Шымкент-2012жыл Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен



бет6/6
Дата17.06.2016
өлшемі391.5 Kb.
#142738
1   2   3   4   5   6
04.08.2012жыл.
Олимпиада чемпионы Зулфияға!
Ел жүгін жүрсің арқалап,

Періштең сені қалқалап.

Он алты жастан от болдың,

Бар әлем саған анталап!
Жүрегің нәзік, сенбес кім?

Ауыр тағдырмен белдестің.

Он алты-ақ жаста енгенсің,

Рекордына Гиннестің!
Биікте болу- мұрат-құн,

Ұлылықтарды ұнаттың.

Алтынмен елді қуантып,

Қалпыңмен нәзік жылаттың!
Намысың бөлек дара шың,

Абыройда асқақ Алашың!

Мәртебесін елдің көтеріп,

Аңызға айналып барасың!
Құрыштан тұлғаң құйылған,

Зіл батпан темір шиырған.

Еліңнің бағы, бақыты,

Жеңісі саған бұйырған!
Әлі көп алда жарысың!

Биігің, самғар ғарышың.

Өзіңмен әлем таңданып,

Қазақтай елді танысын!
Абыройын елдің асырдың!

Жаңалығы болып ғасырдың!

Бағына елдің аман бол!

Алтын қыз-ару, асылым!!!

07.08.2012жыл

Батыр ана Сапаркүл аяулы апамызға арнау!

Қуаныш кернер, жүректі тербер, бүгінгі,

Еңбектің шыңы, бақыттың үні - дүбірлі!

Ұласып тойға, қалдырып ойға риза етіп,

Көрсетіп тұр ғой қасиет, текті, түбіңді!!!
Аяулы ару, шықан түп тегі Оймауыт!

Табиғатымен жүрекке жақын, жанға құт!

Бәйдібек баба, Домалақ ана қолдаумен,

Қостұра таудан тауыпты апам бар бақыт!
Өмірін арнап, өсіріп бес ұл, бес қызын,

Елемей тағы тағдырдың ауыр тепкісін.

Сарғайып сана, сағынышыңызбен жетіпсіз,

Абырой жинап, өтті сын...
Отыз немере, он жеті шөбере сүйіпсіз!

Жылы жүрегіңізбен оларға күннен биіксіз!

Аңыз боп қалар бүгінгі нағыз ұлы той,

Ардақтар елді жиыпсыз!!!
Орныңыз бөлек, айрандай елді ұйытқан!

Ынтымақты етіп шығарар Сізсіз тұйықтан!

Бірлігі болып, берекесі Сізбен шаңырақ!

Бақыты бүгін бұйыртқан!!!
Сақтап та тұрсыз береке, байлық, ырысты!

Сексеннің сыры өмірге ашар тынысты!

Аман болыңыз, бар жақсылықтарды тілейміз!

Елге де болсын жұғысты!!!

21.08.2012жыл.
Алаңдау...
Тағы шөлдедім, не керек менің жаныма?

Сағыныш өртеп жастықтың кірдім бағына.

Кері бұрылып, артқа да қайта алмадым,

Мойын ұсынып, тағдырдың самай ағына...
Бәрі де жетер, қинады түпкі ой тегі,

Дауыл өмір-ай, ұшырар ма екен , қайтеді?

Дәл кеше ғана туылған бейқам сәби ем,

Ана мен әке құшағындағы ертегі...
Жылылық іздеп, биктік құз деп, талпындым,

Жақсылық сыйлар жандарда жақсы іс, жарқыл мың.

Амандық тілеп, адам боп өту керегі,

Серілік құрды салқын мұң...
Адамгершілік-ай, тұратын көңіл төрінде,

Бір ғана өмір сүреді адам кенінде.

Өтірік сөздің ғұмыры бітер қас қағым,

Мәңгілік өмір адамдық, қасиет, сенімде!
Адамдық ойы, өсіп мың өнер дарағы,

Жақсылық жанса, парасат жолын салады!

Біріне бірі қамқоршы болса адамзат,

Жер шарын сақтап қалады!!!

03.09.2012жыл.
Есіңде ме?
Есіңде ме?... мөлдір тым,

Балалық шақтың бал күні,

Әттең - ай қимай қалдырдың,

Сезіммен өтіп әр түні...
Санаға соғып самал да,

Бетіңді өпкен таң лебі.

Жарқ еткен сәуле жанарда,

Сүюдің алғаш өрнегі...
Сол бір пәк алғаш толғаныс,

Тербетіп жанға өң берген.

Амалы жоқтық қорғаныс,

Бір қарағаннан емделген.
Қияға кетіп қиялың,

Сағынып тұрып білдірмей.

Кездесе қалса ұяңың,

Алыста жүрер ілдірмей.
Бәрі де қызық кездесу,

Бітпейтін еді-ау сырласу.

Бір бақыт еді жүздесу,

Мың бақыт еді қырғы асу!
Сағынып жеткен саябақ,

Аңсаудың еді айғағы.

Анамдай болған аялап,

Әкемдей құшақ жайғаны.
Шақыра берер ну орман,

Тартылыс күшке ұласты.

Айдын көл еді жиі арман,

Сарқырап суы сырласты...
Ақ қайың еді ақкөңіл,

Қиыла қалып шақырған.

Тағдыры түрлі тәтті өмір,

Тұрады сабыр ақылдан...
Жаныңа жақын керекті,

Табиғатыңнан табасың.

Аласың одан көмекті,

Табасың тағы жарасым...
Алғашқы сезім сақталып,

Көңілде қалар ән-қылық!

Жүректе жылы жатталып,

Тап-таза қалар мәңгілік!

03.09.2012жыл.

Өмірдің келді шуағы...
Өмірдің келді шуағы,

Бақыттың балғын тұрағы.

Шабыттың жанып шырағы

Қырандай болдым қырағы..
Өмірім тұр ғой жалғасып,

Ерекше керім арна ашып.

Сәбилік кезім алмасып,

Аталық келді жармасып...
Өмірге кеттім тоя алмай,

Немере дедім оянбай.

Сол үшін бәрі, аяулы-ай,

Еңбекті етсем аянбай...
Иісінен кеттім талықсып,

Желменен кеттім жарысып,

Періштемменен танысып,

Қызғаныштармен алысып...
Бал тәтті тағы қылығы,

Бұлақтың мөлдір тұнығы.

Бабамның асыл сынығы,

Ұрпақ боп келген ұғымы!
Жаңаша өмір басталды!

Ұйықтамай апаң аш қалды.

Жырлап та кетті дастанды,

Әнші екені расталды.
Керемет күйге кенелдік,

Бақытты түрде теңелдік!

Жасағандаймыз мың ерлік?!

Дауысы шықса жөнелдік!
Өмірді сүргің келеді!

Отырған жерің төр еді!

Немере неткен кең еді.

Арманға жалғай береді!

Не айтса дағы көнесің!

Дегенін тауып бересің!

Жүрекпен сүйіп елесін,

Түсіңде тағы көресің!
Күн бойы бірге арқалап,

Бәрінен қорғап қалқалап.

Құлайсың кешке шалқалап,

Құмарың қалай тарқамақ?!
Өмірдің тілеп шаттығын,

Сезініп өмір пәктігін.

Немерем сыйлар бақты мың,

Аман сау болшы ақ күнім!!!
Сағынып бір сәт көрмесең,

Сәбиде кәусар шөлдесең!

Сөзіме көңіл бөлмесең,

Немере сүйгін, сенбесең...

04.09.2012жыл.

Ән: Алтын күз...

Алтын күз келді,

Ақбұлттар төнді.

Жапырақ жайнап,

Сарғайтты белді.
Жемістер пісті,

Дихандар күшті.

Еңбекпен жасар,

Ұлы жер үсті.
Бақытқа бастар,

Алтын күз асқар!

Биімен әсем,

Бүлдіршін достар!
Уақыт та алтын,

Саналы салтым.

Дәстүрі берік,

Жасай бер халқым!!!

05.09.2012жыл.

Қызық қой өмір...
Қызық қой өмір, өткен соң бәрі таңқалдық,

Балауса кезең, албырттық бойда, аңғалдық.

Сүйікті болған сүйкімді жанға тіл жетпей,

Жүрекке қойдық арман қып...
Қызық қой өмір, ата-ана барда еркелеп,

Шолжаңдау болдық, есі бар ерек тентек ек.

Бір сәтте ғана айналып олар сағымға,

Сағыныш жеткен ентелеп...
Қызық қой өмір, достармен кірген шырайы,

Көрмесек бір сәт, көргіміз келер ұдайы.

Ержеттіктағы тағдырмен терең сүңгідік,

Басқа екен өмір шынайы...
Қызық қой өмір абырой жинар ортаңмен,

Керемет тағы үмітін сыйлар әр таңмен.

Қаланың шуы, есепсіз дуы мезі етер,

Ауылға тіке тартам мен...
Қызық қой өмір әр күнің естен кетпейтін,

Бақыттың өзі сезінер жанға беттейтін...

Бүгінгі күннің қадірін ұға білейік,

Ертең ол қолың жетпейтін...

13.09.2012жыл.
Өлеңнің сыры...
Өрейін өлең өрнекті, тастан қашаған,

Халқыма жетсін тілегім үнім Жасаған!

Оятар намыс, жырыммен табыс қалдырсам,

Шаңырағың шат боп, болсыншы берік босағаң!
Өрелі жанға өлеңнің ерек сыйы бар,

Маржанын терсе бақыты, балы бұйырар...

Оранған өртте, қиналған дертте жыр келер,

Түсінсе оны миы бар...
Киелі өлең - қасиет, қайнар көзі еді,

Өлмейтін мәңгі өлместің нағыз өзі еді.

Алмастай өткір, семсері сөздің сертінде,

Адамдық ардың өзегі...
Өлеңнен өнсең шырағың мәңгі сөнбегей,

Жақсылық жырың жаныңа қамзау желбегей.

Бас кеспек болса, тіл кеспек жоғын ту еткен,

Қазағым, тілім өлмегей...
Азатсың елім, еркіндік жолда ардақтал!

Тәуелсіз жерің жаныңды сала қорғап қал!

Өлеңнің сыры бесіктен жыр боп басталған,

Ел бесігінде мәңгі құндақтал!!!

14.09.2012жыл.

Сағыныш екен бәрі де...
Сағыныш екен бәрі де...

Жарылыс тағы жүректе.

Аңсаған жанға төрі де,

Жапырақтайын дір етпе...
Көрмесек көңіл құлазып,

Алыстан тілеу тіледік.

Жылы сөз жанға мың азық,

Мейірім күткен гүл едік...
Күндегі өмір қарбалас,

Амандық болсын тек, мейлі.

Жарысқан желмен жанталас,

Сағынған жанға жетпейді...
Көңіл жас мәңгі жайдарлы,

Арманың алға жетелер.

Әкеміз қайда айбарлы?

Анамыз қайда мәпелер?
Ертеңге жетсек қадамдап,

Өткен күн – бейне жаңғырық.

Аңсаумен келген адамзат,

Сағыныш кетер қалдырып...

17.09.2012жыл.
Жылдарым менің...
Мөлдіреп сенің қарасың...

Бейнең бір көркем дара шың.

Жылдарды жылдар қуалап,

Алыстап менен барасың...
Шуағың алыс кетпеді,

Жүректе нағыз дерт пе еді?

Демеу-күш алғам өзіңнен,

Бойыма қуат оттегі...
Қуансам және қиналсам,

Өзің боп күнім күйде алшаң...

Сағынышы мен аңсауын,

Қайтейін таңдап сыйға алсам???
Аман сау жүрсең көктемін,

Жоламас жанға текке мұң.

Сезімнен салғам сәулетті,

Жырыммен кәусар сепкемін...
Жылдармен самғап барамын,

Уақыттың сыйын тағамын.

Жоғалтып мені іздесең,

Жыр дәптерлерімде боламын...

17.09.2012жыл.


Өткенің өрнек өрілген...
Сұлулық саған тоймадым,

Көңілге көрік қостым да.

Жақсыға құшақ жаймағым,

Адалмен әркез доспын да...
Ынтызар етті табиғат,

Көзді арбап, көркем тәнті етті,

Балауса кезім тани қап,

Сезімдерімен өртетті...
Баудағы бақыт өзге еді,

Балалық кезде ұяң ем.

Тәнімде елес кезеді,

Еске алар тәтті қиялмен.
Уақыт-ай, уақыт жылдармен,

Кезінде көрік күш берер,

Бәрін де ұрлап зулар ма ең?

Сағынып енді түске енер...
Жас күнде ойды салмақта,

Ешнәрсе жоқ қой тұрақты...

Жүрекке жақын сол бақта,

Тартылыс күш бар сияқты...

18.09.2012жыл.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет