Адамдар мен олардың кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері. Ең біріншіден атмосфераны басшы мен оның көмекшілері жасайды. Спорттық іс-әрекетте нәтижені ең бірінші спортшының өзі қамтамасыз етеді, көп нәрсе психологиялық қолдау тобына да, спортшыны қоршаған ортасы - жеке бапкеріне, дәрігеріне басқа да адамдарға тәуелді. Осылайша, кәсіби теннисте жылына 11 ай спортшы шектелген топтағы адамдармен тығыз қарым-қатынаста болуға мәжбүр, соның салдарынан эмоционалды күйіп кету, шаршау, қатынастардың кедейленуі пайда болады, көп жағдайда бұл амалсыз айырылысудың себебі болады. Сондықтан ұжымда психологиялық атмосфераны жақсарта алатын адамдар өте маңызды.
Патрик Раффтер (теннис) 1997 жылы АҚШ ашық чемпионатында жеңістен соң өзінің мансабында ең маңызды жеңістің негізгі себебі туралы сұраққа былай жауап берді: «айналамда керемет адамдар болды – Гоч, Ньюкомб, Джон Фитцджеральд, жанұям».
Берни Николлз командасы Чикагода жеңіске қол жеткізгеннен соң бұл команда әсерлі жеңістер сериясын көрсетті. «Бірақ, ең маңыздысы - клубтын Президентінің айтқан сөздері мен үшін сүйіспеншілік пен қолдау болды, яғни 100-пайыздық психологиялық қолдау көрсетті» /3/.
Өзімен бірге командаға Берни голдар емес, сенімділікті әкелді. Бұрын бапкерлер киім ауыстыратын бөлмеде атмосфераға шағымданатын. Берни түнекті сейілткен күн сәулесі болды. Соңында, «Чикаго» Батыс конференциясында 4 орынға ие болды, алдынғы сезонға қарағанда айтарлықтай алға басты.
«Лацио» деген итальяндық футбол клубының президенті Дино Дзофф бір ғана ойыншының маңыздылығын былай сипаттайды: «ойнамаса да (жарақат алған кезде) Гакойн командада және ол сырттан ерекше атмосфераны қалыптастырды. Гаскойнның арқасында «Лацио» құлшыныс толқынымен көтеріліп кетті. Бұл да аз емес /3/.»
Сергей Бубка –ХХ ғасырдың бірінші ондығына кірген спортшы, өзінің спорттағы өмірінің заңы ретінде былай деп жариялады: «Ең бастысы- өзіңнің айналаңда жолы болғыш адамдардың болуы».
Р.М. Загайнов тәжірибелік психолог ретінде, спорт майталмандарымен өкінбей айырылысатынын бірнеше рет көрген, бірақ майталмандардың ұлы тұлғасының әсері психологиялық атмосфераны тазартады. Олар құрамаға кірмей–ақ, (жарақат алған Гаскойн) жауапты ойындарға дайындықтың рухани қолдау жақтарында көшбасшы бола алады, жастарды толығымен жұмылдырады. Р.М. Загайнов спорт өмірінің ең басты құндылығы ретінде адам ықпалын екінші орынға қойғанының себебін адам ресурстарының құндылығын жылдар өте түсінуге болады деп анықтаған.
3. Эмоционалды құрамдас бөлік – бұл көңіл-күй, оптимизм, рухани бағыштау.
Достарыңызбен бөлісу: |