Шымкент-2012жыл Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен



бет4/6
Дата17.06.2016
өлшемі391.5 Kb.
#142738
1   2   3   4   5   6
29.03.2012жыл.
Сені ойладым...

Сені ойладым, «Қиналып бір жүр ме?»- деп,

Елеңдедім, байыз таппай түрде ерек.

Түсіндірді сағыныштың самалы,

Аңсау, ару, түз бөлек.
Сені ойладым, селт етті де жүрегім,

Өзің жақтан табатындай бір емін.

Қиын сәтте бола алмадым қасыңда,

Сүйенішім тірегім.
Сені ойладым, тартылды да аңсарым,

Жанымды жеп қинағанмен қанша мың.

Көңілінде көктем-шуақ көптің де,

Іздейтіні баршаның.
Сені ойладым, кінәлі боп қалғандай,

Жылы сөзім жырмен тұр ғой жалғанбай.

Еркек пенде еркелігін тияды,

Өміріне дем бермесе ақ маңдай.
Сені ойладым, шабыт келіп аспаннан,

Ғашық жүрек жыры асып дастаннан.

Сырлы өмір сағыныш-бұлт әкеліп,

Мөп –мөлдір боп, сезім жаңбыр басталған.

02.04.2012жыл.
Өшіргіш.

Өшіргіш өшірем деп,

Мәңгілік есілем деп,

Жағымпазды кешірем деп,

Парақтарға тиісті,

Күштілермен сүйісті,

Қыстырғышпен қауышып,

Тескішпенен түйісті.
Бастығының қолында,

Ешкім тұрмас жолында,

Аямады оңы менен солын да.

Қанша парақ тесілді,

Сонша дарақ кесілді,

Ойламады ақырын,

Қызмет , бақты көшімді.
«Өшірем»-деп таусылып,

Кескіш деген жау сынып,

Тескіш жатыр жаншылып,

Бастық бәрін ысырып,

Дөкей оны ұшырып,

Бірін-бірі сатты да,

Абыройын түсіріп.

Тазалықта туралық,

Сыйластықта сыр алып,

Ынтымақта тұр анық!

«Өшірем»-деп өшкендер,

«Көшірем»-деп көшкендер,

Алла ғана айқындар,

Пенделік күй кешпеңдер!
Саз өмірің тілектен,

Жаз көңілің дір еткен,

Қонақ өмір бір өткен...

Тек жақсылық жасаумен,

Адамдық ат қашаумен,

Өрнектейік өмірді!

Тағдыр тұлпар асаумен...

04.04.2012жыл.

Жаңылтпаштар

Кәрі инелік биге еніп,

Дәулерден күйреліп,

Кішкентайдан түйреліп,

Әрең шықты сүйреліп.
Қара ит қабайын деп,

Тынымсыз маңайым деп,

Аузыңды жабайын деп,

Ұрсады ағайым көп,

Тоқтатар ағайын кеп.
Бақа бақылдады,

Тауық қақылдады,

Сауысқан сақылдады,

Сағат тақылдады,

Ұйықтамай үй күзеткен,

Ит қалғып, мақұлдады.
Нақыштауды қатырамыз,

Ойларға батырамыз!

Тек байқап түсінгенге,

Өрнекте жатыр аңыз!

05.04.2012жыл.___Табиғат-ару'>05.04.2012жыл.

Табиғат-ару

Ұнағаны бау болып жайқалғаның,

Жапырағы жанымның сыбдыр қақты.

Көгеріп көктемменен байқалғаның,

Бұлт келіп, сырлы сезім тұнжырапты.

Шықты да күн көңілім жарық шашқан,

Ағаштай сағыныш бүр тағыныппын.

Жетіппін көктеміме арымастан,

Жылылық жанға толып, сағыныппын.
Сұлусың, табиғаттай тартымдысың,

Елітер тұнық көлдей жанарың да.

Тылсымнан құйылғансың алтын мүсін,

Бұлақтай мөлдір, таза, ақ арың да.
Ақ қайың ару болып көрінесің,

Аңсаудың жүзіп келем айдынында.

Елжірей табиғатқа берілесің,

Ұмытылып барлық уайым, қайғы , мұң да.
Табиғат-ару мені шақырғаны,

Бар қуаныш бағымды ашып көктем.

Табиғат жасап шығар нар тұлғаны,

Өмірге құштар етіп, ғашық еткен.

05.04.2012жыл.

Сағыныш

Таң атқанда әлемге жайып құшақ,

Күн көрінген, үмітпен байыпты шақ.

Сәуледен сені сезіп, сағынғанмын,

Есі кеткен ескексіз қайыққа ұқсап.
Жапырақтай жаныңды шықтан сезіп,

Тапырақтай дауылды ұққам кезіп.

Сағынышың самалмен келіп жетті,

Санамды ойға орап, жүректі езіп.
Сағыныш дерт аңсаумен үндескені,

Бір беймәлім жан дүнием күй кешкені.

Тартылыстың тірегі-тартымдылық,

Елжіретер емінтіп күнде естегі.
Мен сені сағынғанмын ұлы ұғымда,

Бұлақтың кәусар-зәмзәм тұнығында.

Жаныңның жарқын жағын жақын еттім,

Көңілімді көктем етіп сынығында.
Сұлулық әрлендірсе ел келбетін,

Табиғат тарту етер мол шербетін.

Ынтымақ адамзатты біріктірсе,

Сағыныш ұстап тұрар жердің бетін!

06.04.2012жыл.

Бесік жыры

Әй-әй бөпем, әй бөпем,

Әппақ, сұлу, ай бөпем.

Көңіліме сән бөпем,

Өміріме мән бөпем.

Азамат болып өсерсің,

Бақытты күн кешерсің.

Елің үшін туылған,

Күн шуақты көсемсің.
Айдай әппақ аққуым,

Саялайтын бақ нуым.

Еркем деген тәтті ұғым,

Бал бақытым, шаттығым!
Үмітімді ақтаушым,

Өмірімді сақтаушым.

Қорған болар еліне,

Әділетті жақтаушым.
Сүп-сүйкімді қылықтым,

Тәй-тәй басып шынықтың.

Өзің барда бал бөпем,

Уайымымды ұмыттым...

09.04.2012жыл.
Адамдық атты сақтап қал!
Өтеді-ау пенде өмірден,

Ешнәрсені ұға алмай.

Өшіріп нұрды көңілден,

Өзін-өзі құр алдай.
Қонақ қой адам жалғанда,

Сенімде өсер шынардай.

Көпшілік әттең арманда,

Бастауы бақтың құралмай...
Жақсылық тұрар жаңарып,

Мойында ілер тұмардай.

Жаныңа керек жаңалық,

Сыйластық мәңгі сыңардай.
Иманың – мәңгі таза арың,

Ғұмырда зерттеп ұғардай.

Алладан бәрі ғажабың,

Адам бір тағдыр шығарма-ай...
Ананың сүтін ақтап қал!

Қасиетің қалсын сыналмай!

Адамдық атты сақтап қал!

Шыға алмас шыңда мұнардай!

10.04.2012жыл.
Қайратқа!

Кеудеңді көтер, жараспас жігіт жасыған,

Рухың биік, жан дүниең алтын асыл ән.

Ғибратты өлең, мағынасы терең жырыңды,

Оқуға тағы асығам.
Полаттай болғын мұқалмас темір шапса да,

Түсінбес жанға айтпаспын ақыл басқаға.

Өмірлік өрде өлеңді өрнек еткейсің,

Уайымды енді таста да.
Қырандық қалып жарасар жалын жігітке,

Арыстан айбар, шабыт шың белді бүгіп пе?

«Еліне қамқор, жеріне қорған болсын»-деп,

Халқың мың саған үмітте.
Шырайын кіргіз сілкініп дүлей шабыттың,

Жырымның бұлақ кәусарын арнап, ағылттым.

Еркіндік сүйер ерік пен жебеу жігерді,

Өзіңе ғана бағынтқын.
Өмірде асқақ, дарабоз, дархан, даналық!

Киелі өлең арналды саған ағалық!

Болашақ жарқын, күніміз қызық, жаңалық!

Өз жолың болсын өлеңде тұрар дара қып!

11.04.2012жыл.___Табиғатпен_табысу.'>11.04.2012жыл.

Табиғатпен табысу.

Қызықтым да, қия алмай қарап қалдым,

О сұлулық сәулесі жаратқанның.

Табиғатпен талықсып тербелдім де,

Тазалықпен қауышып қанаттандым.
Қалайша қия аламыз мына өмірді?

Адам да қартаймайтын гүл көңілді.

Жаныма жарық сыйла адаспастай,

Алыстат о жаратқан түнегіңді...
Сәбилік күйге еніп күнәдән пәк,

Адамзат имандылық сұраған шақ.

Адамдай көркем болып туылар ма?

Жамандықтан тым аулақ ұнаған бақ.
Ару ағаш топ болып біріккені,

Бір-біріне сая боп дүрліккені.

Мөлдірлік санасына сіңіпті де,

Пәктіктікпен сағынышын мың күткені...
Табиғатқа талпынып жалғанармыз,

Сұлулықты сүйсіне толғанармыз.

Қайта келмес қонақпыз, қонақ күткен,

Әттең бәрін тым кештеу ойланармыз.
Заманымен өзгерер жас талабы,

Қоғамымен үндесер қас қабағы.

Үйлесім үйретуші табиғаттан,

Заңдылық, бар жақсылық басталады...

11.04.2012жыл.
Ақындық жолы...

Тылсымнан түпкі өлеңмен өрнек құраған,

Ақынның жолы қиындық толы бұралаң.

Емініп елге, «Халқыма қорған болам»- деп,

Алладан демеу сұраған...
Өзегін жарып, өлеңмен өртке оранып,

Бәрінен безіп, толғантқан ойға тоналып.

Ақындық жолы абзалдық келер жарық жол,

Бас иетұғын бар алып...
Ертеңді баққан, ақылы елді ұйытқан,

Алып та шығар кемеңгер ойлы тұйықтан.

Батырдың жолы қайтпайтын қайсар қырандай,

Кетсе де басы иықтан...
Өлеңнің өзі сүйектен өтер жебедей,

Ақынның сөзі иманды теңіз телегей.

Ерлікке бастап, елдікке бағыт көрсетер,

Мұз жарған алып кемедей...
Ақынның сөзі көсемнің өзін құраған,

Көрегендікпен ертеңді барлап мұрадан.

Өмірді сүйіп, бәріне күйіп жүрекпен,

Бал, уын бірге сұраған...

12.04.2012жыл.____Сағыныш_сездім_бағымнан...'>12.04.2012жыл.


Сағыныш сездім бағымнан...
Бұрымың қайда қыз құрбым?

Тұнығын ойдың жыр еттім.

Сырымын өткен ізгі үннің,

Шырынын қозғар бір екпін.
Жастық шақ әуен салғаны,

Мастық тап өрен ол жақтан.

Сағыныш екен қалғаны,

Өткен күн аңсау, ардақты ән.
Көктеммен көктеп көгеріп,

Бүршікпен гүл боп атқамыз.

Таусылмас сырда және еріп,

Шаршамас едік бақта біз.
Жап-жарық айда даланы,

Кездік те күле шаршамай.

Жаулап та алған сананы,

Тұра алмас жүрек аңсамай.
Жапырақ жүрек дір еткен,

Ағаштар ашып құшағын.

Ойыммен күнде бір өткен,

Сол жаққа қарай ұшамын...
Ертеңге үміт жағылған,

Бүгінгі күнім мақсатты.

Сағыныш сездім бағымнан,

Өткен күндерді аңсатты...

12.04.2012жыл.
Жас маман шықты ортаға...
Армысыз қауым көпшілік!

Өнерді сүйдім ес біліп.

Жарысқа шықтым ортаңа,

Сайыс дүбірі естіліп.
Аяулы орта мектебім,

Біліммен өсіп көктедім.

Шығармашыл ұстазбын,

Биіктерге жеткенім.
Мұғаліммін өнерлі,

Таңқалтқан небір шеберді.

Біліміме сенемін,

Түбінде шындық жеңер-ді.
Мектебім алдан көрінсін!

Өнермен өрде өрілсін!

Биікке бастар біздерміз!

Жастарға көңіл бөлінсін! 20.04.2012жыл.
Өзіңмен өзің қалғанда

Анадай бар ма бақытты?

Перзенттей бар ма жаһұтты.

Беймаза бей-жай күй кештім,

Өткізіп алтын уақытты...
Аңсадым ата-анамды,

Сағыныш орап санамды.

Өткенге өрнек өрілді,

Жаза алмай жанда жарамды.
Өзіммен өзім тілдестім,

Сақталған жаным гүл кескін.

Сезілер сырттан кемшілік,

Бойымда болса білмеспін.
Сырымды ұққан ойым бар,

Қанағат келсе тойым бар.

Әрбір жан ары алдында,

Кемшілігін жеке мойындар.

Сағым боп жастық күш ағын,

Сағынышыммен құшамын.

Қиялым қанат бітірді,

Беймәлім жаққа ұшамын.
Пенденің бітпес арманы,

Көңілдей мініп жорғаны.

Адамдық атты қалауың,

Танып білуден Алланы!!!

16.04-22.04.2012жыл.


Домбырашы, күйші-сазгер Әлімбек Қонысбекұлының әкесіне арнаған «Өттің дәурен» атты керемет күйін өз орындауында тыңдай отырып туылған толғаныс.

Шетелдегі қарияның зары...

Ей, өмір, не айтамын өткеніме?

Налыдым өкінішпен кеткеніме.

Жастық шақ өтті, кетті жалынымен,

Тарихтың үңілемін беттеріне.
Құрбаны болған жұртпыз саясаттың,

Еске алсам ол бір кезең ала шапқын.

Бір түнде тас түйініп, бесігімде,

Түсінбей шекара асып бара жаттым.
Келгенде қызыл қырғын ашаршылық,

Төнгенде «Халық жауы» қасапшылық.

Көшпеске болмады ғой халайықтың,

Шетелге өз табытын жасап шығып.
Күн өтті өзге жерде жаншылғандай,

Қанаған қабырғамыз аршылғандай.

Бір уыс топырағың бұйырмай ма?

Туған жер бар ғұмырым таусылғанда-ай...
Жаратқан жалбарындым, жылап тұрып,

Сұм тағдыр пенде еттің лақтырып.

Тілерім ұрпағымды елге оралт!

Кең төсін туған жердің тұрақ қылып...
Біз көрген қиындықты көрмесін тек,

Ол зұлмат заман қайта келмесін тек.

Арманым ұрпағыммен елге оралу,

Тілерім өз ауылымда жерлесін-деп.
Тал бесік тамған жері кіндік қаным,

Жете алмай сағынышта булыққаным.

Төбемнен шетте алтын құйылса да,

Жаныма сая таппай құлдықтамын...
Алыста ұлы дала от бейне екен,

Есіңнен салт дәстүрің кетпейді екен.

Аңсатқан атамекен, туған жерге,

Әлемде ешнәрсе де жетпейді екен...

22.04.2012жыл.

Сұлу саябақ...

Сезіммен семсер сермедім,

Қиянатқа әркез жаным қас.

Өнермен өсіп өнбегің,

Адамдық арың арымас.
Жаныма жарық жандар бар,

Көңілдің күйін келтірер.

Жүрегім тілеп алаңдар,

Шабытпен тулап жөңкілер.
Жапырақ жүрек жас талдай,

Көктемгі керім келбетің.

Ойлаудан күнім бос қалмай,

Сағындым алыс жерде тым.
Күн болдың тарап сәулемен,

Сезіндім сені дарақтан.

Аңсадым тағы дембе-дем,

Не деген сұлу жаратқан.
Әдемі болып бәрі де,

Табиғат жанды жандырды.

Көркейіп көңіл төрі де,

Мәңгілік жас боп қалдырды.
Саябақ үміт үзбе сен,

Еркіндік сенде жарасым.

Шарқ ұрып мені іздесең,

Табиғаттан ғана табасың...

24.04.2012жыл.

Ғажап өмір...

Қандай жақсы түсініскен,

Ұғынысқан, жарасқан.

Сағынышта дүрсіл іштен,

Жақсылық іс жанасқан.
Жақсылығың жарасады,

Адамдықты айқындар.

Жақсы адамға таласады,

Сатқындықта салқын бар...
Мінезіңмен көркейесің,

Жылы сөзің жағымды.

Еңбегіңмен ерте енесің,

Ажарлы етіп бағыңды.
Абыройың адам атпен,

Ең қастерлі ар намыс.

Жақсылығың жамағатпен,

Ардақталар, ол да күш!
Қасиетте дана оймен,

Ынтымақта мол ырыс!

Өмір берсін абыроймен,

Өкінбеген сол дұрыс!!!

25.04.2012жыл.

Гүл-ұшқын...

Сөз сұңқарын ұшырам деп тырыстым,

Маза бермес сезім атты бір ұшқын.

Көктем келіп көркем етті жанымды,

Жырларыммен бірге үндес тыныспын.
Сұлулықты сезіп таза әлемнен,

Ақ жанымды жауын етіп келем мен.

Әдемілік әрлендірсе әлемді,

Сезетін де, сезбейтін бар дегенмен.
Сыйластықта сағыныш бар тартылар,

Ертеңіңе барлық үміт артылар.

Мәңгілікке тұратұғын дәурен жоқ,

Бала білмес, жастар жалын, қарт ұғар.
Күйкі тірлік, көңіл биік, күндейміз,

Күнді көріп сыры ашылмас түндейміз.

Бәрі уақытша, мәңгіліктің қадірін,

Сондықтан да білмейміз.
Адамдықтан асқан сірә ат бар ма?!

Абыроймен асқар таудай сақтал да.

Қалдыратын қасиетіңдей бақ бар ма?!

Есте қалғын жүректерде жаттал да!!!

27.04.2012жыл.

Өзге үшін...

Өзге үшін туылып,

Жақсылықтарынан суынып,

Ортасынан қуылып,

Өз бақытын ойламас,

Тағдырдың тылсым сырын ұқ...
Өз арманын құрбан қып,

Өзгені сыйлар тұлғаңды ұқ!

Жалғанда жылпос жылдамдық.

Арманың қалса аңырап,

Не үшін сонда тырбандық?
Үмітті үзбей күйікте,

Өзгені санап биікке,

Әз басын тағы иіп те,

«Арманына жетсін»-деп,

Өмірін арнар сүйіп те!
Ар менен намыс бірігіп,

Өмірге балдай құнығып,

Пенде жоқ кеткен шын ұғып.

Адамдық арал тым жұмбақ,

Ашылмай кеткен құрылық...
Арманмен өзге самғаумен,

Өз-өзін тынбай алдаумен,

Ғаламға ғашық қанбаумен,

Тіршілік тәтті тынымсыз,

Өмірді шексіз жалғаумен...

28.04.2012жыл.___Қазақ_қызы...'>28.04.2012жыл.

Қазақ қызы...

Қазақ қызы дидарыңа тартылдым,

Жібек шашың толқын болып тербейді.

Жанарыңда жан жібітер жарқыл мың,

Қиылған қас аққу қанат сермейді.
Жазық маңдай кең даланың төсіндей,

Кірпіктерің көтерілсе көл көрем.

Пәк шырайың жұмбақ болып шешілмей,

Бір көрмесем шөлдер ем...
Жаның шуақ табиғатпен үндескен,

Жырлап өтем шабытымда тыным жоқ.

Сезім лаулап әсемдікті білмес пе ем,

Соншалықты туылмасаң сұлу боп?!
Қазақ қызы нәзік тұлға, нардайсың,

Қасиетті қорғап мәңгі келесің.

Тектілікті ұрпақтарға жалғайсың,

Сақталады сендей әулие, өр есім!
Сен мәңгілік аққу болып қалықта,

Сұлулықтың балғын сыры, пірі боп!

Тектілікті бар әлемге таныт та,

Ер сүйетін қалғын жүрек гүлі боп!!!

28.04.2012жыл.

Адамдық атты айқында!

Көңіліңді көтер, шуағын шашсын гүл-өмір,

Өмірің өтер, шын арың сақшың, біле біл!

Жақсылық жайнар, тілегің қайнар, нұр ортаң,

Адам боп келдің, адамша өмір сүре біл!
Ғажайып өмір, еңбекпен одан нәр алғын,

Кеңпейіл болғын, маңынан жүрме сараңның.

Жақсылық жасау-адамдық бейнең, парызың,

Жауқазын жансың жауһарыменен жаралғын!
Адаммен өмір, бәріне болғын тілекші,

Сауапты ісің жайнатар сені, үдетші.

Имандылығың мен ибалығың қорғар мәңгілік!

Жаныңа қорған күзетші...
Көрінер пенде жақсылық қана іспенен,

Жасайды тағы ынтымақ, бірлік күшпенен.

Қайратын таныр қайырымдылығымен өлшенген,

Жалғанды бейне жұмылса жанар түс дер ем...
Мәңгілік қалар жазылған хатың, ізгі атың,

Әлем де жақұт,танытар мақсат мұратын.

Адам боп келсең адамдық атты айқында,

Барлық жан іздеп тұратын!!!

02.05.2012жыл.
Іздедім...

Не болды маған?, алаңдап іздей беремін,

Сағынышымның жыр гүлін үзбей теремін.

Жастық шағымның бағына тағы үңілдім,

Табардай жаным керегін.
Сұлуды сездім, таң болып бейне атқандай,

Ақ қайың мені ару боп күтер ақ маңдай.

Арудың әппақ жанарын танып, көл көрдім,

Бал кәусар дәмін татқандай.
Жап-жасыл шырша бейнебір ару көркімен,

Мөлдірей қалып лауладым сезім өртімен.

Адам боп ағаш, жапырақ жүрек түсінді,

Түбінде сырды шертіп ем.
Аунағым келді армансыз мамық майсада,

Келбетін ашар көктемгі көркем сай сала.

Көңілім күн боп, алаңдап сені іздедім,

Табиғат құшақ жайса да.

Іздедім сені, өткен күн өрнек өткел-ді,

Жанымды жуып, ақ жауын құйып өпкен-ді.

Сұлулығыңды таптым да саябағымнан,

Елеспен жүрек шектелді...

03.05.2012жыл.

Ән: Көк бөрі

Әні мен сөзін жазған Бертай Төкеев

Намыста өрлер дүлей сын,

Жігермен қашар үрей шын.

Тақымда тұрар тағдырың,

Тәңірден тілеу тілейсің.

Жарысып желмен шаттана,

Шабытпен шалқып үдейсің

Қайырмасы:

Көкпардың шыны Көк бөрі,

Жігіттің сыны, тек-кені.

Қажымас қайсар қырандар, 2-рет

Елімнің бекзат, бектері.
Тұлпарлар жалын тосқандай,

Даланың көркін ашқандай.

Тақымды жігіт топ жарып,

Абыройы биік аспандай.

Ержүрек жігіт ел қорғар

Абыройы биік асқардай.
Бірліктің қамы өтелген!

Жанымен жалын от өрген.

Ажалға қарсы шабатын,

Көкбөрілерге жетер ме ең?

Білекті қайтпас жігіттер,

Ерліктің туын көтерген!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет