СманқҰлова жанат ерекенқызы қазақстан республикасындағы кәсіби лицейлер мен колледждердің Қалыптасу және даму тарихы



бет4/17
Дата17.01.2023
өлшемі202.48 Kb.
#468493
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
автореф колледж

Зерттеудің нысаны. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі республикадағы кәсіби лицейлер мен колледждердің қалыптасу тарихы мен дамуына және онда маман жұмысшыларды даярлау барысына тарихи талдау жасау.
Зерттеудің пәні. Кәсіби лицейлер мен колледждердің нарықтық экономика, еңбек нарығы талабына сәйкес бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта буынды мамандар дайындауын ғылыми қорытындылау.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеу жұмысы республикамыз тәуелсіздік алғаннан кейін кәсіби лицейлік және колледждік білім жүйесінің қалыптасуы мен даму тарихын тарихи, теориялық, әдістемелік және деректемелік негізде қарастыра отырып, объективті түрде бағалауды мақсат тұтады.
Осы мақсатты іске асыру үшін төмендегі міндеттер қойылды:
- Қазақстан лицейлері мен колледждерін қалыптастырудың алғы шарттарын анықтау;
- Қазақстанда лицейлер мен колледждердің қажеттілігін нақтылаудағы көзқарастарға талдау жасай отырып, баға беру;
- колледждер мен лицейлерге қатысты үкіметтің қаулылары мен шешімдерінің мәнісін айқындай отырып, бұл оқу орындарын дамыту қажеттілігін дәлелдеу;
- лицейлер мен колледждердің дамытудың бағыттарын нақтылау;
- техникалық және кәсіби білім саласы жүйесіндегі бәсекеге қабілетті жұмысшылар мен орта білімді мамандарды дайындаудың түрлері мен тәсілдерін анықтай отырып, жүйелеп көрсету;
- экономиканың әрбір салаларына қажетті кәсіп иелерін дайындаудағы колледждер мен лицейлердің рөлін көрсету;
- дағдарыс жылдарында кәсіби оқу орындарының қиыншылықтарын көрсете отырып, нарықтық экономика талабына бейімделуін дәйектеу;
- лицейлер мен колледждердің материалдық-техникалық базасының жағдайын және оны әлеуметтік серіктестердің қатысуы арқылы нығайтудың шараларын зерделеу;
- бәсекеге қабілеттілікті іске асырудағы лицейлер мен колледждердің білім беру түрлері мен тәсілдерін талдау, әлемдік стандартқа сәйкестігін анықтау;
- лицейлер мен колледждердің инженер-педагог кадрлармен қамтамасыз етілуін және олардың біліктілігін көтеру ісін анықтау және ғылыми баға беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет