Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы мазмұны кіріспе І тарау. СӨздерді таптастыру жайлы алғАШҚЫ ҰҒым және оның Қалыптасуы


Үнді-Европа тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі



бет4/12
Дата08.09.2022
өлшемі368 Kb.
#460454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
dip -sozderdi-taptastyru-zhayly-algashqy-ugym-zhane-onyn-qalyptasuy

1.2. Үнді-Европа тіл біліміндегі сөздерді таптастыру мәселесі
Ең алдымен бұл тіл біліміндегі сөз таптарының шығуы мен дамуы жайында сөз қозғасақ, бұл тiл бiлiмi тарихи тұрғыдан сөз таптарын сөйлем мүшелерімен байланыстырып топтастырады.
Бұл мәселе жайында академик И.И.Мещанинов «Сөйлем мүшелері мен сөз таптары» деген салыстырмалы-типологиялық зерттеуінде былай деп жазды: «Зат есім өзінің сөйлемде заттық мағынадағы мүше (бастауыш және толықтауыш) болуымен бөлініп шығады, сөздердің сөйлемнің атрибутивті мүшесі (анықтауыш) ретінде жұмсалуы арқылы сын есім жасалады, үстеулер пысықтауыш мүше ретінде жұмсалады, етістік басқа сөз таптарынан баяндауыш (сөйлемнің іс-әрекетті білдіретін мүшесі) ретінде қызмет атқаруы нәтижесінде ажыратылады. Бұл жерде, сөйлемнің осылай мүшеленуімен лексикалық топтар жасалады», - дейді.
Зерттеушілер сөз таптарының сөйлем мүшелері қызметінде жұмсалу барысында біртіндеп жасалып қалыптасқанын көрсетеді
В.М.Жирмунский индоевропа тілдерінің көне дәуірінде зат есімдер мен сын есімдердің жігінің ажыратылмағандығын есім негіздердің ортақ болуы, есімдердің септелу формаларының бірдей болуы және т.б. жайындағы деректерді келтіре отырып дәлелдейді. Зат есімдер мен сын есімдердің және үстеулердің тілдердің даму барысында біртіндеп жігі ажырап, дербес лексика-грамматикалық категориялар ретінде қалыптасқандығын көрсетеді.
Сөз таптарының бірден пайда болмай, тілдің тарихи дамуы барысында біртіндеп жасалатындығы үстеулердің сөз табы ретінде жасалып қалыптасуынан әсіресе ашық айқын көрінеді. Зерттеушілер индоевропа тілдерінде зат есімдер мен сын есімдердің септік жалғаулы түрлерінің сөйлемде пысықтауыш қызметінде жұмсалу барысында олардан үстеулердің жасалғандығын айтады. Бұған орыс тіліндегі вечером, порой, кругом, издавна, вплотную және т. б. үстеулер дәлел бола алады (1,166-170).
Үнді-Европа тіл білімі ішінде орыс тіл біліміндегі сөз таптастыру мәселесі және сөз таптарының табиғаты жайында әр түрлі көзқарастар мен пайымдаулар бар. Олардың бірі бойынша сөз таптары сөздердің лексика-грамматикалық категориялары болып саналса, екіншілері бойынша сөз таптары сөздердің формальді грамматикалық категориялары, үшіншілері бойынша сөздердің таза грамматикалық топтары болып саналады.
М.В.Ломоносовтың XVIII ғасырдың орта тұсында басылым көрген «Русская грамматика» атты еңбегінен бастау алатын орыс тіл біліміндегі сөз таптастыру ілімінің тарихи даму жолын бүгінгі тіл білімі жетістігі тұрғысынан саралағанда, төмендегі негізгі бағыттарды ажыратып көрсетуге болады:

  1. семантикалық бағыт;

  2. формальдi-грамматикалық бағыт;

  3. лексика-грамматикалық бағыт.

Семантикалық бағыт өз бастауын жоғарыда сөз болған ежелгі үнділер мен гректердің тіл туралы ілімдерінен алады. Ежелгі үнділер мен гректердің сөздерді топқа бөлудегі сөздің семантикасына сүйенетін ілімін қабылдап, одан әрі дамытқан орыс грамматистерінің көрнектілері М.В.Ломоносов, А.Х.Востоков, Н.А.Греч, А.А.Потебнялар болды. Қазіргі орыс тіл біліміндегі бұл бағытты жақтаушылар ретінде А.С.Чикобава, М.В.Панов, В.Н.Мигирин, О.М.Ким секілді ғалымдарды атауға болады.
М.В.Ломоносов орыс тілі сөздерін семантикалық белгісіне қарай сегіз топқа бөледі:
1) есім; 2) есімдік; 3) етістік; 4) есімше; 5) үстеу; 6) сөз алдына қойылатын көмекші сөздер (предлог); 7) шылау (жалғаулық); 8) одағай.
Сөз таптары туралы ежелгі дәуір грамматикаларынан бастау алатын ілім XIX ғасырда көптеген тілші-ғалымдар тарапынан сынға ұшырай бастады. Бұл проблеманы шешу жолындағы ғылыми ізденістер сөз таптастырудың семантикалық бағытына қарама-қарсы бағыт – формальдi-грамматикалық бағытты дүниеге әкелді. Бұл бағыт өкілдері сөз таптарын анықтауда негіз етіп сөздің формасын алуды ұсынды. Олардың басты идеясы «сөз тұлғасы сөздің мағынасын да анықтайды»дегенге саяды.
Формальдi-грамматикалық бағыттың алғашқы бастауы К.С. Аксаковтың еңбегінде салынып, Москва мектебінің өкілдері одан әрі дамытты. Формальдi-грамматикалық бағыттың ең көрнекті өкілі Ф.Ф.Фортунатов болды (2, 8-9).
Ф.Ф.Фортунатов және оның мектебі сөз таптарын формальдi-грамматикалық (дәлірек айтқанда, морфологиялық) категорпя деп қарады. Ф.Ф.Фортунатов сөздерді «түрленетін» және «түрленбейтін» сөздер деп топтастырады да, «түрленетін» сөздерді «жіктелетін» (етістіктер), «септелетін» (зат есімдер) сөздер, септелетіндердің ішінде тек (род) категориясына орай сөз түрлендіруші формаларға ие болатын сөздер (сын есімдер) деп іштей жіктейді. Ф.Ф.Фортунатов үстеулерді «түрленбейтін», бірақ сөз тудырушы формаларға ие болатын топқа жатқызады. Сөздерді бұлайша тек сыртқы белгілеріне қарай сөз таптарына топтастыру тар шеңбердегі морфологизмге әкеп соқтырды (1, 152). Бұдан шығатын қорытынды төмендегіше:
1. Сөз таптастыруда сөздің тұлғасы негізге алынуы керек.
2. Сөз тұлғасы қосымша қабылдау арқылы сөздің мағынасын да анықтайды.
3. Қосымша қабылдау қабілетіне қарай сөздер өзгеретін (изменяемые) және өзгермейтін (не изменяемые) сөздер тобына бөлінеді (2, 9).
Сөз таптарын таза грамматикалық категория деп қарайтын лингвистер де бар. Мысалы, О.П.Суник сөз таптарын классификациялауда тіл білімінде негізге алынып жүрген заттылық, атрибутивтік, процесс ретіндегі іс-әрекет тәрізділерді лексикалық мағына емес (ал А.А.Шахматов бұларды лексикалық мағынамен ұштастырады), жалпы грамматикалық мағына деп есептейді. Оның пікірінше, заттылық (предметность) – зат есімдерге тән және оны басқа сөз таптарынан (сын есім, сан есім, етістік және үстеулерден) ажырататын жалпы грамматикалық мағына (общеграмматическое зиачение). О.П.Суник сөз таптарының әрқайсына тән жеке грамматикалық категориялар мен мағыналарды, грамматикалық формаларды сөз таптарын ажырататын белгілер ретінде емес, сөз таптарының әрқайсысының өзіне тән жалпы грамматикалық мағынасынан туатын, соған бағынышты құбылыстар деп қарайды. «...Формальдi белгілер де, жалпы грамматикалық заттылық мағынаға қосақтала жүретін жеке грамматикалық мағыналардың өздері де (әр басқа тілдерді былай қойғанда, бір тілдің өзінде де түрлі-түрлі болатын жеке грамматикалық мағыналар) зат есім категориясын айқындай да, жасай да алмайды. Керісінше, олардың өздері зат есімнің жалпы грамматикалық мағынасы – грамматикалық жалпы және универсальды заттылық мағына арқылы жасалып қалыптасады, айқындалады, ал жалпы грамматикалық заттылық мағына сөздің формаларында да (синтетикалық және аналитикалық формаларында), оның лексикалық мағыналарында да, синтаксистік қызметтерінде де көрінеді». Сонымен, О.П.Суник сөздерді сөз таптарына классификация жасауда сөз таптарының жалпы грамматикалық мағыналары – заттылық, атрибутивтілік, процессуальдылық және т. б. мағыналарды негізге алады да, сөз таптарын таза грамматикалық категория ретінде қарастырады.
Сөз таптарын А.А.Реформатский де грамматикалык категория деп санайды. Ол былай деп жазды: «Сөз таптары – грамматикалық (бірақ лексикалық немесе лексика-грамматикалық емес) категориялар, олардың құрамы мен орналасуы әрбір тілде басқаша болады және олар өздерінің лексикалық қасиеттерімен емес, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктерінің жиынтығымен және мүмкіндіктерімен айқындалады».
Осылайша, орыс тіл біліміндегі сөз таптарын анықтаудағы семантикалық бағыт пен формальдi-грамматикалық бағыт бір-бірін жоққа шығарып отырды. Семантикалық бағыт өкілдері сөз таптастыруда мағынаны бірінші орынға қойып, грамматикалық форманы негіз етіп алып, мағыналы принципті шегіндіріп тастайды. Алайда, бір-біріне қарама-қарсы екі бағыттың да сыңаржақ болуы аталмыш проблеманы объективті шешуге мүмкіндік бермеді.
Орыс тілінің морфологиясын сипаттауға бұлайша әр тұрғыдан келу сөз таптарын анықтау ісіндегі бұдан әрі ізденісті қажет етті. Осы ізденіс нәтижесінде үшінші бағыт – лексика-грамматикалық бағыт дүниеге келді.
Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық категориялары деп қарайтындар сөздер өзіне тән белгілері, атап айтқанда, семантикалық, морфологиялық және синтаксистік белгілері бойынша топталып, тиісінше белгілі бір сөз табына телінеді деп есептейді. Мысалы, А.А.Шахматовтың пікірі бойынша, әрбір сөз табының мағынасы сөздің негізгі (лексикалық) мағынасы мен оған қосымша грамматикалық ұғымдардың, грамматикалық категориялардың жиынтығынан құралады. Орыс тіліндегі зат есімдерде негізгі атауыш түсініктер (основное знаменательное представление) грамматикалық жекелік-көптік, тек (род), септік категорияларымен ұштасады да, етістіктерде – грамматикалық шақ, рай, етіс, жақ және т. б. категориялармен ұштасады. А.А.Шахматовтың бұл жерде «мағына» жайында емес, «түсінік» жайында әңгіме етуінің себебі оның грамматикалық теориясына тән психологизмге байланысты екендігі аңғарылады (1, 154-155).
Орыс тіл білімінде көптеген академиктер мен грамматистер де сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық топтары деп есептейді. Сөз таптарын бұлайша анықтау, сайып келгенде И.А.Бодуэн де Крутенэ мен Л.В.Щербаның сөз таптары туралы көзқарасына барып тіреледі. Л.В.Щерба сөз табын сипаттауда жеке-жеке негізге алынып келген семантикалық принцип пен формальдi принципті бір-біріне қарсы қоюдан бас тартып, қайта бұл екеуін бір тілдің екі қыры ретінде таныды. Сөз таптарын сипаттауда семантикалық белгі мен формальдi белгіні бірлікте қарау туралы Л.В.Шербаның бұл идеясын қабылдап, одан әрі дамытқан академик В.В.Виноградовтың мына бір тұжырымы оның сөз табы туралы пікірінің мәнісін айқындай түседі: «Сөз лексикалық және грамматикалық мағыналардың ішкі, конструктивті бірлігі болып табылады» (4, 15). Академик И.И.Мещанинов те сөз таптарын сөздердің мағыналары мен формаларын өзара ұштасуы деп қарайды: «Семантикалық жақтан да, форма жағынан да сипатталатын лексикалық топтар сөз таптары деп аталады» десе, Н.С.Поспелов: «Сөз таптарын сөздердің лексика-грамматикалық топтары деп санайды да, ол топтар өздеріне тән грамматикалық категорияларымен сипатталады деп тұжырымдайды» (1, 155).
XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың алғашқы отыз жылдығындағы сөз таптары туралы орыс грамматистерінің ілімінің қорытындысы іспетті болған еңбектерінде ғалым В.В.Виноградов сөз таптарының бес түрлі белгісін атап көрсетеді:

  1. Синтаксическая функция;

  2. Морфологический строй и форма слова;

  3. Лексическое значение;

  4. Отражение действительности;

  5. Различие в в грамматических категориях.

Ғалым бәрінің бір деңгейде бола алмауына байланысты алдымен сөздерді төрт «Структурно-семантические типтерге» ажыратады: 1) слова-названия или части речи; 2) связочные слова или частицы речей; 3) модальное и слова; 4)междометие, ал сөз табы ретінде зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, жай-күй категориясы аталады.
Сөз таптарының В.В.Виноградов жасаған бұл жүйесі орыс тіл білімінде дәстүрге айналды. Кеңес дәуірінде жарық көрген «Орыс тілі грамматикаларында» осы жүйе негізге алынды.
Басты өкілдері Л.В.Щерба, В.В.Виноградов болып саналатын сөз таптастырудың лексика-грамматикалық бағытының негізгі идеялары мыналарға саяды:
1. Сөз таптарын анықтаудың негізгі өлшемдері лексикалық және грамматикалық өлшемдер болуы қажет;
2. Сөз – лексикалық және грамматикалық мағыналарды бойына топтастырған тілдік бірлік;
3. Сөздің морфологиялық категорияларын синтаксистік категориялардан ажыратып қарауға болмайды;
4. Атаулы (номинативті) қызмет атқара алатын сөздер ғана сөз табы бола алады;
5. Сөз табының лексикалық мағынасы, өзіндік грамматикалық тұлғалар жүйесі және синтаксистік қызметі болуы шарт.
6. Сөз таптарына қарама-қарсы топ – атаулы (номинативті) қызметі жоқ сөздер – көмекші (частицы-речи) сөздер бөлінеді;
7. Лексикалық және грамматикалық сипатына қарай сөз таптарына да, көмекші сөздерге де қосылмайтын сөздер бар.
Орыс тіл біліміндегі сөз таптастыру іліміне байланысты жоғарыда аталған үш бағытты (семантикалық, формальдi-грамматикалық және лексика-грамматикалық) дәстүрлі деп танысақ, үстіміздегі ғасырдың 70-жылдарынан бастап осы дәстүрлі бағыттардан басқа өкілдерінің өздері жаңа бағыт деп санаған бағыт пайда бола бастады. «Структуралық» аталған бұл бағыттың идеясын қорытып орыс тілі сөздерін топқа бөлуде қолданған ғалым А.Я.Баудер тілдік бірліктің құрылымын (структурасын) өзара қарым-қатынастағы элементтердің жиынтығы, ал семантикасын тілдің парадигмалық және синтагмалық жүйесінде көрінетін лексикалық, грамматикалық мағыналарының жиынтығы ретінде қарастыра отырып, автор сөз таптарының төмендегі белгілерін атап көрсетеді.

  1. Классифицирующее значение слова;

  2. Морфологические категории слова;

  3. Система форм слова (парадигматический план);

  4. Морфемная структура слова;

  5. Сочетаемость с единицами других классов (семантический план);

  6. Функция в предложении.

Бұл бағыт өкілі А.Я.Баудердің сөздің лексикалық мағынасына, грамматикалық құрылымына байланысты өзіндік жетістігі болғанымен, нақты сөздерді таптастыруы нәтижесіне үлкен жаңалық табу қиын, автордың ішінара сатылап барып, кейбір сөз таптарының ара жігін ажырата түсуі болмаса, қорыта келгенде, сол бұрынғы сөз таптары айқындалады.
Сонымен, орыс тіл біліміндегі сөз таптастыру ілімінің дамуы барысында төрт түрлі бағыттың болғаны анықталып отыр. Оның алғашқы үшеуін (семантикалық, формальды-грамматикалық, лексика-грамматикалық) дәстүрлі деп танысақ, ХХ ғасырдың 70-жылдарынан басталған структуралық аталған жаңа бағыттың да нәтижесі ретінде арнаулы қомақты жұмыс жарық көрді (2, 8-10).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет