Спорт психологиясы



бет8/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

Бапкерді не қызықтырады?

Психологқа бапкерлерді жиі қызықтыратын сұрақтарды білу қажет. Мұндай негізгі екі сұрақ бар: спортшының мотвациясын, оның жауапкершілігін, спортқа жан-тәнімен берілуін қалай жоғарылатуға болады? Спортшылардың жарыстарда сенімділік, тұрақтылық көрсетуін, психологиялық тұрақтылығын қалай қалыптастыруға немесе жоғарылатуға болады? Бірінші сұраққа жауап шамамен келесі мазмұнды болуы мүмкін.
Психологиялық ғылымда нақты әрекет түрлерінде мотивацияның әсері қандай болатындығы туралы сұрақ көп уақыттан бері қарастырып келеді, осы сұрақ төңірегінде мотивациялық себептердің кестелері қолданылады. Бұл кестелер адамның жүріс-тұрысын және іс-әрекетін талдауда қозғаушы күштер туралы түсінік береді. Өзінің сәттілігін немесе сәтсіздігін адам 4 себеп арқылы түсіндіретіні анықталды:

  1. Жолының болуы/болмауы

  2. Тапсырманың жеңіл/ немесе ауыр болуы

  3. Осы іс-әрекетке қажет қабілеттердің бар болуы/ болмауы

  4. Күш-қуатының жұмсалуы/жұмсалмауы


Жақсы қабілеттері бар бір спортшы 18 жасында Ресейдің волейбол құрама командасына шақырылды. Әрине, бұл шақыру бапкерлер атынан сол спортшыға болашақта жылдам арада шеберлігінің жоғарылауына үмітпен берілген алғытөлем екендігі түсінікті. Спортшының өзі мұны болашаққа берілген алғытөлем емес, керісінше, өз шеберлігінің мойындалғаны ретінде қабылдауы мүмкін. Соңында, біршама уақыт өткеннен кейін әлеуетті мүмкіндіктері бар болғанына қарамастан, ол құрама командаға шақырылудан қалды. Бұл спортшы шеберлігінің болашақта дамуына клуб бапкері де сенетін, бірақ ол оның үміттері ақталмаған кезде, спортшыға деген көзқарасы да өзерді, бұл тым жоғары талаптардан, оның жұмысына көңілі толмаушылығын көрсетуден, нарзылық білдіруден көрінді /6/.



Ол уақытта спортшы басқалар тәрізді жаттығатын, спорттық бозбалалық кезеңдегіндей тапсырма алып, орындайтын. Бірақ, егер бозбалалық шақта бұл түрлі құрама командаларға ену үшін жеткілікті болса, ересек жаста мұндай әрекеттер жеткіліксіз болып бағаланады. Жұмысқа деген басқа ынта талап етіледі, өз шеберлігін жоғарылату үшін жауапкершілікті өзіне жүктеуі қажет болады (оны мұндай жауапкершілікке үйретпеген), яғни спортшы қосымша күш салмай, бар қабілеттерін пайдалану кестесі бойынша өмір сүрген, бұл үлкен спортқа келгенде нәтижелі болмайды. Салдарында спортшы мен бапкердің өзара наразылығы пайда болады.
Жиындардың бірінде спортшыға қазіргі спортта қолданылып жүрген кесте жарамайтындығы, болашақта шеберлікті арттыруға әкелмейтіндігі туралы айтылды. Бұл әңгіме оны ойландырды және келесі маусымда спортшы өзгеріп, шеберлігін айтарлықтай арттырғанын команда дәрігері байқады. Кейін ол қайтадан мемлекет құрамасына енгізілді /6/.
Бапкер мен спорт психологының өзара түсіністіктеріне және өзара тиімді әрекеттеріне бапкерлерді мазалайтын маңызды сұрақтарға (спортшының мотивациясын, оның жауапкершілігін, спортқа жан-тәнімен берілуін қалай жоғарылатуға болады? Спортшылардың жарыстарда сенімділік, тұрақтылық көрсетуін, психологиялық тұрақтылығын қалай жоғарылатуға болады?) жауаптардың табылуы себін тигізеді. Бұл сұрақтарға жауап іздеп, біз адамның спортта тұлға ретінде даму мәселесіне келіп жеттік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет