қаржы жағынан өнеркәсіп өкілдері қолдау көрсетіп, алғашқы нөмірі 1955 жылы күзде жарық көреді. Газет пішіні 16 жолақтан құралып, радикалды партияның көзқарасын ұстанып, саяси-зерттеу мақалаларымен кеңінен танылады. Желтоқсан айында «Эспрессо» Римдегі мүлік сату саласындағы коррупцияны әшкерелейді, соның нәтижесінде 1958 жылы наурызда басылым редакторы қызметінен шеттетілетіні туралы шешім қабылданады. «Эспрессо» журналының зерттеу қызметі Италия журналистикасында маңызды орынға ие болып,1950 жылдың ортасында ол беделді басылымға айналады. 1956 жылы сәуірде «Джорно» күнделікті газеті жарық көріп, оның пайда болуы көп жағдайда экономикалық биліктегі жоғары эшелондағы шенділерге қарсы күреспен байланыстырылады. «Джорно» дәстүрлі басылымдардан пішіні мен мазмұны жағынан өзгешеленді. Беттері 8 бағаннан (1-шапкасы, 7-верстка) тұрды. «Оқиға» атты күнделікті айдары қысқа да нұсқа, маңызды болды. Бір жолағы да «Ветрина» маңызды деген жаңалықтардан тұрды. Ішкі бөліктерінде тақырыптар бойынша бөлінген материалдар басылып, газет иллюстрациядан тұратын көңіл көтеретін сипатта болды және кешкі саны жарық көрді. Саяси сипатты солшыл бағытты ұстанды. «Джорно» шетелдерде жаңашыл бағытымен танылды. «Таймс» оны Италия баспасөзінің тарихындағы дәстүрлі жүйеден ерекшеленген ерекше қадам деп атап өтті. «Джорно» таралымы алдымен Миланда шарықтау шегіне жетті, бірақ көптеген оқырмандар газеттің жаңашыл сипатын сынға алды. Алдымен кешкі санынан бас тартты, кейін жаңа акционерлердің пайда болуына қарсы шықты. Сондықтан газет «ЭНИ-дің» қарамағына өтіп, нәтижесінде оның бас редакторы да өзгерді. Валобдинидің орнына Пьетро тағайындалып, ол көптеген талантты журналистер мен жазушыларды қызметке тартты. Мәдениет туралы бөлім ұлғайтылып, басылымның таралымы артып, сол арқылы күнделікті газеттердің ситимонолизация үрдісі бастау алды. Жыл өткен сайын газет таралымы көбейіп, пішіні жақсарып, мазмұны жетіле түседі.

1960 -1970 жылдары Италияда БАҚ арқылы терроризмді сынау басталды. Италия бұл жылдары фашистік емес топтар мен анархистерге арналған полигон алаңына айналды. 1970 жылы қайғылы қызыл бригадалар қызмет еткен болатын. Италиядағы ең басты қайғылы оқиға ХДП лидері Альде Мороны ұрлап, өлтіру болды. Бұл жағдай террористік топтардың қызметін әшкерелеуде БАҚ-тың маңызды орнын көрсетті. Қызыл бригадалармен келіссөз жүргізіп, оны халыққа жеткізу-жеткізбеу тек партияның емес, баспасөздің де міндетіне айналды. Көп газеттер террористермен келіссөз жүргізуден бірден бас тартты. Ал бұларға қарсы бағытты ұстанған тек «Социалистік Аванти» және бірнеше басылым ғана. Партиялық басылымдар қатыгез полемикаға тап болып, Альде Моронмен болған трагедиялық жағдай бұл мәселенің ең қиыны екенін атап көрсетті. Мұндай мәселелер 1960 жылдардың аяғында пайда болды. Ол кезде судья Д’Уссоны ұрлап кеткен болатын. Қызыл бригадалар өздерінің талаптарын басып шығарды. Онымен «Мессаджеро», «Секолло19», «Аванти», «Лота Континоа» келіскен болатын. Қызыл бригаданың басшысымен сұхбат жүргізу сол кездің сенсациясына айналып, ол «Эспрессо» беттерінде жарияланған болатын. «Джорнал» директоры террористердің талаптарын жариялауға дайын екендігін білдірді. Олар тек судьяны босатқан соң ғана жүзеге асыратындарын жеткізді. Сера жұмысының карьерасы баспасөзді толық тыныштыққа ұрындырды. Ал шешімі Альде Моронмен байланысты болды. Дәл осы кезде сот пен баспасөз арасындағы қарым-қатынаста қиындықтар туындады.

