Шымкент 2015 мазмұны



бет3/8
Дата04.07.2016
өлшемі1.6 Mb.
#176223
1   2   3   4   5   6   7   8

2.2.2. Әлеуметтік сала

Демографиялық жағдай
Шымкент қаласының халық саны 2014 жылы 858,1 мың адамды құрады. 2000 жылдан 2014 жылға дейін қаланың тұрғындар саны 375,2 мың адамға ұлғайды. Тұрғындар санының өсуіне халықтың тұрақты табиғи өсімі мен ішкі облыстық оң көшіп-қонуы ықпал етті. 2014 жылы халықтың табиғи өсімі 17 191 адамға, көші-қон айырмасы оңды болып келушілер саны 10 333 адамға өскен.



2.2.10 сурет. Шымкент қаласының 2000-2014 жылдардағы адам саны,

мың адам

Мәлімет көзі: 2000-2014 жж. – ОҚО Статистика департаменті


Білім беру

Қалада 9 жоғарғы оқу орындары бар. Оның ішінде: 3-уі мемлекеттік, 6 жекеменшік (барлығы 61 032 студент білім алуда). Сонымен қатар, 40 арнайы техникалық және кәсіптік білім беретін мекемелер бар. Оның ішінде: 14 мемлекеттік, 26 жекеменшік (барлығы 40 956 студент бар).

Жалпы орта білім беру саласында 147 908 оқушысы бар 140 мектеп жұмыс жасайды (оның ішінде 126 мектеп қалалық, 7 мектеп облыстық, 7 жеке меншік). Қалалық 126 мектептің - 106 типтік, 20 бейімделген ғимараттарда орналасқан.

2010 жылы жаңадан 7 мектеп (7750 орын) пайдалануға берілді, 2011 жаңа «Асар» ш.а. 1200 орындық №89 мектеп, 2012 жылы 3 мектеп (2100 орын), 2013 жылы 2 мектеп (1200 орындық), 2014 жылы 2100 орындық 2 мектеп пайдалануға берілді. Сонымен қатар, 2013 жылы 4 мектептерге (№6,42,54,48) қосымша құрылыс аяқталып, пайдалануға берілсе, 2014 жылы 4 мектептің қосымша құрылысы (саз мектебі, көркем сурет мектебі, №№15,58 мектептер) және апатты жағдайдағы №1 мектеп пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, 295 мектепке дейінгі мекемелер бар (80 мемлекеттік, 45 шағын орталық, 170 жеке меншік). Қалада мектепке дейінгі жастағы (0-7 жас) балалар саны 169 мың баланы құрайды. Оның ішінде 3-6 жастағы бала 82,2 мыңнан астам. 2013 жылмен салыстырғанда 3-6 жастағы бала саны 30 мыңға дейін артып отыр.

Мектепке дейінгі мекемелерде 46,4 мыңнан астам бала тәрбиеленуде, ал 45,0 мың бала (3-6 жас) «Балапан» бағдарламасы аясында қамтылып отыр. Бүгінгі таңда қамту деңгейі 77,1% құрап отыр. Оның ішінде мемлекеттік балабақшаларда 26 483 бала, жекеменшік балабақшаларда 18 537 бала.

Балабақша желісін ұлғайту үшін 2012 жылы «Қазығұрт» шағын ауданында 320 орындық, «Асар» шағын ауданында 280 орындық балабақшалар, 2013 жылы балабақша ғимараттарын қайтару арқылы «Тұрлан» шағынауданындағы 110 орындық және «Күншығыс» шағын ауданында 250 орындық балабақша, 2014 жылы 780 орындық 3 балабақша пайдалануға берілді (Құрманбеков көшесіндегі 140 орындық, «Самал» ш/а 320 орындық, «Тұлпар» ш/а 320 орындық).

Білім саласындағы мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында қала мектептері интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген, 2014 жылы 387 интерактивті тақта, 159 лингафон кабинеті, 47 биология, 63 физика, 57 химия кабинеттері жабдықталды. Сонымен қатар, 2013 жылы 17 мектептердің аулаларында спорт алаңшалары орнатылды.

2014 жылы білім қорына бағытталған қаржы көлемі 2013 жылдан 55 пайызға ұлғайтылып, 351,6 млн.теңгені құрады. Қаралған қаржыға әлеуметтік жағдайы төмен 8 383 оқушы ыстық тамақпен, 3 848 бала мектепке қажет киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, 4 415 бала жазғы лагерьлерде демалды. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1 285 үйірме жұмыс жасап, оның аясында 43,5 мың бала қамтылса, 415 спорттық секцияларда 33,9 бала қамтылды.

Балабақша кезегіне қою тәртібі «бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар, кезектің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында балалардың тізімі мемлекеттік органдардың Веб-сайттарына орналастырылған.


Негізгі мәселелер:

  • шет аймақтардағы елді мекендерде білім нысандарының тапшылығы;

  • 10 мектеп ыңғайластырылған ғимараттарда білім алуда;

  • апатты жағдайдағы 3 мектепті қайта құру қажет;

  • балабақша тапшылығы.


Денсаулық сақтау
Денсаулық сақтау саласында 55 мемлекеттік мекемелер бар. Оның ішінде:

  • 5 943 койкелі 27 аурухана;

  • 17 амбулаторлық емхана;

  • 2 санаторий;

  • 1 балалар үйі;

  • 1 патоталого-аннатомдық бюро;

  • 1 салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы (ЦЗОЖ);

  • 1 қан құю орталығы;

  • 1 медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру орталығы;

  • 1 арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы;

  • 1 жедел жәрдем беру орталығы;

  • 1 медициналық колледж;

  • Денсаулық сақтау басқармасы.




2.2.11 сурет. Шымкент қаласы халқының табиғи өсімі, адам

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


2014 жылы Шымкент қаласы бойынша халықтың табиғи өсуінің абсолюттік көрсеткіші 18 957 адам болып, 23 428 – туу, 4 471 өлім оқиғасы тіркелген.



2.2.12 сурет. Шымкент қаласы халқының туу және өлім деңгейі, %

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


Бала туу деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 28,51-ден 33,60-қа дейін өскен. Өлім деңгейі 1000 тұрғынға шаққанда, 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 6,41-тен 6,35-ке дейін төмендеген.

Халық өлімінің негізгі себептері – қан айналым жүйесінің ауруы (жалпы өлгендер санының 20,8 пайызы) және жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттан (10,8 пайызы) болды.

Сонымен қатар, «Саламатты Қазақстан 2011-2015 жылғы бағдарламасының» басты мақсаты елдің әлеуметтік-демографиялық дамуының тұрақты өсімін қамтамасыз үшін азаматтардың денсаулығын жақсарту болып табылады. Бағдарлама бойынша 2015 жылға қарай еліміздегі қарай халықтың өмір сүру ұзақтығы 70 жасты, ана өлімі 100,0 мың тірі туған балаға шаққанда 24,5, 1000 туылған балаға шаққанда нәресте өлімі 12,3, жалпы өлім 1000 адамға шаққанда 7,62, 100,0 мың адамға шаққанда туберкулез ауруы 94,7 жағдайды құрауы тиіс.

2014 жылдың қорытындысы бойынша осы көрсеткіштердің орташа облыстың деңгейімен қаланың деңгейі төмендегі салыстырмалы слайдта ұсынылған.




2.2.13 сурет. Шымкент қаласы халқының туу және өлім деңгейі, %

Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті


Облыстың деңгейінен 100 тірі туылған балаға ана өлімі өлімінің көрсеткіші 2 көрсеткішке және 1000 туылған балаға шаққанда бала өлімі 2,2 көрсеткішке төмен.
Негізгі мәселелер:

  • материалдық-техникалық базасы төмен деңгейде, тұтыну мерзімі 10 жылдан асып кеткен;

  • медициналық қызмет сапасын арттыруды қажет етеді;

  • медициналық мекемелерге жөндеу және кеңейту мен жаңа медициналық мекемелерді салуды қажет етеді;

  • облыстың деңгейінен 100,0 мың адамға шаққанда туберкулез ауруының және жалпы өлім жітім деңгейінің жоғары болуы;


Қоғамдық құқықтық тәртіп
Шымкент қаласындағы қоғамдық құқық тәртібін сақтауына Ішкі істер басқармасы жауапты. Осы Басқарма құрылымын қалалық басқару аппараты мен 4 аудандық ішкі істер бөлімі құрайды.

2014 жылы қалада ауыр және аса ауыр 1 890 қылмыс тіркеліп, 2013 жылмен салыстырғанда 23,5 пайызға төмендеген. Оның ішінде қасақана кісі өлтіру 25,5 пайызға, қарақшылық шабуыл 65 пайызға, кісі тонау 29,9 пайызға, бұзақылық 3,2 пайызға, денсаулыққа аса ауыр зардап келтіру 42,5 пайызға төмендеген. Ал, ұрлық 22 пайызға өскен.

Сонымен қатар, 2014 жылы қалада 2 182 жол көлік оқиғалары тіркеліп, 2013 жылмен салыстырғанда 5 пайызға төмендеген.

2014 жылы қала бойынша ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашылғандарының үлесі 53,3 пайызды құрады.


Негізгі мәселелер:

  • Шымкент қаласындағы ауыр және аса ауыр қылмыс саны орташа республиканың деңгейінен 2 есе жоғары;

  • шет аймақтарда түнгі жарықтандыру және бейне бақылау құрал-жабдықтарының жоқ болуы;

  • көлік жүргізушілердің көлік жүргізу мәдениетінің төмен болуы және жол апатынан өлімнің ұлғаюы;

  • ғимараттар мен құрылыстардың жоғары деңгейдегі тозуы (медайықтырғыш, кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің уақытша изоляторы, тұлғасы анықталмаған азаматтарды қабылдау – бөлу орындары).


Мәдениет және тілдерді дамыту
Қалада 93 мәдениет нысандары жұмыс жасайды. Оның ішінде 86 мемлекеттік мекемелер, 8 жеке меншік.
5 кесте. Шымкент қаласы тұрғындары және Қазақстан Республикасы тұрғындарының мәдениет объектілерімен қамтамасыз етілуінің салыстырма бағасы

Объектінің атауы

Шымкенттегі объектілердің саны, бірлік

Қаланың қамтамасыз етілуі, бірлік/1000 адам.1

ҚР объектілерінің саны, бірлік

ҚР халқының қамтамасыз етілуі, бірлік/1000 адам2

Кітапханалар

44

0,06

4 171

0,250

Театрлар

6

0,008

60

0,003

Мұражайлар

4

0,005

221

0,013

Кинотеатрлар

3

0,005

94

0,005

Концерт ұйымдары

3

0,005

74

0,005

Демалыс парктері

10

0,014

75

0,004

Зоопарктар

1

0,001

6

0,000

Цирк

1

0,001

5

0,000

Барлығы

72

0,101

4 706

0, 282

Салыстырмалы талдау көрсеткендей мәдениет нысандары 1000 адамға шаққанда жалпы республикалық орташа көрсеткіштен Шымкент қаласының көрсеткіші 2,8 есе төмен. Оның ішінде кітапханалар 4,2 есе, мұражайлар 2,2 есе.

Ал, театрлар орташа республиканың деңгейінен 2,6 есе, демалыс парктері 3,5 есе жоғары. Сонымен қатар, Шымкенттік басқа өңірлерге қарағанда зоопарк, дендропарк, цирк сияқты мәдени ошақтарымен ерекшеленеді.

Соңғы жылдары мәдени іс-шараларға қатысушы көрермендер саныда ұдайы артып келеді. 2014 жыл ішінде облыстық опера және балет театрындағы қойылымдарды 8,0 мыңнан астам, Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театры 23,5 мың, облыстық орыс драма театры 39,3 мың, облыстық қуыршақ театры 54,0 мың, оңтүстік цирк 34,2 мың, облыстық әзіл-сықақ және сатира театры 38,8 мың, облыстық филармония концерттерін 60,0 мыңнан астам көрермен тамашалаған.


6 кесте. Тілді меңгеру, 2011-2014 жыл

Тілді меңгеру

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі ,%

74,5

(311 790)



75,1

(314 301)



85,5

(500 046)



Орыс тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі ,%

75

(350 136)



76,5

(403 140)



78,1

(465 901)



Ағылшын тілдерін меңгерген тұрғындардың үлесі,%

11,5

(52 634)


13,0

(70 190)


13,7

(113 509)


Талдау көрсеткендей 2014 жылы халықтың тілдерді меңгеру деңгейінің тұрақты өсімі байқалды. 2014 жылы мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 85,5 пайызды, орыс тілін 78,1 пайызды, ағылшын тілін 13,7 пайызды құрады.

Тілдерді дамыту мен қолданудағы басты мақсат – қалада тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың аса маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.

Шымкент қаласында 15 астам ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Оның ішінде: 65 пайызы қазақ, 14,1 пайызы орыс, 13,7 пайызы өзбек, 7,2 пайызы басқа ұлттар. Ұлттар бірлігін нығайту мақсатында қалада 20 этномәдени орталық пен филиалдары жұмыс атқарады. ОҚО әкімдігінің жанында облыстағы этномәдени орталықтармен тығыз жұмыс атқаратын Ассамблея хатшылығы, сондай-ақ, «Достық үйі» мемлекеттік мекемесі жұмыс істейді.

Сонымен қатар, жалпы білім беру саласында 51 қазақ, 1 орыс, 2 өзбек, 72 аралас тілдегі мектептер жұмыс жасайды.
Негізгі мәселелер:


  • салыстырмалы талдаудан 1000 адамға шаққанда ортша республикалық көрсеткіштен Шымкент қаласының кітапханалар, мұражайлар мен аз қамтамасыз етілгенін көруге болады. Сонымен қатар Шымкенттің бас жоспарымен анықталған нормативтік қажеттілікке сәйкес келмейді (1000 адамға 6,5 орынына 4,3 орын);

  • Шымкент зообағы қайта құруды қажет етеді.


Спорт және туризм
Қалада 2014 жылы спорттық ғимараттар саны 778 бірлікті құрады, оның ішінде спорт залдардың жалпы саны - 209, 1500 орынды требунасы бар стадион саны – 3, мұз сарайы – 1, спорттық комплекс - 5, спорттық комплекс (манеж) – 9, жүзу бассейндер - 6, жеңіл атлектикалық манеж – 1, 28 теннис корттары, ескек есу базасы – 1, ату тирі – 9, оқ ату нысаны – 1, спорт алаңшалары – 313.

Қалада балалар мен жасөспірімдердің бокс, жеңіл атлетика, велоспорт, қысқы спорт түрлерінен, футбол, теннис, көркем гимнастика, шығыс жекпе-жек, күрес түрлерінен мектептері жұмыс істейді.


7 кесте. Шымкент қаласы тұрғындары және Қазақстан Республикасы тұрғындарының спорт объектілерімен қамтамасыз етілуінің салыстырма бағасы


Спорт нысаны

Шымкенттегі объектілердің саны, бірлік

Қаланың қамтамасыз етілуі, бірлік/10 000 адам.

ҚР объектілерінің саны, бірлік

ҚР халқының қамтамасыз етілуі, бірлік/10 000 адам

Барлығы

778

11,1

33 347

19,7
Дерек көзі: ОҚО Статистика департаменті
Талдау көрсеткендей, Шымкент қаласы тұрғындарының 10 000 адамға шаққандағы спорт нысандарымен қамтылуы орташа республиканың деңгейінен 8,6 бірлікке төмен.
2.2.14 сурет. Спортпен шуғылданушылардың саны, адам


Талдау көрсеткендей, жүйелі түрде спортпен шұғылданушылар саны 2014 жылы 162,7 мың адамды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 38 пайызға өскен, күрт өсімнің себебі 2014 жылы қала шекарасының ұлғаюына байланысты қала халқының саны көбейді.

Қала кәсіпорындарында – 70 562 адам, жалпы білім беру мектептерінде 42 437, жоғарғы оқу орындарында – 13 252 адам, арнаулы орта оқу орындарында – 17 593 адам, қалалық спорт мектептерінде – 10 035, облыстық спорт мектептерінде – 6 759 адам спортпен жүйелі шұғылданады.

Сонымен қатар, 2014 жылы 29 халықаралық дәрежедегі спортшы, 129 спорт шебері, 615 спорт шеберлігіне үміткерлер, 744 бірінші санаттағы спортшылар дайындалған.

Спорт саласындағы негізгі міндет - Елбасының Жолдауына сәйкес, 2020 жылға қарай 30 пайызға дейінгі қазақстандықтар бұқаралық спортқа тартылуы тиіс. Бұл көрсеткіш Шымкент қаласында қазіргі таңда 22 пайызды құрайды.



Туризм саласында қалада 177 мамандырылған фирмалар мен мекемелер туристтік қызмет көрсетеді, оның ішінде 39 – туроператорлық, 133 - турагенттік, 5-і туристтік бизнеспен айналысатын жеке кәсіпкерлер.

Облыс аумақтарында туризм бағыттары негізінен тарихи, мінәжат ету орындарына, экзотикалық орындарға баруды, аң мен балық аулау, тау демалысына бағытталып отыр. Оңтүстік өңірі зиярат етушілерге мешіттер мен мінәжат орындарына бай.

Қалалық қонақ үйлер қатары да өсуіне байланысты, өзара бәсекелестік арқылы қонақ үйлер сервисі біршама жақсарды. Ресторандарда қызмет көрсетуші кадрлардың да деңгейі көтерілгені байқалады.

2014 жылы 5 жұлдызды «Хадиша Риксос Шымкент» және 4 жұлдызды «Алтын Қазына» қонақ үйілері іске қосылды.


Негізгі мәселелер:


  • қала халқының спорт нысандарымен қамтылуы орташа республиканың деңгейінен 8,6 бірлікке төмен;

  • шет аймақтардағы елді мекендерде спорт зал құрылыстары салынбаған;

  • спорт инфрақұрылымдарының материалды-техникалық базасы төмен;

  • туристерге арналған қонақ үйлердің қызметі мен қонақ үйлердің сапасы халықаралық сұранысқа сай келмейді;

  • туристік демалыс орындарының жарнамалау деңгейі төмен;

  • Шымкент әуежайы халықаралық стандарттарға сай қайта құрылымдауды қажет етеді.


Әлеуметтік қамсыздандыру мен жұмыспен қамту
Шымкент қаласында 2014 жылы статистикалық мәлімет бойынша 858,1 мың халық бар. Оның ішінде 166,7 мың адам жалдамалы жұмыспен, 89,9 мың адам өздігінен жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткіштердің біріншісі 2013 жылмен салыстырғанда 13 пайызға, екіншісі 14,5 пайызға өскен.

2013 жылға қарағанда жұмыспен қамтылғандар саны өнеркәсіп саласында өскен, оның ішінде кен өндіру саласында 35,7 есе, өндеу өнеркәсібінде 12,3 пайызға, электр және сумен жабдықтау саласында 7,3 пайызға өскен. Сонымен қатар, көтерме және бөлшек сауда 15,4 пайызға, көлік және қоймалау 10,7 пайызға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызметтер 6,9 пайызға, мемлекеттік басқару және қорғаныс 4,8 пайызға, білім беру 20 пайызға және денсаулық сақтау саласындағы 10,9 пайызға өскен.

Еңбек нарығындағы негізгі көрсеткіштердің оңды динамика көрсетуіне «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы едәуір әсер етті.

Мәселен, 2014 жылы жұмыспен қамту органдарына 23 329 адам жұмыспен қамту мәселелері бойынша жүгініп, оның 90 пайызы немесе 21 019 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.

Бағдарламаға 2011 жылы 1 919 адам қатыстырылса, 2012 жылы 8 169 адам, 2013 жылы 10 516 адам, 2014 жылы 8 706 адам қатыстырылған. Оның ішінде 2012 жылы 2 074 азамат тұрақты, 2013 жылы 2 661 азамат, 2014 жылы 4 383 азаматтар тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Сонымен қатар, 2013 жылы өздігінен жұмыспен қамтылғандарды формальды секторға өткізу мақсатында 32 258 біржолғы талонмен жұмыс жасайтын кәсіпкерлер жеке кәсіпкер ретінде қайта тіркелді, ал 2014 жылы 83 205 өздігімен жұмыс жасайтын формальды секторға өткізілді, оның ішінде басым бөлігі құрылыс саласындағы және қызмет көрсету саласындағы жұмысшылар.

Одан бөлек, 2012 жылы экономика салаларында 7 949 жаңа жұмыс орындары 2013 жылы 12 577 жаңа жұмыс орындары, 2014 жылы 6 120 жұмыс орындары ашылды.

Еңбек нарығында индикаторлардың жақсарғандығын халықтың әлеуметтік қамсыздандыру көрсеткіштеріне талдау жасау барысында байқалды.

Отбасындағы материалдық жағдайының жақсаруына байланысты мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азаюда.

2013 жылмен салыстырғанда АӘК алушылар саны 32 пайызға немесе 1 358 адамға азайған. Ал, 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы алушылар 2013 жылы 4,0 пайызға немесе 695 балаға төмендеген болса, 2014 жылы Бас жоспарға сәйкес, Ордабасы, Төлеби, Сайрам аудандырынан қосылған халық есебінен алушылар саны 57 пайызға немесе 10 585 балаға өсті.

2014 жылы қаладағы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 1,1 пайызға төмендеген.

Қала бойынша орташа айлық жалақы 89 082 теңге болса, бұл көрсеткіш орташа республиканың деңгейінен 65 495 теңгеге кем.


Негізгі мәселелер:

  • қаладағы жұмыссыздық деңгейі республикалық орташа деңгейінен 1,4 пайыздық көрсеткішке жоғары;

  • Шымкенттің экономикалық белсенді халық санында 1 жыл және одан да көп уақыт жұмыссыз отырған қала тұрғындардың жоғары үлесі – Шымкенттегі ұзақ мерзімді жұмыссыздық деңгейі Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 2,3 пайызға жоғары;

  • қаланың жалпы көлемінен экономикалық белсенді емес (пассивті) тұрғындардың жоғары үлесі – қала халқының экономикалық белсенді емес тұрғындар деңгейі республикалық деңгейден 7,2 пайыздық көрсеткішке жоғары;

  • Шымкент қаласындағы бір жұмыскердің номиналды орта айлық еңбекақысы республикалық орташа еңбекақы деңгейінен 23,3% төмен: 99804 теңгеге қарағанда 76 478 теңге;

  • Шымкент қаласындағы айлық өмір сүру минимумы Қазақстан бойынша орташа көрсеткіштен 2 796 теңгеге төмен.


Жастар саясаты
Шымкент қаласының аумағында 14 - 29 жас аралығында шамамен 239 мыңнан аса жастар тұрады.

Жастар саны негізінен қалаға облыс көлеміндегі аудандардан, ауылдардан жұмыс іздеп келуші жастардың есебінен өсіп отыр.

Қазіргі кезде жастардың негізгі проблемасы жұмысқа орналасу болып табылады.

Шымкент қаласында жұмыспен қамту қызметтерінің жанынан кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындары туралы деректер базасы үнемі жаңартылып отырады, еңбек рыногында сұранысқа ие болатын мамандықтар мен кәсіптер бойынша жас кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Қала жастарын жұмыспен қамту мақсатында жоғарғы және орта арнайы оқу орындарын бітіруші жастарды 2009 жылдан бастап «Жол картасы» шеңберінде «жастар тәжірибесі» және «әлеуметтік жұмыс орындары» арқылы жұмысқа орналастыру тәжірибеге енгізілді. 2009 жылы «Жастар тәжірибесі» бойынша 6 ай мерзімге 5 556, 2010 жылы 1 454, 2011 жылы 1704, 2012 жылы 3427 жастар 2013 жылы 2 927 жастар, 2014 жылы 1 945 жастар жұмысқа жолданды.

2014 жылы қалада жастар саясатын жүзеге асыруға қалалық бюджет есебінен 23,3 млн. теңге қаралып, түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, жасқазақстандықтарды өз еліне, Отанға деген патриоттық сезімін ояту, Қазақстан халқының мәдениет, тарихын және дәстүрін баулу мақсатында «Тағзым», «Бірлігіміз жарасқан», «Қарттарым – асыл қазынам», «Рәміздерім мақтанышым!» атты іс-шаралар мен конференциялар, «Таза қала» айлық тазалық акциялары өткізілді.

Жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында қаланың орталық көшелеріне, қала аумағындағы барлық 87 орта мектеп, 44 жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының алдына тақырыптық баннерлер ілінді.

Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, рухани құндылықтарға бағыттауды, құқық бұзушылық профилактикасы субъектілерінің оң жұмысын жариялау мақсатында айдарлар мен телеарналық бағдарламалар арқылы жергілікті баспасөз беттерінде жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуға бағытталған танымдық бағдарламалар мен оң имиджді материалдар жарияланды.

Жұмыссыз жастарды кәсіпкерлік негізіне үйрету мақсатында ОҚО кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен семинар-тренингтер өткізілді, 2014 жылы 60-тан астам жас оқу курстарынан өтті.

Жастарды әлеуметтік қолдау мақсатында 2014 жылғы қалалық бюджетте 3 555 студенттерге жеңілдетілген жол жүру ақысын өтеуге 60,7 млн.теңге қаржы қаралып, әр студентке 1 500 теңге қаржы аударылды.


Негізгі мәселелер:

  • жастардың жұмыспен қамтылуы төмен (15-24 жастағы) – қаладағы жастар жұмыссыздығы республикалық орта деңгейінен 2,5 пайыздық көрсеткішке жоғары;

  • жас мамандардың тұрғын үймен қамтылу деңгейі төмен;

  • балалар үйінен шыққан жастардың тұрғын үймен қамтылмауы;

  • жастарды патриотыққа тәрбиелейтін танымдық материялардың аздығы.


Гендерлік даму

Шымкент қаласының жалпы халық санынан 52,5% пайызды немесе 346,9 мың әйелдерді құрап отыр. Әйелдер мынадай экономикалық салада қызмет түрлерін атқарады, яғни, білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік сфералар. Барлық шешім қабылдау деңгейіндегі қызметкерлердің саны 23 басшыны құраса, оның 4-уі әйел немесе 17,4 пайызды құрап отыр.

Әйелдердің өкілі шешім қабылдау деңгейі келесі образда көрінеді: қала әкімінің орынбасары - 1, аудан әкімінің орынбасары - 1, 2 - бөлім басшылары.

Мемлекеттік қызметкерлердің жалпы саны есеп беру кезеңінде 285 адамды құрады (штаттық кесте бойынша), олардың 137 әйелдер (48% барлық мемлекеттік қызметкерлердің санын әйелдер құрайды), олардың 4-еуі басшылық қызметінде.

2012 жылғы мәлімет бойынша мектеп директорларының жалпы саны-84-ті құрайды, олардың 60-ы әйелдер, (70,5%) 25 – ер адам. Мектептен тыс ұйымдардың директорларының жалпы саны 8 адам, олардың 4-і әйелдер, (50%), 4-уі ер адам. Барлық 73 мектепке дейінгі мекемелерін әйелдер басқарады.

Қала бойынша мұғалімдер саны 9367 адамды құрайды, олардың ішінде 8430 (93%) әйелдер. 85 мектептерде 150 педагог-психолог жұмыс істейді. Яғни, олар тренингтер, релаксация, әңгімелесулер, семинарлар және дөңгелек столдар өткізеді.

Қалада 155 826 мың отбасы тұрады, олардың 5 330 батыр аналар. 2012 жылы 9 353 неке тіркелсе, оның ішінде 1 038 жас отбасылар некелерін бұзғандар (11%).

Негізгі мәселелер:


  • шешім қабылдау деңгейіндегі әйелдердің төмендігі;

  • гендерлік саясатты іске асырудағы мемлекеттік мониторингтің жоқтығы;

  • БАҚ-да жыныстық белгілері бойынша зорлықты жасау туралы мазмұндама жасау төмендігі.


2.2.3. Инфрақұрылым кешені
Жол –көлік инфрақұрылымы

Шымкент қаласының көлік кешеніне автомобиль, теміржол, әуе көлігі түрлері енеді. Жүк және жолаушы айналымы құрамында автомобиль көлігінің үлесі басым.



Автомобиль көлігі мен автомобиль жолдары

Жалпы қалада автомобиль көлігімен (көлік ұйымдарына жатпайтын мекемелер және жеке автокөлік иелері тасымалдаған жүктердің көлемі мен жолаушыларды есепке алғанда) 2014 жылы 73 146,1 мың тонна жүк және 1 067,2 млн.жолаушы тасылды, немесе 2013 жылмен салыстырғанда тасымалданған жүк көлемі 9,7 пайызға және тасымалданған жолаушы көлемі 0,1 пайызға артты.

Жүк айналымы 4 416,9 млн.ткм құрап, 11,1 пайызға артты, ал жолаушы айналымы 9 291,1 млн.пкм құрап, 7,3 пайызға артты.

Қалада ұзындығы 2 724 шақырымды құрайтын жол бар. Оның ішінде:



  • 62,0 км республикалық маңызы бар жолдар;

  • 134 км облыстық маңызы бар жолдар;

  • 2 528 км қалалық жолдар.

Қалалық жолдардың 1 306 км-і асфальт, 1 005 км-не шағал тас төселген. Қалған 217 км-і топырақ жолдар. 2012 жылы көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында қаладағы Арғынбеков, Өтегенов, Шаяхметов көшелерінің құрылыстары, Б.Момышұлы көшесін кеңейту, Бекжан базарының аумағында жер асты өткелінің құрылыстары жүргізілді. 2014 жылы 3 жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылыстары жүргізіліп («Дендропарк», «Эмиль» сауда орталығы, Евразия базары аумағы), «Дендропарк» маңындағы жер асты жаяу жүргіншілер өткелі пайдалануға берілді.

2012 жылы көлік жүрісін жеңілдету мақсатында ұзындығы 201,2 шақырым 165 қалаішілік көшелер орташа жөндеуден өтті. 2013 жылы ұзындығы 122,0 км құрайтын 155 көшені орташа жөндеу, 33 көше қиылыстарында 51 оң жақ өткелдер ұйымдастырылды, 22 көшеге екі компонентті пластикпен жол таңбалары сызылды, 29 көшеде акрилдік бояу жұмыстары атқарылды. Сонымен қатар, Ордабасы алаңындағы көпір қайта қайта құрудан өтті. 2014 жылы ұзындығы 79,0 км құрайтын 125 көше орташа жөндеуден өтті, 5 көшеде аяқ жол салу, шет аудандардағы 118 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді.


Негізгі мәселелер:

  • қаладағы тік және транзиттік жолдарының жоқтығы салдарынан жеке көшелердегі жиі көлік кептелістері;

  • жасанды жол құрылымдарының жетіспеушілігі (көпірлер, жол айрықтар);

  • жеке көшелердің жобалық өтімділік мүмкіндігінен нақты көліктер легінің артуы;

  • жабынды жер асты және жер үстіндегі паркингтердің, ашық автотұрақтардың жетіспеушілігі.



Жолушылар көлігі және жол қозғалысын реттеу құралдарын пайдалану

Қалада 30 көлік компанияларымен 1198 кестеде 81 маршрутта жұмыс жасауда, оның ішінде 58 автобус бағыты (881 кесте) және 23 шағын автобус (317 кесте) бағыттары қызмет көрсетуде. 2012 жылдан бастап тасымалдаушылармен қосымша келісімдер түзіліп, жыл сайын көліктердің 20 пайызын жаңалау талабы енгізіліп, 2012 жылы жаңа 88 автобус, 2013 жылы 162 жаңа автобус алынды, 2014 жылы 55 автобус.

Дегенмен, қоғамдық көліктердің 40 пайыздан астамы тозған. Шет аймақтарға қатынайтын бағыттардың рентабльділігі төмен.
Көліктің тозуы,% Қоғамдық көліктегі тариф, теңге
2.2.15 сурет. Көлік саласы

Шымкент қаласында 139 бағдаршам нысандары жұмыс істеуде, оның ішінде, 84 бағдаршам автоматты басқару жүйесіне қосылған.

Бүгінгі таңда 52 бағдаршамда 112 кері санау таблолары, 19 ақпараттық жол белгілері, 8 белсенді жол белгілері және 390 айыру бағаналары, 12 жаяу жүргіншілер өткелінде жарық модульдар орнатылған.

Қала бойынша 8 жер асты жаяу жүргіншілер өткелі тіркелген, сонымен қатар, 2012 жылы Темірлан тас жолы бойында «Бекжан» автовокзалы жанынан жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы аяқталап, пайдалануга берілді.

2013 жылы 23 көше қиылысында ескі бағдаршамдар ауыстырылды және 88 көше қиылысында 166 кері санау таблолары, 15 жаяу жүргіншілер өткелдеріне жарық модульдер орнатылды және 13 жерге ұзындығы 111 метр жасанды кедергілер орнатылды.

2014 жылы 14 ескі бағдаршамды ауыстыру, 2 орынға бағдаршам нысанын, 120 метр жасанды кедергілер, 39 жаяу жүргіншілер өткелдеріне және оңжақ өткелдерге 140 белсенді жол белгілер, 28 жаяу жүргіншілер өткелдеріне жарық модульдер, 7 көшеге (Момышұлы, Айбергенов, Рысқұлов, Түркістан, Жібек жолы, Қабанбай батыр, Төлеби көшелеріне) 5,8 шақырым темір қоршаулар, 18 бағдаршам нысанына 48 дана кері санау таблолары, 5 орынға ақпараттық жол белгілері орнатылды.

Қоғамдық көлік қызметінің сапасын жақсарту және бақылау жүйесін жетілдіру мақсатында өткен жылы 992 көлік құралына автоматты бақылау жүйесі орнатылып, орталық серверге қосылды.
Негізгі мәселелер:


  • ішкі қалалық жолаушылар көлігінің балама түрлерінің жоқтығы;

  • қолданыстағы автобустардың басым бөлігі тозған және қоршаған ортаға зиянды әсері жоғары;

  • қалалық бағыттардың рентабельділігі төмен болуына байланысты инвестициялық тартымдылығы төмен;

  • қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасы төмен;

  • қаланың шет аймақтарына қатынайтын бағыттардың шығындылығы;

  • 54 бағдаршам нысаны автоматтандырылған жүйеге қосылмаған және пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан.


Байланыс және почта қызметі

Шымкент қаласының телекоммуникация қызметі саласында бірқатар мемлекеттік және жеке кәсіпорындар жұмыс жасайды. Оның ішінде «Қазақтелеком» АҚ ірі компаниялардың бірі болып табылады. 2012 жылы абоненттер саны 146 643 құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 2,4 пайызға артты. Цифрлендіру деңгейі қалада 100 пайызды құрайды. Интернет абоненттерінің саны 10000 адамға шаққанда 2011 жылғы 463-тен 2012 жылы 514 бірлікке дейін өсті. Ал, бұл көрсеткіш республика бойынша 950 бірлікті құраған.

Сонымен қатар, қалада 1 орталық операциялық учаскесі, 25 қалалық пошта байланыс торабы, 6 поштаны өңдеу және жеткізу учаскесі, облыс әкімі аппаратының ішінде 1 пошта байланыс торабы және 1 жылжымалы байланыс бөлімшесі бар.

Бұдан басқа, ірі мекемелердің, яғни халыққа қызмет көрсету орталығы, салық департаментінің қалаға тиісті аудандары, ішкі істер басқармаларында коммуналдық және бюджеттік төлемдерді қабылдайтын 13 касса жұмыс жасайды.

Қала халқына пошта байланыс торабы бойынша 50-ден астам қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде:


  • Жазба-хат хабарларды қабылдап, мекен жайына жібереді;

  • Сәлемдемелер, ұсақ пакеттер, бандерольдарды қабылдау;

  • Арнайы байланыс қызметтерін жеткізу;

  • Жедел жөнелтімдерді АВИО-мен жеткізу;

  • Мерзімді басылым баспасөздеріне жазылым және үйлеріне жеткізу.

Сонымен қатар, қаржы қызмет түрлерін көрсетуде:

  • Салық салымы қызметінің барлық түрлері;

  • Зейнеткерлерге зейнетақы және жәрдемақы төлеу және үйлеріне жеткізу;

  • Аударым операциялары (Ресей, Беларусия, Украина, Өзбекістан, Қырғызстан);

  • Жедел аударым түрі (Вестерн-Юнион) 20-30 минут ішінде 170 мемлекетке жіберу;

  • Екінші деңгейдегі банктермен келісім-шартқа отырып, қызмет көрсету;

  • Барлық бюджеттік мекемелердегі қызметкерлердің айлық-жалақыларын келісім-шарт негізінде есеп шоттарына аудару;

2011 жылы пошта саласының табыс көрсеткіші 192,8 млн.теңге болса, 2012 жылы 245,6 млн.теңге немесе 52,8 млн.теңгеге ұлғайды.
Негізгі мәселелер:

  • Қала бойынша 10 000 адамға шаққанда интернет абоненттерінің саны орташа республиканың деңгейінен 46,0 пайызға төмен.



Инженерлік инфрақұрылым
Шымкент қаласының сумен қамтамасыз ету көздері Тассай - Ақсай мен Бадам - Сайрамдық жер асты сулары, сонымен бірге Қызыл-Ту бұлағының жер үсті сулары болып табылады.

Қалада 2 812,8 км су құбырлары бар. Оның ішінде «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС балансында 1812,0 км, Шымкент қаласы әкімдігінің балансында 1 009,8 км. Қала халқының 83% тәулік бойы, 16 шағынаудан кесте бойынша, 8 шағынаудан тасымалды немесе ұңғыма суларымен қамтылған.

Қаланың кәріз желісі өзіндік ағынды, қалада 6 негізгі коллектор бар. Кәріз желілерінің ұзындығы 468,9 км. құрайды. Тұрғындарды кәріз желілерімен қамту 58-60% құрайды.

Қаланың кәріздік тазарту құрылыстарының жобалық қуаты тәулігіне 197 мың.куб.м. құрайды. Осы құрылғыға шаруашылық-тұрмыстық суағарлары, өндірістік кәсіпорындардың суағарлары, жауын және кәріз суағарлары түседі. Құрылғы қалпына келтіру және өнімділігін арттыруды талап етеді, суағар суларын тазарту тиімділігі нашар.

Қаланың жылумен қамтамасыз етілуі «3-Энергоорталық» АҚ орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету жүйелерімен - (54%), сондай-ақ, қала аумағы бойынша шашыранды орталықтандырылмаған жылумен қамту жүйелерімен қамтамасыз етіледі (60%). Қалада ірі жылу көздері аймақтарында орналасқан жылу желілері айтарлықтай дамыған. Алынатын электроэнергияның негізгі көздері: «3-Энергоорталық» АҚ (53,8%), «Жамбыл ГРЭС» АҚ (10,2%), «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС (25,7%) және «Шардара ГЭС» АҚ (4%).

Қаланың электроэнергияға қажеттілігі жазғы уақытта 70-85 МВт, қыста – 80-135 МВт құрайды, қалада электроэнергия тапшылығы жоқ. Қалалық шағын станциялары 110 кВ – 12 дана, 35 кВ – 21 дана. Электр өткізгіш желілерінің ұзындығы 4 589,1 км. құрайды. Абоненттер саны 200,0 мыңнан астам.

Қала тұрғындарына табиғи газды «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ жеткізіп, таратады. Абоненттер саны – 142,6 мың адам. Газ тасымалдау желілерінің ұзындығы – 2 992,0 км, халықты газбен қамту деңгейі – 79,0% құрайды.
Негізгі мәселелер:


  • 20-40 жылдан астам пайдаланып отырған су құбырлары желілерінің тозуы;

  • сумен қамтамасыз ету және кәріз жүйелерінің қуаттылығы экономикалық өсу қарқынынан артта қалуы;

  • қаланың сыртқы энергетикалық (көздерден) ресурстардан энергиялық тәуелділігі;

  • қаланың жекелген шағынаудандарында су және газ құбырларының, электр желілерінің жоқтығы;

  • қаладағы кәріз желілерінің жекелеген бөлігі қанағаттандырылмайтын жағдайда;

  • суағар тазарту құрылғысына (канализация) қала шекарасының жанасуы;

  • орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету желілеріне қосылған абоненттердің жылуды пайдалану құралдарының нашар есептелуі;

  • «КазТрансГаз Аймақ» АҚ ОҚӨФ негізгі қорларды пайдалануы 40 жылдан астам уақыт өткен, осының салдарынан төтенше және төтенше жағдайға жақын қалыпта (70% астам);

  • монопилистер тарапынан жылу жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарына салымдары төмен деңгейде.


Энергия үнемдеу
Энергия тұтынуды төмендету және отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалануды қысқарту арқылы Қазақстан Республикасы ЖІӨ-ң энергия сыйымдылығын төмендету және энергия тиімділігін арттыру үшін жағдай жасау мақсатында – ҚР Үкіметінің 29.08.2013 жылғы №904 Қаулысымен «Энергия үнемдеу - 2020» бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның басты міндеті 2013-2015 жылдар аралығында еліміздің ЖІӨ-ң энергия сыйымдылығын жыл сайын 10 пайызға, 2020 жылға қарай 2008 жылғы деңгейден 40 пайызға төмендету болып табылады. Осылайша, энергия үнемдеу мемлекеттің стратегиялық міндеттеріне жатқызылды. Қойылған мақсаттарға жету үшін ОҚО бойынша арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, Шымкент қаласында да жұмыстар атқарылуда. 2011 жылғы қалалық бюджеттен 29,7 млн.теңге бөлініп, қалалық әкімдікке қарасты 181 бюджеттік мекемелердегі 59 513 жарық шамдары энергия үнемдегіш лампаларға ауыстырылды. Сонымен қатар, қала көшелеріндегі және саябақтар мен гүлзарлардағы 19 081 түнгі жарықтандыру шамдарының 11 932-сі немесе 63,0 пайызы энегрияүнемдегіш лампаларға ауыстырылды.

Қалада электрэнергиясын тиімді пайдалану үшін әр адам басына шаққанда кВ/сағат, жеке және заңды тұлғаларға арналған дифференицалды тариф бекітілген.

Сонымен қатар, ішкі нарықта қол жетімді бағадағы энергия үнемдегіш лампаларына сұраныс ұлғайып келеді. Себебі электрэнергиясына тариф әр адам басына шаққанда диффериенциалды болуына байланысты және тұрғындар тарапына энергияүнемдегіш лампалардың тиімділігіне бірте бірте көз қарасы өзгеріп келеді. Халыққа энергия үнемдеудің маңыздылығын түсіндіру үшін арнайы іс-шаралар жоспары бекітіліп, 2011 жылдан бастап жыл сайын осы тақырыпта 50 де астам мақала жарияланды, арнайы бейнеролик жасалып, жергілікті «Қазақстан Шымкент», «Айғақ», «Отырар» телеарналарынан көрсетілді.

Жылу энергетика саласында «Энергоорталық-3» АҚ қазандықтары көгілдір отынмен жұмыс жасайды және альтернативті отын ретінде мазуты пайдаланады. Жылына 70,0 млн.м3 газды пайдаланады және ілеспелі түрде электр энергиясын өндіреді. Жылу құбырларындағы шығыныдылықты азайту мақсатында соңғы 5 жылда барлық 411,6 км құбырдың 30 пайызы немесе 119,4 км күрделі жөндеуден өтті.

Жеке сектордағы көмір және электр энергиясымен жылытылатын елді мекендерді көгілдір отынға қосу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Энергия үнемдеуші технологияларды енгізудің механизмдерінің бірі ҚР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жөніндегі 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Осы бағдарлама шеңберінде 2011-2014 жылдары 67 көп қабатты тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтті. Оның ішінде энергоаудит жүргізіліп, энергия үнемдеу құрылғылары, термомодернизация элементтері (пластик терезе, еден, жертөле, үйлердің каркасын қымтау) пайдалана отырып жүргізілген.

Қазіргі таңда, еліміздегі энергия үнемдеу саясатының басты мақсаттарының бірі энергия қорларын тұтыну көлемін азайту арқылы баламалы энергия көздерін (күн, жел, су және т.б.) кеңінен пайдалану болып табылады. Осы мақсатта 2013 жылы қалада жаңартылған қуат көзімен қамтылған заманауи 140 орындық балабақша ашылды. Бұл балабақша қуаттылығы сағатына 80 Квт электр энергиясын өндіретін фотовольтциялық электр стансасы арқылы күннен қуат алатын коллекторлар жүйесі орнатылған. Сонымен қатар, осындай жаңа технологияларды кеңінен қолдану және «жасыл экономика», трансферт технологияны ендіру бағыттарында жұмыс жасау үшін қалада «Шымкент инновация» ЖШС құрылған.
Негізгі мәселелер:


  • энергия үнемдеу саласында нормалау, стандарттау, сертификаттау және бақылау жүйесінің болмау;

  • энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында статистикалық есептіліктің болмауы;

  • Энергия үнемдеуді насихаттау мен көпшілікке тарату деңгейінің төмендігі;

  • өнеркәсіп салаларының технологиялық және техникалық арта қалуы және өндірістердің халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі;

  • кәсіпорындарда негізгі қорларды жаңарту және жаңа технологиялар енгізуге қаржылай тапшылығы;

  • Тұрғын үй қорының ескіруі.


Қаланың абаттануы
Қалада 1804 көп қабатты үйлердің 852 ауласы бар. Оның 657-і көріктендірілген, қалған 195 аула көріктендіруді қажет етеді.

Қала бойынша 84 көшеде 6787 дана жарық шамдары пайдаланады. Сонымен қатар, 7 саябақ, 27 гүлзар, 33 ескерткіш бар. Қала аумағында ұзындығы 65,2 км 6 өзендер мен каналдар бар. Оның ішінде «Қошқар ата» өзенінің аяқ жағы, «Шымкент» және «Жаңа-шек» каналдарының жағалуына халық жақын орналасқан. Ауа-райының қолайсыз мезгілдерінде су алып кету қауіпін тудырады. Сонымен қатар, жауын-шашын күндері қаланың ирригациялық жүйелері су ағынының көлемін көтере алмайды. Бұл өз кезегінде жекелеген тұрғын үйлердің су алып кету қауіпін және халықтың жүріп тұруына қиындықтар туындатады.

Елді мекендердің санитарлығын қамтамасыз ету бойынша бюджеттік бағдарламасымен 115 көше, 682 қоқыс тастау алаңдары жүйелі түрде тазартылып отырады. Алайда, жеке секторда контейнер алаңдары орнатылмаған. Осының салдарынан стихиялық күл қоқыстың жиналуы орын алады. Сонымен қатар, қала шекарасының ұлғаюына байланысты және қыс мезгілінде қаланы қардан тазалау жұмыстарына арнайы коммуналдық шаруашылық техникалары жетіспейді.
Негізгі мәселелер:


  • «Қошқар ата» өзенінің аяқ жағы, «Шымкент» және «Жаңа-шек» каналдарының арнасын бекітуді қажет етеді;

  • Қаланың ирригациялық жүйесінің ескіруі;

  • Жеке сектордың санитарлық тазалығы төмен деңгейде, қоқыс тастау алаңдары орнатылмаған;

  • Шет аймақтардағы көшелер жарықтандырылмаған;

  • Қаланың коммуналдық шаруашылығын қамтамасыз етуге арнайы техникалардың жетіспеушілігі;

  • Қала аумағындағы жасыл желектерді тұрақты суғару көздерінің жоқтығы.


2.2.4. Қоршаған ортаны қорғау
2012 жылғы статистикалық мәлімет бойынша Шымкент қаласында 382 ластайтын заттары бар мекемелер тіркелген. Оның ішінде 336 мекеме немесе 88 пайызы тазалау ғимаратымен жабдықталған. Атмосфераға кеңінен таралған ластайтын заттардың шығарылу көлемі 29 412,5 тоннаны құрап, көлемі 2011 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға ұлғайған. Себебі - қатты ластайтын заттар 1 353,3 тоннаны құрап 32,9 пайызға кемісе, газ тәрізді және сұйық ластайтын заттар көлемі 28 059,2 тоннаны құрап, 3,5 пайызға өскен.

Қаланың қоршаған ортасына антропогендік жүктемеге мыналар әсер етуде:



  • атмосфераға мұнай өндіру және химиялық өндіріс, энергетика, түсті металлургия кәсіпорындарынан және автокөліктерден шыққан зиянды заттар. Зиянды заттардың көздері арасында 56,8% тұрақты көздерден, қалған 43,2% автокөліктерден және т.б.көздерден шыққан зиянды заттар. Қалада көлік санының ұдайы өсуіне байланысты жалпы зиянды заттардың құрамында көліктерден шыққан зиянды заттардың үлесі де өскен.

  • қатты тұрмыстық және өндірістік зиянды заттардың жиналуы. Қатты тұрмыстық және өндірістік заттардың көлемі жылына болжам мен 200,0 мың тоннаны құрайды, олар қаланың солтүстік - батыс бөлігінде орналасқан қоқыс полигонында жыл сайын жиналады.

  • «Южполиметалл» зауытының аумағындағы топырақ жамылғысы ластанған. Денсаулық сақтау және Қоршаған ортаны қорғау Министрліктерінің қатысумен қазақстандық және американдық ғалымдармен бірлесе, қорғасынмен ластанған жерлердің балалардың денсаулығына тигізетін әсеріне зерттеу жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде зерттеуден өткен 83 баланың барлығында қан құрамындағы қорғасынның үлесі шекті нормадан 6,5 есе асып кеткен. Бұл өз кезегінде балалардың жүйке жүйесіне және интеллектуалды дамуына кері әсерін тигізеді. Сонымен қатар, медициналық ақпарат орталығының мәліметіне сәйкес қаладағы ауру деңгейі орташа облыстық көрсеткіштен тері ауруы бойынша 2 есе, тыныс алу органдарының ауруы 2 есе, несеп-жыныстық аурулары 1,5 есе асып түскен. Сонымен қатар, зауыттың аумағында 2,4 млн.тонна металлургиялық қалдықтар бар.

Соңғы жылдары қала аумағының кеңейуіне байланысты елді мекендер тұрмыстық-қалдықтарды тастайтын және канализациялық тазалау орындарына жақындап қалды. Бұл тұрғындардың денсаулығына және қоршаған ортаға кері әсерін тигізуде. Осыған байланысты 2011 жылдан бастап күл қоқыс тастау полигонын рекультивациялау жұмыстары жүргізілуде.

Жаңадан тұрмыстық қоқыс полигонын және қоқыс өңдейтін зауыт құрылысын жүргізу үшін қаланың оңтүстік-батыс бөлігінен 34,0 га жер бөлінді. Қазіргі таңда қоқыс өңдеу зауытының құрылысы жеке инвестор «Технологий-21» ЖШС есебінен жүргізілуде, ал полигонға қажетті инженерлік жүйелердің құрылыстарына 2011 жылы қалалық бюджеттің есебінен 22,0 млн.теңге, 2012 жылы облыстық бюджеттен 353,0 млн.теңге қаржы бөлінді.

Тұрғындардың демалуына және өзен арналарының су жуу қауіпінің алдын-алу мақсатында «Бадам» өзенінің маңына жағажай құру және «Қошқар-ата» өзенінің арнасын көріктендіру жұмыстары басталды. Бұл мақсатта 2012 жылы облыстық бюджеттен 40,0 млн.теңге қаралып, «Бадам» өзенінің көріктендіру жұмыстарын 2013 жылы аяқтау жоспарлануда.

2012 жылы «Жасыл Ел» көгалдандыру іс-шарасына сәйкес, 35 мың дана декоративті ағаш көшеттері отырғызылды. Сондай-ақ, алаңы 1000 га «Жасыл аймақ» аумағындағы отырғызылған ағаш көшеттері жүйелі күтіп ұсталынуда.


Негізгі мәселелер:

  • өндірістік кәсіпорындардың қаланың тұрғын аймағында санитарлық аймақтарды сақталуысыз жақын орналасуы, бұл қаланың экологиялық тұрақтылығына зиян тигізеді;

  • өнеркәсіп кәсіпорындарынан қалған зиянды қалдықтарды жою технологиясының жоқтығы;

  • қалада көлік саны ұдайы өсіп, қоршаға ортаға зиянды заттар көлемінің артуы;

  • жылжымалы көздерден шағытан (автокөліктер) зиянды заттардың статистикалық есептіліктің жоқтығы;

  • қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің жетілмеуі;

  • қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу зауыты құрылысының ұзақ мерзімге созылуы;

  • қоқыс жинау техникаларының жетіспеушілігінен, қала аумақтарында стихиялық күл-қоқыстың жиналуы;

  • «Южполиметалл» зауытының аумағындағы топырақ жамылғысының ластану және металлургиялық қалдықтың тазаланбауы.



2.2.5. Аумақтық (кеңістік) дамуы

Шымкент қаласының аумағы 40 080 га құрайды, бұл облыс аумағының үшінші бөлігін алады, соның ішінде тұрғылықты аумақ ауданы – 16 793,8 га, тұрғылықты аумақтан тыс – 5 762 га, қала шекарасы ішіндегі бос аумақтар ауданы 1 871,8 га, басқа аумақтар ауданы -15 369,4 га құрайды.

2015 жылға қарай Шымкент қаласының аумақтық тұрғыдан солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс, оңтүстік-батыс және батыс бағыттарда дамыту арқылы қала аумағының ауданы 117,0 мың га құрайды деп жоспарлануда.

Шымкент қаласының аумақтық (кеңістік) бәсекелік артықшылығы ретінде - қолайлы жағрафиялық орналасуы, тұрғындар тығыздылығы, рекреационды, адам потенциалына бай қала ретінде сипаттауға болады.

Кеңістік бөліктері мен элементтері арасындағы экономикалық байланыстардың жиілігін анықтайтын қаланың көлік желілерінің жағдайы жолдардың төмен өтімділігі, әсіресе қаланың орталық бөлігінде проблемалық болып саналады.

Шымкент қаласының рекреациясы тарихи, мәдени–қызмет көрсету объектілерінің кең желісінде: негізін бақтар құрайтын аумағы 117 га қаланың жасыл аймағы, дендропарк (ауданы -120,52 га), зоопарк (ауданы – 54 га). Жасыл желектер аумағы 478,0 га құрайды, 1 адамға 7,6 шаршы метр.

Қаланың рекреациялы дамуын тежейтін факторларға - табиғат ескерткіштері мен қаланың және жақындағы аудандардың табиғи объектілерін толығымен пайдаланылмай жатқан туристік инфрақұрылым, сонымен қатар қаланың экологиялық жүйесінің айтарлықтай төмендеуі болып отыр.
Негізгі мәселелер:


  • Шет аймақтардағы елді мекендер жоспарлау жобасынсыз салынған, қаланың сәулеттік келбетіне кері әсерін тигізеді;

  • қалақұрылысын дамыту үшін құрылыс алаңдарындағы жер телімдерін мемлекеттің мұқтаждығына алу процесстерінің ұзаққа созылуы;

  • құрылыс нысандарында «қызыл сызықтың» сақталмауы.


2.2.6. Шымкент агломерациясының дамуы
Соңғы 10 жылдың ішінде қаланың әлеуметтік-экономикалық, демографиялық өсімін ескере келе, қала шекарасы 13,0 мың га-дан 40,0 мың  га-ға дейін, одан кейін 2012 жылы 40,0 мың  га-дан 2014 жылы 117,0 мың га дейін ұлғайтылды. Сәйкесінше, қалаға жақын орналасқан елді мекендер қала шекарасына еніп, демографиялық өсімге де әсер етуде. 2000-2012 жылдары халық санының өсімі жылына 3,5 пайызды құрады. 2012 жылы халық саны 661,2 мың адамды құрап, 2000 жылмен салыстырғанда 525 пайызға өскен (2000 жылы – 435,3 мың адам). Қазіргі қаланың даму жағдайындағы құбылысты әлемдік тәжірибе бойынша қалалық даму процессінен агломерациялық даму процессіне өту кезеңі ретінде бағалауға болады. Бұл, өз кезегінде қаланы аумақтық дамытудың, халықтың өмір сүруі мен тіршілік етуіне қолайлы орта қалыптастырумен қатар, агломерациялық процесстерді тиімді басқару үшін бас жоспарды қайта қарап, өзгерістер енгізуге мәжбүр етті. ҚР Үкіметінің 3.09.2012 жылы №1134 Қаулысымен бекітілген Бас жоспарда, Шымкент қаласын жақын маңдағы қалалар мен елді мекендерді қамтитын орталық ретінде дамыту көзделген. Сонымен қатар, қалаға жақын орналасқан Сайрам, Төлеби, Ордабасы аудандарындағы 145,0 мыңға жуық халқы бар 40 елді мекен қала шекрасына қосылды.

ҚР «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына сәйкес изохрон тәсілі бойыша (1,5 сағат ішінде көлікпен қол жетімділік) агломераця аймағының орталығы ретінде Шымкент қаласы, Сайрам, Төлеби, Ордабасы, Бәйдібек, Түлкібас, Қазығұрт аудандары, Арыс қаласы енгізілген.

Шымкент агломерациясы аумағындағы халық санының үлесі Республика халық санының 8,5 пайызын құрайды (1,4 млн.адам).

Шымкент агломерациясының ауқымын даму коэффициентінің (7,4) жоғары екенін ескере келе, республика бойынша агломерциялық дамудың 1-ші деңгейіне Астана, Алматы қалаларынан кейін Шымкент қаласы енгізілген.


Негізгі мәселелер:

  • қаланың орталығымен шет аймақтарындағы даму үрдісінде тепе-теңдіктің сақталмауы;

  • агломерация әсер ететін аймақтардың нақты шекарасының айқындалмауы;

  • қаланың инфрақұрылым жүйелеріне жүктеменің өсуі, шет аймақтардың инфрақұрылым жүйелеріне қосылмауы;

  • қаланың шет аймақтарында ретсіз құрылыс жайларының дамуы;

  • қалаішілік және магистралдық жолдардың көлік өткізу қабілетінің төмендігі;

  • санитарлық-экологиялық жағдайдың күрделенуі;

  • өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және жасырын жұмыссыздық деңгейінің жоғаруы болуы;

  • еркін экономикалық аймақ және индустриалық аймақтардың қала экономикасын дамытудағы ролі төмен деңгейде.


2.2.7. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу, зардаптарын жеделдетіп жою.

Қаланың географиялық сипаттамасына қарай: күрт континентальды климаты, өсімдігі, гидрологиясы және жоғарғы сейсмикалығына, ыстық және құрғақ жазы, қатты желдер, қаланың аумағы мен халқы бірқатар табиғи жағдайларға бейімделген.

Болуы мүмкін жойқын жер сілкінісі, су басу мен тасқыны, желдер, елді мекендерді және автокөлік магистралдарын қар басып қалу адам өліміне, едәуір материалдық шығындарға, халықтың тыныс-тіршілігінің бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Технологиялық процессінде улы заттарды, жарылғыш және өрт қауіпі бар газдар мен сұйықтарды пайдаланатын өнеркәсіптік орындарының болуы және транспорттық магистральдағы апаттар техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қауіпін тұғызады, ал Бадам су қоймасының бөгеті бұзылған жағдайда ауқымды жерді су басуы ықтимал.

Шымкент қаласы аумағының қаупін бағалауы көрсеткендей, халық пен шаруашылық нысандарға ең қауіпті болып келетін – жер сілкінісі, Бадам су қоймасының бөгеті бұзылған жағдайдағы су басу және қатты әсер ететін улы заттардың тасталуы.

Су басумен тасқын қауіпі:

Шымкент қаласының аумағында 3 канал бар: «Шымкент» - 20,6 км, «Жаңа-Шек» - 11,8 км, «Жаңа-Бай» - 3,7 км және Бадам магистралды каналы. Сонымен қатар, ұзындығы 5,4 км Қара-су, Қошқар-ата – 9 км, Бадам өзендері ағып өтеді.

Қалада жер асты су деңгейлерін төмендету үшін тік дренажды 29 скважина жұмыс істейді.

Көктем кезінде мол жауын-шашынның және туларда мұз бен қардың еру нәтижесінде Шымкент қаласының аумағында тұрғын үйлердің ауласын су басуы ықтимал. Су тасқыны және су басу құбылыстары наурыздан бастап, мамыр айына дейін жалғасады.

Су тасқындары мен су басулары туындатуды ықтимал өзендер мен каналдар: Бадам, Қошқар ата, Қарасу өзендері және Шымкент, Жаңа-Шек, Жаңа-Бай, Бадам магистралдық каналдары.

Бадам өзенінің суы тасыған жағдайда 6,0 ш.км құрап, 4750 халқы бар Чапаевка поселкесі, «Химфарм» АҚ мен қорғасы зауытының аймағын су басу қауіпі бар.



Қар басу, қар көшкіні қауіпті аймақтар:

Оңтүстік Қазақстан гидрометеорология орталығының бақылауы бойынша, қыс мезгілінде тәулік ауа температурасының күрт ауытқуларына байланысты көктайғақ болуы ықтимал, электр желілерінде ылғалды қардың жиналу құбылысы болып тұрады. Қардың көп жауы, қарлы борандар, қар басу құбылыстарына тән қала көшелері: Тәуке-хан даңғылы (М.Әуезов атындағы ОҚМУ), Ордабасы алаңы, Анаров көшесі, теміржол станциясының аймағы, 11 ш.а. «Алатау» дүкені аймағы, Желтоқсан көш., Рысқұлов көш., Байтұрсынов көш., Момышұлы даңғылы.



Өрт қаупі:

Тұрғын секторларда өрттер мен адам өліміне алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмыстарына басты назар аударылып отырса да, өрттің басым көпшілігі тұрғын үйлерде орын алып отыр. 2012 жылы 196 өрт орын алып, 99,9 млн.теңгеге материалдық шығындарға ұшыратты. Өрттің негізгі себептері: жалынмен абайсыз болу, тұрмыстық электрқұралдарды және пештерді пайдалану кезінде өрт қаупсіздік ережелерін бұзу, өнеркәсіпте электр жабдықтарын орнату және пайдалану ережелерін бұзу.

Қазіргі уақытта қала аумағында 5 өрт депосы орналасқан. Сайрам ауданы Сайрам ауылында орналасқан 2 арнайы өрт автокөлікке арналған 1 өрт сөндіру бөлімшесі Шымкент қаласының есебіне кіреді.

Жер сілкінісі қаупі:

Қала аумағы 7 баллға дейін жерсілкінісі болуы ықтимал жоғары сейсмикалық белсенділік аймақта орналасқан.

Жер сілкінісінің нәтижесінде құрылыстар түрлі дәрежеде қирауы мүмкін: 26072 ғимарат – қатты және орташа дәрежеде қирайды, 11554 ғимарат – жеңіл зақымдануы мүмкін.
Негізгі мәселелер:


  • қаладағы 30-дан 60%-ға дейін өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттары мен құрылыстардың сейсмотұрақтылығы талапқа сәйкес емес ;

  • каналдар мен өзен арналараның бей-берекет ағыны, санитарлық қорғау аймақтырының сақталмауы;

  • шағынаудандар мен елді мекендерде ағын су жүйелерінің (ирригация) жоқтығы;

  • елді-мекендерде электр желілерінің бейберкет құрылыс нормаларынсыз салынуы;

  • өрт сөндіру деполарының, автокөліктердің, арнайы техникалардың жетіспеушілігі.


2.2.6. Жергілікті мемлекеттік қызмет көрсету
Қазақстан Республикасының Президенті 2012 жылдың 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында халыққа және мемлекетке қызмет етуді барлығынан жоғары қоятын кәсіпқой мемлекеттік аппарат қалыптастыру міндетін қойды.

Мемлекеттік саясаттың нақты бағыттарын жүзеге асыруға жауапты кәсіпқой басқарушылардың жаңа санаты – «А» корпусы  құрылды.

«А» корпусына бірінші кезекте жауапты хатшылар мен облыс әкімдерінің аппарат басшылары, комитет төрағалары, қалалар мен аудандар әкімдері кіреді. Бұдан былай мемлекеттік қызметші лауазымдық сатымен кезең-кезеңмен, билік иерархиясының бір сатысынан келесісіне өзінің машығын жетілдіре және кәсіби деңгейін арттыра отырып көтерілетін болады.

2012 жылы қала әкімдігіне қарасты 13 құрылымдық бөлімдерде, 3 қаладағы аудан әкім аппараттарында және қалалық мәслихат аппаратында 304 мемлекеттік қызметкерлер жұмыс жасаған.

Қазақстан Республикасының 13 маусымдағы мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату және жергілікті өзін өзі басқару мәселелері жөніндегі Заңдарын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы жергілікті мемлекеттік басқару базалық құрылымын бекіту туралы №608 және 2013 жылғы 29 сәуірдегі №411 «Министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың штат саны лимиттерінің кейбір мәселелері және кейбір мемлекеттік мекемелерті тарату туралы» қауылылары қабылданып, Оңтүстік Қазақстан облысына қосымша штаттық бірліктері беру қарастырылды. Оның ішінде Шымкент қаласына 4 құрылымдық бөлім қайта құрылып, қосымша 64 штат берілді.

2012 жылы қаланың жергілікті атқарушы жұмыс жасайды органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстары ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі №745 «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» және 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 қаулыларына сәйкес атқарылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет