Сражиева Гаухар Мухиддинқызы Бекболаева Гулнюра Әшімқызы Арысбаева Жарқынай Асетуллақызы Н32 н әтижеге бағытталған сабақ



Pdf көрінісі
бет154/222
Дата27.04.2024
өлшемі4.1 Mb.
#499953
түріСабақ
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   222
Жинак республ docx

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. 2007 ж. 
2. Еркебаева Г.Ғ.Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесінің 
міндеттері, бағыттары мен мазмұны.Халықаралық ғылыми-практикалық 
конференция. Шымкент, 2011. – Б.6-9. 
3. Смирнова С.А. Педагогика: теории, системы, технологии. –М., 2006. 
4. Беспалько В.П. Слагаемые педагогической технологии. – М., 1989. 
5. Халықова К.З., Абдулкәрімова Г.А. Педагогикалық информатика /білім 
беруді ақпараттандыру. –Алматы, 2007. 
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА САРАЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫН БЕРУ 
ЖОЛДАРЫ 
Шымкент қаласы. Таскен т.а. 
№103 жалпы орта білім беретін мектебі 
Қазақ тілі әдебиет пән мҧғалімі 
Турганбекова Улзана Рысхановна 
turganbekova_ulzana@bk.ru
  
Ең алдымен, тақырыбымыздың негізгі мәнін түсініп алу ӛте маңызды бастама. 
Жалпы саралап оқыту дегеніміз не? Саралап оқыту - орта мектепте оқыту 
тәсілі. Орта мектептегі оқу жоспары мен бағдарламасын оқушылардың бейімі 
мен қабілетіне, білім деңгейіне қарай жіктеу. Саралап оқыту оқушылардың 
білімін жан-жақты дамытуды, оларды қызықтыратын ғылым мен техника 
саласынан білімін жетілдіруді, сондай-ақ мамандыққа бейімдеуді кӛздейді. 
Мұндай оқыту арнаулы мектепте, сыныпта, сынып ішіндегі топта жүзеге 
асырылады. Саралап оқыту білім деңгейі әр түрлі оқушыларды топтарға жіктеп, 
әр топты ӛз деңгейіне сай оқытып, білімін одан әрі жетілдіру үшін 
қолданылады. Ал, енді саралап тапсырма берудің мақсаты түсінікті болды деп 
ойлаймын.
Қазақ тілі пәнінде мен жиі саралап оқыту әдісін қолдана отырып, тапсырмалар 
дайындауға, беруге тырысамын. Мәселен, қазіргі уақытта оның атқарар рӛлі 
маңызды. Ережелерді ӛтіп, оларға байланысты тапсырма орындауда маған 
саралаудың кӛмегі кӛп тию үстінде. Және, саралап тапсырма берудің мақсаты 
балаларды бӛліп тастауда емес, керісінше олардың деңгейлерін әрі қарай 
ӛсіруге кӛмек қолын созу. Мұғалім үшін оқушының оқу-үлгерімі әрқашан 
мәлім болуы тиіс. Мұғалім әрбір оқушымен кері байланыста болуға міндетті. 
Оның барлығына үлгеру үшін саралап оқыту әдісін пайдалану арқылы 
тапсырмаларды бӛлу жеңілдік туғызады. Ол арқылы балалардың деңгейін 
тексеріп, олармен жұмыс үстеу арқылы деңгейін жоғары кӛтеруге әрекет жасау.
Кез келген бір тақырып алатын болсақ, балаларға олардың меңгерген 
білімдеріне негізделген әртүрлі тапсырмалар беріледі. Құрамына білім деңгейі 
әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмалар кіреді. Мысалы, "Морфология" 
тақырыбымен танысып алып, оған қатысты тапсырма орындаймыз деген 


шешімге келдік. Мен тапсырманы бәріне бірдей таныстырдым, ал орындалу 
кезеңдерін бірнеше бӛлімдерге бӛліп қарастырдым. Олар: 
1 топ - менімен яғни мұғаліммен бірге; 
2 топ - алдымен бірге, содан соң ӛз бетінше; 
3 топ - басынан аяғына дейін ӛз бетінше орындауы тиіс. 
Қазақ тілін оқытуда окушыларға тиянақты, сапалы да, саналы білім беру — 
мұғалімнің оқыту әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы жүзеге асады. 
Яғни, әдісті жақсы ұйымдастыру — мұғалімнің шеберлігіне байланысты. 
Мысалы, әңгіменің нәтижелі болуы — сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге 
байланысты.
Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып, жауап бере 
алмайды. Оқушы қиналған кезде жетелеп, сұрақтар беру мұғалімнің іскерлігін 
кӛрсетеді. Мәселен,
"Үстеу" тақырыбына арналған саралап оқыту әдісі арқылы жасалған деңгейлік 
тапсырмалар әзірледім. Ӛтілген тақырып бойынша жасалған деңгейлік 
тапсырмалар оқушының тез ойлауын, есте сақтау қабілетін , ынтасы мен 
белсенділігін арттырады.Бұл жұмыс оқулықпен жұмыс жасауға , ӛз бетімен 
іздене білуге үйретеді. 
Деңгейлік тапсырмалар: 
І деңгей 
Мына үстеулермен тіркес құра. Сұрағын қой.Лезде, жылдам, шапшаң, баяу. 
Үлгі: лезде жеттік (___?) 
_________________________________________________________________ 
Мына сӛйлемдердегі "әлі" деген сӛз қайсысында үстеу, қайсысында зат есім? 
Үстеуді қалай табуға болады? Әлі (___?) жетер заман жоқ. (А) 
Әлі (__?) ол да ӛнерлі адам болар 
Әлі (__?) талай барармыз 
Үстеу істің, қимылдың қандай белгілерін білдіреді? 
ІІ деңгей 
1. Мына тірскестермен сӛйлем құра 
Қатар отырды, сонымен қатар. Кейін қайтады, мерекеден кейін қайтады. 
__________________________________________________________________ 
ІІІ деңгей 
Мына үстеулерді қатыстырып, шағын әңгіме жаз. 
Мысалы: таңертең, күзде, кешкісін, ілгері, жоғары, тӛмен 
__________________________________________________________________ 
Есіңе сақта! 
Үстеу дегеніміз - сын есімнің, етістіктің мағынасын дәлдеп, нақтылап кӛрсету 
үшін үстеме мағына беретін әрі қимылдық мезгілін, мекенін, мақсатын, 
мӛлшерін, сынын, себебін білдіретін негізгі сӛз табы. 
Үстеулер ӛзгермейді, грамматикалық тұлғалармен түрлендіруге кӛне бермейді. 


Сӛйлемде ғана үстеулерді басқа сӛз табынан сұрақ қою арқылы ажыратуға 
болады. Топқа бӛлінген оқушылар бір-біріне сұрақтар дайындайды. Мысалы 
тӛмендегідей нақты болуы тиіс. 
1. Қималардың әр түрлері белгісін, мекенін, мезгілін, мақсатын т.б. сипаттарын 
білдіретін сӛз табы? 
2. Үстеу мағанасына қарай неше түрге бӛлінеді?
3. Мезгіл үстеуінің сұрақтары? 
Қашан? Қашаннан? 
Сабақта тапсырмаларды саралап беру және дұрыс пайдалану оқушылардың 
логикалық ойлау және сӛйлеу қабілетін дамытуға кӛмектеседі. 
Сонымен, қазақ тілін мектептерде оқытудың тиімді тәсілдерінің бірі –
тапсырмаларды оқушылардың деңгейіне қарай саралап беру мен жаңа 
технологияларды қолданудың бала жадын жаттықтыруға тигізер септігі мол 
екендігін кӛруге болады.
Қорытындылай келе, сыныптағы саралап тапсырма беру әдістері оқушылардың 
нені үйренгендігін анықтауға және оны бағалауға үлкен мүмкіндік 
беретініндігіне кӛз жеткізуге болады. Мұғалімдер оқушылардың нәтижелі 
түрде білім алуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке түрде дамуын 
анықтау арқылы нені жақсарту, неге кӛңіл бӛлу керектігін түсінуге мүмкіндік 
беретін икемді үдеріс. 
Оқушылар үнемі бағаланып отыратындықтан, олардың оқу-үлгерімінде 
нәтижелер мен ӛсудің байқалуы тиіс. Осылайша педагогикалық қызмет пен 
саралаудың басқа да түрлері оқушылардың қажеттіліктеріне қарай әрдайым 
түзетіліп отыруы мүмкін. Сонда біз пәнді оқытудағ оқушыны оқытуға қарай 
ілгерілей аламыз.
Сабақтың барлық сатыларында саралап оқыту тәсілдерін енгізу қажет. Мысалы, 
үй тапсырмасының орындалу барысында да бұл маңызды. Оқушылар тестілеуді 
ұнатпай кететіндей, пәнге деген қызығушылығын жоғалтып алатындай 
жағдайға жеткізбеу біздің қолымызда. Ол үшін түрлі әдістемелерді пайдалануға 
болады. Оқушыларға саралап оқыту әдісін қолдану оқушылардың білім 
сапасын, олардың біліктілік деңгейі мен қабілеттерін жақсартуға мүмкіндік 
береді. Сан түрлі тәжірибелерден ӛтіп, сенімді түрде алға жылжу оқушыларды 
шабыттандырып, оларды белсенді түрде әрекет етуге ынталандырады. Мен 
үнемі тапсырмаларды саралау әдісін қолдану арқылы түрлі деңгейге бӛліп 
бергендіктен, оқушылардың деңгейі біршама ӛсіп жатқандығын байқаймын.
Деңгейлік тапсырма болуы оқушының күш-жігеріне деген сенімін нығайтады, 
оларды табысқа жетелеп, танымдық қызығушылын әлдеқайда арттырады және 
тілді үйретудің соңғы дамыған әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, сабақты 
тартымды да қызықты ӛткізуге күш салып, оқушыларға мемлекеттік тілді 
тереңінен біліп шығуына ӛз үлесімді қосып жүрмін деп айта аламын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   222




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет