Спорт психологиясы


Өнімділік Даралық ерекшеліктер



бет6/34
Дата20.11.2023
өлшемі0.72 Mb.
#483825
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Копия Учебное пособие Ким А.М. (1)

Өнімділік Даралық ерекшеліктер
Қуат ақпарат


ДАРАЛЫҚ
АҚПАРАТ
Жеке тарихы Тәжірибе
Уақыт кеңістік



Даралық ақпарат түсінігі арқылы сипатталады. Ол адамға тән, оны нақты сипаттайтын және табиғи ерекшеліктері мен маңызды басқа адамдармен қарым-қатынастарын, барлық кәсіби тәжірибесін байланыстыратын ақпаратты өңдеу стилі арқылы байқалады.
Осының барлығы спортшы басқаларға ұқсамайтын, өзінің қайталанбас стилін көрсеткен кезде көрінетін іс-әрекеттің жеке дара стилін қалыптастыруының негізін қалайды. Зерттеулердің көрсетуі бойынша бұл мәселе спорттық шеберліктің белгілі бір деңгейінде пайда болады.
Шәкірт спортта жеке дара болу үшін алдымен тұлға әлеуметтік кеңістігінің сатыларынан өтіп, өсіп, басқалардың тәжірибесін меңгеріп, өз тәжірибесін жинақтауы тиісті. Бұл нақты уақытты талап етеді. Сондықтан жеке дара – бұл спортшы өмірінің және еңбегінің шыңы, оның кәсіби шеберліктің жоғарғы сатысына шығуының нәтижесі. Осыған орай жоғары табыстарға жетудің түрлі әдістері немесе жеке дара стильдердің бар екендігі туралы сұрақ қоюға болады. Және бұл спортқа ерекше көрікті сомдайды.
Нағыз шебердің жалпы қолданыстағы әдістемелік құралдарды өзгертуі де, өзінің ерекше техникалық тәсілін, өзінің қайталанбас стилін шығармашылық жолмен табуы да әбден мүмкін. Сондықтан түрлі спорт түрлерінде көптеген техникалық тәсілдер сол тәсілдерді бірінші рет ойлап тауып, қолданған атақты спортшылардың аттарымен аталады. Бұл атаулар мәңгілік ескерткіштер болып өздері таңдаған спорт түрлерінде нағыз жеке даралар болған ұлы спортшылардың және бапкерлердің есімдерін мәңгі есте қалдырады. Тұлға деңгейінде спортшы басқалардан ақпаратты қабылдауы арқылы дамыса, жеке даралық деңгейінде ол жаңа нәрселерді жасап шығару және қоғамға сыйға тарту арқылы дамиды.
Сонымен, адамның жүйелік талдануы уақыт категориясынан және «индивид» ішкі жүйесінен басталып, спортшы тұлға ретінде дамитын кеңістікпен және ол спортшыны спорт іс-әрекетінің субъектісі ретінде сипаттайтын күш-қуат түсінігі арқылы жалғасады және адамның спортта жеке дамуының интегралы ретінде даралықты талдаумен аяқталады. Таңдаған спортта жеке дара болған спортшы немесе бапкер ақпаратты өңдеудің айрықша стилі (когнитивті стиль) және іс-әрекет пен өмірдің қайталанбас стилі арқылы сипатталады. Жеке даралық деңгейде спорт тек қана «гол, ұпай, секундтар» жинау міндеті ғана емес, сонымен қоса бұл өз потенциалын ашып көрсетудің, танып білудің ерекше мүмкіндігі туралы түсінік қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет