Спорт психологиясы



бет9/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

2. СПОРТШЫ ТҰЛҒАСЫ



    1. Спорт әрекетінің мотвтері.




Психологияда тұлға бағытталуының түрлері қарастырылады: мотивтер, аттитюдтер және т.б. Мотивация спортшы тұлғасының маңызды күш-қуаттық сипаттамасы болып табылады және спорт іс-әрекетінің барлық үрдістеріне әсер етеді және спорттағы нәтижеге ықпалын тигізеді. Ол түрлі мақсатқа бағытталған жүріс-тұрыстың негізінде жатыр және көптеген тәжірибелік мәселелерді шешумен байланысты.


Мысалы, спорт мектептерінің көпшілігіне келесі мәселе өзекті: 1-3 оқу жылдарының бастапқы дайындық топтарында оқушылар құрамын сақтау және оларды болашақта оқу-жаттығу топтарына ауыстыру. Ол үшін оқушылардың мотивациялық-қажеттер саласын ескеру керек, сабақтарға айқын және тұрақты қызығушылықтарын қалыптастыру керек.
Бірқатар зерттеулерде ең алғашқы спортпен айналысу моральды қанағаттану мотивациясының негізінде болатындығы атап көрсетіледі. Спортпен айналысудан қанағаттану бір ғана ықпалға (мысалы, нәтижеге жету) байланысты емес, бірнеше құрамдас бөліктердің қатарласуынан туындайды.
Психоаналитикалық дәстүрде спортпен шұғылдануды аффективті бәсеңдету, шоғырланған қарама-қайшылық шиеленісті анықтап шығару, соның арқасында жеңілдеу мен рахаттану сезімі арқылы түсіндіріледі. Спортпен айналысудан рахаттану сезімі мен қызығушылыққа негізделген мотивация келешекте жоғарғы жетістіктерде мотивациялық бөлікті құрайды. Спорттық мотивация құрамында келесі маңызды мотивтер ажыратылады: жетістік мотивтері, күрес мотивтері, қарым-қатынас мотивтері, өзін-өзі жетілдіру мотивтері, мадақтау мотивтері.
Балалар-бозбалалар олимпиадалық резерв мектебінде (Ресей) бапкер мен психолог бірлесе отырып спортшылардың мотивациясына белсенді әсер етудің 9 қағидасын ұсынған. Іс-жүзінде олардың атқарылуы келесі түрде жүрді. (1 кестеде берілген).

Кесте 1. Балалар-бозбалалар олимпиадалық резерв мектебінде спортпен айналысудан қанағаттану мотивын қалыптастыру бойынша психолог пен бапкердің бірлескен жұмысы



№ б/б

Жұмыстың мақсаты мен бағыты

Жұмыс формалары

Жұмыстың мазмұны

1

Ата-аналардың өз баласының спортық өміріне белсенді қатысуы, олардың балаға жағымды әсерін күшейту.

Ата-аналармен өзара әрекеттестік (жеке кеңес берулер, теориялық және тәжірибелік семинарлар)



Спорт әрекетінің түрлі тақырыптағы өзекті мәселелері мен сұрақтары



2

Өз бетінше таңдау жасаудан, қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды ұйымдастырудан қанағаттану.



«Мен болашақта неге қол жеткізгім келеді?», «Мен не үшін дзюдомен айналысамын?», «Достық деген не?», «Мен қалай ойланамын?» т.б. тақырыптарға шығарма жазу. Өзінің физикалық және психикалық күйін жыл бойы талдау, күнделік жазу, бапкер және психологпен талқылау.



Спортшылардың ішкі белсенділігін туындату

3

Өзіне деген сенімділікті қалыптастыру

Стендтер, құттықтаулар

Төрешілік ету тәжірибесі



Тіпті шағын жеңістер аталып өтеді
Ережелерді білу сенімділікті жоғарылатады



4

Спорттағы жарыстардан қанағаттану



Ойындар, эстафеталар, «Кім күштірек, тезірек, дәлірек?» жаттығулары



Спорпен айналысу үшін қажетті мотивті қалыптастыру



5

Жеке мансап жоспарларын құру



Әр сабақта бапкер жүктеменің мақсатын, жоспарын, бағытталуын белгілейді
Әйгілі спортшылармен кездесулер, олардың өмір жолын, басты тәсілдерін түсіну



Жақын арада даму зонасын анықтау, келешекті жоспарлау арқылы мотивациясын күшейту



6

Жаңа әсерлерден ләззат алу



Спорттық лагерлерге, көшпелі жарыстарға келешегі бар спортшыларды таңдау



Мотивациялау

7

Монотония мәселесі

Ырғақты музыка, қалжыңдар, күлкі, жаттығуларда ойын жағдайлары, басқа спорт түрлерінен жарыстарға қатысу



Жаттығу нәтижелігін арттыру

8

Психологиялық дайындықты қолдану



Психодиагностика әдістерін, өзін –өзі реттеу әдістерін, идемоторлық жаттығу әдістерін қолдану, тренингтер, нақты зейін қою және қолдау атмосферасы



Психологиялық қолдау

9

Спорт мектебі қатарына өзін жатқызу

ту, таңба, ән ұран, ұран, мектеп символикасы бейнеленген форма, 10 күнде 1 рет зал қабырғасында ұрандарды өзгерту, әр мектептің өз дәстүрлерінің болуы

Топқа өзін жатқызу сезімі, маңыздылық пен өзін қадірлеу сезімі



Мұндай мектепте психолог пен бапкердің формасы және мазмұны бойынша түрлі бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, өзіне сенімділік келесі кесте бойынша атқарылады: шиеленіс-жеңу-бәсеңдету. Егер спортшы «жеңу» кезеңінде кептеліп қалса, онда невроздың пайда болуы мүмкін, сондықтан бәсеңдетуді енгізу міндетті түрде қажет.
Спортшының аз да болса өзін жеңулерін атап өту пайдалы, өйткені бұл спортшының сенімділігін арттырады. Егер тәрбиеленуші бұрын қолынан келмейтін нәрсені қазір атқара алатын болса, бапкер бұл өзгерістерді әрдайым байқап, сол арқылы оның өзін-өзі бағалау деңгейін арттырады. Ешкім байқамаған жеңіс – жеңіс болып есептелмейді.
Мектеп стендтарында түрлі нормативтерді өткізу нәтижелері жарияланады, балалар мен ата-аналар жалпы және арнайы физикалық дайындықта нақты позицияларын көруі үшін.
Қандай да болмасын деңгейде өткен жарыстардан кейін мектеп әкімшілігі атынан және бапкерлер кеңесі атынан құттықтаулар ілінеді.
Өзіне сенімділік түрлі қалалық деңгейде өтетін мерекелік шараларда көрсетпе жарыстарда қалыптасады.
Жарыс ережелерін жақсы білу де өзін сенімді сезінуге көмектеседі. Спортшылардың өздері жастары төмен жолдастары күресетін мектеп біріншіліктерінде әділқазы алқасы қызметін атқарады. Бапкердің көңіл-күйі мен қолдауы, жақындардың, туыстардың қуанышы жағымды эмоционалды көңіл-күйдің қалыптасуы үшін өте маңызды.
Жеке мансап жоспарларын құруда спортшы үшін міндеттерді тым асыра көтермеу маңызды. Егер ол тым жоғары болып кетсе, онда спортшыда «Мен-концепциясы» (өзі туралы спортшы не ойлайды) мен «Мен-нақты» (шын мәнісінде қолынан не келеді) арасында ішкі конфликт пайда болады. Сол кезде ішкі шиеленіс артады.
Спортшыларға сұрақнама жүргізген кезде. олардың 70%, яғни көпшілігіне тек стратегиялық мақсаттар ғана емес, сонымен қоса жақын арадағы тактикалық мақсаттар да маңызды екендігі анықталды.
Мақсаттарды, жоспарды, бағытталуды, жүктеме деңгейін белгілеу арқылы спортшы «мен мұны не үшін істеймін?» деген сауалды түсінеді және зейінің шоғырлануын арттырады. Жоғарғы спорттық нәтижелері бар үлкен спортшылармен және спортпен шұғылдану арқасында өмірде табыстарға қол жеткізген адамдармен кездесулер, олардың әңгімелері тәрбиеленушілерде үлкен қанағаттану сезімін туындатады, оларға қарап еліктеу үшін үлгі алады.

Жасөспірім үшін қандай болмасын топқа өзін жатқызу, ол топта маңызды және қадірлі болу өте қажет. Спорт мектебінің символикасын (туы, таңбасы, ән ұраны, ұрандары) тәрбиеленушілердің өздері конкурстық негізде жасап шығарады. Спортшылар мектеп символикасы бейнеленген форма киеді, мектептің әнұранын жаттап, айтады, ту көтереді.


Жаттығу залында 10 күнде бір рет (үйреніп қалу қалыптаспауы үшін) арнайы ұрандар ілінеді, олар спортшыларды жетістіктерге ұмтылдырады немесе ойландырады.
Әр жаттығу тобында өзінің дәстүрлері бар: жеке бастарының немесе ортақ мерекелерді атап өтеді, спортқа ортақтастыру рәсімдері жасалады, тауға жорыққа шығады, міндетті түрде тауда қонады және т.с.с. осындай іс-шаралар арқылы жас спортшылар спорт мектебінің өміріне қатысын сезінеді.
Айтылған жұмыс түрлері және әдістері ұзақ мерзімді мотивацияны қалыптастырып 1-3 оқу жылдарының бастапқы дайындық топтарында оқушылар құрамын сақтап қалуға мүмкіндік береді /1/.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет