Сұлтанова Бибігүл Мыңбайқызы Бейсеева Нұргүл Әбдіқадырқызы Тойғанбекова Майра Шоданқызы ХХ ғасыр басындағЫ Қазақ Әдебиеті


Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар



бет14/21
Дата20.01.2023
өлшемі0.92 Mb.
#468558
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
treatise105772

Тақырып бойынша дайындалуға арналған сұрақтар:

  1. Ұйқыдан ояту идеясы

  2. Оқуға шақыру, білім алу тақырыбы

  3. Оптимистік рух

2.3.Балалар лирикасының өзіндік сипаттары
Балалар әдебиеті – қоғам қажеттілігінен, өмірдің өзінен өрбіген әдебиеттің жеке бір саласы. Қай кезеңде болса да оған қойылар талап пен шарттың ерекше болуы заңды. Балаларға арналған шығармаларға қойылар талап алғаш рет сәйкес 1927 жылы Қазақстан Оқу комиссариатының «Жас балалар кітаптарына қойылатын шарттар» [39] деген нұсқау хатында атап көрсетілді. Көркемдігі туралы, кейіпкерлер іс-әрекетінің нақтылығы мен айқын болуы туралы «Көркемдік жағынан бала кітабына жалпы сырлы әдебиетке қойылған шарт қойылады. Бала кітабы жай бір қара тілмен жазылмасын. Кітап балаға қызғылықты, ойын оятатын, тілін байытып көркейтетін болсын, бірігіп жұмыс қылуға тартатын болсын. Бала кітабындағы кейіпкерлер айқын болсын. Кітапты бала бал жалағандай сүйетін болсын» [39] десе, шығарманың тіліне және жас мөлшерінің атқарар рөліне қойылар талап: «3-4 жастағы баланы нәрсенің сырт жағы қызықтырады, көрініс еліктіреді. Бала осы сыртқы көрініс арқылы білімін арттырады. Сондықтан 3-4 жасар балаға арналған кітап кіл сурет қана болу керек. Мұндай кітапта жазу болса өте қысқа, бір-екі сөзден артық болмауы керек», - десе, ал 5-7 жастағы балдырғандар үшін жазылатын әдебиетке: «Бұл жастағы бала да нәрсенің сыртқы пішініне көп әуесірек болады. Сондықтан суреттің әсері мықты болады. Суретпен бірге сөз болса, қысқа және дауыстап оқылатын болсын. Бұл жаста баланың тілі байитын кезі. Тіл байлығының қоры осы жаста жиналады. Екі-үш адам болып сөйлейтін әңгімелер болғаны артығырақ» [39] деген талаптар қойылған. Сондай-ақ, бұл құжатта 8-12 жас және 13-16 жас арасындағы ересек балаларға арнап жазылатын әдебиеттерге қойылатын талап-тілектері де соқырға таяқ ұстатқандай анық. Бұл нұсқау хаттың «Ересек бала кітабына қойылатын шарттар» деген бөлімінде : «Бұл кездегі балалар нәрсеге тереңдеп қарауға, өз ісін біліп реттеуге де ұмтылады. Бұларды адамның жаратылыспен тартысы да қызықтырады. Сондықтан ересектерге техника жайынан, ілім табысынан, олардың болашағына сырлы роман түрінде жазылған әңгімелер беруге болады, сондықтан ересектерге жаратылыс сырын білдіретін кітаптар қолайлы болмақшы» деуі сол кездің өзінде-ақ балалар әдебиетінің талап-міндеттерінің айқын болғандығының көрінісі.
30-жылдарға дейінгі балалар туралы туындылардың барлығы бірдей балаларға арналған шығармалар емес екені мәлім. Сондықтан бұл кезеңдегі шығармалардың біразында балалар кейіпкерлер ретінде, көркемдік объект ретінде көрінгенімен, балалардың ұғым-түсінігіне кейде сәйкес келе бермейтін шығармалар да бар. Балалар әдебиетіне тән өзіндік сипаттары туралы: «Балалар әдебиеті – қиын әдебиет. Оның бірталай өзіндік ерекше сипаттары бар. Балалар кітаптарында әрекеттің нақтылығы мен образдың көрнекілігі, лириктік сезімталдылық, характерлер мен уақыттың динамикалық түрде дамуы, тіл тазалығы мен тартымдылығы қажет» [92,74б.], - дейді С.Қирабаев.
Қазақ балалар әдебиетін алғаш рет ғылыми тұрғыда зерттеген ғалым Шеген Ахметов балаларға арналған шығармалардың мынандай алты сипатын атап көрсетеді: -көркем образдың нақтылығы, -лиризмнің болуы, -адам характерін суреттеуде динамиканың қажеттілігі, -көркем пейзаждардың көп болуы, -шығарма мазмұнының белсенділікке шақыруы - шығарма тілінің ойнақылығы, қысқа, түсінікті айқын әсерлі болуы. ХХ ғасыр басындағы қазақ балалар поэзиясында ең алдымен өнер-білім, оқу тақырыбы орын алғаны рас. Халық тағдыры, халықтың қиын-қыстау тіршілігінің шешімі, жас ұрпақтың болашағы оқу-ағарту ісімен тікелей байланысты болғандықтан қазақ классикалық поэзиясы алыптары мақсатқа жету үшін өз жырларын өскелең өрендерді тәрбиелеуде аса ықпалды құрал ете білді. Әрине қазақ ақындары жалаң идеяларға мойынсұнып, тақырыптық біржақтылықпен шектеліп қалған жоқ. Бұл ретте әсіресе табиғат лирикасының біршама дамуын айтуға болады. Осы кезеңдегі өнер-білім, оқу тақырыбы болсын, табиғат туралы өлеңдерде болсын ауыз әдебиеті үлгілері молынан көрінуімен бірге Абай, Ыбырай өлеңдерінің ықпалы да кеңінен байқалады. Әр сөзі жас жеткіншектер үшін өнеге, ғибрат болып табылатын ұлы Абай мен қазақ балалар әдебиетін қалыптастырушы Ыбырай дәстүрлерінің 30-жылдарға дейінгі балалар поэзиясында көрініс табуы, әсіресе, балалар әдебиеті саласына үлкен үлес қосқан М.Дулатовтың «Қирағат»(1911) кітабындағы өлеңдері мен әңгімелерінен анық байқалады. Мәселен, 7-8 аралас буынды өлшеммен жазылған «Мектепке» (1911), «Мектептен» (1911) өлеңдерінде қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстары оқушы бала іс-әрекетімен астастырыла беріледі.
Ашық күнде жарқырап, Жаңа жауған жатыр қар. Адамдардың беттерін Домбықтырып тұр ызғар.
Бұл өлеңнің объектісі қыс болғанымен, философиялық астары – «ұйқыдан ояту».
Жатырсыңдар неге ұйықтап, Күн шығып қалды, балалар. Таңертеңгі аязбен Мектебіңе жөнел бар [31, 22 б. ].
«Мектептен» өлеңінде сабақтан қайтқан балаларға ризашылық сезімі білдіріледі. Тіпті үй алдындағы Майлыаяқ та құйрығын бұлғаңдатып «ықылас қылады».
Мектептен қайтты балалар, Қызарып беті суықтан. Үй алдында Майлыаяқ Жатыр еді бұйыққан. Құйрығын бұлғап еркелеп, Қалды ықылас шындықтан.
Күліп шулап кірсе үйге, Самауыр тұр бу шыққан. Тойып алып тамаққа, Балалар жатып тыныққан [31, 23 б. ].
Бұл өлеңдерде ақынның балаларды оқуға шақыру идеясы көрінеді. «Қыс» тақырыбында жазған басқа ақындардың өлеңдерінде де осы оқуға шақыру идеясы басым. М.Дулатовтың «Мектепке», «Мектептен» өлеңдері сияқты қыстың аязды, боранды, тұманды күнін суреттейтін өлеңдері Ілиястың «Қыс»(1922), Сәкеннің «Ақша қар», «Қарлы аязда», Жүсіпбектің «Қыс», Мағжанның «Аққала» өлеңдерінде көрінеді.
Ілиястың «Қыс» өлеңінде:
Жалғыз-ақ мектеп іші қыста қызық Балалар ду-ду оқып, жазып-сызып. Үйде тар, далада қар, суық қысаң, Мектептен басқа жерде көңілсіздік [64,104 б ], -десе,
Жүсіпбектің «Қыс» өлеңінде:
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар, Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар... Қылаулатқан қырау бар. Боғы қатқан бұзау бар... Ай, балалар, балалар! Күнде оқуға жүрелік, Үйренелік, білелік [64, 104 б ], - дейді.

Қыстың ызғарына қарамай, күнделікті атқарылар шаруаларға қарамай оқуға бару, алдымен білім алу керектігіне басты назар аударады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет