Тақырыпты бекітетін сұрақтар
1. Соғыстан кейінгі Франция баспасөзі туралы не білесің?
2. 1980-1990 жылдары Франциядағы күнделікті басылымдардың арасындағы ең беделді топ болып кім саналды?
3. «Франц-Пресс» ақпарат агенттігінің тарихы мен тәжірибесі туралы не білесің?
4. Француз баспасөзіндегі капитал концентрациясы деген не?
5. «Ашетт» ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарында қандай үлгіде дүниеге келген корпорация?
6. Франциядағы тегін басылымдардың таратылымы жөніндегі нешінші орын алады?
7. Католиктік басылымдарды шығаратын маңызды фруанцуздық топ қалай аталады?
8. Күнделікті газеттер ішіндегі «Фигароның» орны қандай?
9. «Либерасьон» газетінің классикалық капиталистік басылымға айналу тарихын білесің бе?
10. «Партизьен Либиренің» пайда болуы, сапалы басылым аталуына не себеп болды?
11. «Юманите» газеті қай жылдан бастап шығады?
12. «Эко» экономикалық газетінің тарихы мен тәжірибесі туралы не білесің?
13. Францияның апта сайын шығатын «Экип» журналы қашан шықты? Қандай тақырыпты қозғайды?
14. «Paris-Matchтің» көркем журнал ретіндегі Франция баспасөзіндегі орны бар ма?
15. Ұлттық католиктік күнделікті «Круа» газетінің негізі қашан қаланды? Кімнің басшылығымен шықты және қандай тақырыпты қамтыды?
16. Жалпы газеттер iшiндегі оқырман аудиториясының көптігi жағынан бiрiншi орында тұрған қай газет?
17. Франциядағы күнделікті ұлттық баспасөз аймақтық баспасөзге өз орнын қай жылдары бере бастады? Не себеп болды?
18. “Франс-суар” газетi қай жылы шықты? Қазіргі жағдайы туралы не білесің?
19. Париждің Эйфиль мұнарасынан қай жылы, қандай тақырыптағы хабарлар таратылды?
20. Францияның ең iрi телекомпанияларының қалыптасуы мен даму, қазіргі жұмысы.
1.6 Ұлыбритания журналистикасының даму тенденциясы
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ағылшын журналистикасы. Екінші дүниежүзілік соғыс әлемнің барлық елдерінде жүріп жатты. Бұл журналистік корпустың бірге шоғырлануын талап етті. Ағылшын тілшілері Дания, Норвегия, Голландия, Бельгия, Франция, Солтүстік Африка, Бирма және Қиыр Шығыстағы оқиғаларды баяндады. Баспасөзден алынатын ақпараттың көлемі молаюына қарамастан, көп газеттер мен журналдар көлемі жағынан кішірейіп, тіпті кейбіреуі (әсіресе журналдар) мүлдем жұмыстарын тоқтатты. Соғыс кезінде фашист режимімен күрес жүргізген эммиграция да өз баспасөзін ие болды. «Таймс» баспаханасында Американың «Старз энд Страйпс» («Жұлдызлар мен жолдар») әскери газеті басып шығарылды. 1941 жылы СССР Сыртқы Істер министрлігі Лондонда «Совет Уор Ньюс» («Совет әскери жаңалықтары») күнделікті газеті мен тап солай аталатын апталық шығара бастады. 1942 жылдан бастап осындай аналогия бойынша, Ұлыбритания Ақпарат министрлігі «Британ одақтасы» атты апталық шығарды. Басылымдардың ақпарат алмасуы «Суық соғыс» кезінде тоқтатылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде баспасөзге қатысты бірқатар жаңа шектеу шаралары қабылданды, соның ішінде цензурадан ерікті түрде бас тарту жүйесі енгізілді. Жүйенің басты мақсаты: жауға соғыс жүргізу тұрғысынан құнды ақпараттың баспасөз арқылы шығарылмауын қадағалау. Бұл жүйе жеке көзқарас пен ойдан гөрі нақты деректерді қадағалалауды көздеді. Дегенмен, мемлекетті қорғау заңында керісінше, көзқарас білдіру еркіндігіне қарсы екі жаңа парагаф енгізілді. Бұл Ішкі Істер министріне өзінің шешімі бойынша қалаған басылымның шығуына тыйым салу құқығын берді.
1941 жылы 21 қаңтар күні жала жабу себебі айтылмай тек жазылу арқылы таратылатын «Дейли Уоркер» және «Уик» («Апта») басылымдары жабылды. Тыйым 1942 жылы қыркүйектің 7-сі күні тоқтатылды. Ресми тұлғалардың пікірінше күйзеліс серпінін тудыру мүмкіндігі бар каррикатура жасағаны үшін «Дейли Миррор» басылымына үлкен ескерту жасалады. Басылымдар редакциясы екі ойлы болып қалды. «Дейли Геральд»: «Газетке қалағанын жазу, қоғамның тәуелсіздігіне күмән келтіретін акция жүргізгеннен гөрі тиімді» [1,25-б],- деген мәлімдеме жасады. Осындай іс-әрекеттердің арқасында ағылшын баспасөзі соғыс кезінде аса қатты шығынға ұшыраған жоқ. 1937-1947 жылдар аралығында ұлттық және аудандық газеттер саны азайып, олар көлемді болып шығарыла бастады. Аудандық таңғы басылымдар саны азайды, бірақ олар көп таралыммен шығарыла бастады. Нақ сондай тенденция күнделікті баспасөзде де байқалады, үрдіс динамикасы мен шоғырлануы өсті. 1940-1950 жылдардың соңында Англия баспасөзі басты баспасөз-концерндері арасында бөлініп шығарылды. Ең беделді топтардың бірі болып «Дейли Миррор Ньюспейперс» (иесі Ротемир Сесиль Кингтің туысы еді) есептелді. Топтың басты басылымдары - «Дейли Миррор» және «Санди Пикториал». Англиядағы газет-журналдардан басқа Сесиль Кинг Африкада шығарылатын газеттердің де иесі болатын. Ол Австралия баспасөзі және Англия мен Австралия коммерциялық телевидениесін қаржыландырып отырған. «Амальгамейтед Пресс» концерні 1959 жылдан бастап С.Кинг иелігіне көшті. «Одамс Пресс Групп» (А.Дункан) «Дейли Геральдтан» басқа Англия, Африка, Австралиядағы көп газеттерді басқарды. «Рой Томсон Ньюспейперс» (бұрынғы «Кэмсли Ньюспейперс») «Санди Таймс» пен «Санди График» иелеріне айналды. Ротермирдің «Ассошиэйтед Ньюспейперс» Лондон («Дейли Мейл» «Дейли Скетч» «Ивнинг Ньюс» «Санди Диспатч») газеттері мен аудандық баспасөз және шетел басылымдарын қадағалаумен қатар газет үнпарағын шығаруға, темір рудалары кен орындарына, коммерциялық телевидениенің дамуына капитал салумен айналысты. Англияда 1950 жылдардағы газет-журнал бизнесі магнаттарының қатарына Джон Эллерман («Иллюстрейтед Ньюспейперс»), Гарольд Дрейтон («Юнайтед Ньюспейперс»), лорд Каудрей («Вестминистер Пресс Провиншл Ньюспейперс»), Гарольд Хармсворт («Хармсворт Ньюспейперс Лтд.») болды [2,58-б].
Қазіргі ағылшын газет-журналдары. 1990 жылдарға аяқ басқанда Ұлыбританияның Ұлттық газеттерiнiң құрамында 10 күнделiктi және 10 жексенбiлiк басылым болған. Қазiргi уақытта үш күнделiктi “Дейли Герольд”, “Ньюс Кроникл’’, “Морнинг Стар’’ газеттерiнiң орнын “Сан’’, “Индепендент’’, “Тудей’’ газеттерiн басты. Жексенбiлiк газеттер тобында “Рейнолдс ньюс”, «Санди диспетч» басылымдарымен қатар «Санди телеграф», «Индепендент он санди» газеттерi пайда болды. 2000 жылы дүңгіршіктерде «Юропиан Пресс» қожайыны болып табылатын таблоидтық жексенбiлiк «Санди бизнес» басылымы пайда болды. Сонымен ұлттық газеттер саны өзгерiссiз қалды. Өйткенi, бұдан бiраз жыл бұрын да газеттер саны осындай мөлшерде болатын. Егер статистикаға келетiн болсақ, онда тек өзгерiс таралымда ғана екенін көрсетеді. Бұл жағдай баспагерлердiң үнемi қобалжып жүруiне әкеп соқтырады. Көп басылымдардың оқырмандар саны қысқарып, бұл құбылыс газеттердiң бас тақырыптарынан-ақ көрiнеді. 1999 жылдың қорытындысы бойынша тек күнделiктi екi “Таймс’’ және «Файнэншл таймс» газеттерiнiң таралымы 1990 жылмен салыстырғанда өстi. Ал жексенбiлiктердiң арасынан «Санди таймс», «Мейли он санди» басылымдарының таралымы ұлғаяды [3,28-б].
«Үлкен баспасөздiң» (Большой прессы) таралымының азаюы ұзаққа созылған құбылыс, бұл 1950 жылдарда басталған. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығының басында күнделiктi басылымдардың таралымы 15,1 млн. қысқарды, ал жексенбiлiк басылымдар 16,6 миллион данаға қысқарады. Ал 1999 жылы күнделiктi басылымның таралымы 13,3 миллион, ал жексенбiлiк басылымдардiкi 13,7 миллион қысқарады [4,78-б].
Әйгiлi газеттерге деген сұраныстың төмендеуін телевидениенiң әсерiнен деп, сол сияқты нарықта пайда бола бастаған әйелдер аудиториясының қызығушылығын қанағаттандыруға арналған, адамдардың әртүрлi хоббиiне бағытталған иллюстрациялық күнделiктi және айлық журналдардың санының өсуiмен түсiндiруге болады. Бұл жолда апталық басылымдарды тегiн тарату сияқты газет бизнесiн айтпағанда, 89 күнделiктi, 500 апталық аймақтық газеттер де үлкен рөл атқарды.
Ұлыбританияда ұлттық газеттер арасындағы бәсекелестiк жоғары. «Индепендент» және «Индепендент он санди» басылымдары басты алдына қойған «Таймс» газетiнен неғұрлым көп оқырмандарды тартып алу мақсаттарын iске асыра алмады. «Таймс» газетi ұзақ уақыт бойы өзiнiң таралымын 250 000 дана деңгейiнде ұстап тұрды. Бұл жағдайда халықаралық медиагмант Руперт Мэрдок «баға күресiн» шештi. «Таймс» басылымының сатылу бағасы тең жартысына дейiн түсiрiлдi. «Таймстың» таралымы жоғары көтерiлуде баяулаған жоқ. 700 мың данаға дейiн, тiптi одан да жоғары көтерiлдi. Ал «Индепендент» газетi өзiнiң алғашқыда жинаған 400 000 оқырманының жартысын жоғалтып алды. Басқа амал қалмағандықтан бұл газет бай адамдардан өз жақтаушыларын iздей бастады. Ақыр соңында олар өздерiне қожайынды Ирландиядан тапты. Сонымен қатар, Руперт Мэрдок күнделiктi таблоидтық «Сан» газетiн жақсы айналымға түсiру үшiн ақшасын аяған жоқ. Ол газет редакторына көзге бiрден көрiнетiн сенсациялық жаңалықтар мен жартылай жалаңаш қыздардың суреттерiн шығаруға толық ерiк берген. Бәсекелестiк әсiресе таблоидтық басылымдар арасында «Миррор» мен «Сан», «Дейли мейл» басылымдарының арасындағы бәсекелестiк өте қатты қарқында болды.
Ұлыбританияда Лорд Холликтiң басқаруымен «Экспресс» және «Санди экспресс» басылымдары жарық көрiп тұрды. Бiрақ, ұзақ жылдар бойы консерваторларға қызмет етiп келген бұл газеттер өздерiне ешқандайда жаңа оқырмандар жинай алмады, сондықтан таралымы да төмен болып қала берді.
Күнделiктi «Таймс» газетiне келетiн болсақ, оның редакторы П. Стотхард газеттi «таблоидтық» пішінмен шығаруға мүлдем қарсы болды. Ол өзiнiң бар назарын 60 беттік газетіне аударады. Олар әртүрлi айдарларға бөлiнген. Көп бөлiгiнде ақпараттық мәтіндер жарияланады. Ал саясат, құқық, сот қызметi және парламент, мәдениет және өнер туралы материалдар үш есе көп. Газеттiң үнемi сақталып келе жатқан және мақтанышы болып отырған - ортаңғы екi бетiнде шығып отыратын редакциялық мақалалар. Сол сияқты әр нөмiрде 15-17 оқырман хаттары шығып тұрады. Басқа да сапалы газеттердегi сияқты ерекше көңiл сенбiлiк басылымдарға бөлiнедi. Бұл күнi «Таймс» жетi секция басады, мәтіннің көлемi - 282 бетті құрайды. Почташыларға мұндай басылымдарды үйлерге тасу өте ауыр тиедi. Сондықтан да олар «бұрыштарда» және арнайы дүкендерде сатылады. Бұл жағдайда баспагерлер оқырмандардың назарын аударуға өте қарқынды түрде ұмтылады. Олар газеттерге ашық түстi иллюстрацияларды көбiрек беруге тырысады. Ұлыбританияның баспасөзi бұл жағынан өте жақсы дамыған.
Европада ХХ ғасырдың басында жаппай радиохабарлардың дамуы мен қалыптасуы басталады. Радиосигналдардың табысты тәжірибелері Ұлыбританияда жұмыс істейтін станцияларының артуына себеп болды. 1922 жылы Британдық хабар корпорациясының («Би-Би-Си») негiзiн салушы Марконидің қатысуымен Британдық хабар компаниясы құрылды. 1922 жылдың желтоқсан айынан бастап күнделікті хабарлар, алғашында Лондонда, кейін Бирмингем және Манчестер қалаларында беріле бастайды [4,89-б].
1920 жылдың басында Батыс Европада радио дами бастады. 1926 жылы Германияда радио дамуы бәсеңдеп, онда тек хабар таратушылар ғана емес, сондай-ақ радиоқұрылғы иеленушілер радиотехникадан міндетті түрде сынақ тапсырды және радиожабдықтарын сатып аларда салық төлеуі тиіс болды. Бұл шектеулер алынып тасталған соң ғана радио қарқынды дами бастады. 1929 жылы онда 2 500 000 радиоқабылдағыштар тіркелді. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін әсіресе, Шығыс Европалықтар радиоға үлкен қызығушылық танытты. Чехословакияда 1923 жылдың мамыр айынан бастап қалыпты радиохабар берілсе, бұл үдеріс кейбір артта қалған елдерде онжылдықтың соңына қарай жүзеге асты.
Көпшілік радиостанциялар мен корпорациялар. Радионың мүмкіндіктері жаңа қоғамдық институт ретіндегі түсінікті қалыптастырды. Журналистиканың әлеуметтiк рөліне ағартушылық қана емес, көңіл көтеретін және жарнаманың таралуына көп ықпал етті. Әлемнің әртүрлі елдері радио болашағын білім және мәдениетті тарату құралы ретінде қарап, надандыққа қарсы күресетін алуан түрлi қоғамдық-ақпараттық қажеттiлiктi қанағаттандыра алатын құрал ретінде бағалады. 1927 жылы ағылшын патшайымы «Би-Би-Си» корпарациясына қатысты маңызды жарлыққа қол қойды. Бұл жарлыққа сәйкес «Би-Би-Си» радиохабарларды Ұлыбритания тұрғындарының барлығын бірдей қамтуы және сапалы білім беру, мәдени-ағарту, көңiл көтеру мәселелерін қамтамасыз етуі тиіс болды. «Би-Би-Си» Ұлыбритания қоғамының оқу-ағартуға ұмтылуына қызмет істеп қана қоймай, баспасөз өкiлдерiмен өзiндiк ымыраласуды нәтижелі жүзеге асырды. «Би-Би-Сидің» қаржыландыру көзі абонементтiк төлемақыға негiзделіп, жарнама қызметінен түсетін табыс арқылы массмедия ұйымдарынан құрылған қуатты ақпарат шығаратын корпорация құруды көздеді. Сонымен бiрге бұл жарлықтың қабылдануына байланысты газет-журналдардың сатылуына кедергi келтiрмеу үшiн «Би-Би-Сидің» радиохабарлары кешкі сағат 7-ден кейін эфирге шығып тұрды.
Халықаралық радиохабар тарату. Батыс Еуропа мемлекеттерінің ішінде отарлаушы елдер радиохабар таратуда алға шықты. Себебі, отар елдерді, колониялармен метрополияларды, сол елдерде тұрып жатқан қандастарын ақпаратпен қамтамасыз етуде радиохабар таратудың маңызы зор болды. Радиохабар тарату Еуропалық державалардың отар елдердегі саясатын жүргізетін негізі арна ретінде танылды.
Британдық хабар тарату 1920 жылдардың соңында Африка мен Азия елдеріндегі ағылшындықтар құрған радиостанциялар «Би-Би-Си» ақпараттарын таратты. 1927 жылы Найробидағы (Кения) қысқа толқынды радиостанция Африкадағы ағылшын тұрғындарына арнап «Би-Би-Си» ретрансляциясын жүргізді. 1932 жылы көп жылғы техникалық дайындықтан кейін, Лондоннан шыққан радиохабарлармен бүкіл Британ империясын қамтуға қол жеткізіліп, ағылшын колониялары мен доминиондарында ағылшын тілінде ақпарат таратуды ұйымдастырды. Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін империя қызметіндегі «Би-Би-Си» хабарлары колонияларға емес, теңіздің ар жағындағы елдерге де тарады [5,69-б].
Соғыстың алдындағы он жылдықта, кейіннен АҚШ пен Еуропада белең алған «Би-Би-Сидің» спорт және мәдени-ағарту бағдарламалары тарады. Ұлыбритания мен АҚШ арасындағы радиохабарларды тарату мекемелері бағдарламаларды өзара айырбастауды бастады. 1935 жылы алғаш рет «Би-Би-Си» АҚШ радиостанцияларының желісінде ретрансляция ұйымдастырып, оны ішкі хабар тарату желілерін қосты. Корпорацияның бағдарламалары АҚШ желілерінен жеткізіліп жатты. Алайда, соғыстың алдындағы жылдарда хабар таратудың маңызды аймақтары ретінде Британдық колониалды жерлер мен олармен ұштасып жатқан аудиториялар болды. 1938 жылы «Би-Би-Си» араб тілінде хабар таратуды бастады. «Би-Би-Сидің» бағдарламаларының Африканың батысында тарауы 1935 жыл жеке компанияға жүктеліп, ал ол өз кезегінде оны Нигерияның бүкіл аймақтарына таратты. 1934-1935 жылдары осындай жолмен «Би-Би-Сидің» Сьерра-Леоне және Ганадағы бағдарламаларының ретрансляциясы жүзеге асты.
Ұлыбританияның және өзге де отарлаушы державалардың теңіздің ар жағындағы иеліктеріне хабар таратуға үлкен назар аударылды. Радиохабарлар жаңалықтардан, репортаждардан, саяси насихаттық материалдардан, мәдениет тақырыбына арналған бағдарламалардан және эфир уақытының үштен екісі көңіл көтеретін бағдарламалардан тұрды. Мұның бәрі шетелдік аудиторияны еуропалық жиіліктерін үзбей тыңдау мақсатына бағытталды.
1933 жылы фашистік Италия Латын Америкасына арналған итльян тіліндегі бағдарламаларды таратты. 1935 жылы осындай қызметтермен араб тілінде хабар тарату қосылды, оның мақсаты Ұлыбританияның араб елдеріндегі ықпалын әлсіретіп, Италияның Таяу Шығыс пен Африкадағы елдерден отар жасауы үшін жағдайды ыңғайлау болатын. Екінші дүнижүзілік соғыстың алдында итальян хабар тарату арналары ондаған тілде, ағылшын, француз, араб, түрік тілдерінде хабар таратты.
1939 жылдың қыркүйегінде Ұлыбританияда соғыс басталғаннан кейін, «Би-Би-Си» құрылымында Еуропалық қызмет бөлімі құрылды. Оның негізгі міндеті антигитлерлік елдерді ақпараттық-насихаттық бағдарламалармен қамтамасыз ету болды. Еуропа аудиториясына арналған бағдарламалар неміс, француз, португал және де Еуропаның өзге де елдерінің тілінде тарады. 1938 жылдың ақпанында қызметін бастаған «Би-Би-Сидің» неміс тілді хабар тарату арналары бағдарламалардың көлемін арттырып, олардың мазмұнын жаңартты. Британдық хабар таратудың алдын алу үшін Германия «Би-Би-Си» желілерін тұншықтырып отырды. Британ басшылығы гитлерлік насихат жұмыстарының тиімсіздігіне көз жеткізіп, оны тұншықтырып, әлек бола қоймады. Нацистік басқыншылықтан кейін оның насихаттық бағдарламаларына белсенді түрде қарсы шыққан Мәскеу радиохабар тарату арнасы болды. Сонымен қатар, Мәскеуден немістің антифашистік радиостанцияларының трансляциялары берілді.
Соғыс колониялардағы радиохабар таратуға қатты әсер етті. Еуропа державалары өзінің Африкадағы иеліктеріне қожайын болып қалу үшін, екінші дүние жүзілік соғыс кезінде де жаңа арналарды ашуын тоқтатпады. Соғыстың аяқталған уақытында, колонизаторлардың қол астындағы радиостанциялар Африканың 15 елінде жұмыс істеп тұрды. 1946 жылы «Голос Америки» радиосынан бір жыл ерте «Би-Би-Си» Кеңес Одағына хабар таратуды бастады. 1948 жылы радиохабарларды тарату ұйымдарының қайта құрылуынан кейін Теңіздің ар жағындағы және Еуропалық ұйымдардың бірігуінен «Би-Би-Си» әлем халықтарының 40-тан астам тілінде хабарларын тарата бастады. 1950 жылдары Кеңес Одағында хабар тарату үшін радиостанция салынды. Шығыс Еуропа мен Балтика мемлекеттеріне хабар тарату үшін КСРО радиостанциясын жарақтандырды. 1970 жылдардың ортасына дейін штаб-пәтері Мюнхенде орналасқан қос станция ақпараттық тәуелсіз мекемелер ретінде қызмет істеді. 1976 жылы АҚШ олардың статусын мойындауымен «Еркіндік» («Свобода») , «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропа») КСРО мен Кеңес Одағы елдерінің блогына ұсынатын халықаралық радио ретінде танылды.
1948 жылы И.Сталиннің бұйыруымен КСРО мен Шығыс Еуропа территориясына тарайтын «Би-Би-Си» мен «Америка даусы» («Голоса Америки») радиостанциясының хабарларын тұншықтыру басталды. Әлемдік қатынастарда жылы қабақ орнағаннан кейін, хабарларды тұншықтыру да азая түсті. Эфирде жасанды кедергілер жасалып, батыстағы қызметінің хабары таратуына тыйым салған социалистік мемлекеттер өз мақсатына жетпеді. 1963 жылы «Еркін сөз» («Свобода слова») радиосының хабарларын тұншықтыруды Румыния, 1964 жылы Венгрия аяқталды. 1956 -1970 жылдары Польша шетелдік хабарларды тұншықтыруды тоқтатты. Кейін Балтық жағалауындағы польшалықтардың толқынысынан кейін тұншықтыру қайтадан қолға алынды. 1986 жылы Польша, Чехославакия КСРО-мен бірге «Би-Би-Си» мен «Америка даусы» («Голоса Америки») радиотолқынын тұншықтыруды ресми түрде тоқтататынын хабарлап, «Еркіндік» («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропаны») тұншықтыру құқығын алып қалды. Өзге арналарды тұншықтыру кезінде халықаралық конвенцияның 48 бабы бұзылды. Онда ешқандай радиохабар тарату арнасы екіншісіне бөгет бола алмайды. Соған қарамастан, КСРО қаншама материалдық шығындарды елеместен, моральдық-психологиялық шығынмен болсын Батыстық арналарды тұншықтыруды тоқтатпады. 1980 жылдардың екінші жартысында КСРО-ның тұншықтыру құрылғыларының 70 %-ы «Еркіндік» («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропаны») тұншықтыруға, ал сол уақытта «Америка даусы» («Голоса Америки») радиосын тұншықтыруға 10%, ал қалған құрылғылардың 20%-ы өзге арналарды тұншықтыруға бағытталды [6,49-б].
М.С.Горбачевтің өзгертулер енгізген сәтінде 1987 жылдың қаңтарында Кеңес Одағы «Би-Би-Сиді» тұншықтыру тоқтады. Осы жылдың мамырында КСРО «Америка даусы» («Голоса Америки») радиосын тұншықтыруды да тоқтатты. Ал, босаған тұншықтыру құралдары «Еркіндік» («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропаны») тұншықтыруға бағытталды. Осыған жауап ретінде берілетін радиосигналдардың күштілігін арттыру үшін олар хабар таратудың модернизациясын жүргізді. 1980-1990 жылдары Берлин қабырғасының құлауы, КСРО-ның ыдырауы және өзге де геосаяси өзгерістерден кейін суық соғыс аяқталып, трансшекаралық радиохабар таратудың жаңа кезеңі басталды.
Трансшекаралық радиохабар тарату. 1990 жылдары әлемдік «Би-Би-Си» қызметі аптасына жалпы 820 сағат, 140 миллион тыңдарманымен әлемдегі бірінші және ең ірі мекеме болды. Оның негізгі міндеттері жаңалықтар тарату, Ұлыбританияның өмірі мен мәдениеті, өнері, индустрия мен ғылымдағы жаңалықтарын жеткізу болды. ХХІ ғасырдың басындағы әлемде орнаған жаңа коммуникациялық қызметтер британдық корпорацияның алдында үлкен қиындық туғызды. «Би-Би-Сидің» дәстүрлі азиялықтар аудиториясы 2001 жылы күрт төмендеп кетті. Тыңдармандар қатары көбінен Индия мен Индонезиядан азайды. Керісінше «Би-Би-Сидің» АҚШ пен Австралиядағы тыңдармандар қатары арта түсті. Соңғы жылдар «Би-Би-Си» қысқа толқында ақпарат таратуды азайтып, тыңдармандарына ақпараттарды интернеттен алуға кеңес береді.
1973-1980 жылдары Батыс радиобағдарламаларының ішінде КСРО жерінде тұншықтырылғаны «Еркіндік» («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропа») радиосы ғана болды. 1980 жылы қайтадан ушыққан әлемдік қатынастарға байланысты КСРО Ауғанстанға әскерін кіргізіп, қайтадан «Неміс Толқыны» («Немецкая Волна»), «Би-Би-Си» мен «Америка даусы» («Голоса Америки») атты радиостанциялардың даусын тұншықтыра бастады. Сол уақытта КСРО-ның өзге елге тарайтын бағдарламалары 82 тілде аптасына 2 200 сағат ұзақтықты қамтып, Батыс елдерінің тарапынан тұншықтырылмады. КСРО-ның радиобағдарламаларын тұншықтырған жалғыз ел Қытай Халық Республикасы болды. Соғыстан кейінгі уақытта шетелдік арналарды тұншықтыру қымбат тұратын шараның қажетісіздігін, ақпараттың изоляцияның мүмкін еместігін дәлелдеді. 1950 жылдардағы британдық колониялдық жүйені жақтаушылардың Кипрдің азаттығын жақтаушыларды ұйымдастырған хабарын тұншықтырғанымен ешқандай нәтиже бермеуі, көтерілістің болуы дәлел.
Қоғамдық мәртебедегі ақпарат тарату қызметтері – мұндай мекеменің үлгісі ретінде «Би-Би-Си» бүкіл әлемдік қызметін, орыс тілін қосқанда 22 тілде хабар тарататын «Жапон радиосын» («Радио Япония») алуға болады. Олар басқару және қаржыландыру көзіне қарай, мемлекет қол астындағы хабар тарату арналарына ұқсас. «Би-би-Сидің» хабар тарату қызметі Форин Оффиспен тығыз байланыста және британ мемлекетінің сыртқы саяси бағдарына бас иеді.
«Суррогатты» (орын басушы) хабар таратушы радиостанциялар - олардың қаржы көзі мемлекет болғанымен, олар ресми емес, яғни мемлекеттік емес бағытта қызмет атқарады. Жергілікті аудиторияның назарын мемлекеттік арналарға аудару қажет сәтте «орын басушы ақпаратты» тарату функцияларын атқарады. Халықаралық хабар тарату жөніндегі кеңестің құжаттарында «Еркіндік» («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропа») мемлекеттік хабар тарату арналарына қарағанда Шығыс Еуропадағы ұлттық ақпараттар тарату қызметінің орнын басушы қызметін атқарғаны туралы айтылады.
Діни - клерикалды шеңбер бойынша түзілген Ватикан және өзге де елдердің радиолары жатады.
Коммерциялық ақпараттық-музыкалық радиолар – өз қызметтерін «танымал әуендер + жаңалықтар + жарнама» деген формуламен құратын және жарнамадан түскен ақшамен қаржыланатын радиостанциялар. Әрбір елдің мәдениеті мен өмір танытушылық ерекшеліктеріне орай мұндай радиостанциялар әрбір аймаққа, мемлекетке тең дәрежеде берілді. Сондықтан, әлі бірде-бір ақпараттық-музыкалық радиостанция әлемдік деңгейге жеткен жоқ. Халықаралық коммерциялық ақпараттық-музыкалық хабар тарату мекемелері өздері көздеген аумақтың әуенімен жүреді. Білгілі бір территорияға ғана бағытталады. Осылай, 1930 жылдары пайда болған «Радио Люксембург» Батыс және орталық Еуропаны өз талғамымен жаулап алды.
Интернет арқылы халықаралық хабар тарату. Интернетке тән оның шекара елемейтін қабілеті оның әлемдік аренаға шығуына жағдай жасады. 2002 жылы 50 халықаралық радиостанцияның 45-і өз сайттары мен WEB-беттерін ашқан. Көп мекемелер өз сайттары мен беттерінде радионың мақсат-міндетін, тарихын, күнделікті өзгертулер мен анонстар, бағдарламалардың авторлары мен жүргізушілері туралы ақпараттар береді. Сонымен қатар, сайттарда түрлі бағыттағы материалдар, шет тілін үйретуге арналған түрлі сабақтар, электронды мұрағаттар қойылады.
«Халықаралық радиостанциялардың сайттары көбіне «Интернет – хабар таратуда» қолданылып, оны желі арқылы қабылдағышсыз тыңдауға мүмкіндік береді. Көп тілдерде интернет-бағдарламаларды «Еркіндік» («Свобода»), «Еркін Еуропа» («Свободная Еуропа»), «Би-Би-си» және өзге де арналар береді. Жаңа ақпараттық ресурстарды толығымен сіңіріп жатқан радиостанциялар жоғарыда атап кеткен қызметтермен қатар, тыңдарманымен интерактивті қатынас (дауыс беру, сұраулар, форумдар, чаттар) арқылы өз сайттарын одан сайын қызықты ете түседі [7,33-б].
Телерадиосы. АҚШ-та В.К.Зворыкин телевидение саласындағы тәжірибелерін шыңдап жатқанда, Атлантиканың бер жағында Англияда Джон Лоджи Берд бастаған бір топ ғалым Нипковтың механикалық дискісін шыңдауды қолға алды. 1925 жылдың 2 қазанында Берд алғаш телебейнеге қол жеткізді. Алайда, ол бейнелерде тек сұлбалар ғана көрініп, ешқандай айқындық болмады. 1926 жылдың 26 қаңтарында Берд Ұлыбританияның корольдік институтының ғалымдары алдында өзінің тәжірибесінің жемісін көрсетіп, таныстырды. Ал, 1927 жылы Корольдік телевизия қоғамын құрылды да, 1928 жылы 1 наурызда осы қоғамның қамқорлығымен тек телевидениеге арналған «Телевижн» журналы жарыққа шыға бастады. Бердтің бастамасымен айқындылығы отыз жол болатын алғашқы қабылдағыш жасалды. 1929-1931 жылдары мың данадай «Берд теледидарлары» жасалып шығарылды. Ал 1929 жылдан бастап 1935 жылға дейін аз жолды стандартта тарайтын, күнделікті тәжірибелік бағдарламалар беріліп отырды. Осылай, Англия да АҚШ пен Германия сияқты телевизияның жалған көтерілісін бастан кешті. АҚШ-та электронды жүйенің пайда болуымен Бердтің ойлап тапқан механикалық жүйесінің жетіспеушілігі айқын байқалды. Жаңа жүйе Англияда алғаш рет 1936 жылы тамызда дәстүрлі электронды жүйелер көрмесінде көрсетілді. 1936 жылдың 2 қарашасынан бастап «Би-Би-Си» тұрақты хабарлар тарата бастады. Нақты осы күннен бастап әлемдегі тұрақты телевидение тарихы басталды. Бағдарламалар алты күн бойы екі сағаттан алдын-ала жоспарланған кесте бойынша беріліп, бір күн құрылғыларды тазарту жұмыстарына берілді. Бұл дәстүрді әлемнің көптеген елдерінің телеарналары ұзақ уақыт бойы ұстанды. Аз қаржы жұмсалатынына қарамастан, «Би-Би-Си» бағдарламалары өзінің ерекшелігімен, қызықтығымен, жақсы ойластырылуымен алдыңғы орынды алды. Кейін «Би-Би-Си» соғыс кезінде тоқтаған күнделікті телебағдарламаларды беруді 1946 жылдың маусымында жеңіс шеруін көрсетуімен қайта бастады.
1999 жылы Ұлыбританияның коммерциялық эфирлiк телевидениесінде концентрация мен монополизация жаңа кезеңге қадам басты. Ұлыбританияның мәдениет министрi Крис Смит қыркүйек айында өткен Кэмбридж телефестивалiнде сөз сөйлейді. Оның айтуы бойынша, әлемдiк сахнада британияның коммерциялық эфирлi телевидениесінің бәсекелестері аз болғандықтан үкiмет және жеке меншiк БАҚ-ты қолдайды және барлық коммерциялық телевидениенi екi, тiптi бiр адамның қолына беруге дейiн барады.
Коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiк концентрацияға деген жол 1993 жылы тазартылған болатын. Сол жылдардағы мәдениет министрi Питер Брук эфирлiк телевидениенiң лицензияға ие болған адамдарға тағы да бiр лицензияны сатып алуға рұқсат еткенін жариялады. Осыдан кейiн Лондонда жұмыс күндерi шығып тұратын «Карлтон коммьюникэйшнз» эфирлiк телевидениесiнiң iрi британдық коммерциялық компаниясы екiншi Орталық Англияға таралатын «Сентрел телевижн» компаниясынан лицензия сатып аламын деп жариялады. Содан кейiн солтүстiк «Гранада» компаниясы Лондонда демалыс күндерi шығып тұратын «Лондон Уикэнд Телевижн» компаниясының лицензиясына ие болды. Ал электронды «МАИ» концернiнiң басшысы Лорд Холлик екi лицензияның иесi болып, Оңтүстiк Англиядағы «Меридиан» компаниясы және Оңтүстiк Шығыс Англиядағы «Англия» компаниясын қолына алды. Британдық коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiктiң концентрациясы мен монополизациясының келесi сатысы 1999 жылы парламенттiк акт болды. Бұл акт бойынша лицензиялардың шектеусiз сатылуына рұқсат етілді. Бiрақ мынадай талап қойылады: бiр адамның иелiгiндегі арна елдiң барлық телеаудиторияның 15%-iнен көп болмауы керек және тележарнамадан 25% кiрiс түсуі керек. Осылай концентрация процесi әрi қарай дами бастады. Үш iрi топ құрылды: үш лицензиясы бар (Лондонға, Орталық және Оңтүстiк Батыс Англияға) Майкл Гриннiң «Карлтон Коммьюникэйшнз» компаниясы, төрт лицензиясы бар (Лондонға, Солтүстiк, Солтүстiк Шығыс Англияға және Йоркшир ) Гранадада, үш лицензиясы бар (Оңтүстiк, Оңтүстiк Шығыс Англияға және Уэльске Лорд Холликтiң «Юнайтед Ньюс энд Медиа» компаниясының хабарлары тарады. Британия Коммерциялық эфирлiк телевидениесiнiң ұлттық эфирінде төртiншi «ойыншы» болып Шотландиялық «Скоттиш мидиа» компаниясы кірді. Бұл компания 1998 жылы Солтүстiк Шотландиялық «Гремпиен» телекомпаниясының лицензиясына ие болды. 1999 жылы 26 қараша күнi Ұлыбританияның телевидения әлемiнде сенсация болды. Бұл үш iрi топтан екi топ құру туралы шешімі жарияланды. Майкл Гриннiң «Карлтон Ю-Кэй продакшнз» және Лорд Холликтiң «Юнайтед Ньюс энд Медиа» екеуi бiрiгiп Ұлыбританияда бұрын - соңды болмаған алып компания құруды жоспарлады. Бiрақ бұл iстi тез арада Ұлыбритания әдiлеттi сауда бюросы (ОФТ) бақылауға кiрiстi. Өйткенi жаңа алып компания тележарнамаға рұқсат етiлген 25% емес, 30 - 40 % кiрiстi иемдендi.
Британдық коммерциялық эфирлiк телевидениедегi жекеменшiктiң концентрациясы мен монополизациясының жаңаша дамуының инициаторы Майкл Грин болғаны қызық. Ол бiрiншi болып «Сентрел Телевижн» лицензиясын сатып алып, шектен тыс шығып кетті деп есептелді. Бiрақ, бақылаушылар оның Лорд Холликпен болатын болашақ қарым-қатынасты ойлай отырып, Майкл Грин болашақ компанияның стратегиясын анықтаумен айналысты. Лорд Холлик күнделiктi менеджмент мәселесімен айналысатын тұлға болатынын ресми түрде жариялаған еді. Ол компанияның аты ‘’Карлтон Юнайтед’’ деп аталатын болды. Дегенмен, көбiсi Холлик сияқты барлық стратегияны Майкл Гриннiң қолына берiп қояды дегенге күмәнмен қарады. Өйткенi ол Лорд Стивенстiң баспасөз компаниясымен қосылғаннан кейiн жарты жылдың iшiнде оны басшылықтан аластатқан. Осылай екi телекомпанияның бiрiгуi таң қалдырды. 26 қарашаға дейiн журналистерге Грин мен Холлик бiрiгiп қызмет ету мәселесі туралы келісімшарт жасап жатыр деген хабар таратты. Бiрақ кейбiр бақылаушылар «Карлтон» мен «Юнайтедтiң» қосылуы авантюра емес, заңдылық деп есептеді. Бұл екi компанияға да өз бағдарламаларын нығайтуға мүмкiндiк бередi. Осы көрсеткiш бойынша «Карлтон» мен «Юнайтед» бағдарлама беру уақытына қарамай, британдық телевидение ішіндегі ең әлсiздерiнiң бiрi саналды. Екiншiден, 40 миллион фунт стерлингке дейiн қаражатты үнемдеп, керексiз шығынды жояды. Ал егер iс жүзеге аспаған жағдайда сахнаға Ұлыбританияның коммерциялық эфирлiк телевидениесiнiң үшiншi орынға «Гранада груп» шығады. «Гранада груп» - «Гранада Телевижн» телевизиялық топтамасы Джерри Робинсонның басшылығымен коммерциялық эфирлiк телевидение ассоцациясының «Ай - Ти – Ви» бағдарламасының үлкен бөлiгiн дайындайды. Осы уақытта Британия телевидениесінің төртiншi iрi «ойыншысы» Шотландиялық «Скоттиш Медиа» компаниясы «Джинджер Медиа Груп» компаниясын сатып алады деген сөз тарайды. Бұл компанияның акциясының көбiн әйгiлi британдық телевидение мен радио жүргiзушiсi Крис Эванс иемденедi. Бұл компания поп және рок музыкасын беретiн ұлттық «Вирджин» радиостанциясының қожайыны «Скоттиш Медиа», «Вирджин» радиосынан басқа да телестудияларға ие. «Джинджер» компаниясын сатып алса, онда бұл Шотландтық телекомпаниясы Ұлыбритания телевидениесiнде салмақты үшiншi «ойыншының» орнын алуға мүмкiндік туады. Осылай Ұлыбританияның жекеменшiк эфирлiк телеиндустриясында бірінші орын үшін үлкен күрес басталды. Крис Смиттiң айтуы бойынша, бұл күрес екi жылдан кейiн барлық индустрия екi немесе бiр адамның қолында болуы мүмкiн деген болжам жасайды.
Сараптамалық консолидациялық үрдіс Ұлыбританияның кабельдiк телевидениесiнде де орын алды. Мұнда да эфирлiк телевидениедегi сияқты екi iрi компанияның бiрiгуi жайлы сөз болады. Бұл «Кэйбл Энд Уайерлесс Коммьюникэйшнз» және «Телеуэст» телекомпаниялары. «Нэшнл Транскоммьюникэйшнз Лимитед» компаниясы - үшiншi «ойыншы» болды. Мұны «Франс Телеком» акционерi көтермеледi. Соның көтермелеуiмен ол «Кэйбл Энд Уайерлисспен» бiрiгуге келiсiм алды. «Телеуэст» арнасы спутниктiк телевидениеге жататын «Флекстек» компаниясымен бiрiгетiндiгiн жариялайды.
Ұлыбританиядағы Интернет қызметiнiң өкiлдерi - шетел фирмалары, олардың озығы «Фрисерв» Британдық кабельдi телекомпанияларға Интернеттi өздерiнiң кабельдерi арқылы жiберулерін талап етеді. Олар аудиторияны кеңейту мүмкiндiгiне назар аудартады. «Телеуэст» 2000 жылы ақпан айынан бастап Интернетте жұмыс iстеуге рұқсат беретiн, айына 10.ф.ст. төленетiн «Серф Анлимитед» қызметiн іске қосады. Ай сайын Интернетпен жұмыс істейтін адамдар саны күрт өсіп, жаңа интернеттiк технология арқылы көркем фильмдердi көрсетуге дейiн барады. Қазiргi кезде Ұлыбританияда Интернет жүйесiнiң қызметiн көрсететiн 300 фирма бар. Коммерциялық эфирлiк телевидениеде «Ай - Ти – Ви» басшылығы алдына қойған мақсатына жеттi. Ол - үшiншi арнаның «Ай - Ти – Ви» аудиториясының орташа рейтингiн 39% -не дейiн көтеруді көздейді. Бұл талап түгелiмен жылдың аяғында орындалды. Осы кезде жаңа жыл аптасына арналған көп бағдарламалар жүйесi шығарылып, жаңа әйгiлi телеойын «Кім миллионер болғысы келеді?» (“Кто хочет быть миллионером?») лотереялық шоу болатын. Әрине миллионер ешкiм болмаса да бұл ойын аудиторияның рейтингiн көтеруге көмектеседі. Коммерциялық эфирлiк телевидениенiң өмiрiндегi екiншi маңызды оқиға «Карлтон» компаниясының 1998 жылы түсiрген «10 сағат ішіндегі жаңалықтар» («Новости в 10 часов») шығарылымын қайтару эфирге ұсыну туралы келiсiмi болды. Бұл хабардың эфирден алынып тасталуы Ұлыбритания көрермендері арасында көп дау туғызды.
«10 сағат ішіндегі жаңалықтар» («Новости в 10 часов») шығарылымын түсiргеннен кейiн бір миллионға жуық көрермен «Ай - Ти – Ви» арнасының сегiзден отыз минут кеткенде шығатын жаңалықтар бағдарламасын көріп, күнделiктi барлық жаңалықтарды қамтымады, ол кешкi жаңалықтарды көруге мүмкіндік алды. Дегенмен көрермендердiң көпшілігі оның бәсекелесi “Би - Би – Си» жаңалықтарын көруге көштi. «Ай - Ти – Ви» салмақты өзекті қоғамдық «Әлем қозғалыста» («Мир в действии») бағдарламасын жаңа «Бүгін кешке» («Сегодня вечером») бағдарламасына ауыстырған [8,28-б]. Бұл бағдарламада мемлекеттiк саясат мәселесі көтерiлмейдi, әрине бұл үкiметке ұнамады.
«Рейтер» Ұлыбританияның ресми ақпарат агенттiгi болып табылады. Агенттік 15 000 астам газетті, әрі ақпарат агенттiгiн, телерадиостанцияларды, үкiмет мекемелерiн, Ұлыбритания елшiлiгiн және әлемнiң 158 елін ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Күніне 5 миллион 500 мың сөзді ағылшын, француз, немiс, испан және араб тілдерінде таратады. Агенттiкте қаржылай-экономикалық мәлiметтi өңдеу және берiлу үшiн тұтынушыларға электронды-ақпараттық жүйе «Монитор» (әлемнің 112 еліндегi 15 000 алдырушылары есептейдi) монитор ақпараттық жүйе. 90% дерлiк ақшалай түсулердiң агенттiктерi - қаржылай-экономикалық мәлiметтiң таратуынан, соның iшiнде және интернет желiсi бойынша тарайды. «Рейтердің» тілшілері Африка және Таяу шығыс елдерiнде жиі болып тұрады.
ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI ғасырдың басындағы Ұлыбританияның ақпарат нарығында iрi монополиялардың бәсекелестiгi өршіп, бұл ірі монополистерді сол нарықты иесі болуға ұмтылдырды. Жалпы Еуропа журналистикасына тән ерекшелік ақпаратты тауар деп қарау осындай күрделі мәселелерді туындап отырды.
Достарыңызбен бөлісу: |