"Репубблики" газеті. 1976 жылдың қаңтарында Э. Скальфари әлі 52 жасқа да толмаған еді. Жиырма жыл бұрын ол 1955 жылы «Эспрессоны» шығарып, өзі басқарған еді. Э. Скальфари Италия Парламентінің депутаты болып, көп жылдар саяси басылымдарда жұмыс істейді. Бұл газет өзінің басқалардан басты ерекшелігі жаңа бағыт ұстануында еді. Алайда ол «Репубблика» сияқты дәстүрге қарсы шыға алмайды. «Репубблика» тек жеке аймақ үшін емес, мемлекет үшін маңызды құбылыстар мен әрекеттер жайлы ақпараттар беріп отырды. Ұлттық басылымның тағы бір ерекшелігі - бүкіл мемлекетке таралуы. Таралу аумағы жайлы айта отырып, мемлекет аумағында тарау құқығы деген ұғымның да бар екенін ескере кеткен жөн. «Репуббликаның» дәл осы көрсеткіші басты артықшылығы.

Э.Скальфари «омнибус-газеттің» ұлттық итальяндық моделін жоққа шығарған болатын. «Репубблика» элиталық баспасөзге айналып, жоғары топтағы адамдарға арналды. Скальфари «Іntelligenza Laica» деп аталатын топ үшін үлкен газет шығаруды жоспарлады. Бұл топқа саяси және діни нақты көзқарасы мен тұжырымы қалыптасқан адамдар кірді. Бұл оның «Коррьере Делла Сера» газетінен басты ерекшелігі болды, себебі, бұл газет өзінің саяси көзқарасы арқылы демократияның үлкен бөлшегі. Діни бағыттағы христиандарға қаратылды. Газеттің алғашқы кездегі концепциясы мынадай болды: екінші пландағы ұлттық газет (ол солай есептелінді: «Стамп» пен «Коррьере Делла Сера» атты негізгі ұлттық газеттермен салыстыру үшін сатып алып отырды) көп ұзамай бірінші орындағы ұлттық газетке айналды. Олар әлеуметтік белсенді итальяндықтарға арналып, мазмұнды жаңалықты бірінші болып жеткізуге талпынып отырған. Бұл телеақпараттың күрт өсуіне орай туындаған бағыт еді, сондықтан да 1970 жылдардағы итальян газеттерінің басты ерекшелігі пікір алуандығы. Осы бағытты Скальфари өз басылымының қазығы етті. «Репуббликада» басылған материалдардың негізгі тақырыбы ішкі және сыртқы саясат, экономика және мәдениет болды. Алғашқы сандарында спорт жайлы материалдар болмады, бұл оның ең негізгі ерекшелігі болды. Джорджо Фораттини шебер жасаған карикатуралар комментарий беттерінен алдыңғы бетке бірден шықты. Бұл газетті «күнделікті апталық» деп атауға мүмкіндік берді. Басылымның сыртқы түрі 1976 жылы 14 қаңтарда «Репубблика» деген атпен шыққан саны мүлдем жаңа үлгіде шықты. 1975 жылдың ортасында Скальфари өзі қандай пішінді таңдарын нақтылай алмады. Қарапайым ба, әлде жиырма беттен тұратын таблоид түрін таңдайтынын білмеді. Кейінірек, үлгі ретінде «Монд» пішінін алды [7,11-б]. Бұл пішіннің дұрыс таңдалуы оқырмандарды тартудың басты құралы болып саналды. «Репубблика» араласу тәсілінің жаңашылдығымен бірден көзге түсіп, бірінші беті өзгерді. Барлық материалдарды бірінші беттегі тақырыпты ашып отырды, ол екі-үш сөзден тұрады. Бұл тақырыптар манифест немесе лозунг сияқты әсерлі, үндескен, тартымды болып, «Репуббликаның» құрылымы да өзгеше болды. Скальфари өз мақалаларын алғашқы бетте емес, алтыншы бетте жариялады. Ол барлық комментарийлерді ағылшын-саксондық газеттер сияқты бір бағанаға біріктірді. Үшінші бетін жетінші бетпен алмастырып, қарапайым күйге енгізіп, бұл қосымша «Мәдениет» деп аталды және газетті Бенедетти идеясы бойынша екі негізгі бөлімге бөлді. Бірінші бөлім ішкі саясат, комментарийлер, есеп, сыртқы саясаттан тұрса, екінші бөлімде болған оқиғалар, құбылыстар жайлы айтылды. Оны «Екі Астана» деп атады (бірінші жартысы Римге, екінші жартысы Миланға арналды). Алайда бұл ұзақ уақытқа созылмай, бесінші бет «Экономика және ұйымдар» деп аталды. «Репубблика» газетін құру неоцентризм дағдарысымен тұспа-тұс келіп, Скальфари газет саяси қолдауға ие болды деп айтуы шындыққа жанаспайтын еді. Газет тек өндіріс капиталы арқасында ғана пайда болды. Оның пайда болу кезеңі газеттердің саясилана басталуымен сәйкес келді. Бұл тенденцияны «Репуббликаға» дейін жарты жыл бұрын пайда болған «Джорнале» бастады. Басылымның саяси кредосына келер болсақ, онда ең алғашқы санында айтылған сөз уақыт өте келе де өзгермеді: «Біз еркінбіз, бірақ нейтралды емеспіз». Газет саяси жағдайларды жазып, сын айту құқығын дұрыс пайдалана білді. Себебі, ешбір саяси партия немесе топпен байланыста болмаған «Репубблика» өзінің пішінін либеральды модель деп атап, позитивті деректермен қоса, Италия журналистикасының негативті жағын да талдап, саралап берді.

1980 жылдардағы күнделікті газеттер. 1980 жылдары баспасөз саласы дағдарыстан аман қалып, көптеген газеттер техникалық жағынан жаңартылады. 1981 жылы Баспасөз туралы Заң қабылданады. Бұл заңда газет шығару өндірісіне қағаз бөлу, телефон және телеграф тарифтеріне жеңілдік қарастыру, газеттің бағасы, техникаға мемлекеттік субсидия сияқты мәселелер қарастырылған. Заңның антимонополиялық жағы үлкен резонанс туғызды. Соған сәйкес тек бір адамның қарамағындағы баспасөз таралымы бүкіл газеттердің 20 пайызын, ал бір конциссионер қызмет көрсететін жарнамалық баспасөздің таралымы жалпы газет таралымының 30 пайызын ғана құрауға тиіс болған. Бұл заң бюджеттік баспасөзге байланысты, сонымен қатар, баспасөз саласындағы қаржыгерлер арасында табысты бөлу сияқты мәселелерді қарастырған. 1980 жылдары соғыстан кейінгі кезеңде алғаш рет газет таралымы арта түсіп, 1987 жылдан бастап газеттер белгіленген бірыңғай бағадан еркін бағамен сатылады. Осы жылдары күнделікті газет саласында ұлттық газеттер нық бекіп, бұл үрдіс «Республикада» толығымен көрініс табады. Оның таралуы бүкіл мемлекетті қамтып, басқалардан ерекшелеп тұрды. Кейін осы жолмен «Сессаджере», «Стамп» және «Карьера для Сера» атты газеттер жарық көрді. Таралым сонымен қатар, журналдық қосымшалар, телебағдарламалар және жергілікті хабарлары бар күнделікті қосымшалар арқылы да арта түсті. Бұл күнделікті басылымдар тек оқырман үшін емес, баспадағы журналдық саланы қызықтыратын жарнама үшін де күрес туғызды. Ұлттық газеттермен қоса бұл жылдары жергілікті газеттердің жаңа үлгісі қалыптасты. Қаржы-экономикалық газеттердің таралымы 108 пайызға артып (көшбасшысы – «Конфиндустрия», «Солее 24 оре») ол тек қана бір салаға маманданған басылым емес, ақпараттық баспасөздің де артуына әкелді. 1982 жылы футбол чемпионатында Италия командасының жеңісінен кейін спорттық басылымдар саны арта түсті. Кейінірек мемлекеттік субсидияларға қарамастан газет қаржысы тұрақты бола алмады. Газеттер өз оқырмандарынан айырыла бастады [8,49-б].

Күнделiктi басылымдар. Соңғы он жыл iшiнде Италияда күнделiктi басылымдардың бiр күнгi таралымы 9 713 000 данаға жеттi. Алайда 1990 жылдардың басында газет iсi кезектi дағдарысқа ұшырап, Италияда әр 1 000 адамға 102 дана газет шығарып, Еуропада артта қалып қойды. Солтүстiк аудандарда 1 000 адамға 132 дана, ал орталықта 122, оңтүстiкте – бар-жоғы 55-ті құрады. Сонымен, оңтүстiк және солтүстiк аймақтарында газет саны әртүрлi. 1990 жылдардың басында ақпараттық газеттердiң арасынан аймақтық жетi газет ұлттық газеттерге айнала бастады. Баспасөз жүйесiнде ұлттық газеттер барлық уақытта бiр-бiрiмен бәсекелестікте өмір сүріп келеді. Олар: «Коррьера Делла Сера», «Джорнале», «Стампа» т.б. Осы аталған ұлттық газеттердiң тобын «Индепендент», «Авеннире» толықтыра алды. Ұлттық газеттерден кейiнгi орында ауданаралық күнделiктi газеттері «Мессаджеро», «Гадзеттино», «Национе» тұрады. Жалпы Италия басылымдарының тең жартысын аудандық және провинциялық басылым құрайды. Италияда кешкiлiк басылымдар таңертеңгiлiк басылымдарға қосымша болып шығады. Оларға: «Коррьера меркантиле», «Нотте», «Экспрессо сера» т.б жатады [9,10-б].

Италияда мерзiмдi басылымдарға қарағанда журнал секторы жақсы дамыған. Сапа жағынан да, таралымы жағынан да журналдар жоғары орынға ие. Көлемi әртүрлi журналдардың iшiнде көпшiлiкке арналғанын да, салалық журналдарды да кездестiруге болады. Соңғы жылдары саяси сипаттағы (24 %), кәсiподақтың (20% ), әдеби (12 % ), тарихи (32 % ), журналдардың саны кемiді. Керiсiнше, тамақтану, сән, жарнама мәселесiне арналған журналдардың қатары (32%) көбейген. Философиялық журналдар алдыңғы орынға шықты [10-85-б].

Тар шеңбердегі арнаулы басылымдардың таралымы да аз. Ақпараттық, безендiрiлген апталықтар, әйелдер мен балалар журналдары, католиктiк басылымдар итальяндықтар арасында өтiмдi. Бiрiншi орында ақпараттық-апталық басылымдар оқырмандардың ықыласына бөленiп отыр. Мысалы, «Эуропео», «Эпока» - безендiрiлген болса, «Мондо» - экономикалық, «Экспрессо» – саяси, “Панорама’’ - шетелдiк басылымдарға арналған дайджест болады. «Панорама» мен «Экспрессо» бiр-бiрiмен бәсекелес басылымдар. Бұл басылымдардың қай-қайсысы болмасын жаңару, өзгеру жолында. Апталықтардағы, журналдардағы, күнделiктi газеттердегi өзгерiстердiң бәрi - теледидардың әсерiнен туындап отырғаны белгілі. Күнделiктi жарнама үшiн күресе отырып, көлемiн ұлғайтқан, оны толтыру үшiн апталықтардың дәстүрлi тақырыптарына да барады екен. Апталықтар айлық журналдарға ұқсап, сапасы жағынан өзгерiп көпшiлiкке арналған безендiрiлген журналдардың да қасиеттерiн бойына сiңiруде. Тек «Панорама» мен «Экспрессо» ғана ақпараттық апталықтардың типологиясын сақтап отыр екен.

Италия мерзiмдi басылымдарында әйелдер журналының маңызы зор. Олардың iшiнде дәстүрлi итальян әйелдер журналдарының үлгiсiн жалғастырушылар да, еуропалық журналдардың көшiрмелерi де, жаңа типтегi әйелдер журналдары да кездеседi. Әйелдер журналдарының iшiндегi танымалы, таралымы жоғарғысы – «Донна Модерна». Бұл журнал жұмысбасты, уақыты жоқ, бәрiнен хабардар болғысы келетiн оқырмандарға арналған. «Донна Модерна» Италиядағы әйелдерге арналған алғашқыда «Ньюс Мэгэзин» деген атпен шыққан. Италияда балаларға арналған журналдар таралымы да жоғары. Бұлардың iшiнде «Уольт Дисней компани - Италия» баспасына қарасты - «Тополино» журналы ең танымалысы. Италияда шығатын журнал тобын тележурналдар толықтыра түседi. Берлусконидiң «Сорризм э канциони ТВ» апталығы тележурналдардың iшiнде ғана емес, жалпы журнал типтес басылымдардың iшiндегi таралымы жоғары басылымдардың бiрi. Бұлардың басқа салалық журналдардың түрлерi жеткiлiктi: католиктiк басылымдар, автожүргiзушiлерге арналған басылымдар, жұлдызнамаларды басатын басылымдар, сатиралық басылымдар болып түрлерге бөлiне бередi.



«Унита». Батыстың ең үлкен солшыл газеті. Алайда бұл газет те партиялық баспасөздің дағдарысына тап болды. 1970 жылы компартия өзінің беделін жоғалта бастайды. Соның ішінде оппозициялықтан парламенттікке өту барысында дұрыс қадам таңдай алмағандығынан, Компартияға деген қарым-қатынаста КСРО мен Шығыс Еуропаның басқа да елдері көп ықпал етеді. Италия компартиясы өз орнында қала білген, бірақ 1990 жылдары көптеген басылымдарды әшкерелегеннен соң ДПЛС партиясының солшыл күштерін қолдайды. «Унита» компартия газеті болғандықтан партия басшыларының саяси ізденіс нәтижелерін көп жазып, бірақ оның жағдайын қаржылық мәселе қиындатады. «Унита» Италия журналистикасының жарқын көрінісі, бір жағынан ол – партиялық газет, ал екінші жағынан – ұлттық басылым. Ал таралымы мен типологиялық белгілері жағынан ол алдыңғы қатарлы ақпарат құралдарының қатарында болып келеді. Сондықтан да «Унита» 1980 жылдары өзінің қаржылық қиыншылықтары мен күнделікті шығатын газеттің жалпы қиындықтарына ұрынды. «Унита» бұл кездері сынға ұшырап, монополиядан айырылған болатын. Осы тұста «Республика» солшыл бағыттағы оқырмандарды өзіне тарта бастады. Ал телеарналардың дами бастауы «Унитаның» алдына өзінің құрылымын және ақпараттық қызметін қайта қарастыру мәселесін туындатты. «Унитаның» болашағы туралы пікірталастар әсіресе, 1982 жылдары кең тарап, нәтижесінде 1984 жылы «Унитаның» бірнеше шығарылымын бірге басу туралы шешім қабылданады, жергілікті редакциялық саны да минимумға дейін қысқартылады. Газеттің ішкі құрылымына да, тақырыптық айдарларына да өзгерістер еніп, «Унита» дағдарысқа төтеп бере алмай қалады. 1987 жылы газет партияның ресми органы болуын тоқтатып, «Унитаның» дамуының жаңа сатысы ретінде 1990 жылдарды есептеуге болады. Бұл жылдары «Унита» СДКП (солшыл демократиялық күштер партиясы) партиясының газетіне айналады.

1940 жылдардағы радиохабар тарату ісі. 1940 жылдары Радиохабарын тарату күрделі жағдайда болды. Бұл кезде «Палермо», «Кальяри», «Рим радиосы» жұмыс істеп тұрды. Муссолини қызметтен кеткеннен кейін Римдегі «ЭИА» Италия мемлекеттік радиосын неміс басқыншылары алып, азат етілгенге дейін солардың бақылауында болды. 1944 жылғы шілдеде, Римде одақтас өкіметтер радиохабарын тарату жөнінде комиссия құрып, соның нәтижесінде «ЭИА» күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған «РАИ-ға» өзгертілді. Жаңа ұлттық радиохабары таралымы пәрменді желіге айналу үшін техникалық және саяси қиындықтарды басынан өткеруге тура келді. Соғыстан кейінгі алғашқы кезеңде радиохабары таралымы ықпал ету құралы ретінде пайдаланылды. 1945 жылғы сәуір көтерілісінен кейін солтүстік Италия радиостанциясы «КНОСИ» бақылауында, ал орталық және оңтүстік-батысында – «РАИ» кеңесінің бақылауында болды. «РАИ» бірлігінің шын мәнінде қалпына келуіне қарамастан 1945 жылы желтоқсанда жағдай қиындады. Студия аппаратурасының көпшілігі бүлініп, американдық радиоқондырғылардың қуаты аз, сенімсіз болды. 1943 жылғы қыркүйекке дейін итальяндық радиохабары таралым желісі 35 орташа толқындағы берілімдерден тұрса, азат етілгеннен кейін – 12-сі қалды. Елді ең болмаса бір ұлттық радиохабарымен қамтамасыз ету үшін антенналарды бірыңғай желіге біріктіру қажет болды. «РАИ» мәртебесін айқындау маңызды болып, ол мемлекетке толық тәуелді болды және радиохабары таралымын орталықтандыру бағытын ұстанып, «РАИ» қызметкерлері тазартудан кейін өзгеріссіз қалды.

1947 жылғы 3 сәуірде іс жүзіндегі радиохабары таралымын қадағалау нормалары айқындалған декрет жарияланды. Ол техникалық, қаржылық және әкімшілік тұрғыда Почта министрлігінің қарамағында болды. Декретте ақпараттың шыншылдығы мен тәуелсіздігі сақталуын қадағалайтын парламент комиссиясын құру міндеттеліп, оған парламенттік топтардан өкілдер кіріп, атқарушы өкімет едәуір рөл атқарды.



Италия тележүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. 1970 жылдар Италия тележурналистикасының дамуындағы маңызды жылдар болды. 1960 жылдардың аяғы мен 1970 жылдардың басында «РАИ-дың» мемлекеттік монополиясындағы дағдарыс өте айқын болды. 1970 жылдардың басында демократиялық қозғалыс толқынымен бірге журналистикада бостандық үшін күрес басталды. Мемлекеттік монополияның ең басты кемшілігі ол қоғам қызығушылығы мен мүддесіне емес, партиялар мен саяси бағыттағы топтардың мүддесіне бағытталды. 1974 жылы Италияның сот жүйесі коммерциялық телеарналарға жұмыс істеуге рұқсат берді. Бұл жағдай оларды жаппай жалпы ұлттық сипатта емес коммерциялық станциялардың локальды (аймақтық) сипатқа ие болуына алып келді. Ұлттың қамын ойлаушы «РАИ-дың» негізгі қызметін сенаторлар мен депутаттар комиссиясы шешіп отырды. Ал «РАИ «Президентін директорлар кеңесі тағайындады. 1975 жылы сәуір айында «РАИ-дың» саяси тәуелсіздігі туралы Заң қабылданып, 1976 жылы эфирдің таралымы екі категорияға бөлінеді: 1) телевизиялық арна, 2) радиожүйе. (христиан демократтар қаржыландырып отырған); Екінші телевизиялық арна және Бірінші радиожүйе (социалистердің қолында болады) [11,24-б].

С.Берлускони телеарнасы. С.Берлусконидің қызметі «Теле-Миланодан» бастау алды. Ол «Милан-2-нің», яғни Италияның қалталы азаматтары тұратын спутниктік-кварталдың 10 000 тұрғынын қамтуға тиіс болды. Ол үшін Берлускони «Сименс» фирмасынан «Милано-2» кабелі арқылы сигнал қабылдап, тарата алатын қуатты антеннаға тапсырыс береді. Канал тұрғындарды жаңалықтар қызметімен, фильмдермен қамтамасыз етіп отырды. Алайда, кабелді телеарналар кең тарала алмады. 1975 жылы сәуірде «РАИ» реформасы туралы заң қабылданды. Ол заң ұлттық радио және телеарнаға мемлекеттің монополияны растап, ақпарат қызметінде плюрализм ұстанымына қол қойды. Сонымен қатар, бұл заң бұл құрылымдарды партиялық басқаруды заң жүзінде бекітті. Ол басқару лауазымдарын кәсіби қызметіне қарамай бөлу, яғни «Лотидзоцини» деген атқа ие болды.

Коммерциялық телеарналардың өмір сүруінің алғашқы кезеңі баспагерлердің белсенді қызметімен байланысты болды. 1978 жылы Берлускони «Телемиланоны» телестудияға айналдырап, өз қызметіне кірісті. 1979 жылы ол «Титанус» кинофирмасынан 1940 жылдары түсірілген 300-ге жуық Италияның фильмдерін сатып алады. Ол уақытта оның бес телестанциясы болған. «Бесінші арна» құрып, осы каналдар елдің солтүстігіне тарап отырса, «РЕТЕ-10-ға» енетіндері оңтүстікке хабар таратқан. Сонымен қатар, ол жергілікті арналарды киномен, жарнама роликтерімен қамтып отырған консорциумға бақылау жүргізген және «Джорнал Новенің» акцияларына ие болған. Сол өзінің телеарналарымен қоса, өзіне тікелей немесе жанама бағынышты болатын жергілікті арналарды қамтитын тележүйе қалыптастыруға ұмтылды. Осы мақсатпен оның «Фининвест» атты тобының әдісіне арналған «Кофинт» қаржы қоғамы, «Рубриталияның» жарнамалық-концесионерлік қоғамын құрады. Берлускони өз арналарының дәрежесіне де көп мән беріп, «РАИ-дан» танымал журналистерді қызметке тартып отырған. Оның телебизнестегі қызметіне американдықтар қызыға бастайды. Сол арқылы ол Американың 500 фильмін сатып алады. Бұл кезде ол «РАИ-ға» бәсекелес бола алмайды, әсіресе, ақпараттық бағдарламаларының сапасы төмен болып, тікелей эфир жетіспеді, алайда, оның ұлттық деңгейге көтерілуге деген талпынысының өзі мемлекеттік телеарналар үшін қауіп төндірді.

1980 жылы 11қарашада Берлусконидің «Бесінші арна» ұлттық арна ретінде қалыптасқан ресми туған күні болып саналады. Ол канал көрермендерінің санын арттыруға септігін тигізіп, танымалдығын арттыра түскен «Даллос» американдық сериалды қоюмен ашқан. Бұл кездері «Бесінші арнамен» ешбір телеарна бәсекеге түсе алмайды. Оның құрамында бейнетаймнан басқа қаржылық қоғам, бағдарлама сатып алатын бөлім, жарнама агенттігі және техникалық қызмет бөлімдерінен тұрды. 1982 жылы жазда «Рускони» қаржылық мәселелерді ойлап өз арнасын Берлускониға сатады. Нәтижесінде Италиядағы телеаудиторияның үштен бірі Берлусконидің қолына көшеді. «Мондадори» баспасы осы кезде антиберлуссконилық компания құрады. Алайда, Рете мен Берлускони күресі оған оң нәтиже бермейді. 1984 жылы ол Берлусконидің меншігіне айналады, Берлускони «Соризи э концони» атты танымал телебағдарламалар журналымен өзінің телеарналық жүйесін толықтыра түседі. Оның коммерциялық телеарналардың көшбасшысы атануы парламентте жаңа заң қабылдау мәселесін туындатады. Ол заң телесектордың қызметін уақыт бойынша белгілеп отыруға негізделеді. Осы пікірталастардан 1984 жылы үлкен дау туындап, бұл дау Турин мен Римдегі соттың Берлускони телеарнасын ретрансляциялау туралы шешімін күтеді. Ал сот өз кезегінде Берлускони арналары арқылы ұлттық масштабта бағдарлама тарату коммерциялық телеарналардың қызметі туралы конституциялық сотқа қарсы келеді деп шешеді. Үкімет қысқа уақыттың ішінде соттың тыйымын жоққа шығаратын декрет қабылдайды. Тағы бір декрет мемлекеттік телеарна (РАИ) мен ұлттық және жекеменшік арналарды, жергілікті арналарды ресми мойындайды [12,36-б].

Бұл кезде Берлускони Еуропа нарығына енеді. «Джорналенің» акцияларын сатып алып, «Мондадоридің» баспасы үшін күрес жүргізеді. Ең бастысы 1970 жылдың екінші жартысында оның үш телеарнасы «РАИ-дің» басты бәсекелесіне айналады. Берлусконидің табысын бірнеше себептермен айқындауға болады. Біріншіден, ол белгілі бір саяси топтардың мүддесін қорғады. Екіншіден, «Бесінші арна» коммерциялық арналарды тек жергілікті арна деп қабылдау кедергісінен өте алды. Үшіншіден, массмедиадағы моделін америкалық үлгімен дамытты, телеарналар өндіргіш жүйе мен тұтынушылар арасындағы көпірге айналады. Төртіншіден, өз коммерциялық ұйымын «Пубиталия» атты өзінің ұлттық жарнамалық қызметпен қамтуы, тек содан кейін ғана арналар санын үшке дейін жеткізгенін осы жағдаймен түсіндіруге болады. Бесіншіден, көрерменмен санасуы, Италия спецификасын ескерген бағдарламалар жасауы, жарнама саласына баса назар аударуы [13,58-б].

1997 жылы «Lete Pin» акционерлiк қоғамында бiраз өзгешелiктер болады. «Canal Plus» компаниясы «Кirch» корпорациясы және «Tele Pin» компаниясының 45 % акциясын сатып алып, “Cecchi Gori Group» концернi «Videmosic» ұлттық арнаның операторын өзiне қаратып алады. «TVC» мен «TVC-2» арналары байланыстың жаңа беттерiне айналады. 1997 жылы парламент қабылдаған заңда кабельдiк және спутниктiк бағдарламалар талқыланып, аудандық радио мен телебағдарламадағы ақпарат, бүгiнгi таңда нарық көзiне айналып отырғанын қарастырады. Соңғы уақытта үкiметте 1981 жылы қабылданған заңға арнайы баяндама жасауды ұсынып, онда 1999 жылға дейiн талқыланған компанияның негiзгi қожайыны оператор екенін дәлелдейді. Ондағы басты ұсыныс баспасөз бен теледидар, радиода ақпарат «редактордың өнiмi» деген ғаламдық мәселеге мән беріледі. Соңғы жылдары өз күшін сақтап, спутниктiк байланыстар арқылы Италия ақпараттарын әлемге тарата бастағаны белгілі. 1999 жылы Италия Германиямен, Испаниямен біріккен жобаға қол қояды. Ол жоба бойынша ақпарат алмасу, теледидар мен радиохабарлар бағдарламаларын итальян, француз, ағылшын, поляк тiлiнде шығарылатындығы туралы айтылады. Бiрiншi кезекте Италия спутниктiк байланыстан бiршама жетiстiктерге жетiп, Италияның ең iрi қалалары Римде, Неапольда, Туринде, Миланда бағдарламалар екi тiлде итальян және француз тiлiнде жүргiзiлiп отыр екен. Қазіргі таңда зерттеушілердің пікіріне сүйенсек, мерзiмдi баспасөзге қарағанда теледидарға сұраныс басым екен.

Ақпарат агенттiктерi. Кез-келген мемлекеттiң ақпараттық жүйесiн ақпарат агенттiктерiнсiз елестету қиын. Ақпараттарды тарату және жинау жүйесi жоғары дамыған, «ANSA» ақпарат агенттiгi бар. 1981 жылы қабылданған заң бойынша мынадай талаптарға жауап беретiн агенттiктер ғана ұлттық агенттiк бола алады: 1. Почта және телекоммуникация министрлiгi бекiтiп берген арналар арқылы кем дегенде бес облыста 15 күнделiктi газет пен телетайптық байланыстар орната алған жағдайда; 2. Агенттiк штатында тұрақты 10 кәсiпқой журналист болуы , 15 техникалық қызметкер қызмет iстеу керек. 3. Агенттiк тәулiгiне кем дегенде 12 сағат ақпарат таратып тұруы қажет.

Италиядағы Ұлттық ақпарат агенттiктері – «АНСА», «АДЖИП», «КРОНОС», «АСКА» және «РАДИОКОР» бұл талаптарға толығымен жауап бере алады. Бұлардың iшiнде АНСА ақпарат агенттігінің жаңалықтарды тарату ауқымы кең, әлемнiң көптеген елдерiнде тiлшiлер бөлімі бар. Бұлардан басқа 200-ге тарта кiшiгiрiм агенттiктер де жұмыс істейді. Әлемдiк ақпарат агенттiктерi «АФП», «РЕЙТЕР», «ЮПИ» мен 60 шақты үлкендi-кiшiлi ақпарат агенттiктерiмен хабар алмасып отырады. Агенттiктiң фото қызметi, электронды құжат бөлiмi бар. «АНСА» күнделiктi бес континенттегi үш мың жазылушыға 2 000 хабар таратуға мүмкiндiгi бар. Әр ұлттық агенттiктiң өз даму жолы бар. «ЭНИ-ге», әрi мемлекетке қарасты «АДЖИП-тiң» 19 аудандық бюросы күнiне 20 000 сөз таратады екен. «АДН» - «Кроностың» Римде, Миланда екi редакциясы қызмет iстейдi. Сонымен бiрге, шетелдiк хабарлардан басқа, мамандардың саясатқа, ғылымға, экономикаға қатысты сараптамалық-зерттеу мақалаларын басып, таратып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет