Сырдария өзенінің ихтиофаунасының түрлік құрамының биологиялық ерекшеліктері



бет8/13
Дата21.12.2023
өлшемі0.9 Mb.
#487473
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Ғылыми жоба зоология Бөкейхан Айсұлу жби-012 тобы

Жайын (Sіlurus glanіs)-сүйекті балықтар класының жайынтәрізділер отрядына жататын балық түрі.Жайын балығының денесінің ұзындығы 5м-дей болады.Жайын балығының жалпы салмағы 300 кг-ға дейін жетеді.Жайын балығының арқасы қара түсті,ал бауыры ақ түсті болып келеді.Жайын балығының бауырының бүйірінде түрлі дақтар кездеседі.Жайын балығының басының пішіні жалпақ болып келеді,кеудесінің пішіні қысқа болып келеді және құйрық қанаттары астыңғы-үстіңгі қалақшаларға бөлінбей орналасқан.Жайын балығының тістері көп қатарлы болып келеді.
Көбеюі және қоректенуі
Жайын балығының жыныстық жетілу мерзімі 3-4 жыл шамасын құрайды.Жайын балығы уылдырықтарын судың қолайлы температурасы 18 – 20°С-қа жеткенде шашады.Жайын балығының уылдырық шашу мөлшері 11 – 480 мыңға жетеді.
Қоректенуі
Жайын балығы көбінесе ұсақ жәндіктермен,зоопланктондармен,бақамен,ұсақ балықтармен және моллюскілермен қоректенеді.



11-сурет.Жайын балығы


Түркістан қаязы (Barbus capіto conocephalus)-сүйекті балықтар класының тұқытәрізділер отрядының қаяз туысына жататын балық түрі.Түркістан қаяз балығының ерекшелігі-ол тұщы суды мекендейді және алыс қашықтыққа қоныс аудармайды.Түркістан қаяз балығының қабыршағының пішіні ірі болып келеді.Түркістан қаяз балығының денесінің ұзындығы 70 см-ге дейін жетеді.Түркістан қаяз балығының жалпы салмағы 5 кг-ға дейін жетеді.
Көбеюі және қоректенуі
Түркістан қаяз балығының жыныстық жетілу мерзімі 4-6 жыл шамасын құрайды.Түркістан қаяз балығы уылдырықтарын судың қолайлы температурасы 16 – 23ºС-қа жеткенде шашады.Түркістан қаяз балығы уылдырықтарын көбінесе сәуір айының аяғы және шілде айының басында шашады.Түркістан қаяз балығының уылдырық шашу мөлшері 195 мыңға дейін жетеді.
Қоректенуі
Түркістан қаяз балығы көбінесе балдырлармен,су жәндіктерімен,хирономидтермен,мизидтермен,креветкалардың дернәсілдерімен,зоопланктондармен,жылғалықтармен және ұсақ балықтардың түрлерімен қоректенеді [2].
12-сурет.Түркістан қаяз балығы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет