Сұлтанова Бибігүл Мыңбайқызы Бейсеева Нұргүл Әбдіқадырқызы Тойғанбекова Майра Шоданқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ Әдебиеті



бет2/21
Дата20.01.2023
өлшемі0.92 Mb.
#468558
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
treatise105772

Екінші бөлім


ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ТАРИХИ-ӘДЕБИ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ БАЛАЛАР ПОЭЗИЯСЫ
1.1. Балалар әдебиетінің қалыптасып дамуы, зерттелуі және оқулық жасау мәселесі........................................................................................................................ 1.2. Балалар баспасөзінің дамуы және балалар әдебиетіне қатысты алғашқы мақалалар.................................................................................................................. 1.3. Балалар фольклорының жиналып, зерттелуі................................................ 30 1.4. Балалар поэзиясындағы фольклорлық дәстүрлер.................................. 38 1.5. Балаларға арналған ертегі-поэмалар.............................................................. 56
II. ИДЕЯЛЫЛЫҚ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМ
2.1. Идеялы нысана және бейнелік әлем............................................................... 65
2.2. Балалар лирикасының өзіндік сипаттары....................................................... 91 2.3. Табиғат лирикасының балалар әдебиетінен алатын орны.......................... 94
2.4. ХХ ғасыр басындағы ақындардың табиғатты жырлауда кейіптеу тәсілі 103

АЛҒЫ СӨЗ
Еліміз тәуелсіздік алғалы бері, қазақ әдебиетіндегі арналы салаларын тану, зерттеу жаңаша бағдар алды. Кез келген халықтың рухани мұрасын саралап-салмақтау үшін негізгі мағлұмат көзі – оның сөз өнері. Бүкіл ұлттық болмыс бітімін образды ойлар арқылы айшықтауға бейім қазақ халқы үшін поэзия, прозамен қатар ұлттық драматургиямыздың тұла бойында тұтаса тұнып тұрған қыруар қазына бар. Ұлттық драматургиямыздан да әдебиеттің өзге тектері секілді елдік мұрат пен мүддені, арман мен межені таныдық. Қилы-қилы заманның дауылды, боранды мен бұрқырағын борасынды заманында азаттық жолындағы арпалыстың қуатты құралы ретінде қызмет етті. Сондай-ақ халық рухының құрыштай берік, алмастай жарқыраған кезі мен қам кесектей босаң кездерін баяндады, сахнаға алып шықты. ХХ ғасыр басындағы аласапыран дәуірде туып, қалыптасып, дамып қана қоймай, ширап-шыныққан драматургиямыз идеялық-тақырыптық жағынан жаңғырып-жаңаланып, көркемдік кестесі ұдайы түлеп-толысып отырды.
Бұл оқу құралының көкейкестілігі ел президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа жолдауында атап көрсетілген нақтылы мәселелермен тікелей байланыстылығымен бірге, мемлекетіміздің дербес дамуының мәдени-рухани қырынан қарағанда тіпті тиянақтала түседі. Жолдауда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «жалпы қазақстандық мәдениетті дамытуға жаңаша серпін берген жөн. Мәдени саясаттың ұзақ мерзімді тұжырымдамасын әзірлеу қажет. Онда қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыруға, заманауи мәдениет кластерлерін дамытуға бағытталған шаралар белгілеу керек» деген елдің рухани саласындағы бағыт-бағдар беретін үлкен мәні бар құжатқа айналған сөздерімен бұл оқу құралында іштей сабақтас.
Бұл оқу құралының зәрулігі Қазақстан республикасы тәуелсіздігі тағлымы мен тәжірибесін таразылау талабынынан да туындайды.
«Қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыру» нәтижесінде мемлекеттігіміз, тәуелсіздігіміздің, қазақ тілінің қолданылуы, мәңгіліктігі баянды болмақ. Сана серпілісі жағдайында ғана қазақ мемлекетінің еркін ойлы, азат, іскер де қабілетті, отаншыл азаматы өсіп шығады. Осы орайда аталған оқу құралында сөз болған ұлттық драматургия, театр өнері мәселелері ұлтымыздың өзін өзгеден айрықшалайтын дара мүсінін, дербес мінезі мен мәдениетін танып-түйсінуіне ықпал етері сөзсіз. Халқымыздың рухани болмысы мен танымдық зердесін пайымдауға дәнекер болмақ.
Аталған оқу құралы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде төл топраққа тән өнер, салт пен дәстүр, парасат пен кісілік, тіл мен таным, ұлттық психология бедерленген ұлттық драматургиямыз қарастырылған. Екінші бөлімде ХХ ғасыр басындағы балалар әдебиетінің көрнекті өкілдері жайында, балалар әдебиетінің даму бағдары, жанрлары туралы рухани шежіремізді көпшілікке ұсындық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет