Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы мазмұны кіріспе І тарау. СӨздерді таптастыру жайлы алғАШҚЫ ҰҒым және оның Қалыптасуы



бет2/12
Дата08.09.2022
өлшемі368 Kb.
#460454
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
dip -sozderdi-taptastyru-zhayly-algashqy-ugym-zhane-onyn-qalyptasuy

Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
─ Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға бөлудің күрделі теориялық ілім ретінде қазақ тіл білімінде алғаш пайда болуынан бастап, оның даму жолы таразыланды. Осы даму жолында кездескен түрлі ағымдар анықталып, олардың негізгі қағидалары белгіленді, ағым өкілдерінің ой-тұжырымдарына нақты талдау жасалып, баға берілді.
─ Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының өткен жолын таразылаумен қатар бүгінгі жайы да сөз етіле отырып, оның жетістігі мен кемшілік тұстары да айқындалды. Қазақ тіл білімінің бүгінгі жетістігі тұрғысынан сөз таптарының семантикалық, морфологиялық, синтаксистік принциптеріне анықтама берілді.
Жұмыс нәтижесінде сөз таптастыру проблемасына қатысты бірқатар қосымша жаңалық, ұсыныстар енгізілді. Олар: а) модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде танудың негізі жасалды; ә) сөз табы ретінде белгілі одағайды синтаксистік категория  оқшау сөздер құрамында қыстырма, қаратпа сөздермен бір қатарда қарауға болмайтындығы айқындалды; б) сөз таптастырудың синтаксистік принципі аясында сөздердің тіркесімділік қабілетін ескеру керектігі дәлелденді.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Сөз таптастыру теориясының қазақ тіл біліміндегі алғаш пайда болу, даму, қалыптасу жолын саралау арқылы түрлі бағыт, ағымдар болғанын, олардың негізгі қағидаларын анықтау, сөз таптастырудың бүгінгі күнгі жайын зерделеу арқылы түйіні шешілмеген ірілі-ұсақты проблемаларды бөліп шығару – қазақ тіл біліміндегі морфологияның бұл өзекті мәселесінің болашақ дамуына оң ықпал тигізетіні сөзсіз.
Қорғауға ұсынылатын негізгі мәселелер:
1. Сөздерді семантика-құрылымдық топтарға жіктеудің қазақ тіл біліміндегі ірі грамматикалық теория ретінде күрделі даму жолынан өтіп, қалыптасқандығы;

  1. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптастыру теориясының дамып, қалыптасуы барысында бір-бірінен айырмашылығы бар семантикалық және лексика-грамматикалық аталатын бағыттардың болғандығы, олардың негізгі ұстанымдары;

  2. Қазақ тілі сөздерін таптастыру барысында әртүрлі бағыттар өкілдерінің өз ұстанымы (позициясы) тұрғысынан келуі себепті сөз таптарының саны да, кейбір сөз таптарының сапасы да өзгеріп отырғандығы;

  3. Бүгінгі таңда қазақ тілші-ғалымдарының сөздерді түрлі топтарға бөлу мәселесінде жетістіктерге қол жеткізуі нәтижесінде сөз топтастыру теориясының қазақ тіл білімінде негізінен орныққандығы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет