Сырдария өзенінің ихтиофаунасының түрлік құрамының биологиялық ерекшеліктері



бет6/13
Дата21.12.2023
өлшемі0.9 Mb.
#487473
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Ғылыми жоба зоология Бөкейхан Айсұлу жби-012 тобы

7-сурет.Өзен алабұғасы


Табан балық ( лат.Abramis)-сүйекті балықтар класының тұқы балықтар тұқымдасына жататын балықтың түрі.Табан балықтың денесінің ұзындығы 50 см-ді құрайды.Табан балығының жалпы салмағы 5 кг-ға дейін жетеді.Табан балығының төс қыры құрсақ жүзбеқанаттарынан кейін орналасады.Табан балықтың аналь жүзбеқанаттары ұзын болып келеді.Табан балық аса күй талғамайды.Табан балығы басқа балықтар тіршілік ете алмайтын суларда тіршілігін жалғастыра алады.Табан балығының балық шаруашылығында кәсіптік маңызы зор болып табылады.
Көбеюі және қоректенуі
Табан балығының жыныстық жетілу мерзімі 2-4 жыл шамасын құрайды.Табан балық уылдырығын көбінесе шілденің соңы және тамыз айының басында шашады.Табан балығы уылдырықтарын судың қолайлы температурасы 14°С-қа жеткенде шашады.Табан балығының уылдырық шашу мөлшері 383 мыңға дейін жетеді.Табан балығы өз уылдырықтарын судың таяз келген жерлеріне шашады.
Қоректенуі
Табан балығы ұсақ жәндіктермен,зоопланктондармен,зообентостармен,өлекселермен,ұсақ балық түрлерімен қоректенеді.





8-сурет.Табан балық


Қылыш балық (лат. Pelecus cultratus)-сүйекті балықтар класының тұқытәрізділер отрядының,тұқылар тұқымдасына жататын балықтың түрі.Қылыш балықтың денесінің ұзындығы 48 см-ді құрайды.Қылыш балықтың жалпы салмағы 1,1 кг-ға дейін жетеді.Қылыш балықтың арқа жағы дөңес болы келеді.Қылыш балықтың денесінің пішіні екі бүйірінен қысыңқы және ұзын болып келеді.Қылыш балықтың құрсақ бөлімінде өткір қыры болады.Қылыш балығының қабыршақтары пішіні жағынан майда болып келеді.Қылыш балықтың көкірек жүзбеқанаттарының пішіні ұзын болып келеді.Қылыш балықтың көкірек жүзбеқанаттары құрсақ жүзбеқанаттарына дейін жалғасып келеді.
Көбеюі және қоректенуі.
Қылыш балықтың жыныстық жетілу мерзімі 3 жыл шамасын құрайды.Олардың арасында 4-5 жыл кешігіп жетілетін түрлері де кездеседі.Қылыш балық уылдырығын көбінесе сәуір айының соңы,мамыр және маусым айларының ортасына қарай шашады.Қылыш балығы уылдырықтарын судың қолайлы температурасы 12°С-қа жеткенде шашады.
Қоректенуі.
Қылыш балығы көбінесе ұсақ жәндіктермен, планктонды шаянтәрізділермен,зообентостармен,қосқанаттылар дернәсілдерімен, бүйірімен жүзушілермен, балық шабақтарымен және мизадалармен қоректенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет