Шетел журналистикасы


Газет-журналдары. Югославияда күнделiктi мерзiмдi басылымдардың саны 15, апталық 11, айлық басылымның 4 түрi шығып тұрады. Оның 25-i газет, 7-i журнал



бет10/25
Дата24.02.2016
өлшемі1.95 Mb.
#13410
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25

Газет-журналдары. Югославияда күнделiктi мерзiмдi басылымдардың саны 15, апталық 11, айлық басылымның 4 түрi шығып тұрады. Оның 25-i газет, 7-i журнал.


“Борьба” (“Күрес”) күнделiктi газет, серб-хорват тiлiнде шығады. 1922 жылы 19 қаңтарында негiзi қаланған. Қоғамдық-саяси жаңалықтарды таратушы. Оның күнделiктi таралымы 50 000 дана. “Кешкi жаңалықтар” (“Вечерние новости”) 1954 жылы негізі қаланған, күнделiктi кешкiлік газет, серб, хорват тiлiнде шығады. Белградта 368 800 дана болып шығады. “Висеник” (“Вестник”) 1940 жылы Загберде шыға бастады, күнделiктi ақпарат тарататын газет ретiнде белгілі, таралымы 9 000 дана. “Саясат иллюстрациясы” (“Илюстрована политико”) серб, хорват тiлiнде шығатын апталық газет, 1957 жылы пайда болған, таралымы 270 000 дана.

“Привредни переглед” (“Экономика туралы”) күнделiктi экономика жайлы ақпарат тарататын газет, таралымы 12 000 дана. “Спорт хабарлары” (“Спортивные новости”) таралымы 155 000 данамен шығып, серб, хорват тiлiнде спорт туралы жаңалықтарды жазады. “Жастар” (“Младост”) Югославия Социалистiк Жастар Одағының апталық газетi. 1919 жылдың соңғы кездерi әртүрлi атпен шығып жүрдi, нағыз аты 1956 жылы тұрақталды. Таралымы 96 000 дана. “Халықтық әскер” (“Народная армия”) серб, хорват тiлiндегi шығатын апталық газет. Оның басты органы Югославия Ұлттық Әскерi. Белградта 1945 жылдан бастап 55 000 данамен таратылады. “Бiздiң басылым” (“Наша штампа”) Югославиядағы журналистер одағының басылымы. “Жексенбiлiк ақпараттық хабарлар” (“НИН”) 1935 жылы Белградта шығып тұрған апталық, серб, хорват тiлiнде 200 000 дана болып таралады. “Жаңа Македония” (“Ново Македония”) Македонияның Еңбекшi Халық одағының органы, македон тiлiнде 30 000 данамен басылады. “Бостандық” (“Ослободжене”) күнделiктi шығатын, серб, хорват тiлiнде Босния мен Герцоговинияның Еңбекшi халықының жоғын жоқтайды. Сараевода 1943 жылдан бастап 80 000 таралыммен шығады.

Ең iрi газеттердiң бiрi - “Коммунист”. Апта сайын серб, хорват, македон, славян, албан тiлдерiнде шығып тұрады. 305 000 дана болып таралады, 6 республикада, 3 автономиялық аймақта, 6 нецменист тiлiнде шығады. 1925 жылы 1 қаңтарда шыға бастады. “Кiрпi” (“Еж”) апталық сатиралық журнал, серб, хорват тiлiнде 1935 жылдан бері Белградта 270 000 данамен таралады.

“Социалистическая мысль и практика” айлық журнал Белградта орыс, француз, ағылшын, немiс, испан, итальян, араб тiлдерiнде басылады. Онда саясат, экономика, әлеуметтану, мәдениет, қоғамның басқа да өзекті мәселелері туралы ақпараттарды жариялайды. “Югославия туралы” (“Югослав сервей”) ақпараттық-саяси журнал, ағылшын тiлiнде үш айда бiр рет шығады. 1960 жылы негiзi қаланған, таралымы 3 000 дана. “Халықаралық саясат” (“Международная политика”) журналы ағылшын, орыс, француз, немiс, испан тiлдерiнде екi аптада бiр рет, Белградтың Халықаралық саясат пен экономика Институтында шығады, таралымы 1 000 дана, 1949 жылы негізі қаланған. “Радио Б-92” тiкелей эфирде ақпарат тарататын ең iрi телерадиостудия, бiрақ дәл қазiргi кезде жұмысы тоқтатылған. Ғимаратының өртенiп кетуi оған үлкен шығын әкелген [4,7-б].



Болгария. Болгария Конституциясы сөз бен баспасөз бостандығын қарастырады. Соңғы жылдары Болгарияның бұқаралық ақпарат құралдарына радио және телестанцияларға лицензия алу үшін жаңа шарттар қойылды. Жаңа заң бойынша, телевидение үкiметке мүлде тәуелсiз. Жаңа заңда соттан басқа ешкiм бұқаралық ақпарат құралдарына санкция қолдануға құқығы жоқ. Егер кiмде-кiм телевизиялық немесе радиостанцияны жапқысы келсе, сот үкiмiне жүгiнуi қажет, мемлекет қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдарында қателiк жiберсе, қоғамның қудалауына ұшырайды. Олар қоғамның қызығушылығын туғызатын жеке өмiрi мен қызметi жөнiндегi ақпараттарды жасыруға қақысы жоқ. Бұл ақпарат қоғам назарында болуы тиіс.

Ұлттық телевидение және радиосы жөнiндегі жаңа заң қайта қаралу үстінде екен. Шолушыларының пiкiрiнше, шектен тыс парламенттiк бақылау мемлекет басқарудағы Болгария бұқаралық ақпарат құралдарындағы жалған ақпараттардың белең алуына ықпал етуде деп дабыл қағуда. Жалпы ұлттық екi мемлекеттiк телевидениесі бар. Үкiмет өз жоспарында келешекте екi арнаның бiреуiн не тоқтату, не жекешелендiру жөнiнде қаулы қабылдау жоспарлануда.

Болгарияда “Би-Би-Си”, немiстiң “Wellesi”, “Америка дауысы” шетел радиостанция бағдарламалары коммерциялық радио арқылы таралады.

Газет-журналдары. Болгариядағы ең көп таралатын газеттер “Nedelnik”, “Kultumi vesti”, “Aspects”, “Daily Chronicle”.


“Nedelnik” Болгариядағы күнделікті шығатын газет. Онда Болгарияның әр саласын қамтитын тұрақты айдары бар. Саясат, әлеумет, қоғам, адам, табиғат т.б. тақырыптар, өнерге, танымға, спорт мәселелеріне арналған жаңалықтарды үзбей жариялайды. Газет әсiресе, Балқандағы оқиғалар мен Еуропада болып жатқан жағдайларды, халықаралық қатынастарға қатысты мәселелерге жiтi көңiл бөледi. Әр апта сайын әзiл, сөзжұмбақтары бар арнайы беті шығады. “Nedelnik” оқырмандары Болгарияның аймақтарындағы болған оқиғалармен, Канада мен Австралияның соңғы жаңалықтарымен таныса алады. Газеттi заңгерлер, бизнесмендер, студенттер оқиды.

“Күнделiктi оқиғалар” (“Daily Chronicle”) - Болгарияда ағылшын тiлiнде шығатын жалғыз газет. Газет оқырмандарына жергiлiктi нарық, экономика, жекешелендiру, саясат және мәдени хабарларды ұсынады. Соңғы төрт жыл iшiнде газет Болгарияға қатысты ағылшын спикерлері, бизнесмендері жөнiндегі ақпараттарды жариялау жағынан алда келеді.

Болгариядағы кең көлемде журналы “Admiral Art Magazine“ әдебиет және өнер туралы жазады. “EGOIST Magazine Online“ Болгарияның электронды журналы. “PC Magazine Bulgaria“ компьютерлiк техникаға, электроника саласындағы жаңалықтарға қызығатын оқырмандарға арналған арнайы салалық журнал. “Serdica Mathematical journal“ Болгар Fылым академиясындағы Информатика және математика институтының ұйымы шығаратын тоқсандық журнал. “Sofia Western News“ жаңалықтар журналы. “Welrya“ Болгарияның электронды әдеби журналы. “София уақыты“ ақпараттық журналдар қатарынан табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет