Сөздерді таптастыру жайлы алғашқы ұғым және оның қалыптасуы мазмұны кіріспе І тарау. СӨздерді таптастыру жайлы алғАШҚЫ ҰҒым және оның Қалыптасуы


Сөз таптары жүйесіндегі көмекші сөздер



бет9/12
Дата08.09.2022
өлшемі368 Kb.
#460454
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
dip -sozderdi-taptastyru-zhayly-algashqy-ugym-zhane-onyn-qalyptasuy

2. 3 Сөз таптары жүйесіндегі көмекші сөздер

Қазақ тіліндегі барлық сөздер семантикалық және морфологиялық (формальдік) белгілеріне қарай, ең алдымен, үш үлкен топқа бөлінеді. Олар – атаушы сөздер, көмекші сөздер және одағай сөздер (10, 126).


Тіліміздегі сөздердің лексикалық мағынасының бар-жоқ болу тұрғысынан топтап бөлу яғни толық лексикалық мағынасы бар дербес сөздер – атаушы сөздер және лексикалық мағыналары солғындалған я ада-күде жоғалған, мағыналық дербестігі жоқ, сөйлемде атаушы сөздердің жетегінде ғана жұмсалатын жәрдемші сөздер – көмекші сөздер. Сондай-ақ ешбір ақиқат ұғымды білдіре алмай, сөйлемде жеке сөздермен грамматикалық байланысқа түспей тек адамның әр алуан көңіл-күйі мен әр түрлі сезім райларын білдіру үшін жұмсалатын одағай сөздер деп бөлу грамматикалық сипаттарының негізінде емес, лексикалық сипаттарының, семантикасының негізінде болатындықтан, бұл грамматикалық топтар – сөз таптары бола алмайды. Сондықтан бұларды атаушы сөз таптары, көмекші сөз таптары деп бөлуге болмайды, тек атаушы сөздер, көмекші сөздер деп атауға болады (12, 288-299). Бұдан тілдегі сөздерді атаушы сөздер және көмекші сөздер деп бөлу үрдісін байқаймыз.
Көмекші сөздер деп нақтылы лексикалық мағыналары я әр түрлі дәрежеде солғындап, я бүтіндей жоғалып, сөйлегенде (сөйлемде) жеке-дара тұлға есебінде қолданылмай, тек толық мағыналы (атаушы) сөздермен тіркесіп қана жұмсалып, оларға жәрдемші болып қызмет атқаратын сөздерді айтамыз.
Көмекші сөздерге тарихи (динамикалық) даму тұрғысынан да талдау жасауға болады.
Тарихи шығу төркіні жағынан қарағанда, көмекші сөздердің бәрі де атаушы сөздерден, демек, әуелдегі дербес мағыналы есімдерден, етістік формаларынан шыққан. Бұл процесс тілдің бүкіл даму тарихында кейбір есім, етістік формаларының бастапқы лексикалық мағыналары бірте-бірте әр түрлі дәрежеде солғындап немесе жоғалып, әр алуан грамматикалық мағыналарға ие болуы негізінде болып отырған.
Айтылған пікірімізді дәлелдеу үшін тіл тарихына тиісті материалдарға жүгінуімізге болады. Көмекші есім деп жүрген сөздеріміздің этимологиялық түп-төркініне талдау жасап қарайтын болсақ, олардың көпшілігі адамның дене-мүше атаулары не қолмен ұстап болатын зат атаулары болғандығына көз жеткізуге болады (15, №3; 19, №1).
Мысалы, алды сөзінің түбірі ал (көне түркі тілінде маңдай мағынасын білдірген). Үсті сөзінің түбірі үс (көне түркі тіліндегі юз-жүз сөзінен өрбіген, мағынасы бет).
М.Оразовтың аталған еңбегінде былай дейді: «Қазір көмекші есім қызметінде қолданылып жүрген сөздердің барлығы да бір кездерде нақтылы, толық заттық мағынаға ие атауыш сөз болғандығы анық. Қазіргі этимологиялық зерттеулердің көрсетуінше олар, негізінен, адамның дене мүше атаулары болған сиықты. Адамның дене мүше атауларының қазір көп мағыналы болғанымен, ертеректе бір мағыналы сөз болғандығы анық. Адамның дене мүше атауларының сөздік құрамындағы басқа сөздерге қарағанда басты ерекшелігі сол – олар әрі нақтылы заттың қолмен ұстап көруге болатын атауы, әрі күнделікті өмірде көп қолданатын актив сөздер болып саналады» - дейді.
Сөздер мағына шеңберін кеңейтіп, абстракты мағынаға ие болу үшін де бірнеше шарттар керек. Осындай шарттың біреуі – олардың көп қолданылатын сөз болуы болса, екіншісі – тіркеу қабілетінің кеңеюі (10, 140).
Бұл процесті көмекші сөздердің ішкі мағыналык жагынан дамуын ғана емес, көпшілігінің сыртқы формалары жағынан да дамып, тиіс-ті езгерістерге үшырауынан байқауға болады.
Ал, қазіргі кезде өз алдына категория болып қалыптасқан көмекші сөздердің сыр-сипаттарын анықтағанда, әдетте, олардың ішкі лексика-семантикалық мағыналары және сыртқы тұлға-тұрпаттары мен грамматикалық қызметтері сөз етіледі.
Сөйлемде өз алдына жұмсалмай, өзге сөздермен тіркесіп қана қолданылатындықтан, көмекші сөздер тек атаушы (толық мағыналы) сөздермен салыстыру арқасында ғана жеке-дара сөз есебінде бөліне алады. Мысалы: Бақанас өзені мен Жәнібек өзенінің екі арасы тай шаптырымдай-ақ жер (М. Әуезов); Жеті іріңдей ат түгіл, жеті тулақ та ала алмай ұлып қайттық (бұ да) деген екі сөйлемнің алғашқысын алсақ, ондағы мен, -ақ, түгіл, та сөздері лексикалық мағыналары жағынан да, грамматикалық қызметтері жағынан да атаушы сөздерден, әрине, өзгеше. Ал ол өзгешелік — бұл сөздердің лексикалық та, грамматикалық та сипаттары жеке-дара тұрғанда айқындалмай, тек атаушы сөздермен тіркескенде ғана, солардың арқасында ғана анықталады. Мысалы, жоғарыдағы мен, та тәрізді сөздер жеке-дара тұрғанда дербес лексикалық ұғымдарды білдіре алмайды, тек әр алуан қатыстық мағыналарды ғана білдіреді және оларда синтаксистік жағынан да дербестік болмайды.
Өзді-өздеріне тән лексикалық және грамматикалық мағыналары олқы болғандарымен, бүл сөздердің атқаратын қызметтерін басқа категориялардың бірде-біреуі, мысалы, атаушы сөздер де, өзге грамматикалық формалар да (қосымшалар да) атқара алмайды.
Бұл сөздердің көмекшілік қызметтері, тарихына қарағанда, әрине, олардың әрдайым атаушы сөздермен тіркесуге бейімделуі нәтижесінде пайда болған. Соның арқасында көмекші сөздер, бір жағынан, лексикалық мағыналары солғындап, екінші жағынан, грамматикалық қызметі ауысып, өз алдына категория болып қалыптасқан. Осындай категориялық ерекшеліктеріне қарай, демек, үнемі жәрдемші сөздер есебінде қолданылуларына қарай, олар көмекші сөздер деп аталады.
Көмекші сөздердің кейбіреулерінде, грамматикалық мағынадан гөрі лексикалық мағына басым болса, кейбіреулерінде, керісінше лексикалық мағынаға қарағанда, грамматикалық мағына басым болады. Осы қағидаға сәйкес, лексикалық мағынасы басым көмекші сөздер, әдетте, атаушы сөздерге бір табан жақын тұрады да, грамматикалық мағынасы басым көмекші сездер семантика жағынан олардан (атаушы сөздерден) аулақтанып, таза грамматикалық қызмет атқаратын формаларға (қосымшаларға) бір табан жақын тұрады. Бұған, мысалы, көмекші сөздердің кейбіреулері әрі атаушы сөз ретінде, әрі көмекші сөз ретінде қызмет ететіні (жан, қас, кет, бер, қой, әрі, бері, соң т.б.), кейбіреулері тек қана көмекші сөздер ретінде жұмсалатыны (дейін, үшін,сайын, ғана т.б.) да айғақ бола алады. Осындай ерекшеліктеріне қарай, алғашқылары өздері тіркесетін атаушы сөздерге қосымша лексика-грамматикалық мағына (рең) үстеп, аналитикалық тәсіл арқылы кұралған біртұтас лексика-грамматикалық күрделі тұлғаның құрамындағы көмекші компонент есебінде жұмсалса, соңғылары көбінесе таза грамматикалық мағына ғана жамалған күрделі аналитикалық форманың құрамындағы көмекші компонент есебінде қызмет етеді. Осы белгілерімен байланысты, көмекші сөздер, ең алдымен, атаушы кемекшілер (көмекші сөздер) және шылаулы көмекшілер (шылау сөздер) деген екі топқа бөлінеді.
Жоғарыда айтылғандай, грамматикалық мағынадан гөрі лексикалық мағынасы басым болғандықтан, атаушы кемекшілер өздері тіркесетін атаушы сөздерге қосымша лексика-грамматикалық мағына үстейді. Мысалы: үй іші, тау асты, жұмыс басы, оқып бер, жазып ал, оқып шық деген күрделі формалардың әрқайсысының соңғы компоненттері алғашқы компоненттеріне қосымша лексика-грамматикалық мағына жамап тұр. Сол себептен осы күрделі формалардың қай-қайсысына болса да тиісті категорияларға тән грамматикалық формаларды жалғастыра беруге болады. Мысалы: үй ішіне, үй ішінің әңгімесі, тау астында, жұмыс басынан деген тәрізді формаларды қажетіне қарай қолдана беретініміз сияқты, оқып бердім, жазып алған екен, оқып шықса деген формаларды да қолдана береміз.
Бұл күрделі (аналитикалық) формалардьің құрамдарындағы көмекші сөздер де, әрине, біркелкі емес. Өйткені олардың алғашқы үшеуінің құрамындағы іші, асты, басы, сөздері лексикалық мағыналары тек солғындаған көмекші есімдер болады да, олар семантикасы жағынан да, түрлену үлгісі жағынан да, қызметі жағынан да зат есімдерге әрі ұқсас, әрі жақын болумен қатар, үнемі сол есімдермен тіркесіп жұмсалады. Ал, бер, ал, шық сөздерді лексикалық мағыналары солғындаған көмекші етістіктер болғандықтан, семантикасы жағынан да, түрлену үлгісі жағынан да, қызметі жағынан да негізгі етістіктерге әрі ұқсас, әрі жақын болумен бірге, үнемі сол етістіктермен тіркесіп қолданылады.
Осыған орай, көмекші сөздердің бұл тобы іштей көмекші есімдер және көмекші етістіктер деген екi салаға бөлінеді.
Грамматикалық сипаттары мен формалары жақтарынан өздерінің шыққан төркіндерінен біржола қол үзіп кетпегендіктен, көмекші есімдерді зат есімдермен байланыстыра қарау теориялық және практикалық жақтарынан қандай қолайлы болса, көмекші етістіктерді негізгі етістіктермен байланыстыра қарау да сондай орайлы. Сол себептен де, бұл жағдайларды еске ала отырып, оларды зат есім мен етістікке арналатын тиісті тарауларда талдау мақұл деп саналады. Бірақ бұған қарап көмекші есімдер мен көмекші етістіктерді көмекші сөздер емес екен деп есептеуге болмайды. Өйткені көмекші есімдер мен көмекші етістіктердің семантикалық жағынан да, синтаксистік жағынан да олқы көрініп, өз алдарына дербес сөздер есебінде қолданылмау ерекшелігі – тек оларға ғана емес, жалпы көмекші сөз атаулының бәріне де тән қасиет. Ал, көмекші есімдер мен көмекші етістіктерде бұл екі қасиеттің екеуі де бар. Оның бер жағында, көмекші сөздердің әрбір тобын алсақ олардың өздерінде де семантикалық және синтаксистік дербестік біркелкі емес. Мысалы, ал, бер, кел тәрізді көмекші етістіктер мен бол, еді, де көмекші етістіктері, қай жағынан болсын, өзара еш уақытта да бірдей де, біркелкі де бола алмайды (10, 358-361).
Қазіргі қазақ тілінің матиралдарының көрсетуінше көмекші сөздерді мағына дербестігін деңгейіне қарай екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа бірде көмекші сөз, бірде толық мағыналы сөз қызметінде қолданылатын көмекші есімдер мен көмекші етістерді қоссақ, екінші топқа тек көмекші сөз ретінде қолданылатын шылау көмекшілерді қосамыз. Тіл білімінде бірінші топтағы көмекшілерді функционалды көмекшілер деп те атайды, ал екінші топтағы көмекшілерді нағыз көмекшілер деп атайды (13, 39).
Шылаулар – сөз бен сөздің немесе сөйлем мен сөйлемнің араларын байланыстыру, құрастыру үшін қолданылатын, өздері тіркескен сөздерінің ұғымдарына әр қилы реңктер үстеп, оларға ортақтасып, тұлға жағынан тиянақталған, лексика-грамматикалық мағынасы бар сөздер.
Тіліміздегі шылаулардың бәрінің атқаратын қызметтері де бірдей емес. Олардың бірқатары сөз бен сөздің арасындағы грамматикалық байланыстарды айкындау үшін қызмет етсе, бірсыпыра шылаулар сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасындағы байланысты айкындау үшін дәнекер болады. Ал кейбіреулері жеке сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді анықтау, толықтау үшін я қосымша реңк беру т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Міне, осындай грамматикалық сипаттарына қарай, шылаулар ішінара үш жікке бөлінеді: олар – септеуліктер, жалғаулықтар және демеуліктер (10, 361-363).
Түрік тілдеріндегі шылау сөздердің лексикалық мағынасы тіпті зерттелінбеген десек те болады. Айтылып жүрген пікірлер негізінен дұрыс болғанымен, арнайы зерттеуді талап ететіндігі анық. Шылау көмекшілердің лексикалық мағынасының дерексіздену дәрежесі мүлде жоғары болғандықтан да оны шылаулардың сөйлемдегі қызметімен байланысты анықтаған жөн. Ең алдымен, шылау көмекшілерді қызметі мен байланысты ажыратып алу керек сияқты. Мысалы, септеулік шылаулар жеке сөздермен байланыста қолдыналып, оның мағынасын толықтарып, сонымен бірге бір синтаксистік байланысқа түссе, жалғаулық шылаулар таза синтаксистік қызмет атқарады. Нәтижеде септеулік шылаулар сөз формасы ретінде қаралып, септік жалғауын толықтырады, мағыналарын тиянақтайды. Мағыналық дербестік дәрежесіне қарайтын болсақ, септеулік шылаулар функционалды көмекші сөздерге жақын, сыбайлас тұрады. Ал жалғаулық шылаулар лексикалық мағынасын дерексіздендірген. Осы қасиетімен басланысты септеулік шылауларды өздері тіркесіп келген сөздердің тұлғасымен байланысты топтастыру жалғаулық шылауларды байланыстырған сөздер мен сөйлемдердің арасындағы семантикалық қатынас негізінде іштей кіші топтарға бөлу дәстүрге айналып қалған.
Түріктанымда көмекші сөздердің бір тобы ретінде модаль сөздерде алынады. Қазақ тілшілері модаль сөздерді жеке топ ретінде бөліп алса да, оларды көмекші сөздердің қатарына қоспайды. Тіпті қазақ тілінің кей оқулықтарында модаль сөздер жеке бөлініп те алынбаған. Дегенмен де қазақ тілінің материалдарының көрсетуінше, модаль сөздер семантикалық, синтаксистік қызметі жағынан жеке топ ретінде бөліп алуға болатындай ерекшелікке ие. Басқа түркі тілінің материалдары модаль сөздерді бөліп алып қарастырып жүр. Модаль сөздердің мағына дербестігін анықтауда бір ізділіктің болмауы оның зерттелінбеуінен емес, модаль сөздердің өздерінің бір типті болмауынан. Мысалы, керек сөзі модаль сөз деп есептелінеді. Тескттегі қолданылуына байланысты бұл сөздер де анықтауыш та, толықтауыш та бола алады. Керек заттың ауырлығы жоқ дегенде анықтауыш қызметінде қолданылып тұр. Ақыл керек, іс керек, мінез керек, Ер ұялар іс қылмас қатын зерек дегенде баяндауыш болып тұр. Бірақ бұл сөз көмекші сөз сияқты екінші бір сөздің жетегінде келіп, сонымен бірге сөйлемнің бір мүшесі болуы, мәжбүрлік, болжамдық, белгісіздік мағына білдіруi де мүмкін. Сондықтан да модаль сөздерді көмекші сөздердің қатарына жатқызу үшін әр сөзді жеке-жеке талдау, мағынасын анықтау керек. Біздіңше, модаль сөздерде көмекші сөздерге тән қасиет барлығы жоққа шығаруға болмайды. (13, 66-68).
Модаль сөздер тюркологияда өз алдына тек соңғы жылдар ішінде ғана қолға алынып жүр. Мысалы Е.И.Убрятова, Н.А.Баскаков, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов якут, қарақалпақ, башқыр, түрік тілдері жайындағы монографиялық және оқулық түріндегі зерттеулерінде оларды, яғни сөйлем мазмұны жөніндегі сөйлеуші адамның пікірін білдіретін сөздерді жеке тақырыпша етіп алып өз алдарына бөлек талдайды. Бұл сөздер сондай-ақ «Қазіргі заман өзбек тілі» деп аталатын жоғары оқу орындарына арналған оқулықта да, қырғыз және түрікмен тілдерінің грамматикаларында да осылай жеке параграф түрінде сөз етіледі. Бұл еңбектерде де және С.Саидовтың, Ф.А.Ангелидің, Н.Г.Агазаденің, Н.К.Коцаревтің диссертациялық жұмыстарында да – ешқайсысында да модаль сөздер өз алдына сөз табы ретінде қаралмайды, Өйткені, олардың ішінде, Е.И.Убрятова айтқандай, өз алдына жеке толық мағыналы сөздер де, көмекші сөздер мен кейбір шылаулар да, қыстырма сөздер де — бәрі де үнемі аралас жүреді. Және сөз таптарына тең қасиет, негізгі белгілер бұлардан (модаль сөздерден) байқалмайды. Мұның үстіне тағы модальділік категорияиы жөніндегі түсінік те әлі басқа-басқа. Модаль сөздің сондай-ақ саны қанша, көлемі қандай – бұл мәселе туралы да көзқарас әзір әр түрлі.
Лингвистикалық әдебиеттерде, сондай-ақ соңғы кездегі басқа да кейбір зерттеулер мен оқулықтарда қолданылып жүрген «модальность» термині орыс сөзі де емес. Ол латын тіліндегі «modus» («мера») деген сөзден алынған. Бұл сөз латын тілінде грамматикалық термин (рай атауының) орнына да қолданылған.
Айналада үнемі болып отыратын әр алуан құбылыстар, өмірдегі сан-сала болмыс түрлері, белгілі бір заттың сын қимылы, іс-әрекеті сөйлемде жалпы жалаң хабар түрінде ғана айтыла салынбайды. Сөйлеушінің осы хабар туралы пікірі, яғни сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі оның көзқарасы, әдетте, қоса беріліп отырады. Сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы және сөйлеушінің ол жөніндегі пікірі тіл білімінде, әдетте, сөйлемнің модальділігі деп аталады.
Сөйлемнің модальділігін тіл білімінде жалпы объективті модальділік және субъективті модальділік деп екі тұрғыда қарайды. Мысалы, сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен сәйкестілігі объективті модальділік деп аталады. Объективті модальділік сөйлемнің жалпы предикаттығы (категория предикативности) деген өз алдына бөлек проблемамен ұштасып жатады. Ал, субъективті модальділік деп сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы (сәйкестілігі) жөніндегі сөйлеушінің көзқарасын, пікірін айтады (объективті модальділік, көбінесе, райлар арқылы беріледі де, субъективті модальділік, негізінен, арнаулы жеке сөздер арқылы білдіріледі).
Сөйлемнің модальділігі басқа да әр алуан, әсіресе экспрессивті және эмоциональдық мағыналармен өте ұқсас; көп жағдайда олар өз ара тығыз байланысты болып келеді. Демек таза модальдық мағына бар да, бұған қоса экспрессивті мағына мен эмоциональдық мағына тағы өз алдына. Модаль сөздердің санының, олардың жалпы құрамы туралы пікірдің осы күнге дейін әр түрлі болып келуі модальділіктің жоғарыда аталған екі түрін сондай-ақ таза модальдық мағына мен экспрессивті, эмоциональдық мағыналарды бір-бірінен дәлді ажырата бермеудің салдарынан болса керек.
Сөйлем модальділігі, әдетте, әр түрлі жолдар арқылы білдіріледі. Сөйлемнің модальділігін білдіретін морфологиялық тәсілге етістіктің рай категориясы, шақ категориялары да жатады. Бұл ретте, әсіресе, қалау райдың, -а р\\-е р формалы келер шақтың және -ып\\-іп, -пын\\-пін; -сың\\-сің; -ты\\-ті қосымшасымен келетін бұрынғы өткен шақтың қызметі айрықша. Рай мен шақ жалпы етістікке тән категория. Ал, модальділік етістіксіз сөйлемде де болады. Модальдық реңк сөйлемнің типтік түрлері арқылы да, интонациямен де яғни белгілі бір дауыс ырғағымен де білдіріледі. Бұл – сөйлемнің модальділігін білдіретін синтаксистік тәсіл. Сөйлемнің мазмұны жөніндегі сөйлеуші адамның көзқарасын, пікірін білдіретін жеке сөздер мен кейбір демеуліктер де (-ғой, -ау т.б.), бірді-екілі шылаулар да бар. Модальдық реңк одағайлардан да, қыстырма сөздерден де, В.В.Виноградовтың айтуынша, әсіресе, сұраулық шылаулардың қайқайсысынан да айқын сезіледі. Бірақ сөйлемге модальдық реңк беретін сөздің, шылаудың, одағайдың, қыстырма сөздің т.б. – бәрін бірдей модаль сөз деуге болмайды. Сөйлем мазмұнының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі сөйлеушінің пікірін білдіретін мұндай арнаулы сөздерді модаль сөздер дейді (пікірлеуіш сөздер деуге де болады) (13, 66-67).
Сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны жөніндегі пікірін білдіру үшін қолданылатын осындай арнаулы модаль сөздер өздерінің құрамы жағынан түрлі-түрлі болып келеді. Модаль сөздер өздерінің лексикалық және грамматикалық белгілеріне қарай есім сөз таптарынан да, етістіктерден де, көмекші сөздерден де, басқа да кейбір сөз таптарынан бола береді. Мүмкін, шамасы, рас, әрине, зады, тәрізі, зайыры, әлбетте, бәлки сөздері – өздерінің синтаксистік функциясы және формасы жағынан қыстырма сөздер. Ал, мағыналық ерекшелігі жағынан, яғни сөйлемдегі ой жөнінде сөйлеушінің пікірі қандай – мақұлдай ма, күдіктене ме, болжал айта ма, әлде нық сенімділік білдіре ме – осы тұрғыдан алғанда, бұлар – модаль сөздер. Өйткені, кейінгі жылдардағы көптеген лингвистикалық әдебиеттерде сөйлеуші адамның сөйлем мазмұны, яғни ондағы айтылған ой жөніндегі күдігін я болжалын, мақұлдау пікірін, немесе қалауын, не оның нық сенімін, осылар тәрізді басқа да пікірін білдіретін сөздерді модаль сөздерге жатқызады.
Модаль сөздер қазіргі қазақ тілінде сан жағынан оншалықты көп те емес. Бірақ олар өздерінің қолданылу ерекшеліктеріне қарай әр алуан болып келеді. Мысалы, білем, көрінеді, керек тәрізді біраз сөз күнделікті қолданылу процесінде бірте-бірте грамматикализацияланып, лексикалық мағынасының сыртында модальдық мағына да білдіреді. Бұлардың модальдық мағынасы әуелгі лексикалық мағынасының негізінде кейіннен қалыптасты. Білем, көрінеді, керек сөздерінің грамматикализациялану нәтижесінде модальдық мағынаға ие болғандығын мына бір мысалдарды өз ара салыстырып көру арқылы оңай байқауға болады: мен оны көптен білем мені оятқан сен білем; бұл жерден ауыл анық көрінеді мұны істеген Асқар көрінеді (сөзімді айтқан көрінеді); маған кітап керек төргі үйдегілер қонақтар болу керек, ол ендігі шықса керек. Модаль сөздер өздерінің модальдық мағынасы және формасы жағынан да әр түрлі. Демек, әрбір модаль сөздің өзіндік сыр-сипаты, өзіндік ерекшелігі бар (14, 240-242).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет