Сырдария өзенінің ихтиофаунасының түрлік құрамының биологиялық ерекшеліктері



бет2/13
Дата21.12.2023
өлшемі0.9 Mb.
#487473
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ғылыми жоба зоология Бөкейхан Айсұлу жби-012 тобы

Жобаның мақсаты-Сырдария өзенінде мекендейтін балықтар қауымдастығының алуантүрлілігін зерттеу және олардың түрлерінің биологиялық ерекшеліктерін зерттеу
Зерттеу тақырыбының өзектілігі:Сырдария өзеніңде мекендейтін балықтардың қауымдастығын және Сырдария өзенінің ихтиофаунасының түрлік құрамының биологиялық ерекшеліктерін кешенді зерттеу болып табылады.Жалпы Сырдария өзенінің ихтиофаунасы өзен экожүйесінің маңызды бөлігі болып табылады.Сырдария өзеніңдегі ихтиофаунаның түрлік құрамындағы балықтардың морфологиялық ерекшеліктері мен морфологиялық көрсеткіштерінің сыртқы орта жағдайларына қарай өзгергіштіктерін зерттеу үлкен маңызға ие болып табылады.
Зерттеу міндеттері:
Сырдария өзенінде мекендейтін балықтардың түрлік құрамын зерттеу және балықтардың мекен-ету ортасының жағдайын бағалау
Сырдария өзенінің ихтиофаунасының алуантүрлілігінің динамикасын зерттеу
Сырдария өзенінде мекендейтін балықтардың морфологиялық және биологиялық көрсеткіштерін зерттеу
Сырдария өзенінде мекендейтін балықтардың түрлік құрамындағы балықтардың дамуын зерттеу


1.Сырдария өзенінің физикалық-географиялық жағдайының сипаттамасы.
Сырдария өзені-Орта Азияда орналасқан өзен болып табылады.Сырдария өзені негізінен Орталық Тянь-Шань жоталарынан бастау алып,Қырғызстан,Өзбекстан,Тәжікстан аймақтары арқылы өтеді де,Қазақстанда Арал теңізі аймағына келіп құяды.Сырдария өзенінің жалпы ұзындығы-2219 км-ді құрайды.Сырдария өзенінің Қазақстандағы ұзындығы-1400 км-ді құрайды.Сырдария өзенінің алабы 800000 шаршы километр шамасын құрайды.Сырдария өзенінің суы Орталық Азияда өсірілетін ең құнарлы мақтаның аймақтарын суғаруға пайдаланылады.Жалпы Сырдария өзенінің 1000 км-ден астам бөлігі Қазақстан территориясы арқылы өтеді.Сырдария өзені Орталық Тянь-Шаньда екі ірі өзен: Қарадария және Нарын өзендерінің қосылуынан бастау алады. Нарын өзенінің құйылысынан кейін төменде Сырдария өзені Ферғана аңғары арқылы оңтүстік-батыс бағытқа қара ағады.Ферғана аңғарынан бастауын алғаннан кейін ағысын солтүстік-басытқа қарай жалғастырады.Сырдария өзені Шыршық өзені қосылғаннан кейін Қазақстан жерінде бастауын алады.
Жалпы Сырдария өзенінің ағысы Қырғызстан елінің таулы аймақтық жерлерінде қалыптасады.Сырдария өзенінің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарындағы орналасқан алабы құмды болып келеді.Жалпы Сырдария өзенінің 130-ға жуық саласы бар болып табылады.Сырдария өзенінің Қазақстандағы ең ірі салаларына-Келес, Құркелес, Арыс өзендері жатады.Сонымен қатар Сырдария өзені қар және аздап мұздықпен,жауын-шашынның суларымен толысады.Сырдария өзенінің ағынының орташа жылдық деңгейі сәуір айынан бастап көтеріле бастайды.Сырдария өзенінде Қуаңдария және Жаңадария сияқты көне құрғақ арналар кездеседі.Сырдария өзенінде кездесетін көптеген су алаптарының көпшілігі суландыру мақсатында қолданылатын каналдарға айналған.Сырдария өзенінің сол жағасын-Мырзашөл және оң жағасын-Дальверзин суландыру жүйелері құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет