Жас шамасы ---- Дене бітімі Темперамент- - - - - - Мінез
Сүрет. 1. Адамның макроқұрылымдық психологиялық сипаттамасы /2, 160 б./.
Сонымен, жалпы тұрғыда жүйенің «индивид» бөлігі адамды жүйелік уақыт категориясы арқылы қарастыруды ұсынады. «Индивид» жүйелі бөліктің ішінде осы категориямен сәйкес паспорттық жас қатегориясы ажыратылады. Жалпы «адам» жүйесін ретімен бір категориядан келесі категорияға ауысып отырып талдауға болады және барлық жүйелік бөліктерді бір мезгілде түрлі жүйелік жақтары тұрғысынан қарастыруға болады. Талдаудың екі бағыты да адамды тұтас күрделі жүйе ретінде түсіну мақсатында тиімді.
Спортшы индивид ретінде
Индивид – бұл биологиялық жеке дара ретінде қарастырылатын адам. Адамның басқа жүйелік бөліктері арасында дәл осы бөлік табиғи шартталған болып табылады.
Уақыт категориясы спортшының жас ерекшеліктеріне көңіл аударуды талап етеді.
Біріншіден, бұл адамды спортпен айналысуға неше жастан бастап баулыған тиімді болатынын көрсететін жас табалдырығы. Спорттың түрлеріне қарай жас ерекшеліктері түрлі болып анықталады. Мысалы, үстел теннисінде – бұл 5-10 жас аралығы. Осындай шектеулер неге байланысты?
Адамның жеке дара даму барысында, ортаның адамға басқадай бірдей әсерлер жағдайында, ең үлкен нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін оңтайлы кезеңдері болады. Бұл кезеңдерді Б.Г. Ананьев, адамның арнайы әсерлерге (тап осы жағдайда жаттықтырушы әсерлерге) табиғи шарттасқан мейлінше сезімталдылығына ерекше көңіл аударып, сензитивті кезең деп атаған.
Осы жаста (кезеңдерде) адам көретін, еститін құбылыстардың басым бөлігін сынамай, саналы түрде талдау жасамай қабылдап, еске қалдырып, қайта жаңғыртады. Сондықтан бала басқа адамға қандай да бір техникалық әрекеттің қалай орындалатының нақтылап түсіндіре алмайды, тіпті өзі оны дұрыс орындай алуына қарамастан. Осы кезеңдерде қалыптасқан дағдылар өте мықты.
Бұл феномен адам әрекетінің басқа салаларында да байқалады. Мысалы, егер бала шетел тілін туған тіліне дейін немесе туған тілімен қатар меңгере бастаса, онда бас миының қыртысындағы сөйлеу аймақтары мидың барабар аймақтарында орналасады. Ал туған тілін меңгеріп, одан кейін басқа шетел тілін оқыта бастаса, онда мидың түрлі (басқа) аймақтарының жұмысыбасым болады. Осының салдары ретінде адамдардың көбісінде өз туған тілі мен басқа шетел тілін меңгеру деңгейінде мәңгі диспропорция сақталады.
Сонымен, уақыт категориясы ең алдымен нақты бір спорт түрінде келешегі бар спортшы болу үшін маңызды төменгі жас шама шегін көрсетеді.
Басқа жағдайлар көп емес және келешегі бар балаларды спорттық мектептерге таңдап алуда жас шегіне қатаң қарайды. Бір спорт түрінде бұл жас шегі – 5-6 жас, басқа түрлерінде 9-10 жас болуы мүмкін, бірақ ең маңыздысы осындай шектеудің болуы. Сонымен қатар, спортта жоғарғы жас шегі де болады, бұл жастан жоғары болса, адам епті спортшы деп аталмайды.
Бұл жоғарғы жас шегі әр түрлі спорт түрлерінде және спорттағы жетістіктердің түрлі деңгейінде алуан түрлі болады. Осылайша, волейболдың Халықаралық Федерациясының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, қазақстандық спорт дәрігері Т. Дүйсеновтың зерттеулеріне жүгінсек, волейболда ең жоғарғы жетістіктерге жету жасы 26-ға тең, бұл жас шекаралық жас болып есептеледі, спорттық мансаптың аяқталу мерзіміне жақын. Тау шаңғысы спортында және теннисте 30 жастан асқан спортшыларды көруге болады, бірақ бұл жаппай ереже емес, ерекше жағдай деп айтуға болады.
Жастың төмен және жоғарғы шектері арасындағы мезгіл адамның алдағы дамуы үшін маңызды кезең болып табылады.
Бұл жасөспірімдер кезеңі. Егер балада ерте балалық шағында миының зақымдануы болса, онда ол баланың жасөспірімдік шағында бас айналуы, бастың ауруы байқалатыны белгілі. Тіпті сау балада сүйек және бұлшық ет, жүрек және қан тамырлары жүйелеріндегі даму жылдамдылығында үйлесімдіктің болмауы нәтижесінде және жыныстық жетілумен байланысты болатын ағзадағы өзгерістердің нәтижесінде, жылдам шаршау, бас ауруы, себепсіз қорқыныштар болуы мүмкін.
Жас өспірімдік кезең – бұл баланың дамуындағы «шұғыл бұрылыс», және мұнда жолда сияқты, «Абайлаңыз, жолдың шұғыл бұрылысы!» деген белгі іліп қою қажет шығар.
Енді адамды индивид ретінде талдаудағы екінші жүйелік категориясы – кеңістік категориясын қарастырайық. Индивидтің кеңістік сипаты – бұл оның конституциясы. Конституция бұл адам денесі қалыптасқан жеке дара кеңістік, кеңістік конфигурациясы.
Біз мына адам «спортшы сияқты көрінеді», немесе «оның дене бітімі спорттық, жинақы, күшті» деп айтқанда, спортшы индивид ретінде сырт келбеті бойынша басқалардан ерекше болып көрініп тұрады деп ойлаймыз. Кречмер мен Шелдон ұсынған, әлемдік ғылымда классикалық болып есептелетін конституция типтерінің топтастырылуында (дене құрылымының түрлері) атлетикалық тип деп аталатын, «атлет», спортшы сөзінен пайда болған дене құрылымының түрі анықталады.
Бұл, әдетте, біршама ұзын бойлы, сүйек-бұлшық ет жүйесі жақсы дамыған, пикниктерге тән болатын май қыртыстары болмайтын адам.
Атлет сүйек - бұлшық ет жүйесі өте нәзік келетін астениктермен салыстырғанда және спортпен шұғылданбайтын адамммен салыстырғанда ерекшеленеді. Сондай-ақ, әр түрлі спорт түрлерінде дене құрылымына қойылатын талаптар өзгеше болуы мүмкін. Мысалы, Формула -1 пилоттары, немесе трамплиннен секіретін шаңғышылардың бойлары міндетті түрде ұзын емес, бірақ әрқашан денесі физикалық дамыған, шымыр болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |