Сырдария өзенінің ихтиофаунасының түрлік құрамының биологиялық ерекшеліктері



бет5/13
Дата21.12.2023
өлшемі0.9 Mb.
#487473
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ғылыми жоба зоология Бөкейхан Айсұлу жби-012 тобы

5-сурет.Ақмарқа балығы
Қарабалық ( лат.Schіzothorax)-негізінен тұқы тұқымдасына жататын балықтың бір түрі.Қарабалық балығының аналь тесігі және аналь қанаты негізінен ірі қабыршақтармен қоршалған.Қарабалық балығының денесінің ұзындығы 40 см-ге дейін жетеді.Қарабалық балығының жалпы салмағы 1,2 кг-ға дейін жетеді.Қарабалық балығының түсі судың мөлдірлігіне байланысты өзгеріп отырады.Қарабалық балығының тіршілік ету ұзақтығы 7 жылды құрайды. Қарабалық балығының бүйірлерінде қоңыр түсті келген дақтар болады. Қарабалық балығының денесінде кездесетін қабыршақтары майда пішінді болады.
Көбеюі және қоректенуі
Қарабалық балығының аталық ұрпақтарының жыныстық жетілу кезеңі 3-8 жас аралығында,ал аналық ұрпақтарының жыныстық жетілу кезеңі 3-9 жас аралығында өтеді.Қарабалық балығы уылдырықтарын судың қолайлы температурасы 11°С шамасында шашады.Қарабалық балығының уылдырық шашу мөлшері 8-122 мыңдай уылдырықты құрайды.Қарабалық балығының аналық ұрпақтары уылдырықтарын бір мезгілде шашады.Қарабалық балығының уылдырық шашу уақыты 2 айға жетеді.
Қоректенуі
Қарабалық балығы негізінен балдырлармен,ұсақ жәндіктермен,моллюскілермен,хирономидтермен қоректенеді.





6-сурет.Қарабалық балығы


Өзен алабұғасы (лат. Perca fluviatilis)-сүйекті балықтар класының алабұға тәрізділер отрядына жататын алабұғалар тұқымдасына жататын жыртқыш және тұщы су балығының бір түрі.Өзен алабұға балығының денесінің ұзындығы 40-50 см-ді құрайды.Өзен алабұға балығының жалпы салмағы 2 кг-ға дейін жетеді.Өзен алабұға балығының денесінің түсі ақшыл түсті болып келеді.Өзен алабұғасы балығының денесіндегі қабыршақтары ірі болып келеді.Өзен алабұғасы балығының балық шаруашылығында кәсіптік маңызы зор болып табылады.
Көбеюі және қоректенуі
Өзен алабұғасы балығының жыныстық жетілу мерзімі 2-4 жыл шамасын құрайды.Өзен алабұғасы балығы уылдырығын көбінесе көктемнің ортасына қарай шашады.Өзен алабұғасы балығы уылдырықтарын сәуір және мамыр айларында шашады.Өзен алабұғасы балығы уылдырықтарын судың қолайлы температурасы 7-8'С-қа жеткенде шашады.Өзен алабұғасы балығының уылдырық шашу мөлшері 300 мыңға дейін жетеді.Жалпы өзен алабұға балығы уылдырықтарын шіріген түрлі өсімдіктердің қалдығына шашады.
Қоректенуі
Өзен алабұғасы балығы ұсақ жәндіктермен,жәндіктердің дернәсілдерімен,моллюскалармен және ұсақ балықтардың түрлерімен қоректенеді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет