07.02.2012жыл.
Мұқағали Мақатаевқа!
Қайран Мұқа, жырларыңмен ұлысың,
Тұлпар болдың ашылатын тынысың.
Өміріңде өгейсінді қу жалған,
Өлгеніңде мойындады мұны шын.
Қасиетпен алшаң басып тұрысың,
Өсиетпен өрілгендей ырысың.
Мәңгілікке маздап жанған отсың сен,
Киелі өлең қазағымның жырысың!
Адамдықпен сәби бейне тірісің,
Адалдықпен алға басар ұлы ісің!
Тіршілікте сыйласпаған пенденің,
Мінбелерде жылағаны құрысын.
Сұлулықтан өрілгенсің, шынысың,
Болашақпен жасай берер ірісің!
Тұнық оймен алып шығар тұманда,
Жастарымның жыр маржаны күнісің!
Имандылық ибалықтың құлысың!
Өнегелі өлмес өлең құрышым!
Қайың болып, қыран болып қалықтап,
Мәңгіліксің елің менен жыр үшін!!!
09.02.2012жыл.
Мұқағалидың мұңы...
Аңсау деген құшақта күн кешкенмін,
Сағынышпен ұдайы үндескенмін.
Қиялымда қауышып қадірлеумен,
Көрпеңді қымтап жүрдім күнде сенің...
Уа халқым өзің едің асқарым да,
Адамдықтың сүрдім мен астарында.
Тоймай өттім өмірге ғашық болып,
Өмір де бітеді екен қас қағымда.
Жылдармен жылап қайта оянғанмын,
Үміті бола жүріп талай таңның.
Жек көрер мені жақсы көре қапты,
Бәрі де құдіреті ғой бір Алланың!
Жарыққа шықты күн-түн жазған еңбек,
Шын ақын бұл өмірге бір-ақ келмек!
Өлеңім әуендермен қалықтады,
Келесі ғасырларда өсіп өнбек!
Уағында бағаланған дұрыс екен,
Тірлігің тіршілігің ырыс екен.
Өзегім өртенгені өкініштен,
Халқыма қапалығым бұрыс екен.
Сезіндім қуанышты тылсымда анық,
Әрдайым абыройда тұрсын халық!
Арнадым өмірімді қайран елім,
Сен деген махаббатым дүрсіл қағып...
09.02.2012жыл.
Әміре ағайға!
Ұстазсыз пейілі асқақ ән!
Елдікке елді бастаған!
Ісіңіз мәңгі өнеге!
Ұрпаққа қалар дастан ән!
12.02.2012жыл.___Зинураға!'>12.02.2012жыл.___Кәдірбек_ағама!'>12.02.2012жыл.
Кәдірбек ағама!
Жігітсіз қайсар қырандай!
Спортта биік ұрандай!
Бауырлық жүрек бір соқсын!
Бір-бірін көрмей тұра алмай.
Мәңгілік жасар шынардай...
Не айтқым келіп тұрғанын,
Өлеңнен ағам ұғардай...
Бақытты өмір сүріңіздер!
«Сіз біздік» бойда тұмардай...
Жігіттерге сәлем айтыңыз,
Әйелдерінен жүрген шыға алмай...
12.02.2012жыл.___Ұлжалғас_апайға!'>12.02.2012жыл.
Зинураға!
Қарлығаш қызсың қалықтар,
Самғай бер күнім жарық бар!
Бақытқа жеткін , ұстаз бол!
Ертеңгі күнді анықтар!
12.02.2012жыл.
Айкерімге!
Адамдар бір-біріне болса тірек,
Менде бар өзіңізге жақсы тілек.
Тілерім зор денсаулық, бақытты өмір,
Нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек!
12.02.2012жыл.
Гулнара апайға!
Анасыз, елге нұр шашқан!
Данасыз, ісі жыр дастан!
Қаласыз жүрек төрінде!
Сағындым Сізді қимастан.
Ғажап қой өмір сыйласқан!
12.02.2012жыл.
Ұлжалғас апайға!
Жігіт намысын қайраған,
Жауқазындайсыз жайнаған!
Өлеңге өлмес үн қосқан,
Өзіңіздей жаннан айналам!
Бақытқа толып отбасы,
Немерелер келсін ойнаған!
Ағаммен асқар биіксіз!
Жігіттігінен таймаған.
«Сұлулығын қалай сақтайды»-деп,
Әлі күнге ойланам...
12.02.2012жыл.
Сен мәңгілік үзілмеші , қалшы үміт.
Ер мойнында өтелмеген парыз бар,
Сұлулықты түсінбеген қарыз бар.
Ұлылықтан бастау алар алыптық,
Қадіріне жете алмаған бар ызғар.
Көп нәрсенің жете алмай-ақ парқына,
Бұл өмірден өтеміз-ау алқына.
Жылылыққа жетелейтін бар әлем,
Сұлулыққа ентелейді талпына.
Күлім қақтық көз тоймаған көрікке,
Тыным таптық сөз байласып серікке.
Өмір екен өзгеше өрге өрлетер,
Ұрынбақтық санасыздық желікке.
Не түсіндік арқасында ананың?
Көп ісіндік ортасында пананың.
Әке асқар тау шыңдарына жеткізбес,
Оларды аңсар оймен сәби баламын.
Қадіріне жете алдық па ортаның?
Табиғатты жараладық сарқа мың.
Тамырынан ажырауда адамзат,
Тас жүрекке айнала ма?, қорқамын...
Жылылыққа талпынады тал шыбық,
Адамдық ар қалмасыншы жаншылып.
Жақсылықпен жалғассыншы бар әлем,
Сен мәңгілік үзілмеші, қалшы үміт!!!
14.02.2012жыл.
Бүгінгі керемет күн...
Бүгінгі керемет күн, керемет күн!
Таң болып сұлулыққа бөлемекпін!
Күн болып шуағыммен жылытамын,
Жыр болып, шабыт толып келеді екпін.
Бүгінгі ғажап сиқыр керемет күн,
Санаңа сіңдіремін, шегелеп мың.
Әр сәтің бақыт екен қайталанбас,
Басымда бақ тұрғанын елемеппін...
Келеді қуанышқа ене кеткім,
Өмірге ғашықтықты өнер еттім.
Жақсылық сыйлайтұғын адал жанды,
Жүректің бесігіне бөлемекпін.
Мейірім табиғатпен ұласқаны,
Жылылық сезімдермен сыр ашқаны.
Өзіңді көрген жандай құлпырамын,
Көңілімнің күлімдейтін гүл аспаны.
Бүгінгі қайта келмес қайран уақыт,
Еңбектің жемісімен сайранда құт!
Мен сенің бақытыңды айғақтармын,
Сен мәңгі жүректе бол жайраң қағып...
15.02.2012жыл.
Бақытты екенмін ғой...
Денім сау жүргеніммен,
Шаттанып күлгеніммен,
Санам боп білгеніммен,
Бақытты екенмін ғой!
Алланы танығаннан,
Сені іздеп сағынғаннан,
Қасымда табылғаннан,
Бақытты екенмін ғой!
Ананың аясында,
Әкенің саясында,
Өркенді жаясың да,
Бақытты екенсің ғой!
Бауырлар жайып құшақ,
Тербейтін қайыққа ұқсап,
Неткен бал, байыпты шақ!
Бақытты екенсің ғой!
Әлемді көре алғаның,
Сүйсініп қана алмадың,
Еңбектен нәр алғаның,
Бақытты екенсің ғой!
Ғажап қой тілдескенің,
Ойлармен үндескенің,
Ұмытылмай күнде естемін,
Бақытты екенмін ғой!
Жер басып жүргеніңнен,
Үлгілі үлгеріммен,
Қызықты күндеріңмен,
Бақытты екенсің ғой!
Достықты бағалаумен,
Сенімді аялаумен,
Сезімді жағалаумен,
Бақытты екенсің ғой!
Тағдырың таламаса,
Ел жұртың бағаласа,
Бақ қонған саған аса,
Бақытты екенсің ғой!
Өмірің мағыналы,
Өзіңді сағынады,
Үйіңе ел ағылады,
Бақытты екенсің ғой!
Үлкеннен бата алғаның,
Абыройда аталғаның,
Қадіріне жете алғаның,
Бақытты екенсің ғой!
Адамдай жаһұт бар ма?
Күн-намыс, уақыт арда!
Жақсылық жасап үлгер,
Әр сәтті бақытқа арна!
Сұлусың, сыйың далаң!
Түк емес қиындаған.
Әлемде қанша жан бар,
Бұл бақыт бұйырмаған...
16.02.2012жыл.___Рыскүл_Меңтайқызына!___Ұстаз_ана...'>16.02.2012жыл.
Рыскүл Меңтайқызына!
Ұстаз ана...
Білімменен көгертетін көктемсіз!
Соңыңыздан ұстаздарды ерткенсіз!
Тағдырменен тартыстарда тұлға боп,
Тау толағай табыстарға жеткенсіз!
Болашаққа арналып әр таңыңыз,
Ертеңді ойлап күйіп еді жаныңыз.
Білімдінің биік тұрар мерейі!
Ортамызда тарих болып қалыңыз!
Қаншама еңбек қалдырумен барасыз!
Білікті ұстаз, мейірімді анасыз!
Ұлылыққа жете ала ма даласыз?
Қасиетке жете ала ма данасыз...
Еңбекпенен үмітіңіз ақталды!
Абырой мен намысыңыз сақталды!
Кешегі қыз ақ бантигі желбірер,
Арман еді, қалай зейнет кеп қалды?!
Қасиетпен ерекше бір үндесіз!
Шықтыңыз-ау шыңға ерек түрде Сіз!
Бақыт, байлық, бақ, береке тіледік!
Ұжымменен әрқашанда біргесіз!
16.02.2012жыл.
Келер көктем...
Көп жақсылық күтемін мен көктемнен,
Жылылығы анамыздың дидары.
Қайран өмір уақытпенен шектелген,
Осы екен ғой қинары...
Әкем болып қарап тұр ғой асқар тау,
Қарлар бейне әппақ қырау шашындай.
Тым алыста біз қыдырған жасыл бау,
Қаншама жыл жүрек тұр ғой басылмай.
Көктем құсы сол әніне салғаны,
Жұдырықтай жүрек кетті дүрсілдеп.
Еміренген елес екен қалғаны,
«Мені ұмытпай жүрсін»-деп.
Сырлас ағаш бүршік ату алдында,
Самалы боп жеттің сұлу ақ таңның.
Өзгермедің мөлдіреген қалпыңда,
Періштедей таза күйде сақталдың.
Келер көктем жақсылықпен ырыспен,
Жауынымен молшылығын үйіп те.
Өмір сүргім келді жаңа тыныспен,
Жүрегімде ардақталғын биікте!
17.02.2012жыл.
Алғашқы сезім...
Мөлдіреп өткен күніңді,
Мөлтілдеп ғана ұғарсың.
Қызықты ойға сіңімді,
Ертеңде үміт шығар шың.
Кешегі қайда пәк күнің?
Алғашқы сезім тулатқан.
Баса алмай жүрек аптығын,
Ұйқысыз түнін ұрлатқан.
Жарысып жүйрік уақытпен,
Сағына жетсең сыр дастан.
Не деген өзің бақытты ең!
Құшағын жаяр түнгі аспан!
Жаныңа соғар жылы леп,
Кеудеңді кернеп қуаныш.
Түсінер ғашық мұны тек,
Жүректе тулап ұлы ағыс.
Өзгертті уақыт өзіңді,
Өмірге мынау қандық па?
Сол бір пәк мөлдір сезімді,
Аялап сақтай алдық па?
23.02.2012жыл.
Айткүл Толыбайқызына!
Жыр жаздым әпке сағынып,
Бауырлық жүрек ағылып.
Тілдесіп Сізбен төгілем,
Уайымнан бір сәт арылып.
Еңбектен бақыт тапқансыз,
Білімді жолда ақ таңсыз!
Ғылымды биік көтеріп,
Елімізде мақтансыз!
Шәкіртті шексіз сүйгенсіз,
«Ертең»-деп жанмен күйгенсіз!
Болашаққа бастау боп,
Жақсылыққа елді игенсіз!
Күн түні еңбек еткенсіз!
Абыройға асыл жеткенсіз!
Кітаптай көркем қасиет,
Жазылар алтын беттенсіз!
Иманды нұрға кенеліп,
Қасиет тұнған өрелік!
Тектіден туған киелім,
Бұл баға елден төрелік!
24.02.2012жыл.__Алып_дала.'>24.02.2012жыл.
Алып дала.
Аққуымен әсемделсе көл беті,
Қазағымның өнерімен келбеті.
«Қараңғы»-деп еленбеген қазақты ,
Өнерімен танып еді жер беті.
Асқар таулар, алып дала, көк бел де,
Қызғалтақпен құлпырады көктемде.
Сол табиғат өнерліні тудырған,
Көңіл жүйрік, ой жүгіртсек өткенге.
Саф алтындай қасиеті сақталып,
Тектілікпен тамырынан бақ дарып.
Тұлғалық тұр тарихыңа үңілсең,
Туралық тұр бар әлемге жатталып...
Өнегелік баба басқан әр ізде,
Тәрбиемен өрілгенін аңыз де.
Әсем дауысы Әміренің әлемді,
Бас идірген ән салғанда Парижде.
Қажымұқанның қара күші сүйінтіп,
Бар әлемді баурап алған иілтіп.
Даналық пен дарабоздық даламда,
Киелілік, әулиелік жиынтық...
Даламыздың даналыққа тұнғаны,
Қырандайын жасай берер тұлғаны.
Қазақстан гүлденеді мәңгілік!
Қара көздер шыға берер шыңға әлі!!!
24.02.2012жыл.
Көктем келді...
Көктем келді, көңілді күйге орап,
Жан жүректен берілер сезім тарап.
Қар құрсауын босатып, буға айналды,
Көк көйлегін кигендей бүкіл алап.
Көктем келді, шіркін-ай көктем келді,
Бәйшешекке орантты көк белдерді.
Адамзат қауышты да жылылықпен,
Құттықтар аман-есен жеткендерді.
Кеудеңде шаттық орнар дүрсіл қағып,
Ертеңге жоспар құрып, үміт жағып.
Аяздан қорқып қалған қу балалар,
Қозысын көтеріп жүр, қойын бағып.
Әз Наурыз жаңа жылым жеткені ме?!
Қол бұлғар қойшы арғы беттегіге.
Осылай қонақ өмір сырғи берер,
Қуанып әрбір күннің өткеніне.
Анамдай күн жылынып шуақ берді,
Әкемдей аяз ата сынап көрді.
Табиғат ұлы ұстаздан үйренеміз,
Өткізіп «Өмір» атты сынақ төрді.
Көктемнің шуағымен көгеремін!
Санама сұлулықты шегеледім!
Халқыма, жебеу болған жақыныма,
Ойландым: «Мен көктемдей не беремін?»
Жаз келсе жазылуың шектелмеген,
Күз келсе жемісің ол текті елменен.
Қыс берген сабырлылық, төзімділік,
Мейірім келген бірге көктемменен!!!
03.03.2012жыл.
Сағыныш
Сағынып жүрген шығарсың,
Сағыныш болған көктемді.
Күн өткен сайын ұғарсың,
Ұмытып наз бен өкпеңді.
Мөлдіреп тұрған кезіңнен,
Күн нұры сені өпкенде.
Қайталанбайтын сезіммен,
Жете алмай қалдық өткенге.
Қоштасып қалды-ау бал құрақ,
Қия алмай, қимай тал мүсін.
Табиғат сұлу балбырап,
Жаңбырмен төкті-ау алғысын...
Таза ауа бейне ан баурап,
Жылтылдап жүрек жапырақ.
Сол жақта жаным жаңармақ,
Бөленіп күйге атырап.
Арманға бастар қар тағы,
Сағыныш басты әлемді.
Сол жаққа мені тартады,
Өрілтіп өрнек өлеңді...
Өткенге ойша оралам,
Ертеңге үміт артылар.
Сананы ақ қар ораған,
Сағыныш күйі тартылар.
Көңіл құс күтер көктемін,
Жаз келер жанды жұбатып.
Күз келіп шықса еккенің,
Сағыныш тұрар сұратып...
10.03.2012жыл.
Бір тамшы жас...
Мөлтілдеп тұрған жанардан,
Дір етті жүрек жас тамып.
Тұңғиық ойға қамалғам,
Тағдыры жанның басталып.
Қыз – тағдыр неткен ауырлау,
Мойымай бәрін жеңесің.
Тыс қалсын күн-түн уайымдау,
Аналық – алып тел есім.
Жаныңа ұқтым жаз керек,
Тілейді көңілің қорғанды.
Жаратылысың өзгерек,
Жүдейді аңсап орманды.
Арусың әппақ арайлы,
Өзіңді өзің қолдашы.
Перзентің саған қарайды,
Үмітін алға жалғашы.
Домалап түсті мөлдір жас,
Кім екен оған себепші?
Сыр көп қой тағы айтылмас,
Мың жұмбақ ару демекші.
Арман көп, алға үміт көп,
Анамен өмір жалғасад!
Туылдық несін жігіт боп,
Қыздарды қорғай алмасақ.
Жүректі кетті жаралап,
Жанарда жасы елестеп.
Қоғамға түскен қара дақ,
Жыласа ару емес пе ед?
11.03.2012жыл.__Мұстафа_Шоқайға!'>11.03.2012жыл.
Мұстафа Шоқайға!
Еркіндік аңсар қырансың!
Алашқа алып ұрансың!
Тәуелсіздікке талпынған,
Тұғыры текті Тұрансың!
Қиып бір түсер қылышсың!
«Халық»-деп туған құрышсың!
Білімге елді бастаған,
Жастарға тәлім ырыссың!
Қазақтан өткен талай сын,
Бауырға бәрін санайсың.
Шетелде газет шығардың,
Еліңді ойлап, жарайсың!
Мың жылды ойлап алдағы,
Арманың алда самғады!
Егемен елге елжірер,
Азамат күнсің таңдағы.
Сезілді жүрек дүрсілің,
Жат жұрттан жетті тылсым үн!
Мұстафа Шоқай өсиеті,
Еркіндік жарды бүршігін.
Өтейік ерді бағалап,
Келмесін елге жаман ат!
Ескінің сөзі есті сөз!
Аманат бізге аманат!!!
11.03.2012жыл.
Сен қалшы мәңгі сезімім...
Уақытша бәрі, өмірдің өзі өтпелі,
Жарыққа шығар оранған мың күн өрттегі.
Күн сайын орап, түн сайын еріп соңымнан,
Жаулап та алды сағыныш атты дерт мені...
Аңсауды қайтем, оралмас сол бір көктемім,
Сақтаушы парақ сырымды оған шерткемін.
Өткен шақты аңсау, бәрі де бекер емес пе?
Жаралап жанды, шөліркеп ерін кепкенім.
Қалайша қиям, ғажайып жастық мекенді,
Мәңгілік аңсар жердегі жұмақ екен-ді.
Аңшыдай болдым, жаяулап қуып жете алмас,
Тылсымға құмар, уақыт боп зырлар бөкенді.
Өтпелі бәрі, сен қалшы мәңгі сезімім,
Жырыммен қалам өлеңнің өлмес өзімін.
Мақсатқа жету - бақытпен өту ендеше,
Жырларым-жеңіс, өлеңім -өр, рух, төзімім!
Қиялмен құшып, ойыммен ұшып жеткенмін!
Киелі өлең, мағынасы терең серттенмін!
Сезімім менің саналы жанға сый беріп,
Бәйшешегі болып көгере берер көктемнің...
26.03.2012жыл.
Табиғат тарту
Саялы баққа жаным да менің тартылды,
Кеудені керер ауасы қандай тартымды.
Сағынышпенен жүрегін жайып жетті ме?
Аңсары ауған байқадым қыран-қартымды.
Түп-түзу ұстап мұнтаздай таза өн бойын,
Тоқсанда тойлап шөбере тойын, өз тойын.
Есіне түскен жаңбыр да жауған сол бір күн,
Қайталанбайтын соңғы ойын.
Сағыныш екен кеудесін кернеп маздатқан,
Жастықпен әуен самалмен жетті саз бақтан.
Тал құрақ жайнап, бұлбұлы сайрап табиғат,
Мөлдіреп атқан жазда ақ таң...
Қария тұрды, кімдерді күтті?, білмедім,
Жанары жұмбақ, ашылмас сырда түрде мың.
Құпия толы әлемге қайран боласың,
Тылсымда өмір сүрмегің...
Табиғат ғана жасара берер жаңа арын,
Жалынды жаспен күн-түні бауда толар үн.
Білмеді бірақ бүгінгі ессіз еркелер,
Қария ертең боларын...
27.03.2012жыл.
Сұлулық сыры...
Жанарың мөлдір, көл неткен,
Қастарың қылыш іспетті.
Ақ маңдай жазық келбеттен,
Сөз жетпей тілді тістетті...
Сая бақ сырсың жыр туған,
Шыршадай мәңгі жасылсың.
Күн болып шыққан бұлтымнан,
Шуағын шашқан асылсың!
Көктеммен келді күй легі,
Сұлулық тұр ғой сұрантып.
Сағыныш тағы жиіледі,
Аңсауды жиі құралтып.
Сәулемен түскен шырайың,
Бәйшешек гүлі сен бе едің?
Қуанышымды құрайын,
Елесім болып емдегін.
Күн өткен сайын үмітпен,
Сұлуды сезу–бір бақыт!
Барады ару жігітпен,
Жастығын бақта ұрлатып...
28.03.2012жыл.
Ақ жауын
Далада құйды ақ жауын,
Көктемнің күні самғауың.
Жылылық тауып жалғауын.
Қуанып кеттім өзіңе,
Жаңбырмен тағы езіле,
Жауқазын жырым-арнауым...
Сәбидей жаңа туылған,
Бар әлем таза жуынған.
Санадан қайғы қуылған.
Мөлдіреп түсті ақ тамшы,
Өзіңді қорға, сақтаншы,
Сатқындықтардан суынғам.
Табиғат көркем ұқтырған,
Адамдықта пенде нық тұрған.
Өмірден көп қой ұттырған.
Тазалық тербер әлем-ді,
Мағына мәні терең-ді,
Арыңда таза тік тұлғаң!
Ақ жауын кетті жаңартып,
Салмақты ойда қамалтып.
Иманмен сұлу хәл артық!
Жайнады әлем, тал, құрақ,
Жер –ана кетті балбырап,
Үміт пен сенім тең артып.
Қуаныш келді нөсермен,
Жұбаныш жанда төселген,
Бақытты жанбыз осы елмен!
Жақсылыққа елді бұрғандай,
Ақ жауын айтып тұрғандай:
«Тазаршы, айық кеселден!»
Жаңарды әлем туылып,
Ластықтан таза суынып.
Табиғат-ұстаз, күйін ұқ!
Жақсылық шықсын жарыққа!
Адамдық атты дамыт та,
Жамандық кетсін жуылып!!!
Достарыңызбен бөлісу: |