Шымкент-2012жыл Өмір қызық өзіңді тануменен, Кемшілікті жоюмен, жануменен



бет2/6
Дата17.06.2016
өлшемі391.5 Kb.
#142738
1   2   3   4   5   6
30.11-02.12.2011жыл.


Мәңгілік сезім

Аяулы қыз арман болып қалдың сен,

Сені ойладым қыс, көктеммен, жаз, күзбен.

Өмір өтер сағынышпен, аңсаумен,

Ешқашанда үмітімді бір үзбен.
Жылдар өтті, табиғаттай түрлендік,

Уайым менен қуанышқа бірге ендік.

Тым алыстан сезініппіз жақындық,

Аялаумен пәк сезімді гүлдендік.
Жылдар мені өзің бар деп жуатты,

Айлар мені сені іздетіп, сұратты.

Күндер мені сағынышқа орады,

Әрбір сәтім сені ойлатты тұрақты.
Сен барсың деп күш қуатым артады,

Аңсау бәлкім көктен түсті қар тағы.

Әппақ сезім басты тағы әлемді,

Сағыныш күй тартады...
Өмір өтті тілегімді ұшырып,

Биік қойдым, алмағанмын түсіріп.

Мен мәңгілік сезімімді арнасам,

Сені жақсы көргендігім үшін ұқ!

05.12.2011жыл.

Сезім құдіреті

Сен кімсің?

Мені тым елжіреткен,

Өзін тек жыр-сыр еткен?

Жанымды күркіреткен,

Ойлаумен мың күн өткен.

Жүрегім дір-дір еткен,

Көңілге үн гүл еккен,

Келемін бір тілекпен,

Соншалық үлдірек пе ем?

Гүлсезім құдіреттен!
Сен кімсің?

Жаныма жақын болған,

Санама ақыл болған.

Нәзік қыз жырлауменен,

Бұл күнде ақын болғам!

Адамға ақыл қорған!

Нәр алып нақылдардан.

Ойларға орандырып,

Алысқа батырды арман,

Бейне гүл бүрін жарған!
Сен кімсің?

Жанымды арайлатқан,

Артыма қарайлатқан.

Көңілімнің көркем күйі,

Келеді қалай бақтан?

Жолымды тарамдатқан,

Амалсыз алаңдатқан,

Қазақ қыз құпиясың,

Еріксіз қалам тартқам,

Сағыныш далам жақтан.
Сен кімсің?

Зияның тимегенмен,

Ерекше күйге енем мен!

Өмірде не ұтамыз,

Бір-бірін түйрегеннен?

Адамдық қалыптасқан,

Бір-бірін сүйрегеннен!

Өмір-гүл, жалын, дастан!

Сезім күш билегеннен!

Адамдық асқақ тұрар,

Пенделік күйбелеңнен...

Сен кімсің?

Жанымды сағындырар,

Сезімге табындырар.

Әппақ қар, ақ жанымды,

Езілтіп, жауын қылар.

Сабырлы төзімді етіп,

Тағдырға бағындырар.

Елесің кезіп жетіп,

Бақытты шағым тұрар.

Мәңгілік сезім құрар!
Сен кімсің???

12.12.2011жыл.

Өмір сүргім келгені...

Өмірге ғашық едім,

Асық едім бәріне.

Қонып көңіл төріне,

Жалын едім жандырған,

Сымбатты едің талдырған,

Қалай ғана сол әлемді,

Қиып кетіп қалдырғам?
Жақсылыққа асық едім,

Сезім лаулап өртеді,

Кешегі күн ертегі.

Жаралғандай таң нұрдан,

Табиғатпен жаңғырғам.

Достық туын желбіретіп,

Адамдықтан мән құрғам.
Адамзатқа ашық едім,

Сағыныштан өрілдім.

Тектіліктен терілдім!

«Жан жылуын берем» - деп,

«Өмірімді өнеріммен өрем» - деп,

Қасиетті қалдыра алсам,

Көңілім нұрға бөленбек!

Өмір – парақ, ашып едім,

Тағдыр – қалам жеңгені.

Жалған екен көнгені,

Сыйластықта байыптылық,

Гүл жастыққа жайыпты үміт.

Соншалықты құштар болып,

Өмір сүргім келгені...

Бал бақытты тосып едім,

Бар жақсылық жасаумен.

Адамдық ат қашаумен.

Еңбегіммен елендім де,

Нұр шаттыққа бөлендім де.

Үміт арттым келер күнге!

Тағдыр тұлпар асаумен.
Ар намысты қосып едім,

Өмірдегі бәйгеме.

Бәрі Алладан, жәй деме.

Елің үшін жанталасың,

«Жер»-деп бір күн жай табасың.

Өзін тану бұйырмаған,

Әлем таныр пендеге...
Елімменен тасып едім,

Бірлік деген арнада,

Ынтымақ нұр жанға да.

Қасиетте бағалы,

Жақсылық қой табары.

Әлем сүйер адамзаттан,

Сыйластық қой қалары...

Жақсы аты ғой қалары...

14.12-15.12.2011жыл.

Інім Сұлтанға!

Інімсің Сұлтан, үмітін жалғар ағаның,

Естілер жылы сыйластық деген жоғары үн.

Ініге ізет жасадым арнап өлеңді,

Бағымдай көріп бағалаушы едім бағалым.
Ретсіз сөзге, артықтау іске ермедім,

Қасиеттілікте қайсарлығыңмен жеңбегің.

Серілік құрдым сұңқардан серік ерттім де,

Қыран боп өтем, семсерін сөздің сермедім.
Бір сөзді болу жарасар нағыз жігітке,

Бос сөзге ерме, жаныңды жайсаң үгітпе.

Бүкіл әлемді жаныма бауыр, дос еткем,

Тіршілік сыры сенімде,сезім, үмітте.
Ешкімге тағы зияным босқа тимеген,

Адамдық қымбат, сыйластық нұрлы күйге ерем.

Тектілік атты тел өскен елден едік біз.

Төбеңді көрсем қуанып бейне сый көрем!
Қыран боп әркез самғай бер асқақ тілегім!

Бақыттан болсын өмірің жайнар гүл-егін!

Ақылды жан да ақылмен озар арғымақ,

Елінен табар мың емін....

22.12.2011жыл.__Желтоқсан_жаңғырығы'>22.12.2011жыл.
Желтоқсан жаңғырығы

Желтоқсанның үні жеткен жаңғырған,

Жастар еді жаралғандай таң нұрдан.

Намыс өртеп, ұраны еді олардың:

«Басқармасын қазақ елін қаңғырған»


Мөлдіреген жанарларда сыр тұнып,

Ұлт намысы шыққан сонда бұлқынып.

Қанша тағдыр ойрандалды отбасы,

Тамырымен шабылды да гүл қылық.
Тәуелсіздік елім үшін асқан бақ,

Қаншама жан қалды аңырап, жас қармап.

Елдік деген ел сыйлаудан басталмақ!

Егемендік жастар салған баспалдақ!
Әр кезеңде жастар қозғау заманға,

Жас түлекке сенім артар қоғам да.

«Ақыл жастан» деген асыл қазақтың,

Ар намысы тапталмаған табанға!

Тәуелсіздік мерекесі жыр қандай,

Жақсы тілек жақсылыққа бұрғандай.

Өткен күннің өкініші өртейді,

Елес болып көз жас тамып тұрғандай...
Уақыт өзі батырларын таңдапты,

Алға бастап Ләззат пенен Қайратты.

Жастарымен елім әркез жалынды!

Жастарымен елдің бағы жанбақ-ты!

22.12.2011жыл.

Таңғы ой
Тағы таң атты бейнебір сенің жүзіңдей,

Өткен күндер-ай, ұмытылмас мәңгі тізімдей.

Адамдық өмір кірпікте тамшы секілді,

Мөлтілдеп тұрған үзілмей...
Мәңгілік өмір қай жақта, жаным жай табар?

Серігін іздер, дауылмен кезіп, байқалар.

Жырларымменен найзағай көкте от сермеп,

Сезімімменен тауларым көлмен шайқалар.
Мәңгілік сезім әлемді ұстап тұрғаны,

Жақсылықпенен жасайтын жаңа тұлғаны.

Сезімсіз өмір сенімсіз көңіл тудырар,

Тағдырдың болып құрбаны.
Сезіммен бәрі тіршілік, тірлік, бекем ой,

Денсаулықпенен өмірің қызық шекер той.

Абырой берсін, сақталса қадір қасиет,

Адамдық атың мәңгілік бақыт екен ғой.
Әр адам бөлек, өзінше тұлға, дара аңыз,

Шықтыңыз шыңға қайырылып артқа қараңыз.

Алудай алдық өмірден түрлі еншіні,

Өнеге болар қалдырып нені барамыз?

23.12.2011жыл


Қызғалтақ

Қызғалтақ неткен сүйкімді ең,

Тартасың тылсым иісіңмен.

Сымбатты қызсың күлкіңмен,

Сағыныш дала күй сіңген.
Сұлусың неткен дарасың,

Еріттің жанды көктемде.

Аңсатып тағы барасың,

Сезімнің күйін шерткенде.
Әсемдік сенде мөлдіреп,

Нәзіксің алып тас жарған.

Қия алмай тұрдым елжіреп,

Жүректе ішкі жас тамған.
Өмірдің қымбат екенін,

Ұғынтып жанға тұрсың ба?

Бұл жалған жылдам өтерін,

Дәлелдер сұлу жырсың ба?
Дауылға соққан сынбадың,

Жауынға тұрсың жығылмай.

Табиғат заңын тыңдадың,

Сөгілмей сынға сығылмай.
Аз ғана мына жалғанда,

Саз ғана өмір сүресің.

Биіктік ұлы талғамда,

Тоқтамас күн-түн күресің.
Сұлулықпенен сомдалып,

Ұлылықтардан із қармап.

Мөлдіреп тұрған таңда анық,

Адамзат бейне қызғалтақ.

26.12.2012жыл.

Ана – жүрек...

Жүректің дүрсіл қаққаны,

Үміттің атып ақ таңы.

Әрине бақыт, қуаныш,

Сыңарын қызым тапқаны.
Өмірдің бұл да шарт, заңы,

Көңілдің жырға артпағы.

Елжірер жаным жүрегім,

Тектілік жолы салттағы.
«Күнім» - деп көкке көтердім,

«Айым» - деп аңсап өтермін.

Тәрбие бердім текті етіп,

Бағы бол жаным екі елдің!
Иманды таза жолдасың,

Бақ қонып, Қыдыр қолдасын!

Ұрпағың көп боп, өсе бер!

Мәңгілік бақыт орнасын!

29.12.2011жыл.


Сұлуға
Құлпырып өткен қыз күнің,

Аяулы баурар ізгі үнің.

Сыйластық атты мекеннен,

Бақытты таптық біз бүгін.
Ұлымыз көлдің құрағы,

Келінім аққу сыңары.

Сағынып жетер үйіміз,

Мәңгілік бақтың тұрағы.
Жақын тұр елу еңселі,

Осы ма байлық өлшемі?!

Аллаға тоба етемін,

Мақтаса алтын ел сені.
Еңбекпен жеттің құрметке,

Бағынып парыз міндетке.

Бойыңды таза ұстадың,

Ұрынбай жайсыз індетке.
Адамдық биік шығар шың,

Ынтымақ байлық құрарсың.

Бақыттың мәні сыйластық,

Сыйлы боп әркез ұғарсың.

18.01.2012жыл.
Барлығы себеп салдардан
Барлығы себеп салдардан,

Туылар содан таңғы арман.

Алланың ісі оңғарған,

Түсінер бәрін аңғарған.
Жаңалық туса кенеттен,

Мақсаты ерді өр еткен.

Әлемді дарқан, кең еткен,

Барлығы салдар себептен.
Бақытқа жетіп кенелдік,

Уақытпен зырлап жөнелдік.

Қиналсақ себеп болды ғой,

Сабырмен жетіп теңелдік.
Бұл жалған кімді елепті?

Адамды сана бөгепті.

Жақсылық мәңгі жеңеді,

Сезіммен сүю себепті.
Барлығы өтер електен,

Жақсы іс қалар, бәрі өткен.

Жақсыны айтар мәңгілік,

Жүректе қалу себептен!

20.01.2012жыл.

Шабыт

Тылсымға бастар дүлей күш,

Шабытқа салсаң үдей түс!

Қияннан келер құлшыныс,

Мақсатын көздер ілер құс.
Болмысты қозғар тербетіп,

Іште мың ызғар, өң кетіп.

Шығармашылыққа бастайсың,

Жаныңды жайсаң шерлі етіп.
Жүрегің сезер дауылды,

Жуылар жаның жауынды.

Туылар сонда шығарма,

Қуантып қимас қауымды.
Тербейді тауды қозғардай,

Түресің құлақ сөз бардай.

Шабыттың сұлу киесі,

Арғымақ болып озғандай.
Бейнебір алтын тапқандай,

Жер бетін шабыт жапқандай.

Сезбессің бақыт күй кешіп,

Бейшара күйін атқармай.

23.01.2012жыл.
Қазақ қызы
Қара шашың толқындарын тербейді,

Қара көзің нұрыменен емдейді.

Пейіштегі періште ме ең ару қыз?

Жан сезімім сөнбейді.
Сұлу бейнең, шуақ шашқан шұғылаң,

Қазақ қызы қасиетті құбылам.

Тектіліктің бар болмысын сақтаған,

Өзіңсің деп ұғынам.
Дара едің, даралықтан ұтқансың?

Сара едің, мөлдір көзде шықтансың.

Тұмар едің ерліктерге бастаған,

Айбаттысың, неткен жүрек жұтқансың.
Нәзік едің гүлдей көркем жаралған,

Бұрымды едің тағдырыңдай таралған.

Жанарыңа жас толғанмен алдасың,

Дарағыңда өсіп өнер сан арман.
Қылықтысың тектілікті ту еткен,

Сүйіктісің шөл даланы ну еткен.

Сен мәңгілік сұлу болып қаласың,

Сан жаңғырып, жанданатын нұр көктем!

25.01.2012жыл.

Ата қыран өсиеті (Поэма)
Қыран бүркіт қар жамылып қабағы ,

Саңқылдайтын қырылдайды тамағы.

Кәріліктің кездігіне кезігіп,

Қиылардай қасиеттің дарағы.
Шыңнан аңсап көз тоймайтын даланы,

Қарулы еді іле кетер дараны.

Қайран жастық қыр астында қалғандай,

Дауыл соғып дірілдейді балағы.

Жалт қарайды,бойын тіктеп,от жанар,

Аш болса да өзін паң қып тоқ санар.

Қартаюды айып көріп қарт қыран,

Қайран намыс жүрегіне шоқ салар.
Ата қыран туыстарын жинады ,

Жартас шыңға жақындары сыймады.

Жасаурайды жанарларда жылы жас,

Қимастық-ай қиындатты,қинады.
Біреуінде: «Биіктеткен белес бар»,

Екіншіде: «Еркін еткен елес бар».

Арттағылар : «Ардақ тұтқан аялап»,

Кішілерде: «Кішіпейіл кеңес бар».
Қия шолып,қосылып тұр қастары,

Алқа жиын Алатаудың асқары .

Көз тігеді қалт жібермей қырандар,

Беймәлімдеу кездесудің астары.
Бақыт көріп бұл кейіпті бастағы,

Көсем-қыран жайлы отыр,тас-тағы.

Ажал алды ажарланған, айбарлы,

Қанат қомдап,қайсар сөзін бастады:
-Мен қыранмын, қаным таза тектімін,

Дұшпанымнан қайтардым да кекті мың.

Биіктікті бағаладым биік боп,

Бар әлемге жетті үнім.
Мен бүркітпін,жалын-жүрек ,жаны әділ,

Кеудесі-күй,көкірегі жаңа гүл.

Күн нұрынан жаралғансың ұрпағым,

Ұлылықты сақтап мәңгі қала біл.
Суық сында,биік шыңда шыңдалдым,

Сұлулыққа заңғар таудан шын қандым.

Сері көңіл,сараланған семсермін,

Бірі емеспін мыңдардың.

Ірі болдым, майдаларға жаным қас,

Жоламадым сасықтарға тәні лас.

Топқа қоссаң тышқан інге қашады,

Дарындылық дарымас.

Ескертемін,майдаланып барасың ,

Қорқақтанып ,қобалжиды қарасың.

Жағымпаздық түптеріңе жетеді,

Біреу келсе естеріңнен танасың.
Жараладың, жақыныңды жат қылдың,

Тұлпар атап, есегіңді ат қылдың.

Кім бай болса, жетегінде кетесің,

Құлы болар күнің туды тақ, пұлдың.
Ей, адамзат, естисің бе, қыранмын,

Биік болып жүруіңді сұрандым.

Көк бөрінің ұлуынан ояншы,

Тектілігін тұмар етші Тұранның
Болашақты болжап сірә, ұғар кім?

Полат едім майыспайтын, сынармын.

Жер- байлығың сатылуға аз-ақ тұр,

Мұны көріп қалай ғана шыдармын.
Кеңпейілсің, шекаралар ашылды,

Пайдалысы, зияндысы тасылды.

Ақкөңілмен апатты аймақ атансаң,

Тек өкінбе құрғата алмай жасыңды .
Бұлттардың арасында самғадым,

Бақыт жолға жасалынды бар қадым.

Қайраттандым, қатты болдым,қайтпадым,

Өмірімді өз еліме арнадым.
Жекпе-жекте ылғи мерей үстем боп,

Батырлықта биіктерден түскем жоқ.

Көк бөрінің көрінбейді тұқымы,

Күйдіреді-ай іштегі от.
Үмітімнің сөнгендей ме алауы ?

Көсем едім ,қайда көңіл қалауы?

Ағалардан іні бұрын сөйледі,

Желбірей ме жалмауыздың жалауы?

Қарауылға алып тұрмын қартыңды,

Өсиет жоқ ,өнеге жоқ тартымды.

Туралық жоқ,тұлпарлардың тұяғы,

Жүйрік деген желмей жатып алқынды.
Ұмытпағын, жүректе ұста антыңды,

Бауыр неге бір-біріне салқын-ды.

Қолда барда қадіріне жеткейсің,

Алалама алтынды.
Өмір жалған, бәрі өтпелі, дегенмен,

Тұнжырама түбін ойла тереңнен.

Ажал айқын,ар намысты ойлаған,

Тәңірімнің шуағына бөленген.
Өкінбей жүр өмірде бол өлермен,

Таңбалы тас не айтады көнерген.

Имандылық туың болсын желбірер,

Өрге өрлегін өнермен.
Бірлік болсын барлық істің бастауы,

Күндеу, талас-тіршіліктің қас жауы.

Өмір сүру,шіркін,қандай ғанибет,

Сыйласатын халқы- қамал, дос-тауы.
Өмір сүрдім,өкінбеймін, өлем мен,

Өсиетімді орындарсың сенем мен.

Естімесең «Көк бөрінің»ұлуын,

Түстеріңе әруақ болып енем мен.
Саңқ етті де, қыран бірден нықталды,

Жан күйзелген, жанарларда шық қалды.

Ең соңғы рет қадап көзін қиянға,

Таңғажайып табиғатқа сұқтанды.
Қайта келмес бұл мезетті ұққан-ды,

Серт семсерін санасына сұққан-ды.

Жалғандықтың жамай алмай жамауын,

Жан дүниесі жарылуға шыққан-ды.
Қырандардың құпиясы құлыпта,

Оларға жат салғырт,сылтау,сынық та.

Көсемдігін көрсетуге көзбенен,

Ата қыран ұшып шықты бұлтқа.

Бұл ерліктің беймәлімдеу астары,

Бәлкім осы –ар,намыстың асқары.

Күйініштен күйіп кетіп,күйзеліп,

Мүмкін қыран өзін-өзі тастады.
Қырандарға тән ғой қызуқандылық,

Тек соларда еркіндік те, сан ғұрып.

Ата қыран өсиеті жаңғырып,

Жүректерде сақталады мәңгілік :
-Мен қыранмын, қаным таза тектімін,

Дұшпанымнан қайтардым да кекті мың.

Биіктікті бағаладым биік боп,

Бар әлемге жетті үнім.
Мен бүркітпін, жалын-жүрек, жаны әділ,

Кеудесі-күй,көкірегі жаңа гүл.

Күн нұрынан жаралғансың ұрпағым,

Ұлылықты сақтап мәңгі қала біл.
Ей, адамзат, естисің бе, қыранмын,

Биік болып жүруіңді сұрандым.

Көк бөрінің ұлуынан ояншы,

Тектілігін тұмар етші Тұранның
Ей, адамзат, естисің бе? Қыранмын...

2004жыл

Таң келеді...
Таң келеді нұрланып, таң келеді,

Жан келеді жырланып, әнге енеді.

Сұлулыққа өмірім жайнай берер,

Жылылыққа көңілім мән береді.
Таң келеді, шуағын шашып арай,

Сәулесі қуанышын жасыра алмай.

Таза ауа әппақ қармен үндесіп тұр,

Арудың абыройын асырардай.
Кеудемде бір ғанибет шаттық орнап,

Табиғат уайымымның бәрін жалмап.

Тазалық сәбилікке әкелді де,

Әлемге ғашық етті өмір арнап.
Мән берсем күрес екен бәрі дағы,

Өмір де аңсауымен ағылады.

Шілденің аязында шырша ойланып,

Көктемін көрем деумен сағынады.
Таң келеді сәулемен сыйы еніп,

Көркейтті көңіл нұры жиіленіп.

Тіршілікке тәубе еттім, үміт артып,

Барша әлем оян, бірге сүйінелік!!!

27.01.2012жыл.
Болашаққа арнау

Сөйле қалқам, менен не сұрарың бар?

Менің де бұл өмірден ұнарым бар.

Өмірге келген күннен ғашық болдым,

Сол сезім күннен күнге тым арындар.
Күнә көп пенделікте сезбегенсің,

Сен мені танымассың өзге дерсің.

Сәуледей сәби сынды сұлуланып,

Жалғанмен жалмауыз боп өзгерерсің.
Өмірдің салиқалық сыры басым,

Шындыққа жетпей месел құрымасын.

Әділет іздеп жүрген адалдықтан,

Құрсаулы қиындыққа ұрынасың.

Сен бірақ қапа болма жалғандыққа,

Бұл күнде бар нәрсеге таңқалдық па?

Кешегі қазақилық қап барады,

Туралық тақымдалды, тарландық та.
Ертеңге жоғалтпағын сеніміңді,

Өмірде терең ойлы тегі мұңды.

Болашақ базарлысың бақытыңмен,

Келешек түсіне біл тек сынымды.

Келешек дұрыс түсін бек шынымды.

03.02.2012жыл.

Өмірім менің...

Жылылық толды жүрекке,

Өзіңмен сыйлы тілекте.

Өмірді нұрлант гүл ек те.

Қуанып кетем үніңнен,

Жақындық сыры білінген.

Жаныма өзің тірек те!

Көңілім ашық бәріне,

Өмірге ғашық әлі де.

Сезімсіз дүние сәні не?

Бағалап сенің бағыңды,

Атырдым бірге таңымды,

Көтеріп күнмен сені де.
Өмірді сүрем құштар боп,

Жылылық таныр нұсқам көп.

Кей жанда налыр тұстар көп.

Не жетсін өмір сүргенге?!

Бір-бірін сыйлай білгенге.

Онсыз да қысым, ызғар көп.
Өмір-ай тәтті, бал шырын,

Қасиетті жанда қанша ұғым.

Ұға аламыз ба жан сырын?

Шөліркеп ерін кепкенде,

Сағынып, аңсау жеткенде,

Сабындай өмір қамшының.
Қуандым көзді ашқаннан,

Жыр маржан келген аспаннан.

Жаралған жансың дастаннан!

Бір ғана өмір берілген,

Қадым бас алға сеніммен!

Бақытың енді басталған!!!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет