Шымкент 2015 мазмұны


кесте. Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, млн.теңге



бет2/8
Дата04.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#176223
1   2   3   4   5   6   7   8

2 кесте. Ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі, млн.теңге




2008

2009

2010

2011

2012

2013

2014

Ауыл шаршаулығының жалпы өнімінің көлемі, млн. теңге

1 327,3

1 494,4

1850,2

2 405,8

4 501,5

4 221,7



11 722,4

Мал шаруашылығы

856,5

907,2

1 123,1

1 168,2

1 380,4

1 412,9

5 713,5

Өсімдік шаруашылығы

470,8

587,2

727,1

1 237,6

3 121,1

2 549,7

5 792,2

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
Қала халқы ауылшаруашылық өнімімен негізінен облыстың аудандарынан тасымалданатын өнім арқылы қамтамасыз етіледі.
3 кесте. Қала халқының азық-түлікпен қамтамасыз етілуі

№ р/с

Өнім атауы

Тұтыну стандарты 1 адамға кг/жыл

Жылдық тұтыну стандарты 858,1 мың адам, жылына мың тн.

2014 жылы өндірілген өнім, мың тн.

Жылдық тұтыну стандарты 1400 мың адам, жылына мың тн

1

Ұн 1 с.

87,6

75,2

504,0

122,6

2

Бидай наны 1 с.

70,7

60,7

76,0

99,0

3

Сиыр еті

15,0

12,9

3,9

21

4

Шошқа еті

9,0

7,7

12,6

5

Қой еті

6.3

5,4

8,9

6

Жылқы еті

3,2

2,7

4,5

7

Құс еті

5

4,3

7,0

8

Сүт

84,5

72,5

29,8

118,3

9

Қаймақ

3,28

2,8

-

4,6

10

Сүзбе

4,9

4,2

0,4

6,9

11

Сыр

2,3

2,0

3,2

12

Сары май

4,4

3,8

-

6,2

13

Жұмыртқа (млн. дана)

142

121,9

88,0

199

14

Өсімдік майы

7

6,0

27,5

9,8

15

Макарон өнімдері

4,4

3,8

32,0

6,2

16

Күріш

9,32

7,9

-

13

17

Қарақұмық

2,66

2,3

-

3,7

18

Сұлы ұнтағы

1,24

1,1

-

1,7

19

Жарма ұнтағы

0,89

0,7

-

1,2

20

Бұршақ

1,78

1,5

-

2,5

21

Пияз

20

17,1

4,5

28

22

Қызылша

5

4,3

0,6

7,0

23

Сәбіз

20

17,1

2,2

28

24

Қырыққабат

25

21,4

2,0

35

25

қызанақ

5

4,3

8,3

7,0

26

Қияр

5

4,3

3,8

7,0

27

Картоп

95

81,5

9,4

133

28

Қант

18

15,4

0,1

25,2

29

Тұз

2,19

1,9

-

3

30

Қара шәй

0,67

0,5

1,6

1

Тұтыну корзинасына енген 30 түрлі әлеуметтік-маңызды азық-түлік өнімдерінің ішінде қала кәсіпорындарының 1 сортты ұн, бидай наны, өсімдік майы, макарон өнімдері, қара шәй өнімдерімен қала және облыс халқын қамтамасыз ету мүмкіндігі бар.

Ал, сары май, тұз, құс еті, жұмыртқа, дәнді дақылдар, шұжық, картоп, жеміс-жидек, көкөніс басқа аудандар мен облыстардан әкелінеді.

Шымкент қаласында тамақ өнеркәсіп саласында 42 өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс жасайды. Жалпы өңдеу өнеркәсібінің құрамында тамақ өнеркәсібінің үлесі 36 пайызды құрайды. Жеке өнім түрлері бойынша:



  • өсімдік майын 2 ірі кәсіпорын өндіреді, онда 914 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаты күніне 1070 мың тонна. Қазіргі таңда, бұл кәсіпорындардың қуаттылығы 50 пайызға жүктелген («Шымкент май» АҚ, «Арай» ЖШС). Халықтың тұтыну нормасы бойынша 5,8 мың тонна, ал агломерация аумағындағы қажеттілік 6 мың тонна, яғни қаланың және агломерация аумағындағы тұтыну нормасын толық жабу мүмкіндігі бар.

  • сүт өндірісімен 1 кәсіпорын жұмыс жасайды, онда 33 адам жұмыспен қамтылған («Шымкент сүт» ЖШС). Өндірістік қуаты жылына
    273 тонна сүт өнімдерін өндіреді, қазіргі таңда 858,1 мың адамға 81,5 мың тонна сүт, сүзбе, сыр, қаймақ өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені
    30,2 мың тонна. Яғни, тұтыну нормасы бойынша қала халқына қажеттілік – 94,9 мың тонна, ал агломерация аумағындағы 1 400,0 мың адамға 133 мың тонна.

  • ұн өндіретін 5 кәсіпорын жұмыс жасайды, бұл кәсіпорындарда 600 адам жұмыспен қамтылған («Алтын дән», «Дани нан», «Миллер», «Энергетик», «Ынтымак-777» ЖШС), қазіргі таңда тұтыну нормасы бойынша 57,4 мың тонна ұн өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені 8 айға 259,5 мың тонна, ал агломерация аумағындағы қажеттілік 123 мың тонна, яғни қаланың және агломерация аумағындағы тұтыну қажеттілігін толық жабу мүмкіндігі бар.

  • макарон өндіру өндірісімен 1 ірі кәсіпорын, шағын және қосалқы кәсіпорындар жұмыс жасайды, онда 79 адам жұмыспен қамтылған. «Корона» макарон фабрикасы» ЖШС өндірістік қуаты жылына 6,6 мың тонна макарон өнімдерін өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 84,5 пайызға жүктелген. Қазіргі таңда тұтыну нормасы бойынша 3,8 мың тонна макарон өнімдері қажет болса, нақты өндірілгені 32 мың тонна, ал агломерация аумағындағы қажеттілік 6,2 мың тонна, яғни қаланың және агломерация аумағындағы тұтыну нормасын толық жабу мүмкіндігі бар.

  • сыра өндірісімен («Шымкентпиво» ЖШС, «Sigma Brau» ЖШС) 2 кәсіпорын жұмыс жасайды, 1087 адам жұмыспен қамтылған.Өндірістік қуаты жылына1 978,4 мың галлон сыра өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 24,5 пайызға ғана жүктелген. 8 айға 26,7 млн литр өндірілген. Себебі ішкі нарықта бәсекенің жоғары болуына байланысты толық қуатына өткізу мүмкіндігі жоқ.

  • минералды сусындар өндірісімен («Визит», «Рауан», «Юникс» ЖШС) 3 кәсіпорын жұмыс жасайды, 554 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік қуаты жылына 70,1 млн. литр минералды және тазартылған су өндіреді, кәсіпорын қуаттылығы 75 пайызға жүктелген. Ішкі нарықта бәсекенің жоғары болуына байланысты ішкі нарықта толық қуатына өткізу мүмкіндігі жоқ.

Қала халқы дәнді, бұршақ және көкөніс, жеміс-жидек өнімдерімен негізінен облыс аудандарынан және шеттен тасымалданатын өніммен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, тамшылатып суғару әдісі 337,2 га жерге енгізілген. Оның ішінде 81,3 га жылыжай шаруашылығына қолданылуда. Сыйымдылығы 27,2 мың тонна қойма жұмыс жасайды. Мал шаруашылығымен 2 өндірістік кооператив айналысады. Олардағы асыл тұқымды мал басы (шошқа) - 6 340. Жалпы қала бойынша жұртшылық шаруашылықтарды қоса алғанда ірі қара мал басы 14 401, құстар саны 20 000. Алайда, қаланың тұтыну нормасы бойынша қала халқының қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды.



Қаланың ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілген. Шымкент қаласының аумағында эпизоотиялық іс-шараларды ұйымдастыруға республика және облыс бюджетінен жыл сайын қаржы бөлінуде. 2011-2014 жылдары 119,5 млн. теңге бөлініп, үй жануарларына және малдарға Сібір жарасына, аусыл ауруына, туберкуллез, құтыру ауруларына және тағы басқа ауруларға қарсы егу жұмыстары мен диагностикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген.

4 кесте. Диагностикалық шаралар

Ауру атаулары

Егілген вакцина, жалпы мал басы




2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Сібір жарасы

49 020

77 300

65 051

296 259

Аусыл

38 970

78 530

73 789

420 084

Құтыру

15 990

27 000

30 195

27 867

Барлығы__103_980__182_830__169_035__744_210'>Барлығы

103 980

182 830

169 035

744 210




Диагностикалық тексеру, жалпы мал басы




2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Сарып ауруы

79 968

68 842

44 036

194 586

Аусыл

-

1 882

746

4 941

Жұқпалы эпидимит

-

357

351

2 131

Лептоспироз

-

100

100




Жұқпалы анемия

-

10







Листериоз

-

100

100

3

Хламидиоз










2 704

Құс тұмауы










64

Барлығы

79 968

71 291

45 333

204 429

Сонымен қатар, тұрақты түрде қала аумағындағы 958 223 ш.м мектептер мен 356 827 ш.м бала-бақшалар аулалары және 69 657 ш.м мектептен тыс мекемелер аймағы кенеге қарсы залалсыздандырылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде соңғы жылдары қалада Конго-Қырым қанды қызбасы ауруы тіркелмеген.


Негізгі мәселелер:


  • қалаға қажетті әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдерінің басым бөлігі облыс аудандарымен қамтамасыз етіледі;

  • мерзімаралық уақытта көкөніс және жеміспен қамтамасыз етілмейді;

  • азық-түлікпен қамтамасыз ету тұрақты емес болғандықтан импорт көлемінің өсуіне және отандық өнімнің стандарт сапасына тура келмейді, азық түліктің импорты жоғары болғандықтан және отандық өнім сапа стандарттарына сай келмегендіктен азық түлікпен қамтамасыз ету жүйесі тұрақты емес.

  • ауылшаруашылығы мақсатындағы қала халқын қажетті өніммен қамтамасыз етуге жер жетіспейді;

  • ауылшаруашылық құрылымдарының рентабельдігі төмен болғандықтан, ауылшаруашылық саласындағы инвестиция тартымдылығы төмен;

  • Шымкент қаласында транспорттық-логистикалық сақтау және тасымалдау қоймасы жетіспейді.

  • 2012 жылы 2008 жылмен салыстарғанда қой саны 1 500 басқа, құстар 28 100 азайды.


Сауда және қызмет көрсету саласы
Қалада 2303 астам сауда объектілері қызмет етеді, оның ішінде азық-түлік, өндіріс және құрылыс тауарларын сататын, қоғамдық тамақтану қызметтерін көрсетумен айналысатын 50 сауда үйі бар. 750 астам объектілер қызмет көрсету саласында жұмыс жасайды.

Облыс көлеміндегі қаланың бөлшек тауар айналымының үлесі 70% астам. Сонымен қатар Шымкент қаласының облыстың көтерме тауар айналымының барлық көлемі жатады. Қаланың облыстық сауда көлеміндегі үлесі жылдан жылға өсіп келеді.





2.2.7 сурет. Сауда айналымы, млн.теңге

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


2014 жылы қалада бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 254 382,1 млн.теңгені құрады немесе 2013 жылмен салыстырғанда 21,4 пайызға өсті. Көтерме сауда тауар айналымы 500 455,7 млн.теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға өсті.

2012 жылы қалада «Санжар» көтерме сауда орталығы және «Фиркан СИТИ» сауда орталықтары іске қосылды. Аталған нысандарда 400 адам жаңа жұмыс орындарымен қамтылды. Соңғы жылдары қаламызда ірі сауда орындарының іске қосылуымен қатар, ұсынылатын қызметтің сапасыда өсіп келеді.

2014 жылы жеке инвесторлар есебінен «Магнум» және «Шахан-2» ірі сауда орталықтары ашылып, 150 жана жұмыс орындары ашылды.
Негізгі мәселелер:


  • ішкі сауданың инфрақұрылымынын деңгейінің төмендігі;

  • инфляциялық процесстердің тұтынушылық тауарларына әсері;

  • қызмет көрсету мәдениетінің төмендігі;

  • қала базарлары құрылыс нормаларына сәйкес еместігі;

  • ретсіз сауда орындары.


Шағын кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік саласының дамуы - халықты жұмыспен қамту және бюджеттің кіріс көзін құрауда маңызды орын алады.

Қаладағы экономикалық белсенді халық санының 30 пайыз үлесі осы салада жұмыспен қамтылған. Бизнесті қолдауға бағытталған салықтық жүктемелер, әкімшілік тосқауылдар және рұқсат лицензияларды қысқарту жұмыстары оңды ықпалын тигізуде.



2.2.8 сурет. Кәсіпкерлік саласының дамуы

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


2014 жылы кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2013 жылмен салыстырғанда 20,1 пайызға өсіп, шығарылған өнім көлемі 96% өсті. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер тарапынан бизнесті қолдауға 31,9 млрд.теңге көлемінде несиелер бөлінді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының қабылдануымен, өңірімізде кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында құрылған «Максимум» АИО-ң жүйелі жұмыс жасауымен бизнестің белсенділігі артуда.





2.2.9 сурет. «Бизнес жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жобалар саны
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 2011 жылы құны 12,7 млрд.теңгені құрайтын 36 жоба мақұлданса, 2012 жылы құны 48,2 млрд.теңгені құрайтын 97 жоба мақұлданды, 2013 жылы 52,9 млрд.теңгеге 118 жоба, ал 2014 жылы 26,7 млн.теңгені құрайтын 122 жоба мақұлданды. Бұл жобаларды іске асыру есебінен 2 387 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған.

«Максимум» АИО-мен 2011 жылы пайыздық мөлшері жеңілдетілген 26 жобаға 655,7 млн.теңге несиелер бөлініп, 107 жаңа жұмыс орындары ашылса, 2012 жылы 39 жобаға 1 093,0 млн.теңге көлемінде несиелер бөлініп, 111 жаңа 2013 жылым 30 жобаға 835,2 млн.теңге, 2014 жылы 39 жобаға 1 890,3 млн.теңге несие бөлініп, нәтижесінде 200 ден астам жаңа жұмыс орындары ашылған.

Қазақстандық мазмұн үлесін жоғарлату бойынша жұмыс жалғасты. 2012 жылы қала бойынша 11,5 млрд. теңгені құрайтын тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алды, оның 96% қазақстандық мазмұн үлесін құраса, 2013 жылы жалпы 21,9 млрд.теңгенің 95,3 пайызы, 2014 жылы 38,5 млрд.теңгенің 99 пайызы қазақстандық мазмұнды құрады.
Негізгі мәселелер:


  • Несие алуға мүліктік кепілдемелердің жеткіліксіздігі;

  • Ұсынылатын коммуналдық қызметтердің тарифтердің жоғарылығы мен тұтынушылар құқықтарын қорғау жүйесінің жоқтығы;

  • Өнім өткізу нарығының тұрақсыздығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет