Сүйіктім менің, электра (пьеса) Ласло Даркодан



бет8/16
Дата03.01.2023
өлшемі74.92 Kb.
#468093
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Сүйіктім менің, Электра

ОНЫНШЫ КӨРІНІС
Электра, Хор.
ЭЛЕКТРА. Маған не болған. О тәңірі, түсінсем не дейсің? Осындайда дал болған басыңды көкірегіне апарып сүйейтін ана менде сірә жоқ. Қанішер Клитемнестра анадан тірідей айырды. Орест кеткен бұл дүниеде мен тірі қап не бітірем. Әлгі жігіт кім болды. Орест өлсе де, шыққыр көзім көріп тұр, құм құйылғыр аузым сөйлеп тұр. Мұндай да болуы мүмкін бе өзі? Онсыз мен қайтіп тірі жүрем? Орест, мұны сен маған кешіре аласың ба? Кешіресің бе? Қайран бауырым, жарық жұлдызым, өмірім, кешір, кешір мені. Сен Электраға бар деп өз орныңа әлгі жігітті жіберіпсің?
– Ол кім? Құтқарушым ба, жоқ ғашығым ба? Әлде әрі ғашығым, әрі құтқарушым бір өзі болғаны ма? Орест, бауырым, басы дал болған бейшара қарындасыңа өзің қамқор бол. Күту деген оңай екен. Қарындас болып ағамды, бақытсыз боп құтқарушымды күтіп ем. Сен келмедің, орныңа махаббат келді, ғашық келді.
Орест, қымбаттым, сенесің бе бұған? Ешкімге бас имейтін тәкаппар Электра қайдағы бір қаңғырма біреудің құшағына еніп, алдына тізерлеп жығылып, сүюге әзір тұр. Мені еркімнен осынша айырардай, оған қандай құдірет дарытып ең? Мейлі, дүние төңкерілсе де, көк аспанда күн сөнсе де айтарым біреу-ақ: Орест, сен өлгенмен, қарындасың Электра сондай бақытты.
ЕКІНШІ БӨЛІМ
ОН БІРІНШІ КӨРІНІС
Электра, Хор.
ЭЛЕКТРА. Мен сені қанша жыл сарыла күттім, Орест. Аш кісі бір үзім нанды, сәби анасын, соқыр жарық дүниені қандай аңсаса, мен де сені сондай аңсадым. Сен келсең, бейшара Электраның жаны жай табар еді. Одан әрі арпалысып қайтсін. Қорғаны қасында болса, неден қорықсын.
Бірақ, сонда менің күнім не болмақ, Орест? Мен сонда кім болдым? Таж киген сенің тағыңның қасында отыратын ақылшы қарындасың болам ба? Әлде, қаріп-насірге қайыр-садақа тарататын патихашыл кейуана болам ба? Немесе сүйіктің екеуің бірге жататын төсегімді кесте тігіп әшекелеймін бе? Әлде, құдай жалғыз, мен жалғыз деп қолымды төбеме қойып, беталды құладүзге қаңғып кетем бе? Ах, Орест, сонда бар мұратына жетіп, енді нені аңсап, нені армандарын білмейтін адам не істеу керек?
ХОР. Не үшін өмір сүруі керек екенін білмейтін адам не істеуі керек?
ЭЛЕКТРА. Өзің келмей орныңа басқа біреуді жібергенде сен осының бәрін білдің-ау? Орест, қымбаттым, сен болсаң қазір суық қабірде жатырсың. Ал Электра бүгін ұйқыдан ояна сала жаймашуақ күн нұрына ұзақ елтіп жатты. Сен оған ашуланба. Өйткені, маған осынша бақыт сыйлаған өзіңсің ғой. Заң да сенің билігінде екен, тағдырымның тізгінін де бердім сенің қолыңа. Сенің айтқаның болады. Айналайын бауырым-ай, сен келсең, сенімен бірге менің де ажалым жететінін қалай білдің. Енді міне, өз орныңа өзге біреуді жұмсап, өзіңе бұйырмаған өмірді маған қиып отырсың. Қайран Орест-ай, сонда Электра өмір сүру үшін өлуге тиісті болғаның-ау? Сен тірі жүрсең, менің өлмегім шарт екен ғой?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет