Телерадиосы. Болгарияда бүгiнгi күнде екi мемлекеттiк арна бар. Республикада 28-30 тәуелсiз жергiлiктi, облыстық, аймақтық телеарналар бар. Олардың басым көпшiлiгi әлi тiркелмеген, бұл олардың заңсыз әрекет етіп отырғандығын көрсетедi.
Телеарналар трасляциясы болгар, орыс, ағылшын тiлдерiнде жүргiзiледi Болгар Ұлттық телевидениесi Республикадағы кең таралымды телевидение болып саналады. Спутниктiк телевидение арқылы ақпарат алуды шектеу заңда көрсетiлмеген. Шетел бұқаралық ақпарат құралдарынан хабарлар алуға БАҚ туралы заңда рұқсат етiлген.
«Bulgarian National Television» – Болгар Республикасының мемлекеттiк телеарнасы. Хабарларын орыс және болгар тiлдерiнде жүргiзедi. “Bulgarian National Televisionды” 60-тан астам бағдарламасы бар беделді арна. Статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, 4 100 000 адамды құрайтын 1 200 000 отбасы хабарларды орыс және болгар тiлдерiнде республика халқының 86% көредi.
Бүгiнде Болгарияда 55-тен астам радиостанция тiркелген. Мемлекеттiк, жергiлiктi, облыстық, аймақтық, қалалық радио хабарларын болгар және орыс тiлдерiнде таратады. Түркиядағы трансазиялық оқиғадан кейiн жергiлiктi радиостанцияның филиалы түрiктер көп топтасқан жерде түрiк тiлiнде бiрнеше сағат бойы хабарлар беретiн болды. Рдиохабарлары Болгарияның түкпiр-түкпiрiне ең көп тарататын радиостанциялары: “Радио Varna», “Horizont, Stolnir», “Christo Botev» [5,29-б].
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1 Андрунас Е.Ч. Информационная элита: корпорации и рынок новостей. - М., 1991.
2 Беспалова А.Г., Корнилов Е.А., Короченский А.П., Лучинский Ю.В., Станько А.И. История мировой журналистики. - 3-е изд., доп. и испр. – М. - Ростов на Дону: МарТ, 2003. – 432 с.
3 Вачнадзе Г.Н. Всемирное телевидение: Новые средства массовой информации – их аудитория, техника, бизнес, политика. - Тбилиси, 1989.
4 Вартанова Е.Л. Медиаэкономика зарубежных стран: Учебное пособие. – М., Аспект-пресс, 2003. - 335 с.
5 Багдикян Б. Монополия средств информации: пер. с англ. / Общ. ред. и вступ. статья Г.Вайнштейна. - М., Прогресс, 1987. - 320 с.
Тақырыпты бекітетін сұрақтар
1. Апта сайын шығатын “Budepecht Rundschofa” газетi қандай сала туралы жазады?
2. “Будапештское солнце” газеттiнің негiзiн қалаған кім?
3. Югославияның “Tanjug” телеграфтық агенттігінің қандай ерекшелігі бар?
4. “Бiздiң басылым” (“Наша штампа”) Югославиядағы журналистер одағының басылымы қай жылдан бері шығады?
5. Венгрияның “Juventus Radio” радиостанциясы қандай бағдарламалар таратады?
6. Югославияда күнделiктi мерзiмдi басылымдардың саны қанша?
7. “Жаңа Македония” (“Ново Македония”) қай ұйымның органы?
8. “Кiрпi” (“Еж”) апталық сатиралық журнал тарихы туралы не білесің?
9. “Югославия туралы” (“Югослав сервей”) ақпараттық-саяси журнал қай тілде шығады?
10. Болгариядағы ең көп таралатын газеттері қай бағытта шығады?
11. Болгарияның аймақтарындағы оқиғалары, Канада мен Австралияның соңғы жаңалықтарымен қай газеттен танысуға болады?
12. Болгарияда тікелей эфирде ақпарат тарататын ең iрi телерадиостудияның жұмысы туралы не білесің?
13. Болгарияда ағылшын тiлiнде шығатын жалғыз газеті қалай аталады?
14. «Bulgarian National Television» Болгар Республикасының мемлекеттiк телеарнасы негізі қашан қаланған?
15. Болгарияда неше радиостанция жұмыс істейді?
2.4 Чехия, Хорватия, Румыния, Грекияның
бұқаралық ақпарат құралдары
Газет-журналдары. Чехиядағы мерзiмдi басылымдар негiзiнен – коммерцияланған. Жаңа газет, журналдардың пайда болуы шетел капиталының енуiне байланысты дамыды. Қазiргi кезде Чехияда 1500-ге жуық мерзiмдiк басылым бар. Олардың 13-i орталық, 42-i аймақтық, таралымы 3 500 000 дана, ал апталық 97 газет 3 800 000 данамен таралады.
1989 жылы “Бархатной Революциясына” дейiнгi шығып тұрған аймақтық газеттердiң көпшiлiгi бұрынғы шығып келген басылымдарды да, жаңа газет, журналдарды да кездестiруге болады. Ең көп таралатын “Блеск” газетi осы басылымға жатады. Бұл көпшiлiк басылым 350 000 данамен таралады. Газет жексенбiде де шығып тұрады, жаңа типтегі газетке Өкiметтегі Азаматтық Партиясының органы болып табылатын “Денни телеграф” газетi, “Чешский денник”, “Шпигел” газеттерi жатады.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өзектi мәселесi шетелдiк капиталдың чех нарығына енуi. Бұл тақырып толыққанды зерттелмеген, алайда бүгiнгi таңда чех басылымдарының басым бөлiгi шетел капиталдары қарамағына өтіп кеткен деп айтуға болады. 70%-ы iрi монополистер, оның ішінде немiс бiрлестiгi “Пассауэр нойе пресс” және швед компаниясы “Рингер” иелігінде. “Пассауэр нойе пресс” (ПНП) чех рыногында 1990 жылдың басында пайда болды. Оның “Ческе Будеевиц”, “Усти над “Пайем”, сияқты басылымдары бар. Бұл бiрлестiкке облыстық, аудандық және қалалық газеттердiң басым бөлiгi қарайды.
Аймақтық күнделiктi шығатын 42 басылымның 36-сы “Пассауэр нойе пресс” компаниясына қарасты. Чехияның көп ауданында бiрлестiктiң бәсекелесi жоқ деуге болады. Қазiргi кезде аймақтық баспасөздiң 80 %-i бiрлестiк қолында, 66 000 данамен таралатын “Пльзенский денник”, 75 000 данамен таралатын “Североческеновины”, 45 000 данамен таралатын “Градецкие новины” сияқты iрi аймақтық басылым да осы бiрлестiк қарамағына көшкен. Ал орталық басылымдардан 255 000 таралымы “Кветы”, интеллигенция арасында белгiлi, апталық “Млады свет”, Чехиядағы миллион данамен шығатын жалғыз басылым – “ТО-магазин” журналын басқарады, “Пассауэр нойе пресс” (ПНП) қарамағында 40 басылым бар.
Чех мерзiмдiк басылым рыногындағы екiншi iрi монополист - шведтiң “Рингер” бiрлестiгi. Бұл бiрлестiк те чех БАҚ нарығына 1990 жылдардың басында, дәлiрек айтсақ 1991 жылы келдi. Қазiргi кезде чех филиалындағы акциясының 49%-ы “Шпрингер” баспа үйiне қарасты. Бүгiнгi күнi бiрлестiк қарамағында орталық және аймақтық 20 мерзiмдiк басылым бар. Орталық басылымдар iшiнде жоғарыда айтып өткен “Блеск” газетi де бар. Сонымен қатар “Рингер” чех интеллигенциясының күнделiктi газетi “Пидове новинидiң“ бақылау акция пакетiн басқарады. “Пидове новини” бай тарихы бар, чехтың бұрыннан келе жатқан газеттерiнiң бiрi. Газетке екi рет 1948 және 1968 жылдары коммунистер үкiметi тарапынан тыйым салынып, 1989 жылдан бастап қайтадан жарық көре бастады. Бүгiнгi күнi 140 000 данамен таралатыны белгiлi, ең сапалы газет болып саналады [1,22-б]. Бiрлестiкке қарасты, орталық басылымдардың iшiнен “Рефлекс” қоғамдық-саяси журналын атап кетуге болады. Сондай-ақ, чех БАҚ-тағы “Раинише пост” немiс бiрлестiгi де бар. Қазiргi кезде “Млада ронта днес” орталық газетi таралымы жағынан екiншi орында (“Блеск” газетiнен кейiн). Бұл газет бұрын – экономикалық дағдарыстан кейiн, Орталық және Шығыс Еуропа елдерiнде өз басылымдарын сата бастаған Робер Эрсан тобының қарамағында “Млада фронта” чех газетi мен “Мафа” акционерлiк қоғамының бақылау пакетi акциясын да қамтыды.
Экономикалық басылымдардың басым бөлiгiн “Хандельсблат” баспа үйi мен американдық “Доу Джокс” бiрлестiгi басқарады. Бұл – “Господжарские новины” орталық күнделiктi газетi, экономикалық бағыттағы басылымдар тiзбегi: “Обходни вестник”, “Ставитель”, “Финанце а Увер”, “Обходник”. Орталық күнделiктi он үш басылымның сегiзi - чех газетi. Бұл – “Право”, “Праце”, “Спорт”, “Денни телеграф”, “Шпигел” газеттерi.
Чехияның журнал басылымы әртүрлi тақырыптық, салалық, мамандық және әртүрлi мерзiмде, апталық, жылдық басылымдар болып бөлінеді. Мысалы, “Чехия Республикасы мерзiмдiк басылым каталогының” мәлiметіне сүйенсек, Чехияда 78 мәдени, 65-i әйелдерге, оның iшiнде 16-сы “Бурда Прага”, 15 балалары басылымы бар көрiнедi. Сондай-ақ, салалық басылым да кең тараған, педагогикалық мәселелерді қамтитын 43, мемлекет және құқық жөнiнде 46 журнал бар. Чех журналдары баспа сапасының жоғарылығымен ерекшеленедi, безендiрiлуi өте жоғары болса да, журналдар балалар назарын өзiне аудара алмай отыр, олар телевидениені қолайлырақ санайды екен.
Электронды БАҚ. Чехия электрондық БАҚ-рында да шетел ықпалы басым. Чехия ақпаратының 70%-ы шетел бiрлестiктерiне қарасты. Чех ұлттық телерадиосы айтарлықтай бай тарихы бола тұра (1923 ж.) бүгiнгi күнi өз бағытын өзгертіп алған, коммерциялық БАҚ басымдығынан шетел компанияларының көзқарастар насихатталады. Осындай, немiс және швейцариялық бiрлестiктердiң арқасында iрi орталық телерадио арналар жоғары деңгейiмен ерекшеленедi. 1995 жылғы қорытындыға қарағанда, Острава қаласының арнасы, бағдарламаларының сапасы мен хабардың көлемi жағынан орталық арналармен бiр деңгейде тұр.
Жекеменшiк БАҚ қаржы табуды басты мақсат санайтындықтан, балалар мен әйелдерге тақырыбына көп назар аудармайды. Чехия радио арналары жаңалықтар, күнделікті ақпарат, рухани-мәдени сипаттағы жаңалықтарға көп көңіл бөледі. Чехияда халықаралық арналар көп таралады және өз арналары да шетел бағдарламаларынан материалдарды көп таратады. Чехиядағы БАҚ аз болса да, оның ішінде шетел капиталымен шығатын БАҚ күн санап өсу үстiнде. Шетел капиталының ұлттық БАҚ-қа енуі жағынан бұрынғы кеңестiк елдердiң арасында бiрiншi орын алады екен.
Хорватия. Талдау жүргiзу барысында Хорватияның БАҚ-ның жаңа жүйесiнiң қалыптасуына 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiнгi жылдар әсер еткенi анықталды. Хорват қоғамының өзгеруi Хорватия баспасөзiнiң басты жетiстiгi. Баспасөз әрекеттерiнiң маңыздысы - аудиторияның ақпаратты тұтынуы және аудитория назарына iлесе бiлуi едi.
1991 жылдың маусым айында С.Ф.Р.Ю. таратылғаннан кейiн, Хорватияның тәуелсiздiгiн жария еткен жылдарда Хорватия баспасөзiнiң коммунистiк партия бақылауынан босап, бостандықты иеленген кезеңi елдегi саяси және экономикалық өзгерiстермен дәлме-дәл келдi. Келесi кезең 1991-1995 жылдары мемлекеттiң тәуелсiздiк кезiнде өтсе де, экономикалық-әлеуметтiк дағдарысты және этникалық қақтығыстың басталуына алып келдi. Дәл осы жылдары мемлекеттегi БАҚ жекеменшiк мекемелерге айналып, iрi баспаханалар, ақпараттық концерндер ашыла бастады.
Қақтығыстардан кейiнгi жылдары хорват баспасөзiне қолайлы жағдайлар туды. 1993 жылды сандық және сапалық жағынан хорват баспасөзiнiң өсу жылы деп айтуға болады. Бұл экономикалық жағдайлардың жақсаруына және БАҚ-ты қаржыландырудың жаңа көздерiнiң пайда болуымен байланысты еді [2,11-б].
Қазiргi уақытта Хорватияда 1000 мерзiмдi басылым тiркелген. Әрбiр үшiншi басылым үнемi шығып тұрмайды. Он бiр күнделiктi газет шығып тұрады. Оның бесеуi жалпы ұлттық, екеуi аймақтық, қалғандары жергiлiктi басылымдар. Аймақтық ‘’Иль Пикколо‘’ және ‘’Ла Воче дель Пополо’’ итальян тiлiнде шығатын газеттерi итальян тілді қауымға арналған. Жалпы ұлттық басылымдардың iшiндегi жалғыз ‘’Спорт жаңалықтары‘’ бiр салаға арналған басылым. Және де жалпы ұлттық күнделiктi газеттер бiр мезгiлде бiрнеше iрi - Загреб, Риске, Сплит қалаларда шығып тұрады. Апталық басылымдардың iшiнен сенсациялық ақпараттық басылым «Национал» көркемдiгi жоғары.
Хорватия басылымдарының құрылымындағы өзгерiстердiң бiрi, олардың иллюстрациялық басылымдарға айналуы. Әсiресе, жанұя мәселесiне байланысты шығып тұратын апталық «Арена» және «Моя судбина» газеттерi, белгiлi бiр бағыттағы әйелдерге арналған «Глория», «Мила», «Вита», «Тина», «Менiң құпиям» басылымдары хорват нарығында аз данамен шығатын мәдени және iскерлiк басылымдар, жаңа саяси-экономикалық, әлеуметтiк жағдайдың әсерiнен әскери, дiни, жарнамалық, босқындарға арналған, оннан астам компьютерлiк техникаға арналған басылымдар дамып келеді.
Этникалық қақтығыстар кезiнде хорват баспасөзiнде сараптамалық жанрдағы материалдар көп жазылып, басылым беттерiнен репортаж жанры мүлдем жоғалды. Ақпараттық мақалаларда көбіне ресми тiлдегі мақалалар басым болған. «Қазiргi кездегi хорват газеттерiнiң тiлi, стилi, мазмұны өте күрделі, 1990 жылдары енгізілген цензураны алып тастағаннан кейін газет-журналдар қатаң қадағалаудан босатылды» [3,47-б].
Өкiнiшке орай, Хорватиядағы БАҚ-ты ешкiмге бағынбайды деп айта алмаймыз. Үкiмет органдары, сот орындары әлі де қысым көрсетiп отырады екен. Сол себептi тәуелсiз БАҚ редакторлары көп уақыттарын жұмыс орнында емес, соттарда өткiзедi екен. Жақында ОБСЕ ұсынысымен Хорватияның телерадио таралымдары, басылымдары жөнiнде жаңа заң шығару жоспарлануда. Онда демократизациялауға жол берілуі мүмкін» [4,68-б], -деген сарапшылар пікірі орын алуды.
Достарыңызбен бөлісу: |